Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Видеоуроки / Ашық сабақ"Салауатты өмір салты"

Ашық сабақ"Салауатты өмір салты"

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Салауатты өмір салты

Ашық сабақ 7"А" сыныбы

Семей қаласы "№9 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ



Өткізген: Тойкенова Балжан Шаубановна

05.03.2014






Сабақтың тақырыбы: Салауатты өмір салты. 
Грамматикалық тақарып: Есімдік
 
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Салауатты өмір салты туралы білімдерін тереңдету Дамытушылық: Оқушыладың сөздік қорын молайту. Ойлау қабілеттерін дамыту, ойын толық жеткізуге үйрету. 
Тәрбиелік: Денсаулық туралы пайдалы кеңестер алу. Спортқа сүйіспеншілік сезімдерін ояту. 
Сабақтың көрнекілігі: техникалық құралдар: интерактивті тақта 
Сабақтың түрі: аралас 
Сабақтың әдісі: презентация, түсіндіру, оқу аудару, талдау, топтық, жеке жұмыстар, сұрақ жауап, сергіту ойыны. 
Сабақтың барысы: 
I.Ұйымдастыру кезеңі. 
Психологиялық дайындық 
Кезекші диалогы 
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру 
1.Сұрақ –жауап. 
2.Жаттығу тесеру 
III . Жаңа сабақ: Салауатты өмір салты 


Салауатты өмір салтын ынталандыру – әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі, алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т. с. бағытталған.

Н. Ә. Назарбаев


http://salauattanu.ucoz.ru/DSC_0305.jpg




D:\Фото\фото1\107_PANA\P1070960.JPG


Сөздік 
салауатты өмір салты – здоровый образ жизни  ұғу – понимать 
серуен – прогулка  зиян – вред 
ұйықтау – спать  қадағалау – соблюдать 
зор – огромный  жағдай – условие 
тиіс – положено  тиімді – полезный 

Оқылым әрекеті: 
Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңдер. 
Салауатты өмір салтына дене шынықтыру, спорт, дене тәрбиесі, туризм, халықаралық туризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру жатады. Кешкі тамақтан соң, таза ауада бір-екі сағат серуен құрып, ұйықтаудың пайдасы зор. Ұйқы 7-8 сағаттан кем болмауы тиіс. Әр адам жыл сайын бір рет еңбек демалысын тиімді пайдаланғаны жөн. Барлық кезде тамақты жаңадан дайындап ішкен дұрыс. Алланың табиғатты адам үшін жаратқанын және парыз еткенін, тіршілігінде қажетіне дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды салауатты өмір салты деп ұғамыз. 

Сөйлесім әрекеті: 
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер: 
1.Мәтінде не туралы айтылады? 
2.Салауатты өмір салтына нелер жатады? 
3.Ұйқының пайдасы қандай? 
4. Неге салауатты өмір салтын сақтау керек? 
Тыңдалым әрекеті: 

Дәйексөз Сабақта талқыланып отырған мәселенің адам ағзасына тигізетін әсерін, адам денсаулығының құнды екенін ұғындыру мақсатында оқулықта берілген халық мақалы сабақтың дәйексөзі ретінде талқыланады.

Ауырып ем іздегенше, Ауырмайтын жол ізде! Мақал



Ойын “Жалғасын тап”
1. Ұзартқың келсе ғұмырды,
Таста арақ пен шылымды.
2. Темекінің кермегі – Еріккеннің ермегі.
3. О басында өзің сақтан, сақ боп жүр,
Одан кейін өзгелерді сақтандыр.


Дене тәрбиесі

және

спортпен

шұғылдану

Жеке және

ұжымдық талаптарын

орындау

Салауатты өмір

салты

Дұрыс жыныстық тәрбие

Қоршаған орта,

табиғатты қорғау

Өзара қарым-қатынастар,

психо-гигиенасының негізгі талаптарын

орындау

Зиянды

әдеттердің

алдын алу

Тамақтану, еңбек,

демалу гигиенасы,

жаңа күннің

негізгі талаптарын

орындау

Грамматикалық тақырып 
Есімдік 
Есімдік басқа сөз таптарының (зат есім, сын есім, сан есім) орнына қолданылатын жалпы мағыналы сөздерден тұрады. Мысалы: Айгүл келді дегеннің орнына – Ол келді, журналды оқы – мынаны оқы, Арманнан сұра – одан сұра т.б 
Есімдік бірнеше мағыналық топтарға бөлінеді. 

Мағынасына қарай 7 түрі бар. 

Жіктеу Мен, сен, сіз, ол, біз, сендер, сіздер, олар. 
Сілтеу Сол, мынау, аналар, міне т.б 
Сұрау Кім, не, қашан, неше, қайда, неге т.б. 
Өздік Өз, өзім, өзіміздің, өз-өзінше т.б. 
Жалпылау Барлық, бәрі, күллі, барша, тегіс т.б. 
Белгісіздік Кейбіреу, қайсыбір,әлдеқайда, әлдеқандай т.б. 
Болымсыздық Ешкім, ешқайда, ешбір, ешқашан т.б., ештеңе, ешнәрсе 

Жазылым әрекеті: 
Үлгі: Мен тыңдаймын Біз тыңдаймыз 
Сен тыңдайсың Сендер тыңдайсыңдар 
Сіз тыңдайсыз Сіздер тыңдайсыздар 
Ол тыңдайды Олар тыңдайды 
Мен түсінемін  Біз
Сен  Сендер
Сіз Сіздер
Ол Олар
IV.Сергіту ойыны. 
2-тапсырмаЖақшаны ашып, сөйлемдерді аударып, жазу. 
1.(Күнде, таңертең) я занимаюсь гимнастикой. 
2. (Сенбі күні) с семьей выезжаем в горы. 
3. (Аптасына екі рет ) хожу в спортвный зал на тренировки. 
4.Тренировки (5-6сағат) проводятся. 
5.Заниматься спортом(ұнатамын). 
3- тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті есімдіктерді қойып жазыңдар. 
..... дене шынықтырамын. ..... салауатты өмір сүреміз. ..... таза ауамен демаласыз. ..... дұрыс тамақтаныңдар. ....... денсаулығыма зиян келтірмейді 
V.Сабақты қорыту: 
- Салауатты өмір салтына нелер жатады? 
- Неге салауатты өмір салтын сақтау керек? 
- Есімдік мағыналық жағынан неше түрге бөлінеді ? Қандай? 
- Мысал келтіреміз 

ІІІ «Түсіп қалған әріптер». Берілген сөздерге әріптерді қою.
1- топ:  Денсаулықты нығайту жолдары.

1-    топ: 1. Д…… і (дәрі)
2. в…та…н (витамин)
3. ….ны…..у (шынығу)
4. с….ау……т (салауат)

2- топ: Денсаулыққа зиянды әдеттер. 
2-    топ: 1. Зяы (зиянды)
2.ту…ку….ез (туберкулез)
3. тұ……у (тұмау)
4.
ш...р....п (шарап)

VI Бекіту: Тренинг «Қолшатыр...»

 Ей досым, алдыменен мені ұқ.
Досың спорт, таза ауа, өсімдік.
Ала жүріп, осылардың сыйлығын –
Жаңа ғасырға біз берейік көріктік
-Біз зиянды заттардан қорғану үшін не істеуіміз керек? Оқушылар қолшатырдың әр бөлігіне қағазға өз ойларын жазып іледі. 
Тренинг «Денің сау болсын десең...» 
Бір оқушы «Денің сау болсын десең...» деп ортаға шығады. Қалған оқушылар осы сөйлемді толықтырып аяқтап, шеңбер құрайды. 
Қорыта келгенде, академик Н. М. Амосов айтқандай: "Денсаулығың мықты болуы үшін мәнді өз күшің болу қажет, оны еш нәрсемен ауыстыруға болмайды.”
VI . Үйге тапсырма : 79-бет , 2- тапсырма, ереже жаттау 

VIІ. Бағалау.



D:\Фото\фото1\107_PANA\P1070973.JPG











 




Автор
Дата добавления 20.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Видеоуроки
Просмотров327
Номер материала ДВ-362049
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх