Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / Ашық сабақтың тақырыбы:"Мұқағали Мақатаев шығармашылығы"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

Ашық сабақтың тақырыбы:"Мұқағали Мақатаев шығармашылығы"

библиотека
материалов

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы № 31 орта қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жалиева Тоты Базарбаевна


Сабақтың тақырыбы:

«Мұқағали Мақатаев шығармашылығы»


Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:оқушыларға М.Мақатаев туралы мағлұмат беру, өлеңінің мағынасына үңілу;


2. Дамытушылық: шығармашылық және ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту;


3.Тәрбиелік: табиғатты,қоршаған ортаны қорғау,мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ.Жаңа тақырып


1.М.Мақатаев өмірі туралы сөз қозғау.


Заманымыздың ғажайып ақындарының бірі, алауратқан таңдардан, қарауытқан таулардан түйсік алатын, көрінбейтін сиқыр бояулардан, естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын ақын”( Ә.Тәжібаев ) Мұқағали мұрасының таза да мөлдір, шынайы поэзиядан тұратыны, 1960-1970 жылдардағы қазақ поэзиясын биік шыңға көтерген сырлы да сазды, мұңды да қуатты жырлар авторы Мұқағалидың қуаныш пен қайғы, үміт пен мұңға толы өмір жолы, шығармашылық тағдырын сөз ету.


2.“Менің анкетам” өлеңін оқу.

2 оқушыға мәнерлеп оқыту


3.Жалпы поэзиясына шолу жасау.Лирикаларының негізгі тақырыбына тоқталу.

Жастық,махаббат жырлары:

  • Туған жер, Туған ел, Отан тақырыбы.

  • Отан соғысы, адамдар тағдыры, өмір мен өлім.

  • Бесік жыры, Ана мен бала, әйелдер тақырыбы.

  • Өмір жайлы толғаулары.

  • Өзі туралы жырлары, элегиялық лирикалары (емхана

жырлары).

-Достық, адамдық, адамгершілік туралы лирикалары.


4.”Өмір сүрейік алмасып”өлеңін мәнерлеп оқып,

өлең сырына үңілу.

Жапырақ-жүрек, жас қайың!

Жанымды айырбастайын.

Сен адам бола бастасаң.

Мен қайың бола бастайын.

Келісесің бе, жас қайың?


5.Сөздік жұмысы

(Жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыру.)

қайың – береза

жанымды айырбастайын – меняемся душами

адам көзімен – человеческим взглядом

нәр алдың – питался

ұзақ жасайсың – долго будешь жить

құрдасы келер заманның – ровесник будущей эпохи


Әдеби терминді түсіндіру.

Параллелизм
(грекше – parallelos – қатар жүруші)
Алғашқы дәуір адамдары өздерінің көңіл -күйлерін басқаларға білдіру үшін, тап соған ұқсас табиғат құбылысын параллель етіп алатын болған. Сол арқылы өзінің ой –сезімін
көрсетуге тырысқан. Әдебиетте суреттеудің мұндай әдісін психологиялық параллелизм деп атайды.


ІҮ.Бекіту

1.Өлең мазмұны бойынша сұрақтар:
1. Өлең кейіпкерлері кімдер?
2. Ақын сөзін неге арнап айтқан?
3. Өлеңде қайың туралы не айтылған?
4. Қай сөз тіркестері қайталана береді?
5. Ақын өлеңді қандай көңіл-күймен жырлаған?
6. Өздерің білетін өмір туралы мақал-мәтелдерді естеріңе түсіріңдер.


2.Қазақ тіліне аударыңдар.

(Сөздерді қазақ тіліне аударып, сөз тіркестерін құрау.)
Жүрек, жан, айырмашылық, дүние, өмір, заман.


Өлең мазмұнымен жұмыс

3.“Келгенде жасыл көктемің,
Тірілер қайта дүркіреп.”
1. Өлеңде табиғаттың қай мезгілі туралы айтылады?
2. Көктемде ауа райы қандай болатынын байқадыңдар?
3. Көктемде жануарлар қандай күйде болады?


4.“Рафт” әдісін қолдану

  • РОЛЬ - қайың

  • Аудитория - адамзат

  • Форма – хат

  • Тақырып - өмір


5. Кестені толтыру


Лирикалық шығармаларды талдай білу іскерлігін дамыту.


Өлеңнің аты

Тақырыбы

Лирикалық кейіпкер

Ақынның айтар ойы

Өз қабылдауың



 




Оқушылар сезімдерін, алған әсерлерін, өз ойын жазады.


Ү.Қорытындылау


Мұқағали үшін өлең жазудан артық бақыт болмаған. Ол өлең боп өмір сүрді, өлең боп өмірден өтті.
Артына мол мұра қалдырған Мұқағали:
Нұр жауып тұрған көктемде,
Гүл тере барсаң бөктерге,
Қоңыраулықтан аспанды
Найзағай шаншып өткенде
Есіңе мені алғайсың, -
деп өсиет етті...


ҮІ.Үй тапсырмасы

  • М.Мақатаев өмірі мен шығармашылығын мазмұндау;

  • Өлеңді жаттау.

ҮІІ.Бағалау



Автор
Дата добавления 06.01.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Конспекты
Просмотров200
Номер материала ДВ-309508
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх