Инфоурок Начальные классы КонспектыАшық сабақтың тақырыбы:"Жануарлардың алуан түрлілігі".

Ашық сабақтың тақырыбы:"Жануарлардың алуан түрлілігі".

Скачать материал

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                   

Тақырыбы: Жануарлардың алуан түрлілігі.

Сабақтың мақсаты:

1.  Жануарлар тірі негізгі бөлігі, олардың да алуан түрі бар екені туралы түсініктерін қалыптастыру, жануарлардың негізгі топтарымен таныстыру.

 2. Жануарлардың құрлықта,суда да тіршілік ететіндігін, олардың әрқайсысының өз икемделген тіршілік ортасы барын аңғарту.

3. Жануарларға қамқорлық көрсету жайында сөйлесе отырып, оларды қорғауға тәрбиелеу. Экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелеу, «Миға шабуыл» стратегиясы, оқулықпен, дәптермен жұмыс, ойын.

Сабақтың типі:  жаңа ұғым беру

Көрнекілігі:  ойын, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі.

1-слайд   Үй тапсырмасын тексеру.

2-слайд    Тест

1.Біздің  елде өсімдіктің қанша  түрі өседі?

А)4000      Ә) 5000    Б)6000

2. Өсімдіктер  неше топқа  бөлінеді?

А)1            Ә)2            Б)3

3.Өсімдіктердің жерге таралуының негізгі шарты қандай?

А)Судың болуы       Ә) Қоректік заттардың болуы    Б)Жылудың бөлінуі

4.Топырақ құрамында аса үлкен мөлшерде ылғал бар жерде өсіп-жетілуге ыңғайланған өсімдіктер тобы қалай аталады?

А)Құрғақшылыққа төзімді     Ә)Ылғалсүйгіш       Б)Су өсімдіктері

5.Құрғақшылыққа  төзімді  өсімдік

А)Жантақ,сүттіген,сексеуіл      Ә)Қызғалдақ          Б)Қоңырбас

6.Көлеңкеге төзімді өсімдіктердің орманда және қалың шөп арасында өсу себебі неде?

А)Олар сол жерде зиянкес жәндіктерден жақсы қорғалған

Ә)Онда ылғал мен қоректік заттар көп

7.Бидай, сұлы,  арпа

А)Суыққа  төзімді      Ә)Жылу сүйгіш       Б)Жарық  сүйгіш

8.Бірінші жылы жеміс беретін өсімдіктер қалай аталады?

А)Екіжылдық      Ә)Көпжылдық      Б)Біржылдық

9.Аталғандардың қайсысы жабайы өсімдіктер тобына жатады?

А)Орамжапырақ,бұршақ        Ә)Емен,қарағай,итмұрын         Б)Қызылша

10.Қызыл  кітапқа қандай өсімдіктер  енеді?

А)Азайып бара жатқан өсімдіктер

Ә)Көп кездесетін  өсімдіктер

Б)Барлық  өсімдіктер

 

3-слайд    Тест жауабын көрсетіп, өзін-өзі тексеру.

4-слайд  - Өсімдік тіршілігі үшін қандай жағдайлар қажет?

Сызба арқылы үй тапсырмасын бекіту.

5-слайд   Сөзжұмбақ шешу .

1) Бұты, бұты ұзын, Бұтынан да қолы ұзын.   (жүзім)

2) Әрі қызыл, әрі тәтті, Татқан жанды таңырқатты.   (алма)

3) Оңтүстік Америкада өсетін,сырты жаңғаққа ұқсайтын,қатты жапырақты жеміс?   (ананас)

4) Жерде жатып желіндейді,

Күз түскенше желінбейді.          (қауын)

5)Соғым үшін сайлап қойдым,

Бордақылап байлап қойдым.  (қарбыз)

6) Әр желінің асты толған көк қоян,

Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям.  (қияр)

6-слайд Шешуін тексеру.

«Жануар»     сөзі шығады.

Бейнефильм «Жануарлар әлемінде» 1-видео

7-слайд   Бүгінгі сабағымыздың жануарлар туралы екендігін айту.

8-слайд   Сабақтың мақсатымен таныстыру.

«Миға шабуыл» стратегиясы

- «Жануарлар» деген сөзді естігенде сендердің көз алдарыңа не елестейді?

9-слайд   Жаңа сабақ

Кіріспе:

   - Көптеген ғасырлар бойы адам жануарларды бақылап,олармен таңқалдырудан шаршаған емес және өмір сүру тіршілігін көбірек біліп,олардың құпия сырларын шешуге талпынған.

Бейнефильм «Вид и разнообразие»  2- видео

Сұрақтар: -Ғылыми эволюция жануарлар дүниесін,тегі түрлерінің теориясын әзерлеген ғалымның аты?    Чарльз Дарвин

   - Өсімдіктер сияқты жануарлар да алуан түрлі болып келеді.Жер бетінде жануарлардың түрлері өте көп. Ғалымдардың зерттеуі бойынша олардың 2 млн-дай түрі белгілі болды. Жануарларды ұқсас белгілеріне қарап топтастырады.«Жануар» сөзі парсының «джан-джанвар» деген сөздің екінші бөлігінен алынған. «Джан-джанвар» қазақша-жануар әлемі, яғни дүние жүзіндегі тірі мақұлықтар дегенді білдіреді.

10-слайд   Ғалымдар жануарлар әлемін көптеген топтарға бөледі.

11-слайд  Жануарлар  мынадай топқа бөлінеді:

-  құстар

-  балықтар

-  қосмекенділер

-  бауырымен     жорғалаушылар

-  сүтқоректілер

-  жәндіктер

-  құрттар

-  былқылдақденелілер

-  өрмекшітәрізділер

Әр топқа жеке слайдтар көрсетіліп, ерекшеліктерін түсіндіремін.

12-слайд.Құстар-8600  түрі  бар.Денесі қауырсынмен қапталған.Айырмашылығы  ұшады.

13-слайд. Балықтар

Балықтардың 22 000  түрі бар.Денесі қабыршақпен қапталған,суда тіршілік етеді,жүзу қанаттарының көмегімен қозғалады,желбезектері арқылы дем алады.Олардың айырмашылығы жүзеді.

14-слайд Жәндіктер

Жәндіктердің – 700 000 түрі бар. Олардың 6 аяғы болады

15-слайд.Қосмекенділер

Қосмекенділердің-4000 түрі бар. Терісі жұмсақ тықыр. Олардың айырмашылығы құрлықта да, суда да тіршілік етеді.

16-слайд Сүтқоректілер

Сүтқоректілердің – 5000 түрі бар. Денесі жүнмен қапталған.Олардың айырмашылығы балаларын өз сүтімен асырайды.

17-слайд.Бауырымен жорғалаушылар

Жорғалаушылардың – 8000 түрі бар. Денесі құрғақ тас қабыршақпен қапталған.Олардың айырмашылығы бауырымен жорғалайды.

18-слайд Былқылдақденелілер

Былқылдақденелілерге ұлу,шырышты ұлу,кальмар,сегізаяқ жатады.Олардың денесі жұмсақ,былқылдақ ,кейбіреулерінің сыртында денесін қорғап тұратын қауашақтары болады. Былқылдақденелілердің кейбіреуі өте баяу қозғалса,кейбірі тез жүреді.

19-слайд Құрттар

Құрттарға жауынқұрты,сүлік,тірі организмнің ішінде болатын әртүрлі паразит-құрттар жатады.Олар пішіні,түсі және түрі жағынан әртүрлі болады.Құрттар ұзын денесін жиырып қозғалады. Топырақта,суда және тірі организмдердің ішінде тіршілік етеді.

20-слайд Өрмекшітәрізділер

Өрмекшітәрізділер тобына өрмекші,қарақұрт,кене және басқалар жатады. Өрмекшітәрізділердің бәрі – жыртқыштар.Кейбір өрмекшілер тор құрып,сонымен өзінің жемін ұстайды.Ал сарышаян тор құрмайды,ол азығын өзінің құйрығындағы уымен өлтіреді. Олардың 8 аяғы болады.

Жаңа сабақты бекіту.

Оқушыларды үш топқа бөлу.

21- слайд -  «Жануарларды топтастыр» оқулықпен жұмыс 99 бет

Суретке қарап,әр жануардың қай топқа жататынын анықта.

«Жануарлар әлемі» әнін қосу.

22-слайд  Тапсырмалар:      1-топ -  Қай топқа жатады?

                                                   2-топ -  Қайда мекендейді?

                                                   3-топ – Немен қоректенеді?

23 слайд -  «Шифрограмма»

1-а             9-ё             17-м           25-т            33-ч         41-ю

2-ә             10-ж           18-н           26-у             34-ш       42-я

3-б             11-з           19-ң           27-ұ             35-щ                                     

4-в             12-и           20-о           28-ү            36-ъ

5-г             13-й           21-ө           29-ф             37-ы

6-ғ             14-к           22-п           30-х             38-і

7-д             15-қ           23-р            31-һ           39-ь

8-е             16-л          24-с            32-ц            40-э

Сандар бойынша жануарды шешіп,қандай тобына жататынын анықтап,сол жануарға сиппатама беру.

24-слайд

 1-топ: 

15

1

23

16

37

6

1

34

қарлығаш 

 

  2-топ: 

10

37

16

15

37

 жылқы        

    3-топ:

 

14

38

23

22

38

  кірпі

25 слайд - Сергіту сәті:

 

26 слайд -  Жануарлар тіршілігіне қарай отырып ауа-райын болжау:

-  Құмырсқа илеуін биіктеу жерге салса, су тасқыны болады немесе қатты жауын жауып су деңгейі көтеріледі.

-  Құмырсқалар илеуін құрғақ жерге салса – жауын, дымқыл жерге салса- жаз құрғақшылық болады. Ал, құмырсқа  илеуінің аузын бекітіп  алса ұзақ жаңбыр болады.

-  Қара қоңыз тығылатын жер іздей бастаса, көп ұзамай жаңбыр жауады.

-  Қой тісін қайраса боран немесе дауыл болады. Қой сүзіссе жел болар.

-  Ордалы жылан, құрт-құмырсқа топ-тобымен  басқа жаққа көше бастаса көп ұзамай жер сілкінеді, болмаса басқа бір табиғаттың тосын апаты болады.

 

27-слайд - Ойын «Бөшкедегі басқатырғаш» :сұрақ-жауап

1. Жануарлар қандай топтарға бөлінеді? (құстар,балықтар,құрттар,сүтқоректілер,былқылдақденелілер,т.б)

2. Көктем мезгілінде жануарларды аулауға неге тыйым салынған? (Себебі көктемде олардың төлдері туады)

3.Аңдарды неге көктемде аулайды? (көбейеді)

4. Қалай ойлайсыңдар,құмырсқалар жүзе ала ма? (ия)

5.Мысық неге көп жуынады? (жемтігін аулау кезінде иісі кедергі болуы мүмкін)

6. Қай ауқытта кірпі тікеленбейді? (туған кезінде,себебі туғанда оның терісі өте нәзік)

7.Аралар не үшін бал жинайды?  (қыста тамақтану үшін,себебі аралар қыста ұйықтамайды)

8.Аңдардың қаладағы мекені немесе тұрағы?  (зообақ)

9.Ең биік аң ?   (керік – биіктігі 5.5 – 6 м)

10.Жануарларды кім емдейді?  (малдәрігер)

11. Құстарды қандай белгілеріне қарап топтастыруға болады? (денесі қабыршақпен қапталуына қарай)

12.Картопқа зиян келтіретін жәндік? (колорадтық қоңыз)

13.Қандай жануар бізге көшеден өтуге көмектеседі?  (зебра)

14. Тоқылдақтың тілінің ұзындығы 12 см. Оған осындай ұзын тіл не үшін керек? 

15.Суда жүзетін құстардың қауырсыны суда суланбайды. Неге? (Себебі олар майланған,майлы)

16. Кандай жануар суда әндетеді?   (Кит)

17.Терісі бағалы аңдарды неге қыс мезгілінде аулайды? (терісі қыста қалың болады)

18. Суда туып,жерде өмір сүреді?     (Бақа)

                                                                                                         

28 слайд -  «Кестені толтыр»

Жануарлар тобы

Белгілер

1

Сүтқоректілер

Денесі жүнмен қапталған,төлін сұтпен қоректендіреді.

2

Қосмекенділер

Суда да,құрлықта да тіршілік ете береді.

3

Бауырымен жорғалаушылар

Денесі құрғақ тас қабыршақпен қапталған.

4

Құстар

Денесі қауырсынмен қапталған.

5

Балықтар

Денесі қабыршақпен қапталған,суда тіршілік етеді,жузу қанаттарының көмегімен қозғалады,желбезектері арқылы дем алады.

6

Жәндіктер

Олардың 6 аяғы бар.

7

Өрмекшітәрізділер

Олардың 8 аяғы бар.

8

Құрттар

Топырақта,суда және тірі организмдердің ішінде тіршілік етеді.

9

Былқылдақденелілер

Жұмсақ,былқылдақ денелі,бақалшықтары болады.

 

29-слайд   «Сен білесің бе?» (Жануарлар туралы қызықты деректер)

-        Көртышқан күнде өзінің салмағындай мөлшерде қоректенеді. Бірнәрсе жемесе өледі. Көртышқандар бір түнде 76 метрлік тоннель қаза алады.

-        Өрмекшінің баласы туа салысымен өрмек өре бастайды.

-        Ақ аюлар 40 км/сағ жылдамдықпен жүгіре алады. Ақ аюлар ит балықтарға шабуыл жасаған кезде көзге түспес үшін, мұрындарын алдыңғы аяғымен жауып алады.Өйткені оның тұмсығы қара түсті. Оның аппақ денесімен аппақ қардан мұрны жақсы көрінеді.

-        Дельфиндер бір көзін ашып ұйықтайды.

-        Ұлудың 25 000-нан аса тісі бар.

-        Үндістанда 50 миллион маймыл бар.

-        Тауықтар жылына шамамен 190 жұмыртқа табады.

-        Ең ірі жолбарыс - уссурий жолбарысы. Биіктігі - 115 см, денесінің ұзындығы - 3 метр, салмағы - 280 кг құрайды.

-        Басымен тұра алатын және секіре алмайтын жалғыз аң – піл ғана.

-        Жердегі жануарлардың ішінде ең жүрегі үлкен, ең қан қысымы жоғары аң – керік. Керіктердің (жираф) тілі қара түсті, ұзындығы 45 см. Керіктің баласы туылғанда 1,5 метр биіктіктен құлап түседі.

-        Қытайда жыландарды ас даярлау үшін аулайды, Үндістанда – терісі үшін, ал Бирмада – уға қарсы дәрі даярлау үшін аулайды, Жыландар 3 жыл қатарынан тамақтанбай-ақ ұйықтай алады.

-        Көбелек тамақты алдымен аяғымен байқап көреді.

-        Құмырсқалар ешқашан ұйықтамайды. Өзінің салмағынан 50 есе артық жүкті көтеріп, таси алады.

-        1850 жылы Еуропадан Америкаға қараторғайлардың бірінші партиясын әкелгенде американдықтар оларды өлгенше асырағандарына таң қалған.

-        Түйе құстың бір жұмыртқасынан он бір жарты омлет жасауға болады.

-        Ересек кит 2 секунд ішінде 2400 литр ауаны жұтады.

-        Сары шымшық балапандарын күніне 1000 рет тамақтандырады.

-        Гиппопотамдар пілдерден кейінгі Жер бетіндегі ең ауыр сүртқоректі. Олардың салмағы 4 тоннаға дейін жетеді.

-        1 кг бал жасау үшін, ара 2 млн. гүлді айналып ұшып өтуі керек.

-        Әтеш алдымен мойнын созбай шақыра алмайды екен.

Жануарлар дүниесі әртүрлі,орасан көп және ерекше.Бірақ,өкінішке орай жыл сайын біздің планетамызда жануарлардың саны азайып келеді.Жыртқыштарға,тіпті адамдарға құрбаны ретінде болмас үшін,жануарлар өмір сүру үшін күресуге мәжбүр.

Деректі фильм «Өмір сүру үшін күрес»

Жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарларды «Қызыл кітапқа» енгізілген. «Қызыл кітабы» – 1978 жылдан шығарыла бастады. Бұл кітапта  сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер туралы анықтамалар, қызықты әңгімелер және олардың түрлі - түсті суреттері бар.

Деректі фильм «Қызыл кітапқа енген жануарлар»

 

 «Көз алдыңызға елестетіңіз, сіз Қызыл кітапсіз» ойыны

Оқушылар қызыл кітапқа қандай жануарлар мен өсімдіктердің енетінін және жануарлар қызыл кітапқа енбес үшін қандай жұмыстар жасау керектігі туралы өз ойларын айтады.

Сабақты қорытындылау:

- Бүгінгі сабақтан қандай жаңалық білдіңдер?

- Бұл алған білімдерің өмірге керек пе?

Үйге тапсырма: Жануарлар туралы қызықты ақпараттар жинаңдар.

Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақтың тақырыбы:"Жануарлардың алуан түрлілігі"."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий хозяйством

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 054 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.11.2016 792
    • DOCX 29.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жусупова Мадина Игликовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жусупова Мадина Игликовна
    Жусупова Мадина Игликовна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 39202
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Стратегия формирования навыков смыслового чтения у младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 139 человек из 39 регионов

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках математики у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Возрастные особенности детей младшего школьного возраста

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 50 регионов

Мини-курс

Психология сиблингов в семейной структуре

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии B2B маркетинга: от анализа до продаж

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Медико-педагогические аспекты обучения и тренировки

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе