Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Ашық сабақтың жүрісі "4 санымен танысу" 1 сынып

Ашық сабақтың жүрісі "4 санымен танысу" 1 сынып

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті: Математика

Білім беру саласы: «Таным»

Тақырыбы: 4 санымен танысу, құрамын анықтау.

Білімділік: 4 санымен таныстыру, құрамын анықтау арқылы 4

санының қатарын ретімен ауызша санауға жаттықтыру.

Логикалық ойын есептер шығару арқылы баланың 4

саны көлемінде білім – біліктілігін арттыру. Сан

қатарындағы алдыңғы және келесі санды айта білуге

үйрету.

Тәрбиелік: Халықтық педагогикамен ұштастыра отырып, жұмбақ

есеп, санамақ туралы ұғымдарын қалыптастыру, есепке

қызығушылығын ояту, күнделікті қолданбалы

бұйымдарды пайдалану арқылы ұлттық сана – сезімін

ояту. Ептілікке, аңғарымпаздыққа, бір – біріне деген

достық қарым - қатынасқа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Баланың танымдық, шығармашылық, сөйлеу іс –

әрекеттерін біріктіріп дамыту.Жан - жақты ойлау

қабілетімен сұраққа толық жауап беру деңгейін

арттыру, қабылдау ниетін дамыту, ойлау үрдісін

жетілдіру. Сөздік қорын дамыту.

Үйымдастырылған іс - әрекетінің әдіс - тәсілі: ой қозғау,

әңгімелеу, логикалық ойын дамыту, сұрақ –

жауап, көрсету, сахналау.

Көрнекіліктер: «Бауырсақ» ертегісінің суреті, сан таңбалары, екі

жолақты карточка, жылдың 4 мезгілінің суреті, 4

түлік малдың суреттері.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.

Жаңа сабақ.

  • Балалар, біз бәріміз жақсы көріп, тыңдайтын ертегілерді еске түсірейікші.

  • «Шалқан», «Үш аю», «Бауырсақ»

  • Олай болса, біз бүгінгі оқу іс - әрекетімізді «Бауырсақ» ертегісімен бастайық.

  • Ертегіні кім бастайды?

  • Ертеде бір атай мен әжей болыпты. Олар бір түйір бауырсақ пісіріпті. Ал бауырсақ орманға қашып кетіпті. Алдынан қоян шығады да «Сені жеймін» - дейді.

  • Бауырсаққа ең бірінші кім кездесіп еді?

  • Ендеше алдарыңнан 1 санын алып көтерейікші

  • Ертегіні жалғастырайық.

  • Бауырсақ домалап келе жатса, алдынан қасқыр шығады.

  • Қасқыр бауырсаққа кездескен нешінші аң?

  • Екінші аң.

  • Жақсы, рахмет!

  • Ал үшінші рет бауырсаққа кім кездеседі?

  • Аю кездеседі.

  • Дұрыс 3 санының таңбасын тауып көрсетейікші.

  • Бауырсақ барлық аңнан құтылды ма?

  • Жоқ, оған түлкі кездеседі.

  • Балалар, түлкі қолындағы қорапқа бауырсақты алдап салып алғысы келетін сияқты.

(Түлкіден қорапты аламын балалардың назарын соған аударамын.)

  • Балалар, қандай әдемі қорап. Өзі қандай пішінге ұқсайды.

  • Төртбұрышқа.

  • Ендеше бүгінгі тақырыбымызды 4 санына арнап, 4 санының таңбасымен танысамыз. Алдымен бәрімізге ортақ ережені қабылдайық.

  • «Дауысты бәсең ұстап, бір – бірімізге кедергі жасамай, көмек беру»

  • Бәріміз ретімен санайық.

  • 1,2,3

  • Ал мынау 4 саны

  • Қайталайықшы.

  • 4

  • Сонда 1,2,3,4

  • 4 саны 3 санынан кейін тұрады екен. 3 тің көршісі.

Осы 4 санына байланысты қандай ұғымдарды білеміз, соған тоқталайық.

  • 4 түлік мал , жылдың 4 мезгілі.

  • Ал, балалар, біз бүгін сан туралы мағлұмат алдық.

  • Ендеше санайық

Санамақтар:

1,2,3 - ал қанеки ұш

4,5,6,7 - мынау ауыл шеті.

8,9,10 - ал, қанеки, қон.




  • Балалар енді бәріміз қызықты тапсырмалар орындауға кірісейік.

Миға шабуыл

  1. Дүкеннен Асанға анасы төртбұрышты 2 доп әкелді. Біреуін досына берді.

  2. Құстың тұмсығы нешеу?

  3. Қоянның неше құлағы бар.?

  4. Дөңгелекте неше бұрышы бар?

Сергіту сәті.

  • Балалар, бір сәт денемізді сергітіп алайық,

  • 1,2,3,4 алақанды ұрайық

Оң жаққа бір бұрылып,

Сол жаққа бір бұрылып

Біз шынығып алайық.


  • Жарайды. Отырайық.

  • Балалар, Түлкі бауырсақты жеп қоймас үшін, ең соңғы тапсырманы орындайық. Қорапта әдемі суреттер бар екен. Бұл жай суреттер емес. Суреттің екінші бетінде сандар бейнеленген. Мен тақтаға бір бала шақырамын, ол көзін жұмып саусағының ұшымен сипау әдісі арқылы қандай сан екенін айту керек.

  • 1,2,3,4

Қорытынды: Біз бүгін «Бауырсақ» ертегісі арқылы 4 санымен таныстық. Өз орнын білдік. Қанша бірліктен тұратынын таныдық, логикалық есептер шығардық.

Мадақтау.




Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті: Математика

Білім беру саласы: «Таным»

Тақырыбы: 4 санымен танысу, құрамын анықтау.

Білімділік: 4 санымен таныстыру, құрамын анықтау арқылы 4

санының қатарын ретімен ауызша санауға жаттықтыру.

Логикалық ойын есептер шығару арқылы баланың 4

саны көлемінде білім – біліктілігін арттыру. Сан

қатарындағы алдыңғы және келесі санды айта білуге

үйрету.

Тәрбиелік: Халықтық педагогикамен ұштастыра отырып, жұмбақ

есеп, санамақ туралы ұғымдарын қалыптастыру, есепке

қызығушылығын ояту, күнделікті қолданбалы

бұйымдарды пайдалану арқылы ұлттық сана – сезімін

ояту. Ептілікке, аңғарымпаздыққа, бір – біріне деген

достық қарым - қатынасқа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Баланың танымдық, шығармашылық, сөйлеу іс –

әрекеттерін біріктіріп дамыту.Жан - жақты ойлау

қабілетімен сұраққа толық жауап беру деңгейін

арттыру, қабылдау ниетін дамыту, ойлау үрдісін

жетілдіру. Сөздік қорын дамыту.

Автор
Дата добавления 27.05.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров246
Номер материала 293720
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх