1950902
столько раз учителя, ученики и родители
посетили официальный сайт проекта «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015

Скидка 0%

112 курсов профессиональной переподготовки от 3540 руб.

268 курсов повышения квалификации от 840 руб.

МОСКОВСКИЕ ДОКУМЕНТЫ ДЛЯ АТТЕСТАЦИИ

Лицензия на осуществление образовательной деятельности №038767 выдана 26 сентября 2017 г. Департаменотом образования города Москвы

Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыАшық сабақ:"Тұқым және жеміс"

Ашық сабақ:"Тұқым және жеміс"

Международный конкурс

Идёт приём заявок

Подать заявку

Для учеников 1-11 классов и дошкольников

16 предметов

библиотека
материалов

Сан есім

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: «Сан есім» тақырыбын тірек-сызба бойынша меңгерту барысында жаттығулар орындату.

Дамытушылығы: Ақыл-ойын, логикалық ойлау жүйесін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: Оқушыларды адамгершілікке, достыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап,  талдау, ажырату, топтау, жазбаша дәлелдеу.

Көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, тірек-сызба, суреттер сызбалар, кесте.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

а) Психологиялық дайындық. Балаларды тақта алдына дөңгелене тұрғызып, сары түсті лентаны қолдарына ұстатып күн бейнесін жасату. Бір-бірлеріне қарап тұрып, жылы-жылы тілектерін айтқызу. Айтып болған соң, лентаның қолымен ұстап тұрған бөлігін қайшымен кесіп беру. Бұл күн нұрының кішкене бөлігі арқылы әр бала өз жүрегіне жылу сыйлады деп есептелінеді. Балалар хормен:

Қатар-қатар түзеліп,

Оқушыға лайық.

Қолымызды жіберіп,

Түп-түзу боп тұрайық.

Жақсы оқып сабақты,

Әдеп сақтану сәніміз.

Отыруға нақпа-нақ,

Дайындалдық бәріміз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Мақалдар жазып келіп, ішінен сын есімді тауып сызу.

1.Жақсы сөзге жан семіреді,

Жаман сөзден жан қорқады.

2.Өнерлі бала сүйкімді.

3.Сабағы жаман жемістің, дәні де жаман.

4.Ақылды қария, ағып жатқан дария.

ІІІ. Өткенді білмегеннің-ертеңі болмайды. (Өткен тақырыпты пысықтау)

«Тірек-сызба» бойынша жұмыс.

«Ой қозғау» Сөздер мағынасына қарай неше сөз таптарына бөлінеді? (Қандай?)

Біз осылардың ішінде қайсысын өттік?(Зат есім, Етістік, Сын есім)

1.Зат есім дегеніміз не, қандай сұраққа жауап береді?

2.Етістік дегеніміз не, қандай сұаққа жауап береді?

3.Сын есім дегеніміз не, қандай сұраққа жауап береді?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Қызығушылықты ояту. Мұғалім суретші сызбаны көрсетіп: (әртүрлі сандардан салынған адамның бейнесін көрсетеді).

-Өмір бойы жан-жануар бейнесін,

Салып келген суретшіге не дерсің?

Жауабын кім тез береді, білсе егер,

Қай сандардан сурет салды бұл шебер?

Мұғалім оқушылардың айтқан сандарын тақтаға жазып тұрады:

-үш, алты, тоғыз, сегіз

Сұрақтар: -Осы сандарды қатыстырып тағы қандай сандар құрауға болады?

- алпыс үш, жиырма сегіз, отыс бес

- Суреттегі адамның көздері нешеу?- екеу

- Балалар, тақтадағы жазылған сандарға сұрақ қойыңдар. (қанша? неше? нешінші?)

-Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - Сан есім

 

        

Заттың санын, ретін

Қанша? Неше? Нешінші? Нешеу?

 

 

Мысалы:

-Екі көзің не үшін керек?

-Жақсыларды көру үшін

-Екі қолың не үшін керек?

-Елге көмек беру үшін

Балалар, өлеңде адамның қандай дене мүшелері туралы айтылған?

-Қол мен көз туралы

Олар жайлы не білесіңдер?

Жаттығуда қандай сандарды кездестірдік?

-Екі саны

Қазақ халқының санға байланысты қандай мақал-мәтелдерін білесіңдер?

-Бас екеу болмай, мал екеу болмайды.

-Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз.

-Бір мылтықтың аузына, мың адам сияды.

Күнделікті математика сабағында ғана емес, басқа уақыттарда да (дүкенге барғанда, автобусқа отырғанда) сандармен кездесіп тұрамыз.

Бүгінгі сабағымызда біз сан есімге байланысты жаттығу жұмыстары мен әр түрлі тапсырмаларды орындаймыз. Олай болса, жаттығу жұмыстарын орындауға кірісейік!

Дәптермен жұмыс.

Бүгінгі күннің жадын жазайық.

Бүгінгі тақырыбымыз қандай дыбыстан басталып тұр?  (С)

Олай болса, Сс- әрпін көркем етіп жазайық.

Көркем жазу.    Сс  Сс  Сс

Сәлем-сөздің анасы.

Оқулықпен жұмыс. 2-жаттығу. Сандарды сөзбен жазып, сөйлемдерді көшір. Сан есімдер қай сөзбен байланысып тұрғанын айт.

    Бір жылда 12 ай бар. Бір айда 30 күн, 4 апта болады. Әр аптада 7 тәулік бар. Әр тәулікте

24 сағат, бір сағатта 60 минут бар.

Қай пәнмен байланысып тұр?

-Математика

-Бұлар уақыт бірліктері. Тағы қандай уақыт бірліктерімен танысып едік? Есімізге түсірейік.

1 минут = 60 секунд

1 ай = 30, 31 күн

1 ғасыр = 100 жыл

1 мүшел = 12 жыл

12 ай = 1 жыл

Ойын «Кім тапқыр?»  Мұғалім дауыстап мақалды оқиды, жоқ сөздің орнына керекті сан есімді оқушы тез тауып айту керек.

1......................... ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.  (тоқсан)

2......................... теңгең болғанша, ......... досың болсын. (жүз)

3......................... кісінің түсін білгенше,  (жүз)

  ........................ кісінің атын біл.  (жүз)

4 Білекті ............ жығады, білімді................. жығады.     (бірді)    (мыңды)

4-жаттығу. Сан есімдердің қасына тиісті зат есімдерді қойып жаз.   

Төрт, алты, тоғыз, он жеті, жиырма төрт.

Үлгі: төрт қап,..........

«Көңілді санамақ» Кім тез, мәнерлеп оқиды?

Баласына ж2ріп,

Ұрсып жатыр к2лік.

2лентіп, с2ріп,

Алып қапсың 2лік.

2ншілей 2ңді,

Көрсетпе деп ж2ріп.

-Балалар, көңілді санамақта қандай құс туралы айтылған?  (кекілік)

Ол тауық тұмдас кішкентай көгершін сияқты құс екен. Бұл құстың бір ерекшелігі, көктемде кекіліктің аналығымен қоса аталығы да жеке бір ұяға жұмыртқа басып шығарады екен. Себебі, олар қыс бойы шығынға ұшыраған құстардың орнын толтыру үшін көп балапан басып шығарады. Кекіліктің еті, сорпасы көптеген ауруларға ем.

-Балалар, құс екеш құс та баласы жаман баға алса ренжиді екен. Сендер де нашар баға алсаңдар аналарың ренжиді. Сондықтан түгелдей жақсы баға алуға тырысайық!

Сергіту сәті. Шаршаған да болармыз бойымызды сергітіп алайық!

Көбелек тұрып ертемен,

Күлімсіреп керілді.

1 деген де-шықпен бетін жуды,

2 деген де- шыр көбелек айналып бұрылды.

3 деген де-еңкейіп жерге жетті,

4 деген де-ұшып кетті.

«Үш қадамды сұхбат» әдісі бойынша 5- жаттығу орындалады.

1-оқушы: жұмбақты жасырады

2-оушы: жұмбақтың шешуін табады

3-оқушы: жұмбақ ішінен сан есімді табады

Алтын терек, он екі бұтақ,

Үш жүз алпыс бес жапырақ.

Логикалық жұмбақ.

Аулада 5 үйрек,11 түйе, 5 жылқы, 2 сиыр, 2 ешкі,

Қорада 3 үйрек. 2 қоян, 3 түлкі, таба алмасаң,

1 үйрек тығылды Бол күлкі (25)

Біреуі жығылды,

Қалғаны неше үйрек?  (6)

Шығармашылық тапсырма.

«Сәйкесін тап»

 

                                                     екінші

  1. Мұғалім                               төрт сыныпқа кірді

                                                        бесеу

                                                   

   ;тоғызыншы

  1. Сабақ& жетеу басталады

сегізде

 

 

«Кім тез ойлайды?» ойыны. Саны бар сөздердің шешуін тауып, екі-үш сөйлем құрастыру.

К+3+ік- күшік                                                       7+к- жетік

8+көз- сегіз                                                            Тү+1- түбір

Дер+5- дербес                                                        Жел+90- желтоқсан

1+қазан- бірқазан                                                  Тем+2- темекі

6+бақан- алтыбақан                                              9+құмалақ-тоғызқұмалақ

Тоғызқұмалақ-қазақтың ұлттық ойыны.

Желтоқсан жылдың соңғы айы.

Темекі-денсаулыққа зиян.

 

Семантикалық картамен жұмыс.

Сөз таптары

 

 Сөздер

Зат есім

Етістік

Сын есім

Сан есім

Айгүл, дәптер, оқулық

+

 

 

 

Төрт, бес, жүз

 

 

 

+

Жүгір, секір, ойна

 

+

 

 

Қызыл, қызық, биік

 

 

+

 

 

«Ой толғаныс» сатысы. Оқушылар тест жұмыстарын орындайды.

1.Сан есім қандай сұраққа жауап береді?

А) қандай?      Ә) қанша?         Б) не?

2.Сан есімді көрсет.

А) белсенді     Ә) балық          Б) бес

3. Сан есім түрлері

А) есептік, реттік     Ә) есептік, қатарлық

4.Көп нүктенің орнына керек санды қой.

Ер................... рет өледі.

Қорқақ ........... рет өледі.

А) бір, бесінші              Ә) бір, мың                   Б) бір, көп

5.Мына сөздер қай сөз табына жатады?     алты,  он екі,  жүз

А) етістік                      Ә) сын есім                   Б) сан есім

 

Тест жауаптарын тексеру

Дұрыс жауапқа

«5»- 20 ұпай

«4»- 15 ұпай

«3»- 10 ұпай

ІІІ. Қорытындылау.

1. Сөзжұмбақ шешу. Бүгінгі өткен тақырып шығады.

1.Өте жақсы баға                                       

2.Жетіден кіші сан

3.Саусақ саны

4.Жаман баға

5.Қос жүзікке ұқсайтын сан

6.Нөлден үлкен, екіден кіші

7.Он тоғыздан кейінгі сан

 

 

Сан есім кездесетін кісі аттары, жер аттары: Мыңжан, Жүзжасар, Сексенбай, Жетібай.

-Сөзжұмбақтан не деген сөз шықты?        Сан есім

-Сан есім деген не?

«Топтастыру» стратегиясы

                                                 

 

                                             

                                                                                    

Бүгінгі сабақта нені үйрендік? Не білдік?

Сабақ ұнады ма?

-Егер ұнаса, күнге күлкіні салып қойыңдар

 ҮІ. Бағалау.           

 Ү. Үйге тапсырма.   202 бет   3- жаттығу  



Курс профессиональной переподготовки
Учитель начальных классов
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Приглашаем принять участие МЕЖДУНАРОДНЫЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ «ИНФОФОРУМ» Осталось всего 50 мест на очное участие! Подать заявку Очное участие Дистанционное участие Курс повышения квалификации (36 часов) + Сертификат участника “Инфофорума”

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности педагога-воспитателя группы продленного дня»
Курс профессиональной переподготовки «Организация инклюзивного обучения в сфере образования»
Курс повышения квалификации «Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы»
Курс повышения квалификации «Формирование мотивации учебной деятельности младших школьников с ограниченными возможностями здоровья»
Курс профессиональной переподготовки «Тьюторское сопровождение обучающихся в системе инклюзивного образования»
Курс повышения квалификации «Содержательные аспекты профессионального и личностного развития педагогических работников в рамках реализации профессионального стандарта»
Курс повышения квалификации «Активизация познавательной деятельности младших школьников с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) как стратегия повышения успешной учебной деятельности»
Курс повышения квалификации «Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Применение современных педагогических технологий в образовательном процессе в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Разработка адаптированных образовательных программ в условиях ФГОС СПО»
Курс повышения квалификации «Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС»
Курс повышения квалификации «Техники креативного мышления как инструмент формирования общих компетенций по ФГОС»
Курс повышения квалификации «Сурдопедагогика: организация обучения, воспитания, коррекция нарушений развития и социальной адаптации глухих, слабослышащих, позднооглохших обучающихся в условиях реализации программы ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Оказание психолого–педагогической помощи лицам с ОВЗ»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.
17 курсов по пожарно-техническому минимуму
Обучение от 2 дней
дистанционно
Удостоверение
Программы актуальны на 2019 г., согласованы с МЧС РФ
2 500 руб. до 1 500 руб.
Подробнее