348894
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 6.900 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.500 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ 50%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокКлассному руководителюКонспектыАшық шара: «Ұлыстың ұлы күні-Наурыз»

Ашық шара: «Ұлыстың ұлы күні-Наурыз»

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

АУДАНДЫҚ АШЫҚ ШАРАЛАРДЫҢ СЫРТТАЙ БАЙҚАУЫ

«ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ-НАУРЫЗ»


Атырау облысы, Жаңа Қаратон кенті, №23 жалпы орта білім беретін мектептің информатика пәнінің мұғалімі Абатқызы Анаргул

Тақырыбы: «Ұлыстың ұлы күні-Наурыз»

Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы және дүниежүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып, “Наурыз” қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.

Түрі: тәрбие сағаты

Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакат, слайдтар, ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар .

Тәрбие сағатының жүрісі:

  • І. Наурыздағы салт-дәстүрлер

  • ІІ. Ән, би.

  • ІІІ.Сұрақ – тапсырмалар

  • ІV.Ұлттық дастархан мәзірі

Кіріспе:
Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын!
Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналған.
«Наурыз» сөзі – біріншіден, «жаңа күн», дегенді білдіреді, екіншіден, аспан денелері өздерінің бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңеледі, сондықтан жаңа жыл ретінде тойланатын думанды халықтық мейрам, үшіншіден, ай аты. Барлық бастама, ұлы істі ырымдап халық осы күні бастаған. Сол себепті бұл күнді «Ұлы істің ұлы күні, яғни Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн.
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын!

1-жүргізуші.

Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп, Жап-жасыл боп кетті дүние жаңғырып. Жақсылыққа жаршы болған Наурызым- Сен өмірдің көктемісің мәңгілік.

2-жүргізуші.

Қауышып қайта оралған наурызға,

Ерніміз әрез тиді сары уызға.

Науалап нәр құйылып, нұр жүгірді,

Ағарып бара жатқан қанымызға.

Қақ жарып әділдіктің қара қылын,

Келдің бе гүлге оранған Жаңа Жылым.

«Ақтабан щұбырынды-Алқакөлмен»

Жалғашы Арал, Семей аралығын.



1-жүргізуші.

Жаңа жыл, кел, төрлет,

Ел достығын өркендет.

Мол болсын ырс,құт,

Болсын елде тыныштық.

Құтты болсын Наруыз той,

Құлпырып тұр қыр мен ой.

Күн мен түні теңелді,

Жер шуаққа кенелді.



2-жүргізуші.

Қырдан бүгін бу ықты,

Қуды жерден суықты.

Құтты болсын мерекең,

Наурыз айы туыпты,

Әне, Наурыз келеді.

Құлпырады жер енді.



Наурыз: Көкпеңбек дала, туымдай аспан көгілдір,

Көк кілем төсеп, көк койлек киген өңір дүр,

Бәйшешек гүлге қылтиған жанын елітіп,

Жадырап қалар көңілді күндей көңіл бір.

Кел Наурызға, пейілін көр қазақтың,

Бұл күн біле білгенде ғажап тым!

Ақ ұсынған ақ шәлілі әжелер,

Наурыз күн-білі білгенге ғажап тым!



Әжелер шығып шашу шашады.

Наруызды арнайы безендірілген таққа отырғызады.



І бөлім.

Наурыздағы салт-дәстүрлер.

Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған

Салт-дәстүрді ардақтайық ағайын.

Қазақ атты үлкен-кіші балдырған.



2-жүргізуші. Оқушылардан көрініс.

1-жүргізуші. Дана халқымыз «Батамен – ел, жаңбырмен жер көгереді» деп бекерге айтпаған ғой. Қанекеи, Наруыз тойының ақ батасын сұрайық.

Асан ата: Ақ мол болсын,

Қайда барсаң жол болсын,

Төрт түлік ақты болсын.

Ұлыс береке берсін,

Бәле – жала жерге енсін.

Ұлы халқым тоқ болсын,

Көйлектері көк болсын

Қайғы-уайым жоқ болсын.

Қуаныштарың көп болсын.

ІІ бөлім. Ән, би.

ІІІ бөлім. Ата-салтың қазағың.

Наурыз: Бізге Қыдыр бабамыз бірнеше тапсырмалар беріп жіберіпті. Барлығымыз соны шешіп көрсек қайтеді.

1-жүргізуші. Қазақтың түрлі-түрлі дәстүрі бар,

Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.

Жауаптарын таба ма екен балалар,

Сол себептен (сіздерге қоятын сұрақтар бар).



Сұрақтар :

1) Наурыз төл дегенді қалай түсінесің? (Наурыз төлі)

2) Наурыз көже қалай жасалады? (7 немесе 9 тағам түрі)

3) Наурызша деген қандай мағына береді?

(Наруыз айында жұп-жұқа қиықша қырбық жауған қар

4) Сүттен жасалатын тағамды ата? (құрт, ірімшік, қатық,қаймақ т.б)

5) Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы қалай аталады? (наурызкөк)

6) Наурыз айында бірінші өсетін өсімдік? (бәйшешек)

Тапсырмалар:

1) Наурыз күні дастархан үстінде қандай тағамдар болуы керек? (Жауабы: Наурыз көже, бауырсақ, жеті нан, қазы-қарта т.б.)

2) Жыл басының алғашқы сүті қалай аталады? (уыз)

3) Қыдыр ата қай күні адамдар арасына келетін болған? (Жауабы: 21 наурыз)

4) Ертеде жеті жігіт жеті шырақ жағып, ауылды аралайды екен. Неліктен? (Жауабы: Жаманшылық ескі жылмен кетсін деген ниетпен жеті шырақ жағып ауылды аралаған.)

5) Наурызнама – деген не? (шат – шадыман, ойын-сауық )

6) Ұлттық ойындарды ата? (алтыбақан,ауыдарспақ, қыз қуу, ат жарыс, теңге алу, ақсүйек,тоғазқұмалақ)

2-жүргізуші: Уа халқым! Қазір өздеріңізге ақ батасын беріп, өнегелі өсиетттірін айту үшін ел басына күн туып, ерлер етігімен су кешкен, жау жағадан алып, бөрі етектен шалған алмағайып заманда халықтың бірлігімен тұтастығына ерең еңбек сіңіріп, түнектен шығар дол нұсқап көшбасшысы болған өз бабаларымыз асу бермес Төле би, қазып айтқан Қазыбек би, әділ үнді Әйтеке билеріміз келе жатыр.



Төле би: Сұрасаң бата берейін,

Үстем болсын мерейің!

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін,

Дастарханың мол болсын,

Абыройың зор болсын!

Қазыбек би: Өрендерің ер болсын,

Көре алмаған бағыңды,

Сындыра алмаған сағыңды

Бетін басып жер болсын!



Әйтеке би: Жарылқа Алла қабыл ет,

Жарылқаудың қамын ет!

Ізет, абырой, бақ-дәулет

Қызыр қарап, бақ қонып

Жақсылық үшін қызмет ет!



1-жүргізуші: Берген баталарыңыз қабыл болсын!

Наурыз: Қайран елім,білсейші осы нарқыңды,

Байлық деп пайдасы жоқ ойыңды.

Алатаудай болсадағы асыл тас.

Кімнен сатып ала аласың салтыңды?!



ІVбөлім. Ұлттық дастархан мәзірі

1-жүргізуші:

Наурыз шаттық әніміз,

Салтанатты сәніміз.

Ән салып жас-кәріміз.

Би билейміз бәріміз.

2-жүргізуші:

Наурыз құтты болсын,

Дендеріміз сау мықты болсын!

Наурыз тойы келе берсін,

Барлық халық бақытты бола берсін!

Еліміздің несібесі көп болсын.

Халқымыз көбейіп тоқ болсын!

Қош сау болыңыздар халайық,

Көріскенше күн жарық болсын!



Қорытынды: Сонымен кешіміз өз мәресіне жетті. Келесі сөзді тәрбие ісінің меңгерушісіне береміз.

Ән қосып, «Қара жорға» биін билеу, сабақты аяқтау.



















Краткое описание документа:

АУДАНДЫҚ АШЫҚШАРАЛАРДЫҢСЫРТТАЙ БАЙҚАУЫ

«ҰЛЫСТЫҢҰЛЫ КҮНІ-НАУРЫЗ»

Атырау облысы, Жаңа Қаратон кенті, №23 жалпы орта білім беретін мектептің информатика пәнінің мұғалімі Абатқызы Анаргул

Тақырыбы:«Ұлыстыңұлы күні-Наурыз»

Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы және дүниежүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып, “Наурыз” қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.

Түрі: тәрбие сағаты

Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакат, слайдтар, ұлттық киімдер, ұлттықтағамдар .

Тәрбие сағатының жүрісі:

  • Ø І. Наурыздағы салт-дәстүрлер
  • Ø ІІ. Ән, би.
  • Ø ІІІ.Сұрақ – тапсырмалар
  • Ø ІV.Ұлттық дастархан мәзірі

Кіріспе:
Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын!
Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналған.
«Наурыз» сөзі – біріншіден, «жаңа күн», дегенді білдіреді, екіншіден, аспан денелері өздерінің бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңеледі, сондықтан жаңа жыл ретінде тойланатын думанды халықтық мейрам, үшіншіден, ай аты. Барлық бастама, ұлы істі ырымдап халық осы күні бастаған. Сол себепті бұл күнді «Ұлы істің ұлы күні, яғни Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн.
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын!

1-жүргізуші.

Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп, Жап-жасыл боп кетті дүние жаңғырып. Жақсылыққа жаршы болған Наурызым- Сен өмірдің көктемісің мәңгілік.

2-жүргізуші.

Қауышып қайта оралған наурызға,

Ерніміз әрез тиді сары уызға.

Науалап нәр құйылып, нұр жүгірді,

Ағарып бара жатқан қанымызға.

Қақ жарып әділдіктің қара қылын,

Келдің бе гүлге оранған Жаңа Жылым.

«Ақтабан щұбырынды-Алқакөлмен»

Жалғашы Арал, Семей аралығын.

1-жүргізуші.

Жаңа жыл, кел, төрлет,

Ел достығын өркендет.

Мол болсын ырс,құт,

Болсын елде тыныштық.

Құтты болсын Наруыз той,

Құлпырып тұр қыр мен ой.

Күн мен түні теңелді,

Жер шуаққа кенелді.

2-жүргізуші.

Қырдан бүгін бу ықты,

Қуды жерден суықты.

Құтты болсын мерекең,

Наурыз айы туыпты,

Әне, Наурыз келеді.

Құлпырады жер енді.

Наурыз: Көкпеңбек дала, туымдай аспан көгілдір,

Көк кілем төсеп, көк койлек киген өңір дүр,

Бәйшешек гүлге қылтиған жанын елітіп,

Жадырап қалар көңілді күндей көңіл бір.

Кел Наурызға, пейілін көр қазақтың,

Бұл күн біле білгенде ғажап тым!

Ақ ұсынған ақ шәлілі әжелер,

Наурыз күн-білі білгенге ғажап тым!

Әжелер шығып шашу шашады.

Наруызды арнайы безендірілген таққа отырғызады.

І бөлім.

Наурыздағы салт-дәстүрлер.

Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған

Салт-дәстүрді ардақтайық ағайын.

Қазақ атты үлкен-кіші балдырған.

2-жүргізуші. Оқушылардан көрініс.

1-жүргізуші. Дана халқымыз «Батамен – ел, жаңбырмен жер көгереді» деп бекерге айтпаған ғой. Қанекеи, Наруыз тойының ақ батасын сұрайық.

Асан ата: Ақ мол болсын,

Қайда барсаң жол болсын,

Төрт түлік ақты болсын.

Ұлыс береке берсін,

Бәле – жала жерге енсін.

Ұлы халқым тоқ болсын,

Көйлектері көк болсын

Қайғы-уайым жоқ болсын.

Қуаныштарың көп болсын.

ІІ бөлім. Ән, би.

ІІІ бөлім. Ата-салтың қазағың.

Наурыз: Бізге Қыдыр бабамыз бірнеше тапсырмалар беріп жіберіпті. Барлығымыз соны шешіп көрсек қайтеді.

1-жүргізуші. Қазақтың түрлі-түрлі дәстүрі бар,

Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.

Жауаптарын таба ма екен балалар,

Сол себептен (сіздерге қоятын сұрақтар бар).

Сұрақтар :

1) Наурыз төл дегенді қалай түсінесің? (Наурыз төлі)

2) Наурыз көже қалай жасалады? (7 немесе 9тағам түрі)

3) Наурызша деген қандай мағына береді?

(Наруыз айында жұп-жұқа қиықша қырбық жауған қар

4) Сүттен жасалатын тағамды ата? (құрт, ірімшік, қатық,қаймақ т.б)

5) Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы қалай аталады? (наурызкөк)

6) Наурыз айында бірінші өсетінөсімдік? (бәйшешек)

Тапсырмалар:

1) Наурыз күні дастархан үстінде қандай тағамдар болуы керек? (Жауабы: Наурыз көже, бауырсақ, жеті нан, қазы-қарта т.б.)

2) Жыл басының алғашқы сүті қалай аталады? (уыз)

3) Қыдыр ата қай күні адамдар арасына келетін болған?(Жауабы:21 наурыз)

4) Ертеде жеті жігіт жеті шырақ жағып, ауылды аралайды екен. Неліктен? (Жауабы: Жаманшылық ескі жылмен кетсін деген ниетпен жеті шырақ жағып ауылды аралаған.)

5) Наурызнама – деген не? (шат – шадыман, ойын-сауық )

6) Ұлттық ойындарды ата? (алтыбақан,ауыдарспақ, қыз қуу, ат жарыс, теңге алу, ақсүйек,тоғазқұмалақ)

2-жүргізуші: Уа халқым! Қазір өздеріңізге ақ батасын беріп, өнегелі өсиетттірін айту үшін ел басына күн туып, ерлер етігімен су кешкен, жау жағадан алып, бөрі етектен шалған алмағайып заманда халықтың бірлігімен тұтастығына ерең еңбек сіңіріп, түнектен шығар дол нұсқап көшбасшысы болған өз бабаларымыз асу бермес Төле би, қазып айтқан Қазыбек би, әділ үндіӘйтеке билеріміз келе жатыр.

Төле би:Сұрасаң бата берейін,

Үстем болсын мерейің!

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін,

Дастарханың мол болсын,

Абыройың зор болсын!

Қазыбек би: Өрендерің ер болсын,

Көре алмаған бағыңды,

Сындыра алмаған сағыңды

Бетін басып жер болсын!

Әйтеке би:Жарылқа Алла қабыл ет,

Жарылқаудың қамын ет!

Ізет, абырой, бақ-дәулет

Қызыр қарап, бақ қонып

Жақсылық үшін қызмет ет!

1-жүргізуші: Берген баталарыңыз қабыл болсын!

Наурыз: Қайран елім,білсейші осы нарқыңды,

Байлық деп пайдасы жоқ ойыңды.

Алатаудай болсадағы асыл тас.

Кімнен сатып ала аласың салтыңды?!

ІVбөлім. Ұлттық дастархан мәзірі

1-жүргізуші:

Наурыз шаттық әніміз,

Салтанатты сәніміз.

Ән салып жас-кәріміз.

Би билейміз бәріміз.

2-жүргізуші:

Наурыз құтты болсын,

Дендеріміз сау мықты болсын!

Наурыз тойы келе берсін,

Барлық халық бақытты бола берсін!

Еліміздің несібесі көп болсын.

Халқымыз көбейіп тоқ болсын!

Қош сау болыңыздар халайық,

Көріскенше күн жарық болсын!

Қорытынды: Сонымен кешіміз өз мәресіне жетті. Келесі сөзді тәрбие ісінің меңгерушісіне береміз.

Әнқосып, «Қара жорға» биін билеу, сабақты аяқтау.

Общая информация

Номер материала: 257302

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическая компетентность педагога»
Курс повышения квалификации «Роль педагога в реализации концепции патриотического воспитания школьников в образовательном процессе в свете ФГОС второго поколения»
Курс повышения квалификации «Использование мини-проектов в школьном: начальном, основном и среднем общем и среднем профессиональном естественнонаучном образовании в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Сетевые и дистанционные (электронные) формы обучения в условиях реализации ФГОС по ТОП-50»
Курс повышения квалификации «Управление конфликтами в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Сопровождение детского отдыха: от вожатого до руководителя детского лагеря»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты инклюзивного образования в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты профессиональной компетентности педагогических работников в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Скрайбинг и веб-квест как инновационные образовательные технологии в условиях реализации ФГОС СПО»
Курс повышения квалификации «Теория и практика инклюзивного обучения в образовательной организации в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Современный переговорный процесс в практике образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическая диагностика в современном образовательном процессе»
Курс повышения квалификации «Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Применение современных педагогических технологий в образовательном процессе в условиях реализации ФГОС»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.