Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Ашық шара, мереке "Жаңа жыл"

Ашық шара, мереке "Жаңа жыл"

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:


Тақырыбы: Кел жаңа жыл,жаңа жыл!

Мақсаты: Оқушыларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда барлық бойларында бар өнерлерін ортаға салып үйрету. Көңілді өткізу өз қолдарында екенін түсіндіру.

Барысы:

Екі жүргізуші ортаға шығады.

1-жүргізуші

Уа, халайық,жараңдар!

Айналаға қараңдар!

Жаңа жылдық бұл тойын,

Салтанатқа санаңдар

Қызық көріп, шат болып,

Шаттық күліп тараңдар,


2 жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар! Біз сіздерді Жаңа 2016 мешін жылымен құттықтаймыз. Сіздерге жаңа жылда, жаңа табыс, бақыт тілейміз.


2жүргізуші бірге: Жаңа жылдарыңызбен!


2 - жүргізуші: Анеля байқаймысың, бұл кеште біздің сыныптас достарымыз көрінбейді ғой. Мына шырша жанындағы қаптағы не болды екен?


1 – жүргізуші Мүмкін бізге достарымыздың жасаған сыйы, жаңа жылдық тартуы болар. Қане ашып көрелік. Ернар, қане сен ашып көр. Мүмкін мыстан болар деп мен қорқып тұрмын.


2 - жүргізуші: Жарайды, ашсам ашайын. Былай келісейік. Екеуміз 1..2..3 дегенде екеуміз қаптың аузын бірге ашайық.

1 – жүргізуші Жарайды ,мен келістім.

Ендеше бастасақ, бастайық.

қаптың аузын ашқанда сайқымазақ атып шығады)

Сайқымазақ:

Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап - қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы, сендермен бірге қызықты ойынды ойнайыншы!

Ой, ой,ой біздің сыныптас достарымыз көрінбейді ғой. Көп соза бермейік.

Достарымызда ертіп келейік қане?!

Ал, енді достарым келді шыршаларың көңілсіз ғо ,шамы қайда?

1-Жүргізуші:

Балалар, мынау ортадағы әдемі шыршамыз көңілсіз тұр ғой, бәріміз бірге әдемі шыршаның шамын жағайық.

Қуант бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат

Бір, екі, үш

Шырша шамы жан.

Мұғалім: Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)

Балалар: Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат.(қолдарын шапалақтатады) Шырша жарқырайды.


2-Жүргізуші: Балалар, әдемі шыршамызды айналып, ән айтайық.

Музыка ойнайды (оқушылар шыршаны айналып «Жаңа жыл» әнін орындайды).

1 - жүргізуші: Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті халайық жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысайық.


2 – жүргізуші Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!


1 - жүргізуші: Армысың, аманбысың, Жаңа жырым,

Жаңа жылым! О менің Жаңға жылым!

Мешін жылы келгенде, сый ғып тартып,

Ақтарайық әнменен көңіл сырын – дей келе жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау мектеп директоры Жанеділ Қадырғалиұлына береміз.




Мұғалім:

Ал, балалар сайқымазақтың жұмбақтарын шешейк

Мен бастайын, ал, сендер аяқтаңдар ойынды.

Хормен жауап айтыңдар!

Қарға мүлгіп дала тұр, келе жатыр....

Балалар: Жаңа жыл!

Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты білсең атын тез ата, келеді бізге.....

Балалар: Аязата!

Ертегідей орманнан

Көктей өтіп келеді.

Сұңқар бойлы бір сұлу

Табыңдаршы, аты кім?

Балалар: Ақшақар!

Ақшақар: Шырша бүгін кәделі! Сендер әрі....

Балалар: Әдемі!

Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ, ойын – күлкі таралсын.

Құтты болсын....

Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)

Мұғалімі: Балалар, шыршамыздың шамы жағылды, енді ортамызға кім жетпей тұр?

Балалар: Аяз Ата

Мұғалім: Дұрыс-ақ, балалар, енді бәріміз бірге Аяз Атаны шақырайық.

Хормен: Аяз Ата, ау-у-у

1-жүргізуші: Қуаныңдар ағайын, тамсаныңдар!

Сүйіншімен маңайға жар салыңдар.

Аяз ата келеді Ақшақармен,

Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!

Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!

(осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді).

2 – жүргізуші: Армысыз Ата! Армысыз Ақшақар!

Аяз ата мен Ақшақардың сөзі

Шырша айналып билеу

Мұғалім: Балалар біз қандай ертегі аяз ата мен ақшақарға айтайық .

Балалар: Бауырсақ, Үш аю, Жеті лақ, Мақта қыз бен мысық ертегісі.

: Ендеше, балалар, бауырсақ ертегісін айтып бастайық. Бір күні ата мен әже болыпты. Ата мен әже Жаңа жыл мерекесіне арнап бауырсақ пісіріпті. Бауырсақты суыту үшін оны терезе алдына қойыпты. Бауырсақ домалап жаңа жыл мерекесін тойлауға достар іздеп кетіпті.

Бауырсақ келеді

Жүргізуші: Балалар, бауырсақ қоянға кездесіпті.

Қоян: Бауырсақ, бауырсақ, қайда бара жатырсың?

Бауырсақ: Жаңа жыл мерекесін қарсы алуға дос іздеп келе жатырмын.

Қоян: Ендеше, біздерді жаңа жыл мерекесіне ала кетші, дос болайық.

(Қояндар бауырсаққа ілесіп шырша жанына келеді)

Бауырсақ: Сендердің қандай өнерлерің бар?

Қоян: Біздердің жаттаған тақпақтарымыз, билейтін билеріміз бар.

(Қояндар тақпақтарын айтып, билерін билейді) 1-сынып тақпақтары

Жүргізуші: Бауырсақ тағы да жолға шығады. Домалап, домалап, қасқырға кездеседі.

Қасқыр: Бауырсақ, бауырсақ, қайда бара жатырсың?

Бауырсақ: Жаңа жыл мерекесін қарсы алуға дос іздеп келе жатырмын.

Қасқыр: Ендеше, біздерді жаңа жыл мерекесіне ала кетші, дос болайық.

(Қасқырлар бауырсаққа ілесіп шырша жанына келеді)

Бауырсақ: Сендердің қандай өнерлерің бар?

Қасқыр: Біздердің билейтін билеріміз бар. 3- сынып билері

(Қасқырлар тақпақтарын айтып, билерін билейді)

Жүргізуші: Бауырсақ тағы да жолға шығады. Домалап, домалап, аюға кездеседі.

Аю: Бауырсақ, бауырсақ, қайда бара жатырсың?

Бауырсақ: Жаңа жыл мерекесін қарсы алуға дос іздеп келе жатырмын.

Аю: Ендеше, біздерді жаңа жыл мерекесіне ала кетші, дос болайық.

(Аюлар бауырсаққа ілесіп шырша жанына келеді)

Бауырсақ: Сендердің қандай өнерлерің бар?

Аю: Біздердің билейтін билеріміз бар. 0-сынып би


Жүргізуші: Балалар, бауырсақпен бірге кім келе жатыр, қараңдаршы?

Балалар: Қу түлкі! Қу түлкі келе жатыр.

Түлкі: Жооқ, балалар, мен қу емеспін. Мен ешкімді алдамаймын. Бәріміз дос болайық.

2-сынып

Бауырсақ: Аяз ата және менің достарыммен бірге шырша айналып, өлең айтайық. Енді бәріміз дос болайық, ренжіспейік, жарайды ма, балалар?

Тағы қандай өнерлеріміз бар .

Мұғалім . 4- сыныптың дайындаған билері бар.

  1. Сынып

  2. 2- сынып

  3. 4- сынып

Сайқымазақ: Иә ,сендер мені ұмытып кеттіңдер ғо

Мен сендерге шығыстың түнін қандай болатынын көрсетейін бе? Оны көру үшін бір көзіңді жұмасын, ал екінші көзіңмен мына тесікке қарайсын. Сонымен, ғажайып басталады.....

( Ойынға қатысушының үстіне қара плащ жабады, ойыншы тесікке қарайды, бірақ ештеңе көре алмайды.)

1 Сайқымазақ: Қалай көрдің бе? (ойыншы ештеңе жоқ деп жауап береді.)

1 Сайқымазақ: (ашуланып) Бұны қалай түсінуге болады.

Бұл не сұмдық сен ештеңе көрген жоқсынба? Сен қараңғылықты көріп тұрсын. Ғажайып, жұмбақ шығыс түні дегеніміз енді қара сонда көресің. қарайды.

(аржағынан биші қыздар шыға келеді.) 3- сынып


Аяз ата: Балалар, сендер өнерлі екенсіңдер. Біз Ақшақар қызым екеуміз енді жолға шығайық. Бізді басқа мектепте балалар күтіп отыр. Сау болыңдар, балалар!

Балалар: Сау болыңыз, Аяз ата! Сау болыңыз, Ақшақар!


2 – жүргізуші: Бітуге қалды таяп – ай,

Не қыласың аяп – ай.

Қане, халқым, қол соқшы,

Жаңа жылда аямай!


1 – жүргізуші: Қой жылы – той жылы

Мешін жылы – вечер жылы,

Жаңа жыл - жаңа нұр жаудырып,

Мешін жылы – сауық жылы болсын, ағайын!


2 – жүргізуші: Құрметпен ортаға Жаңа жылды шақырамыз.


Ортаға Жаңа мешін жылы келеді.


Жақсылыққа бағыттаған

Мешінмін Жаңа жыл!

Жаңа Жылда барлығыңыз

Жаңа үміт таба біл.

Қой жылының мерекесін,

Мерекеге жалғаймын.

Елде, жерде, табиғатта,

Бейбіт жолды қолдаймын.

Хор: Қош келдің Жаңа жыл!

Құтты болсын....

Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)

Ертегілер елінде әнімен аяқтаймыз жаңа жылымызды

  1. Сынып оқушысы Бекарыстың орындауында

Бәрі.

Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты

Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.


Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!


Чапаев жалпы орта білім беретін мектебі.













Ертеңгілік :

«Кел жаңа жыл, жаңа жыл»



















Дайындаған: Умбетьярова .Б.Н



2015-2016 оқу жылы.



















(

Автор
Дата добавления 14.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров87
Номер материала ДВ-338320
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх