Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / "Ашық тұқымдылардың ауыл шаруашылығындағы маңызы"

"Ашық тұқымдылардың ауыл шаруашылығындағы маңызы"

  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қылқан жапырақты өсімдіктер мен қылқан жапырақты ормандардың

табиғаттағы және адам шаруашылығындағы маңызы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қылқан жапырақты өсімдіктермен таныстыру, қылқан жапырақты

ормандардың табиғаттағы және адам шаруашылығындағы маңызын түсіндіру.

Сабақтың типі: Аралас

Сабақтың типі: сыни тұрғыдан ойлау.

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, суреттеу, сұрақ-жауап, тест тапсырмалар, жеке оқушылармен

жұмыс, топпен  және жұппен жұмыс.

Сабақтың міндеті: топпен жұмыс істей отырып,өз білімдерін көрсету.

Күтілетін нәтиже: 1. Өз беттерінше білімді меңгеру.

2. Ойлау сөйлеу қабілеттерін дамыту.

3. Өз-өздерін бағалай білу.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта,  сызбанұсқа, суреттер, қима қағаздар, кітапшалар.

1.Ұйымдастыру кезеңі:   - оқушылармен амандасу

- оқушыларға психологиялық ахуал жүргізу.

- оқушыларды 3 топқа бөлу (түрлі – түсті қағаздардың көмегімен)

І топ «Қарағайлар»               ІІ топ «Шыршалар»               ІІІ топ «Балқарағай»

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: (сұрақтар арқылы сызбанұсқаны жалғастыру)

1.      Өсімдіктерді қандай үлкен екі топқа бөлеміз?

2.      Жоғары сатыдағы өсімдіктер қалай бөлінеді?

3.      Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктерді атаңдар.

4.      Тұқымды өсімдіктер қанша топқа бөлінеді?

5.      Оларды атаңдар.

Жоғары сатыдағы өсімдікте

Споралы                                 Тұқымды

өсімдіктер                            өсімдіктер

Биологиялық диктант

Жоғары сатыдағы  споралы өсімдіктер”  Сөйлемдер

Қажетті сөздер

1. Мүктерді зерттейтін ғылым  _________________ деп аталады.

2. Мүктерде тамырдың қызметін __________________ атқарады.

3.  Шымтезек мүгі латынша  ___________  деп аталады.

4 . Мүктер екі жолмен ___________ , _______________ көбейеді .

5. Сабағы өте көп буын және буынаралықтарынан тұратындықтан, өсімдікті __________ деп атаған.

6. Көктемгі өркендері -  _______________ , ал  жаздық өркендері  ______ қызметін атқарады.

сфагнум  жынысты, жыныссыз  қырықбуын  көбею, өсу бриология ризоидтар

Жоғары сатыдағы  тұқымды өсімдіктер”

Сөйлемдер

Қажетті сөздер

1. Жоғары сатыдағы өсімдіктерді  ___________ топқа бөледі.

2._______________________ - өсімдіктердің ең ежелгі тобы .

3. Тұқымды өсімдіктер үлкен екі бөлімнен тұрады: ____________________ , _________________.

4. Кәдімгі қарағай -  ______________________ өсімдік.

5. Ағаш сабағы  ____________________ деп аталады.

6. Қылқан жапырақтылардың бір ерекшелігі: көпшілігінің қабығында, сондай-ақ сүрегінде  _______________________________________ болады,

«Кім жылдам?»  интерактивті тапсырма 4,5,6 (электрондық оқулық) тапсырма.

«Футбол» ойыны.

Қылқан жапырақты ағаштардың жапырағы қалай аталады ?

Қандай қылқан жапырақты ағаш жапырағы күзге қарай түседі ?

Қылқан жапырақты ағаш туралы жұмбақтарды еске түсіріңдер.

Жұмбақтар:

Дауылға да, аязға да,

Шыдап бағар мізбақпай.

Тау етегі тұрағы,

Жап-жасыл боп тұрады.

(Қарағай)   Қысы-жазы шешпейтін  Көйлегі бар жасылдан. Өзгертпейді еш кейпін, Жаралғандай асылдан.   (Шырша)

Қылқан жапырақты өсімдіктер  І. Негізгі бөлімЖаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі

Өрмелеген баладай,

Өсер тауда қарағай.

Қияда тұрар қасқайып,

Қиындығына қарамай.- деп балалар, біз  қылқан жапырақты өсімдіктемен таныстық. Ал , енді осы өсімдіктердің пайдасы туралы өздерің білім алып, оны бізге түсіндіріп, білімдеріңді ортаға салады  деп сенемін.

Өз бетінше білім алу (әр оқушыға өзім дайындаған кітапша беріледі).

Қылқан жапырақты өсімдіктер мен қылқан жапырақты ормандардың

табиғаттағы және адам шаруашылығындағы маңызы.

Ашық тұқымды өсімдіктер тамыры тереңге бойлайтындықтан, топырақты эрозиядан сақтайды.«Эрозия»- латын сөзі, яғни ірітіп- шіріту,  бүлдіру мағынасында қолданылады. Демек топырақтың ең құнарлы бөлігінің судан шайылуын, жел ұшыруын болдырмайды. Ашық тұқымдылар өскен жерде қар және нөсер суы да топырақты бүлдіре алмайды. Сөйтіп табиғаттағы су айналымын реттейді. Бұлар басқа жасыл өсімдіктермен бірге ағзалық заттар түзеді.

1 топ. Қарағайда -зиянды бактерияларды жоятын ерекше ұшқыш зат бөлінеді. Қарағайдан жоғары сапалы ағаш сүрегі, қарамай, шайыр алуға болады. Қарағай – дәрілік ағаш, одан терпентин майы, скипидар, сірке суы; жас қылқанынан С витамині (концентрат), эфир майы алынады. Сондай-ақ құм тоқтатуда, әсемдік ретінде (елді мекенді көгалдандыруда) маңызы зор. Бұл  қарағайдың табиғаттағы маңызы болса, қарағай сүрегінен химиялық жолмен өңдеп, жібек жіп тәрізді жасанды талшық алынады. Қарағайдың ағашы мықтылығымен және қаттылығымен ерекшеленеді. Оны кеме құрылысында, авиацияда, теміржолда және құрылыста кеңінен қолданады.

2 топ. Жатаған шырша

Шыршаны жол жиектеріне жел ұстағыш ретінде егеді. Тұқымы орман құстары мен кеміргіштеріне тамақ ретінде қызмет етеді. Діңінің қабығы тері илеуде қолданылады. Көптеген елдерде жаңа жыл ағашы ретінде танымал.

Шыршаның қылқанының құрамында С витамині, аскорбин қышқылы, эфир майы, жемісінде 25 – 29%-дай сұйық май болады. Сүрегі жеңіл және жұмсақ, оны құрылыста, целлюлоза-қағаз өнеркәсібінде, музыкалық аспаптар жасауға пайдаланады; шайыр, қара май, скипидар,  сүрек сірке қышқылы алынады.

Шыршадан жасалған музыкалық аспаптардың дауысы керемет болады. Италиян скрипка шеберлері Амати мен Страдиваридың скрипкалары шыршадан жасалған.

Жатаған шырша тау беткейіндегі топырақты шайылудан қорғайды. Жылдан жылға санының азаюына байланысты, қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Шырша сүрегі – қағаз жасауға қажетті негізгі шикізат. 3 топ. Балқарағай

Сібір Балқарағайы тез өсетін, жарық сүйгіш, суыққа, ыстыққа, күшті желге төзімді болғандықтан Солтүстік және Шығыс Қазақстан өңірлерінде екпе орман ағашы ретінде өсіріледі. Оның сүрегінен қағаз және спирт,  бояу, ал қылқанынан бағалы эфир майы алынады.

Ағашы шірімейтін мықты болғандықтан құрылыстахимиялық өндірістерде кеңінен қолданылады. Кәрі балқарағайдың діңінен шайырды көруге болады. Оны кір жуғанда сабын ретінде қолданған. Ежелгі рим мен араб медицинасында таптырмас дәрі ретінде пайдаланған. Шайыр-сағызы ауыз қуысын, тісті тазартып, қызыл иекті нығайтады. Ағаштың қабығы да бағалы шикізат. Одан тері илегіш, эфир майын және тоқыма бояуларын алған.

Әр топ оқып болды(3 мин. беріледі). Топта талданады (топ жетекшілері).

Презентациялау (әр топ өзінің презентациясын қорғайды).

Бекіту. Ашық тұқымды өсімдіктер топырақты неден сақтайды?

А) ірітіп-шірітуден           В) зиянкестерден                  С) құрғап кетуден

Қай қылқан жапырақты өсімдік зиянды бактерияларды жоятын ерекше ұшқыш зат бөледі?

А) жатаған шырша         В) қарағай                              С) балқарағай

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 24.02.2016
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров593
Номер материала ДВ-479889
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх