Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Ашық тәрбие сағат "Менің Отаным Қазақстан"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Ашық тәрбие сағат "Менің Отаным Қазақстан"

библиотека
материалов


Тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Мақсаты:

1) Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

2) Оқушыларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа тәрбиелеу.


Көрнекілік:

Мультимедиада дайындалған слайдтар: қазақ елінің рәміздері, Қазақстан картасы, сұрақтар.

Сабақтың түрі: бандама, сұрақжауап, жұппен, топпен жұмыс.


Сабақтың барысы:

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалады

2. Баяндама «Менің Отаным Қазақстан» Экранда слайдпен көрсетіледі.

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ

Ол бірақ, өз үйіңнен басталады..

Өз Отаныңын, өз еліңнің патриоты болғанға не жетсін! Сайын дала — атажұрт бабаларымыздың көздің қарашығындай сақтап, найзаның ұшы, білектің күшімен қорғағанының арқасында бізге жетіп отыр. Ендеше осындай алып Отанды сүйіп өту кімге де болсын парыз әрі қасиетті міндет. Отанды сүю оның әрбір тасын сүюден басталады. Яғни, туған анаңа, туған жұртыңа деген махаббат Отанға деген махаббатқа ұласпақ.

Қазақстан жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел — қазақ халқы. Көптеген ғасырлар бойы ел басқарған дана басшыларымыз, қолбасшы батырларымыз кеңбайтақ жерімізді сырттан төнген кәуіптен қорғап келді. Қазақ халқы — ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық.

1991 жылы 16 желтоқсанда қазақ халқы азаттық жолындағы екі жарым ғасыр бойғы үздіксіз күрестен кейін мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізді.

1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық елдің тұңғыш Президентін сайлау өткізілді, сайлау нәтижесінде мемлекет басшысы болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

1992 жыл 4 маусым — Парламент отырысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері — Туы, елтаңбасы және Гимні қабылданды.

1992 жыл наурыз — Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.

1993 жыл 28 қаңтар — Егемен Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды.

1994 жыл 6 шілде — Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің кезекті жалпы отырысында Президенттің астананы Ақмолаға көшіру туралы ұсынысы мақұлданды.

1995 жыл 29 сәуір — Республикалық реферундумда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттік мерзімі 2000 жылғы 1 желтоқсанға дейін ұзартылды.

1995 жыл 30 тамыз — Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды.

1997 жыл 10 қазан — Президенттің жарлығымен мемлекеттің астанасы болып Ақмола жарияланды.

1997 жыл 11 қазан — Президент Н. Ә. Назарбаев республика халқына «Қазақстан — 2030» Жолдауын қабылдады.

1999 жыл 10 қаңтар — Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Президенті болып қайтадан сайланды.

2005 жыл 4 желтоқсан — Қазақстан Республикасының президенті сайлауында Н. Ә. Назарбаев Президент болып сайланды.

2007 жыл 4 маусым — Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы қабылданды.

Елде бейбітшілік пен келісімге, тұрақтылық пен дамуға қол жеткізілді. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясы белгіленіп жүзеге асырылды.

Тәуелсіздік — ғасырлар бойы аңсаған арманын жүзеге асырып, Ұлы Евразияның төсінде егемен, тәуелсіздік мемлекетін Қазақстанда тұратын әрбір адам өзін осы елдің перзенті сезінбейінше, болашағына сенбейінше, біздің жұмысымыз ілгері баспайды.

Қазақстан Республикасы — Евразия құрлығының орталық бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі — 2724,4 мың шаршы км. Халқы — 16,1968 млн. Адам (2009 жылғы санақ бойынша). Ұлттық құрамы жағынан: қазақтар — 53,4%, орыстар — 30,0%, украиндар — 3,7%, немістер — 2,4%, ұйғырлар — 1,4%, корейлер (кәрістер) — 0,7%, өзге ұлттар — 5,9%.

Мемлекеттік тіл — қазақ тілі. Қазақстан Республикасы — демократиялық және біртұтас мемлекет болып табылады. Ел тұрғындары негізінен ислам және христиан дінін ұстанады. Басты қаламыз — Астана. Мемлекет басшысы — Президент. Заң шығарушы жоғарғы өкілді органы — Сенат (39 депутат) пен Мәжілістен (77депутат) тұратын Парламент. Атқарушы билік органы — Үкімет. Ақша бірлігі — теңге.

Парламент — заң шығару міндеттерін жүзеге асыратын ең жоғарғы өкілеттік орган болып табылады.

Үкімет дегеніміз — мемлекеттік атқару билігінің ең жоғарғы органы. Үкіметке министрліктер, агенттіктер, комитеттер, облыстық, аудандық және қалалық әкімшіліктер бағынады. Үкіметті ең басты министр — Премьер Министр басқарады. Оны бұл лауазымға Парламенттің мақұлдауымен ел Президенті тағайындайды.

Ұлттық ақша — теңге. Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы пайдалануға 1993 жылдың қарашасында енгізілді. Ақша белгілерін — теңге мен тиындардың түрлерін Қазақстанның ең таңдаулы суретшілерін қатыстыра отырып, Ұлттық банк жасаған болатын.

Мемлекеттік наградалар болып танылатын мынадай ордендер мен медальдар бар.

Жоғарғы деңгейдегі айырым белгілері «Алтын қыран» ордені, «Халық қаһарманы» атағы.

«Отан», «Даңқ», «Айбын», «Парасат», «Достық», «Құрмет» ордендері.

Ерлігі үшін, Жауынгерлік ерлігі үшін, Ерен еңбегі үшін, Шапағат медальдары бар.

Қазақстанда 14 облыс, 87 қала (оның екеуі республикалық дәрежеде), 159 аудан, 195 аудандық деңгейдегі елді мекен, 2150 ауылдық әкімшілік округ бар. Республика аумағы батыста Еділдің төменгі ағысынан шағыста Алтайға, 3000 кмге дейін, солтүстікте БатысСібір жазығынан оңтүстікте ТяньШань таулы жоталарына 1600 кмге созылып жатыр.

Қазақстан сияқты жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында тұрған, табиғи байлығы мол. Оның ішінде хромның әлемдік қорының жартысынан астамы Қазақстан аумағында болса, одан өзге де қорғасын, мырыш, мыс, алтын мен күмістің бай қоры бар. Вольфрам қоры бойынша екінші, марганец қоры бойынша үшінші, қорғасын мен молибден қоры бойынша төртінші, темір кентасының қоры бойынша сегізінші орын алады.

Қазақстанның батысы мен солтүстік Ресей Федерациясымен, оңтүстігі Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстанмен, шығысы Қытаймен шектеседі. Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде Ресей, Қытай, АҚШ, Аргентина, Бразилия, Канада, Үндістан және Австралия кейінгі 9орын алады. Климаты — барынша континентальді.

Қазіргі уақытта 2700 кәсіпорын өнеркәсіп өнімдерін өндірумен айналысады. Бұл кәсіпорындарда өндіріс 812 мың адам жұмыс істейді.

Жетекші өнеркәсіп салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Жоғары сапалы мыс пен мырыш, қорғасын мен кадмий әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие.

Қазақстан — дәнді дақылдар (негізінен астық), азық түлік пен техникалық дақылдардың (күнбағыс, мақта) ірі өндірушісі. Ауыл шаруашылығындағы негізгі салалардың бірі — жеңіл өнеркәсіпті шикізатпен, халықты тамақ өнімдерімен қамтамасыз ететін мал шаруашылығы.

Қазақстан мұнай қоры бойынша әлемнің көптеген мұнай өндіруші елдерінен алда тұрды. Республикада қазіргі уақытта барланған және табылған 2,8 млрд. тонна мұнай мен конденсат қорынан және 1,9 триллион текше метр газ қорынан тұратын 172 мұнай, 42 конденсат және 94 газ кен орны бар. 1993 жылы сәуір айында Қазақстан мен «Шеврон» компаниясы мұнай мен барлау ісі бойынша — «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнын құру туралы келісім жасады. Қазақстанның газ өндірісінің болашағы үлкен. Әлемдегі ірі кен орындарының қатарына жататын негізгі газ кен орындары Қарашығанақта орналасқан. Қазақстанмен арада жасалған келісімдерге сәйкес «Бритиш газ» бен «Аджип» компанияларының осы кен орны аумағында жүргізілетін жұмыстары басталғаннан кейін республикада газ өндіру айтарлықтай өсетін болады. Өзіндік даму жолын таба білген елдің ең жаңа тарихы, әсіресе, оның бастапқы кезеңі, атап айтқанда жаңа мемлекет ретінде дүниеге келіп, қалыптасу және даму тарихы кімді де болса қызықтырары сөзсіз. Ең алдымен ол, ұлт тағдыры үшін шешуші рөл атқарған аса маңызды тарихи құбылыс ретінде, осы елдің қазіргі және келешекте дүниеге келер жас ұрпағы үшін қымбат. Уақыт озған сайын қайта құрылған мемлекетіміздің алғашқы қалыптасу кезеңіне, яғни іргетасының қайта қалану кезеңіне деген қызығушылықтың арта түсері, ол кезеңнің қарамақайшылықтарға толы күрделі де маңызды кезең ретінде жанжақты зерттелері, оның тарихына арналған іргелі еңбектердің дүниеге келері анық.

Қазақстандағы білім беру жүйесі бірбірімен өзара байланысты бірнеше деңгейден тұрады, олар: мектепке дейінгі тәрбие орындары, жалпы білім беру мектептері, кәсіптік — техникалық мектеп, арнаулы орта және жоғарғы оқу орындары жұмыс істейді. Олардың арасында Қазақ ұлттық университеті, Қарағанды мемлекеттік университеті, Евразия ұлттық университеті т. б. тәрізді жоғары сапалы мамандар даярлап келе жатқан оқу орындары бар.

Қазақстан ғылымы әлемдік ғылым қазынасына зор үлес қосты, іргелі ғылымдарды түбегейлі зертеуге бағытталған ірі институттар жұмыс істейді.

Республиканың ғалымархеологтары әлемдік маңызға ие сақ дәуірінің ғажайып ескерткіштерін — Есік және Берел қорғандарын іздестіріп тапты. Есік қорғанынан біздің заманымызға дейін 5 ғасырға жататын «Алтын адам» мүрдесі табылды.

Денсаулық сақтау саласы мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларға бөлінеді. «Қазақстан — 2030» Стратегиясына сәйкес салауатты өмір салты мемлекет дамуындағы аса маңызды бағаттардың бірі болып жарияланды.

Республиканың мәдени өмірі сан салалы. Елде 52 театр (оның екеуі опера және балет театры, 15і қазақ, 14і орыс, ұйғыр, корей және неміс драма театры, жетеуі қуыршақ театры), 15 филормония, 64 музей, 10 мыңнан астам кітапхана (оның 3066сы мемлекеттік), 2227 мәденисауық мекемелері, 271 кинотеатр, 24 концерттік мекемелер бар.

Қазақстанды әлемге танытатын белгілердің бірі ел спортшыларының әлемдік аренадағы жетістіктері болып табылады. Болашақ спортшыларға олимпиада чемпиондары Е. Ибраимов, В. Смирнов, Б. Саттарханов, О. Шишигина, т. б. спортшылардың жарқын жеңістері үлгі бола алады.

Әлемнің 120дан астам мемлекеттері ресми түрде таныған Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына (1992ж.), басқа да халықаралық ұйымдарға мүше.

Қазақстан — ядролық қарудан бас тартқан ең алғашқы мемлекет.

Ел тәуелсіздік мемлекет ретінде дамыған жылдары құқықтық және азаматтық қоғам құру жолында елеулі табыстарға жетті.

Табиғаты: Қазақстанның жер бедері барынша әр алуан. Оның кеңбайтақ аумағында таулар да, ормантоғайлар да, кең жазықтар да бар. Жер бедері Қазақстанның батыс және солтүстік аудандарынан шығыс және оңтүстікшығысына қарай биіктей түседі. Маңғыстау түбегіндегі теңіз дейгейінен 132 м мөмен жатқан Қарақия ойысы мен Қазақстанның ең биік жері — республиканың оңтүстікшығысында орналасқан Хантәңірі шыңының (абс. биіктігі 6995 м) арасындағы биіктік айырмашылығы 7127 м. Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің ең терең жері 600 мге жетеді.

Республика аумағының солтүстікбатысын Каспий жағалауы ойпаты (абс. биіктігі 28 мден +50 мге дейін) алып жатыр. Әлемдік мұхит деңгейінен төмен жатқан Каспий ойпатының ені теңіздің солтүстік жағалауында 250 кмге, ал солтүстікшығысында 120 кмге жетеді. Жайық Маңғыстау тауларымен (300м) шектеледі.

Оңтүстік Орал және Мұғаджар таулары мен Сарыарқа шоқылары арасында ені 250 500 кмге жететін Торғай қолаты меридиандық бағатта созылып жатыр.

Солтүстік тізбекте Сарымсақты (3373), Нарым (3483 м) және Күршім (2645 м) жоталары енеді. Оларды Күршім өзенінің аңғары бөліп жатыр. Ертіс өзенінің аңғары арқылы бөлінген Сауыр (2053) және Тарбағатай (2992 м) тауларынан Зайсан көлі орналасқан қазаншұңқыр (400 м) бөліп тұр.

Алтайдан солтүстікбатысқа қарай, Орталық Қазақстанда Шыңғыстау созылып жатыр. Тарбағатай жоталары мен одан оңтүстікке қарай орналасқан Жетісу (Жоңғар) Алатауының аралығындағы кең алқапта Алакөл ойпаты (340 м) бар, ол оңтүстікшығысында Жетісу (Жоңғар) қақпасы (600 м) деп аталатын сүйірленіп келген тауаралық аңғар түзеді.

Жетісу таулы аймағына оның басты тізбегін (ең биік тұсы — Бесбақан шыңы, 4464 м) жанай орналасқан Тоқсанбай (3600м), Тышқантау (4359 м), Алтынеміл (293 м) жоталары енеді.

Қазақстан, Қырғызстан және Қытай мемлекеттері шекараларының түйісінде жатқан Хантәңірі шыңы (6995 м) Орталық ТяньШаньнің Қазақстандағы бөлігі болып табылады. ТяньШяньның тармақтары — Үлкен және Кіші Қаратау жоталары Тұран жазығына ішкерілей еніп, толығымен Қазақстан аумағында жатыр.

Әрбір адам бала кезінен «Қазақстан — менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын» деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей болғаны жөн.

Алматы — біздің тәуелсіздігіміздің алтын бесігі, мемлекетіміздің алтын діңгегі.

Астана келбеті — ұлт келбеті.

Астана — Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі.

Қазақстан Республикасының ұлттық рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Гимні бар.

Ыстық қой. Шіркін, туған жер! Туған жерге жеткенше, қайтіп дәтің шыдайды? Кім сағынбас өз қағын? Кім сүймесін өз жерін? Сүймесе сүймес зердесіз, шерсіз жүрек, тілеуі бөлек жетесіз…


3. Сұрақ –жауап

1. Тәуелсіздік Монументінің авторы кім?ШотАманУәлиханов бастаған шығармашылық топ.

2. Қазақстанның шығысындағы үлкен өзенЕртіс.

3. Абылай хан қай жылдары билік құрды?17711781 жылы.

4. Қазақстан қай жылы БҰҰға мүше болды?1992 жылы.

5. 1941 жыл Түркістан легионында болған кезде Берлинде қайтыс болған тарихи тұлғаны ата?Мұстафа Шоқай.

6. Астана қаласындағы «Бәтеректің» биіктігі қанша метр?97 метр.

7. Қазақстанның оңтүстігіндегі шеткі үстіртті ата?Шардара.

8. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстанды қай жылдан бастап басқарып келеді? 1989 жылдан бері.

9.Тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров қай жылы, қай айда ұшты?1992 жыл 2 қазан.

10.«Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру» туралы елбасының Қазақстаның халқына жолдауы қай жылы жарияланды?2006 жыл.

11. Қазақстан Республикасының 19201924 жылдардағы астанасын ата?Орынбор.

12. Қазақстаның ең биік шыңын ата?Хан Тәңірі.

13. Кенесары Қасымұлының тәуелсіздік үшін соғысы қай жылдары болды?18371847 жылдары.

14. «Алаш Орда» партиясының негізін қалаушыӘлихан Бөкейханов.

15. Қазақстаннан шыққан тұңғыш инженерді ата? М.Тынышбаев.

4. Мақал – мәтелдермен жұмыс

1тапсырма. Отан туралы мақалдар айту.

1) Халықтың ортақ үйіОтаны.

2) Атаңның ғана ұлы болма,Отанның да ұлы бол.

3) Үйіңде атаңның намысын қорға,.

Шет жерде Отанның намысын қорға.

4) Отанер ұлын ұмытпайды.

5) Отаны бардыңоты өшпес.

6)Отан үшін отқа түскүймейсің.

7)Отаноттан да ыстық.

2тапсырма:Батыр мен туған жер туралы мақалдарды аяқтау.

1) Батыр туса ел ырысы... (Жаңбыр жауса жер ырысы)

2) Ер – елдің ық жағының қаласы... (жел жағының панасы)

4) Шын ер жеңсе – тасымас... (жеңілсе жасымас).

5) Ежелден ел тілегі ер тілегі...(адал ұл ер боп туса – ел тілегі)

6) Басқа елде сұлтан болғанша...(өз еліңде ұлтан бол)

7) Ерден аспақ бар... (елден аспақ жоқ)



Қорытынды: Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін ортаға салды


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 30.03.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров168
Номер материала ДВ-569597
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх