171045
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 6.900 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.500 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ 50%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокКлассному руководителюДругие методич. материалыАшық тәрбие сағат « Жан қазынасы - адамгершілік негізі »

Ашық тәрбие сағат « Жан қазынасы - адамгершілік негізі »

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Күні: 24.11.2015 ж.

Сынып: 9ә- сыныбы

Шараның тақырыбы: « Жан қазынасы - адамгершілік негізі »

Мақсаты: 1. Білімдік-танымдық: Оқушылардың білімдік дағдысын

қалыптастыра отырып, діни бағыттағы сауаттылығын жетілдіру

арқылы сөйлеу тілін дамыту, адамгершілік қасиеттерін шыңдау.

Әр ортада өздерінің жан-жақтылығын жетілдіру, таныту,

толераттылыққа баулу.

2. Тәрбиелігі: Жасөспірімдердің ой-санасын оята отырып, өзін-өзі

тануға және бағалауға, адамгершілікке, бауырмалдыққа

тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін

дамыту, рухани дүниесін жетілдіру.

Міндеті: 1. Бәсекеге қабілетті дені сау, жан-жақты, білімді, сауаттылығы

жетілген тұлға даярлау.

2. Оқушылардың өз ойларын ортаға салып, ашып айта біліуге

дағдыландыру.

Түрі: Пікіралысу

Әдісі: Парламенттік шоу бағдарламасы желісінде (миға шабул жасау,сыни

тұрғыда ойлауға үйрету әдісі)

Көрнекілік: Мультимедиялық тақта, бейнетаспа, нақыл сөздер, мақал-

мәтелдер т.б.с

Тәрбиелік бағыты: Ақыл-ой. Рух. Адамгершілік.


Жүрісі: І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушыларға «Балам, анау не? » атты жағдаят сұрақтарына ой жүгірту.

«Ата-ананың ақысы дегенді қалай түсінесіңдер?» деген сұрақ беріледі. Сұраққа оқушылар топтасып жауап береді. Бүгінгі шарамыздың негізін аша отырып шара жалғасады.

ІІ. Шараның бағдарламасымен таныстыру.

  1. Шындық пен сұмдық атты бейнетаспаға назар аударылады.

  2. Адамның жан қазынасын қалай түсінеміз? (көрермендерге сұрақ беріліп, пікірлесуге мүмкіндік жасалады).

  3. Ата-ананың қадірін, адам қасиетін, жан қазынасын түсіну.(халық, заңгер, ғалым пікірлері).

  4. Рухани бастауымыз Ислам дінінде емес пе?

5. Алтынбек Қоразбаевтың «Әке мұңы» термесін тыңдау.

6. Шағын логикалық сұрақтарға жауап.

ІІІ. Қорытынды бөлімі .

  1. Тренинг ойыны «Білгенге маржан» (әр оқушының бір сөзбен өз ойын қорытуы ).

  2. «Мен» топтастыру рефлекциясы , «Не білдік?»

Шараның барысы.

Сынып жетекшісі Нұрбек Бекбауовтың сөзі: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар және бүгінгі шарамыздың арнайы қонақтары!

(Шараның мақсаты мен міндеттері, жүрісі, мазмұны және өту барысы таныстырылады.)

Сынып жетекшісі сөзінен кейін «Балам, анау не?» атты жағдаятты шешуге уақыт беріледі.

Жағдаят: «Балам, анау не?»

...Ертеде бір үлкейген қарт қатты сырқаттанып жатса, жалғыз ұлы келіп:

  • Әке, мен сені айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып емдетемін,-депті. Сөйтіп әкесін арқасына салып, жолға шығыпты. Олар ұзақ жүріпті, қас қарайған кезде алдан қарауытқан сұлбаны көрсетіп әкесі:

  • «Балам, анау не? » деп сұрапты.

  • «Ол-түйе»-деп жауап беріпті. Сәлден кейін әкесі әлгі қарайған нәрсенің не екенін тағы сұрапты. Бала әуелгі жауабын қайталапты. Әкесі осы сауалын үшінші рет қайталап сұрағанда баласы:

  • «Ол-түйе,түйе !»Өзім шаршап келе жатқанда, неге сұрай бересің?-деп ренжіпті. Сонда әкесі:

  • «Балам, кішкене кезіңде мен ауыр тірліктен шаршап келіп отырсамда, сенің «Анау не, мынау не?» деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын, жігері жасымасын деп үнемі жауап беретінмін. Бұл аурудан емделейін деген ойым жоқ еді, тек бетіңді қайтармайын деп көнгенмін, енді сенен сөз естігенше, үйіме барып, ажалға мойын ұсынғаным артық, мені жерге түсір» депті.

(Оқушылардан осы жағдаятқа орай ата-ананың ақысы дегенді қалай түсінетідіктері сұралады.)

-«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»- демей ме халқымыз.Сіздердің қысқаша ойларыңызды білдік, олай болса ендеше бағдарламамызды жалғастыра отырып орнымызға жайғасайық.

Мұғалім сөзі:

Өздеріңізге белгілі қазіргі жаһандану үрдісінде елімізде бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу басты назарда болып отыр. Ал адамның жан қазынасын, адамгершілік болмысын қалыптастыру да, кей адамдардың түрлі жағдайлармен бір-бірін түсінбеуі де сіз бен бізді толғадырады.Өйткені біз сол қоғамның ішіндеміз, яғни оның мүшесіміз. Иә, бұның бәрі шындық десек артық болмас. Басекеге қабілетті ұрпақты жан-жақты қылып тәрбиелеу үшін алдымен жан қазынасының негіздерінің бірі, сенімділік пен шындықтың бастауына үңілу керек шығар. Мен бұл шараны, яғни «Жан қазынасы – адамгершілік негізі » атты тақырыпта өткізе отырып негізінен бала мен ата-ананың арасындағы қарым-қатынасқа арнаймын. Өйкені қазіргі таңда бұл мәселе де күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі болып отыр.


Шарамызды әрі қарай жалғастыра отырып арнайы дайындалған ата – ана мен бала қарым – қатынас туралы «Шындық пен сұмдық» атты бейнетаспаға зер салайық. Кейіннен өз пікірлерімізді әрі жалғастырармыз. (Бейнетаспа көрсетіледі)

  • Осы жерде пікіралыс сұрақтар арқылы жалғасады.

«Көргені жақсы көш бастар», -демей ме , «халық айтса- қалып айтпас »

-деген тағы бар, олай болса адамнаң жан қазынасын қалай түсінеміз? Бұл жөнінде енді пікір білдіруді көрермедерге де берсек, бағдарламамыздың арнайы қонағы ауылымыздың тұрғыны Б.Амантұрлы ағамыздың пікірін білсек.

-Кейін оқушылар да пікір білдіреді.

«Жүректің түріп құлағын ,

Ойланып тағы қарашы,

Кімсің сен? Қайда тұрағың?

-Енді қайда барасың?» - деп Омар Һаям жырлап өткендей ата-ананың қадірін, адам қасиетін, жан қазынасын түсінуде ойларын айтқан халық пікірі мен заңгер, ғалым ағаларымыздың ой-пікірлеріне назар аударалық. (Арнайы дайындалған бейнетаспа көрсетіледі).

  • Осы жерде пікіралыс сұрақтар арқылы тағы да жалғасады.

«Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол »- деп Абай атамыз жырлағандай жан қазынасын ұғудың жолдарының бірі және рухани бастауымыз Ислам дінінде емес пе?

Яғни, адами, рухани тәрбиенің бастауы жан қазынасынан басталады демей ме? Олай болса кезекті тағы да бейнетүсірілімге берейік.

  • Осы жерде оқушылар мен көрермендер арасында ортақ пікіралыс жүреді.

«Өткенім бүгінгінің баспалдағы,

Бүгінгім ертеңіме бастар тағы»-дегендей кезекті Алтынбек Қоразбаевтың «Әке мұңы » термесі тыңдалады.

Осыдан кейін оқушыларға логикалық сұрақтар беріледі:

  1. Бүгінгі таңда әлемде күрделі мәселе болып отырған діни экстремизм Қазақстан үшін қаншалықты қауіпті?

  2. Адамның жан қазынасына сырттан келген әр-түрлі діндердің әсері қандай ? Жан қазынамызды қалай қорғаймыз?

  3. Діни сауаттылықты қалай жетілдіреміз және толеранттылықты қалай сақтаймыз?

  4. Қазіргі таңда жастардың жан қазынасынан, адамгершілігінен шатастырып жүрген түрлі ағымдар туралы не айтуға болады?


Тағы да басқа түрлі пікірлерге байлансты сұрақтар қойылып талқыланады.


ҚОРЫТЫНДЫ:

Бүгінгі біздің пікіралысымызда еліміздің кез-келген адамының ойына ой салардай мәселелер қозғалды. Біз ешкімге кінә артпаймыз, мін тақпаймыз, тек бәсекеге қабілетті ұрпақты қалыптастыра отырып, олардың ой-пікірлерін ашық айтқызу арқылы өзін-өзі тануын, өз жан қазынасына үңілуін таразыладық .

«Білгенге маржан»

Оқушыларға ойларын қорытып, шағын тұжырым жасау үшін арнайы сөздер беріледі. Оқушылар сол сөзге орай өз ойларын қысқаша білдіреді:

Берілетін сөздер:

  • Ақиқат

  • Мәдениет

  • Руханият

  • Ақыл

  • Парасат

  • Жүрек тәрбиесі

  • Имани сезім

  • Жан дүние

  • Қасиет

  • Халық көзқарасы

Оқушылар осы шарада нені бойына сіңірді?

« Мен » атты топтастыру бөлімімен аяқталады.

Соңы.



Общая информация

Номер материала: ДВ-440359

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическая компетентность педагога»
Курс повышения квалификации «Организация работы с одаренными детьми в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Роль педагога в реализации концепции патриотического воспитания школьников в образовательном процессе в свете ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация образовательного процесса для обучающихся с ограниченными возможностями здоровья»
Курс повышения квалификации «Использование игр в развитии и обучении»
Курс «Сопровождение детского отдыха. Школа вожатых»
Курс профессиональной переподготовки «Организационно-педагогическая деятельность в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Скрайбинг и веб-квест как инновационные образовательные технологии в условиях реализации ФГОС СПО»
Курс повышения квалификации «Теория и практика инклюзивного обучения в образовательной организации в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Основы педагогического дизайна»
Курс повышения квалификации «Основы музейной педагогики в работе учителя как одно из условий реализации Федерального государственного образовательного стандарта (ФГОС)»
Курс повышения квалификации «Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Применение современных педагогических технологий в образовательном процессе в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Экзаменационный стресс как частая проблема педагогов и учащихся и пути ее решения»
Курс повышения квалификации «Инструменты и методы воспитания российской гражданской идентичности согласно ФГОС»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.