476891
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 1.410 руб.;
- курсы повышения квалификации от 430 руб.
Московские документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 90%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО до конца апреля!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности №038767 выдана ООО "Столичный учебный центр", г.Москва)

ИнфоурокНачальные классыДругие методич. материалыАшық тәрбие сағаты "Ана-өмірдің гүлі"

Ашық тәрбие сағаты "Ана-өмірдің гүлі"

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Тақырыбы: «Ана – өмірдің гүлі»

Мақсаты: 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.Оқушы бойында ізгілік, инабатгылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: зал мерекеге сай әсем безендірілген. Шарлар,гүлдер.

БАРЫСЫ:


1-жүргізуші: - Армысыздар, бақытты балалық шағымыздың шат көңілді өтуіне барлық жағдайды жасап отырған аяулы да ардақты аналар! Сіздерді 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

2-үргізуші: Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған.Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер бүгінгі «Ана- өмірдің гүлі» атты мерекелік кешіміз сіздердің құрметтеріңізге арналады.

1-жүргізуші: Біз ғана емес,

Қадір тұтқан бабалар.

Аналардан туған небір дана бар,

Ана деген – тіршіліктің тірегі.

Алғашқы гүл көктемгі мерекеңмен

Құттықтайды сіздерді шәкірттерім менің!

Атабек: Құрметтейік,о адамдар,аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды.

Себебі ана деген асыл жан ғой,

Ойлауменен істелік әр қадамды.

Асхат: Ақ сүтінен жаралған,

Ақ сүтінен нәр алған,

Анаға бас иеміз!

Туған елдің тілі деп,

Туған жердің үні деп,

Анаға бас иеміз!

Жеңіс: Адам бар ма ана сүтін татпаған,

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған,

Адалдықты ар-намысты сақтаған

Мен ананың сонысына мақтанам.

Ислам: Анам менің аялап, әлдилеген

Түн ұйқысын төрт бөліп мәпелеген

Дәмің кетпес ақ сүтің аузымдағы

Қалайша ұмытамын бал татыған

Асылжан: Анашым алдыңызда қарыздармын

Өтеуден оны ешқашан қарыздармын

Ананың баласына махаббаты

Мәңгілік алаулаған шам-шырағы.

2-жүргізуші: Құрметті қауым, бүгінгі кешімізді біз сәл ерекшелеу өтсек па деген оймен аналар мен қыздарының арасында сайыс ұйымдастырдық. Енді сіздерді аналар мен қыздарының арасында өтетін сайысымызды тамашалауға шықырамыз.

1-жүргізуші: Олай болса,алдымен сайысқа қатысатын аналарымыз бен қыздарын қол шапалақтап қошеметпен ортаға шақырайық.

1.

2.

3.

4.

2-жүргізуші: Ендігі кезекте сайысымыздың шартымен таныстырып өтейік.


Сайыс шарттары:

1.Таныстыру. (анасы мен қызы)

2. Мақалды жалғастыр(анаға), ана туралы өлең жатқа оқу (қызы)

3. «Әртүрлі жағдаяттардан шешім таба білейік» (анасы мен қызы)

4. «Шешеге қарап-қыз өсер» өнер.(анасы мен қызы билейді)

5. «Шашатараз» (анаға), ою қию (қызына)

6. «Отбасы деректері» (анасы мен қызы)

7. «Ептілік сайысы» (қыздар жіпке моншақ тізеді)


1-жүргізуші: Ак көңілмен, ниетпен,

Әділ баға берсін деп,

Шаршамай, еш жалыкпай,

Айтқаныңызға көндік деп,

Әділқазы алқасын,

Сайлап алсақ жөн болар.

Әділқазылар:

1.

2.

3.

4.


Асылхан: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген — алтын қазық, алтын бақ.

Әділет: Ана деген — асыл жандар болаттай,

Ана деген — мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар, қадірлей біл Ананы,

Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай

Амантай: Сан мың шәкірт өзіңнен тәлім алды.

Аяулы Ұстаз-ана,ісіңнің бәрі ұнамды.

Әр күн сайын атыңды қайталаймын.

Еске алғандай таң сайын ән ұранды.

2-жүргізуші: -Енді сайысымызды бастайық.

Өнер қуып аналар өтер деймін

Бір басына өнерлері жетер деймін.

Бәсекеге түскен аналар кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтер деймін, — деп кезекті таныстыруға берейік.

1.Таныстыру.

1.

2.

3.

4.

1-жүргізуші: Тамызып мақал тілінің

Білімді болсаң жарарсың.

Ұшқыр ой, талап, біліммен

Әлемді жаулап аларсың, — дей келе келесі кезек мақал-мәтел жарысында.

ІІ. Мақалды жалғастыр(анаға), ана туралы өлең жатқа оқу (қызы)

1. Ауылдан асқан байлық, неден? қымбат қазына жоқ. /кітап/

2. Талапсыз жас, Қанатсыз не? /құс/

3. Білім-теңіз, не? кеме. /мектеп/


1. Кім? қылығымен көркем. /қыз/

2. Кімнің? көңілі балада. /ананың/

3. Ине көзінен сынады, кім? сөзінен сынады. /шешен/


1.Жақсы сөз . /жарым ырыс/

2.Сөз тапқанға не? жоқ. /қолқа/

3.Ала сөйлеп, ұлыққа жаққанша, Адал сөйлеп, кімге? жақ./жұртқа/


1. Балаға өз тіліңмен сөйлеме, кімнің? тілімен сөйле. /өз/

2. Жолдасы жоқ жігіттің несі? жоқ. /Олжасы/

3. Тұр-тұрдан хабар келсе, неден? маза кетеді /ұйкыдан/


1. Кімі? бар үйдің жеңгесі сүйкімді. / Кызы /

2. Екі аяқтыда бажа тату, / төрт аяқтыда бота тату./

3. Бас жарылса, бөрік ішінде, /Кол сынса, жең ішінде./


1. Өле жегенше, /бөле же./

2. Туа жаман жок, /Жүре жаман бар./

3. Ағаш тамырымен мықты, /Адам досымен мықты/


2-жүргізуші: -Біз мәңгілік сіздерге,аналар борыштармыз дегім келеді.Сіздерге балалық жүректен мың да бір алғыс. Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!

Жан анам,құтықтаймын мереке күніңмен.

Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.

Өрлесін елдің берген бақыт бағы.

1-жүргізуші: Келесі сайыс түрі «Әр түрлі жағдаяттардан шешім таба білу» (аналар мен қыздарға екі бөлек гүлдердің артында жасырылған сұрақтар бар, солардың ішінен таңдап жауап береді.)

Аналарға арналған:

1. Сіздің үй шаруасымен қолыңыз тимей жатыр еді. Қызыңыз келіп әртүрлі сұрақтармен мазаңызды ала берді. Сіз не істейсіз? Сұрақтарына жауап бересіз бе, алде қолыңыздың тимей жатқанын айтып бетін қайтарасыз ба?

2. Қызыңыз сынып жиналысы болатынын екі күн бұрын ескертті. Бірақ күйбең тіршіліктермен есіңізден шығып кетеді. Қызыңызға бармағаныңызды қалай түсіндіресіз?

3. Сабақтан кейін қызыңыз ескертпестен жолдас қызының үйіне ойнауға барады. Сіздің іздемеген жеріңіз қалмай қатты уайымдап отырғанда қызыңыз келеді. Сіз не істейсіз?

4.Сіздің қызыңыздың соңғы кездері сабақтары нашарлап,мұғалімнен көп ескерту алып жүр.Бірақ қызыңыз сізге еш білдірмейді.Бұл ескертуді мұғалімнің өзінен естігенде қызыңызға қандай шара қолданар едіңіз?

Қыздарға арналған

1. Кұрбыңды ойнап жүріп орынсыз ренжітіп алдың. Сен өзіңнің кінәлі екеніңді біліп тұрсың. Не істейсің?

2.Сен күні бойы ойнап үйге берілген тапсырманы орындамай келдің. Мұғалім сеннен неге орындамағаныңды сұрады. Сен не деп жауап бересің?

3.Ата-аналар жиналысыболатынын анаңа айтуды ұмытып кеттің. Ертесіне мұғалімің ата-анаңның неге келмегендігін сұрады. Сен не деп жауап бересің?

4.Сен үй тапсырмасын орындау кезінде бір қиын тапсырманы орындай алмай отсың,анаңа айтсаң өзің орында дейді.Сен не істейсің,қалай орындайсың?

2-жүргізуші: Ендігі кезекті келесі сайысымызға берейік.

ІV. «Шешеге қарап-қыз өсер» өнер.(анасы мен қызы билейді)

Сіздердің алдарыңыздағы гүлдер ішінде би аттары жазылған.Сіздер гүлдердің ішінен 1 гүлді таңдап алып,орындап бересіздер.Биді жақсы қимылмен орындап берулеріңіз керек. Ең қызықты,жақсы билеген топқа 20 балл.

«Калинка»-орыс халқының әні.

«Қамажай»

«Үнді биі»

«Лезгинка»

1-жүргізуші: Олай болса,келесі біздің сайысымыз V. «Шашатараз» (анаға), «Қолөнер» (қызына)

Аналар өз қыздарына шаш үлгісін жасайды,ал қыздары берілген ою үлгілері бойынша ою қиюы керек.

2-жүргізуші: VI. «Отбасы деректері» (анасы мен қызы)

Әр ана және қызы берілген сұрақтарға жауап берулері керек.Анасы сұрақтарға жауап беріп,жүргізушіге береді.Қызының жауабы анасының жауабымен сай келуі керек.

Сұрақтар:

Қыздарға арналған:

1.Анаңның анасының аты-жөні.

2. Анаңның қанша бауырлары бар?

3. Анаң бос уақытында немен шұғылданады?

4. Анаңның әкесінің аты – жөні?

5. Анаң қандай гүлді ұнатады (гүлдің аты)?

6. Анаңның жақсы көретін түсі қандай?

7. Анаңның атқаратын кәсібі не?

8. Анаң жылдың қай мезгілін ұнатады?

9.Анаң қандай кино жақсы көреді?

10.Анаңның ең жақсы  көретін салаты?

11.Анаң қандай кітап оқығанды ұнатады?

12.Анаң тоқыма тоқығанды ұнта ма әлде үй жинағанды ұната ма?

Аналарға:

1.Анаңыздың аты-жөні.

2.Бауырларыңыз нешеу?

3.Бос уақытыңызда немен шұғылданасыз?

4.Әкеңіздің аты-жөні.

5.Қандай гүлді ұнатасыз?

6.Жақсы көретін түсіңіз?

7.Кәсібіңіз?

8.Ұнататын жыл мезгіліңіз.

9.Ұнататын киноңыз.

10.Ұнататын салатыңыз.

11.Оқитын кітабыңыз.

12.Тоқыма тоқығанды ұнатасыз ба әлде үй жинағанды ұнатасыз ба?

1-жүргізуші:

VII.«Ептілік сайысы»

Бұл сайыста қыздар жіпке моншақ тізеді. 30 сек.уақыт беріледі.Кім көп моншақ тізсе,сол жоғары ұпайға ие болады.


Данияр: Ана деген адамға Атамекен.

Әр адам анаменен адам екен.

Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым.

Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен.

Ерсайын: Ана деген-асқан ән,

Орындайтын әрқашан.

Анадай қымбат сыйлықты

Таба алмайсың ешқашан!

Анатолий: Ана деген-үш-ақ әріп тіршілік,

Тіршіліктен үлбірейді гүл шығып.

Ана деген үш әріпті шырқап жүрем ән қылып,

Адамзаттың жүрегінде сақталатын мәңгілік.

Ән: Орындайтын Мухамметова Нуршат «Ақ мамам»

1-жүргізуші: Әділ қазы алқасы,

Әділден берсін багасын.

Жеңіске жеткен қыздардың

Өркендей берсін талабы,- деп отырып әділ қазылар алқасына сөз берейік.

Марапаттау мектебіміздің оқу ісі жөніндегі орынбасары __________беріледі.


2-жүргізуші: Ана-адамзат ететін жер шарының әр түкпірінде, әр үйінде мейір мен мерейдің, достық пен туыстықтың туын тіккен адам.

Жүргізуші: Аналар мерекесінде барлық аналарға құрмет көрсетіп, тағзым ете отырып, кешімізді аяқтаймыз.

1-жүргізуші: Таң шуақ тәуелсіздік елімізде,

Бақ- дәулет шалқи берсін жерімізде.

Аман-сау болайықшы көріскенше

Көк байрақ, желбірей түс көгімізде!


Общая информация

Номер материала: ДВ-393728

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Методика преподавания информатики в начальных классах»
Курс повышения квалификации «Возрастные особенности детей младшего школьного возраста»
Курс повышения квалификации «Роль педагога в реализации концепции патриотического воспитания школьников в образовательном процессе в свете ФГОС»
Курс повышения квалификации «Актуальные проблемы обучения детей с нарушением слуха в образовательных организациях общего и среднего профессионального образования»
Курс повышения квалификации «Сетевые и дистанционные (электронные) формы обучения в условиях реализации ФГОС по ТОП-50»
Курс повышения квалификации «Профессиональная компетентность педагогов в условиях внедрения ФГОС»
Курс повышения квалификации «Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Теория и практика инклюзивного обучения в образовательной организации в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы»
Курс повышения квалификации «Формирование мотивации учебной деятельности младших школьников с ограниченными возможностями здоровья»
Курс повышения квалификации «Мотивация учебной деятельности в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Сурдопедагогика: организация обучения, воспитания, коррекция нарушений развития и социальной адаптации глухих, слабослышащих, позднооглохших обучающихся в условиях реализации программы Ф
Курс повышения квалификации «Новые методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС»
Курс повышения квалификации «Формирование и развитие ключевых компетенций школьников в интересах устойчивого развития региона»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.