Выдаём удостоверения и дипломы установленного образца

Получите 5% кэшбэк!

Запишитесь на один из 793 курсов и получите 5% кэшбэк стоимости курса на карту

Выбрать курс
Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыАшық тәрбие сағаты "Анамның аялы алақаны"

Ашық тәрбие сағаты "Анамның аялы алақаны"

Скачать материал
библиотека
материалов

Тақырыбы: «Анамның аялы алақаны»

Сабақтың мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Білімділік: Ананың құдіретін де мейірімді жан екенін оқушыларға түсіндіру. Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым-қатынасын нығайту.

Дамытушылық: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеп сыйлай білуге үйрету. Оқушының бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.

Тәрбиелілік: Адамгіршілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тірбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, шарлар, гүлдер.

Сабақтың барасы:

Мұғалім сөзі: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік ертеңгілігіміз де аналарға арналады

Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар,қасиетті аналар!

Нұртас: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп, инемен қүдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би-биленіп, ән де бүгін шырқалар!

Арай: Маған қымбат жан жоқ сірә анадан,
Бар жақсылық аналардан тараған
Жер бетіне өмір нәрін себуші
Ана алдында борышты ғой бар адам.


Бегжан: Өмірімнің қап қараңғы түнінде,

Еш не білмес түсім бе я өңім бе

Оң менен сол, от пенен су айырмас,

Күшсіз, әлсіз есім білмес күнімде,-

Құшағыңа алдың сүйдің сен, анам,

Ренжу жоқ, барлық сөзің: Жан балам!

Ыстық-суық, желге-күнге тигізбей,

Асырап, сақтап, болдың анам баспанам.


Дияна: Аналарды ардақтаған халқымыз

Ертендерге жалғанады салтымыз

Аналардың , арулардың қызығы

Құтты болсын 8- ші наурызыңыз


Мұғалім сөзі: 

Әсем, ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй- деп Абай атамыз айтқандай келесі ән аналардың құрметіне арналады.

Ән: «Айналайын ақ-мамам»

Мұғалім сөзі:  Барша ана құтты болсын мерекеңіз,

Әрқашан ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз,

- дей отырып ұл-қыздарыңыз жүрекжарды тілектерін ұсынады.


Тұрарбек: Сүйіктім деп жүретін,

Қадіріңді білетін.

Өссем ұл боп жан ана,

Орындалар тілегің.

Сөзің шырақ секілді,

Сүйем соған жетуді.

Қанат қағып самғауға,

Балаң бекем бекінді.


Іңкәр: Ана десем – шешек атып жанары
Өмірімнің бастау алар жаңа әні

Ана деген тіршілікте пана боп
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады. 


Ару: Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі де өзі
Ана деп бас иеді күллі халық.


Асылбек: Ақ қабақты анашым,

Күн сәулелі анашым.

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым


Гүлжайна: Бәрімізге анасың

Біз үшін күн боп жанасың.

Құтты болсын мейрамың

Құттықтаймын анашым.


Жомарт: Ана деген-өмірдің мөлдір кәусәр бұлағы,

Ана деген-тіршіліктің шұғылалы шуағы.

Ана деген- теңдесі жоқ ұлылық,

Көз алдымда тұлғаң биік тұрады.


Елдос: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым

Тәтті ұйқыңды бөліп талай тіл қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің

Кең құшағың –аясындай гүл бақтың.


Сарсенбаева А: Ана – дейміз бәрімізде аңқылдап,

Ана – дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана – деген бәйтерегі өмірдің,

Ана – деген алтын қазық,алтын бақ.


Ержан: Ана десем, ұшқын атып жанары,

Өмірімнің бастау алар жаңа әні.

Ана деген тіршілікте пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.



Төрехан: Сіздер барда жүректерде жылу бар

Көктемдегі гүлдей жайнап тұрыңдар

Құтты болсын мерекесі көктемнің

Құтты болсын тойларыңыз аналар!


Жанболат: Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана,

Келтірген дүниеге нелер дана.

Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,

Өмірдің алтын кілті сонда ғана,


Ибрагим: Асыл анам, есіл анам,

Елжіреп есіркеймін, есіме алам.

Мен үшін сен суалтқан ақ сүтіңді

Ақтамасам, боп жүрмін несіне адам.


Ишан М: Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,

Жүрегіңе,жүрегімді жалғадым.

Өзің мына сыйға берген өмірде

Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым.


Нұржан: Барша ана,құтты болсын мерекеңіз

Әрқашанда ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл анам.

Сонда біз кісілікке теңесеміз.


Нұртас: Әр сөзіңді жаттаған
Жүрегіңде сақтаған
Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ мамам.   
Жүзімізде күлкі ойнап,
Қанаттанды жанымыз.
Көктем тойын біз тойлап,

Шаттанайық бәріміз!


Жандарбек: Ақ анашым аппағым

Өзің жайлы тақпағым

Өзің жайлы әнімде

Арнадым саған бәрінде.


Мұғалім:

Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.


Аяулысың, ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,

Сендер үшін мереке шашулары,- дегендей, алдарыңызда ұл-қыздарымыздың орындауындағы «Арулар» атты биін қабыл алыңыздар!

Би: «Вальс»

Мұғалім: Балалар, көктем мерекесі тек қана аналардың мерекесі емес, сонымен қатар әжелердің де мерекесі. Сендердің әжелерге де айтатын тілектерің бар шығар.

Ару: Аялайық аналарды әрдайым,

Қуанышқа бөлейікші өздерін.

Әжелердің, аналардың қыздардың.

Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін.


Асылбек: Әжем менің, ақ әжем
Ақылын беріп үйреткен.
Мейірімен тәрбиелеп
Өнегесін үлгі еткен.

Жанболат: Ертегі айтып, ұйықтатып,
Ән жырымен тербеткен
Талаптанам әр кез мен
Қолғанат боп әжеме.

Іңкәр: Қуат берер дәріміз
Жақсылыққа үйретіп,
Жамандықтан шектейтін,
Жақсы көрем әжемді.

Сыныбымыздың ер балдарының орындауындағы «Немере» атты әзіл әндерін қабыл алыңыздыр.

Әзіл ән: «Немере» (Мейрамбек, Турарбек, Елдос, Ибрагим)


Мұғалім сөзі: 

О, аналар осындайсың бәрің де,

Осындайсың жасың-дағы кәрің де,

Сыйынатын осы өмірде құдірет,

Сыйынар ем ана деген тәңірге...

Сыныбымыздың ұл, қыздарының орындауында Гномдар биі.


Мұғалім сөзі: Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады, олар барлық шаруаны бітіреді. Сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, біздің бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі. Олай болса, аяулы Аналарымызды бір сынап көрейік. Ортаға, аналарымызды шақырамыз.

«Аялы алақан» ойыны

Аналардың көзін байлап, оқушылардың ішінен өз балаларын тапқызу.


Қорытынды.

Мұғалім сөзі: 

Бүгінгі аналарымыздың, ұстаздарымыздың құрметіне арналған «Анамның аялы алақаны» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Ардақты әжелер, жер бетіне өмір сыйлаушы аналар, ұстаздар сіздерге айтылар ән мен жыр таусылмақ емес.

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше,

Осымен «Ашық тәрбие сағатымыз» аяқталды.

Сау-саламатта болыңыздар!















hello_html_1e09210b.jpg



hello_html_m379abf04.jpg

  • Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
    Пожаловаться на материал
Курс повышения квалификации
Курс повышения квалификации
Курс профессиональной переподготовки
Учитель начальных классов
Скачать материал
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Методика преподавания информатики в начальных классах»
Курс повышения квалификации «Воспитание и социализация учащихся в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Сетевые и дистанционные (электронные) формы обучения в условиях реализации ФГОС по ТОП-50»
Курс повышения квалификации «Сопровождение детского отдыха: от вожатого до руководителя детского лагеря»
Курс повышения квалификации «Профессиональная компетентность педагогов в условиях внедрения ФГОС»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты инклюзивного образования в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Средства педагогического оценивания и мониторинга в работе учителя в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Методика обучения игре детей с особенностями развития в рамках реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Тьюторское сопровождение обучающихся в системе инклюзивного образования»
Курс повышения квалификации «Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении»
Курс повышения квалификации «Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС»
Курс повышения квалификации «Техники креативного мышления как инструмент формирования общих компетенций по ФГОС»
Курс повышения квалификации «Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе»
Курс профессиональной переподготовки «Инклюзивное образование в начальной школе»
Курс профессиональной переподготовки «Музыка: теория и методика преподавания в сфере начального общего, основного общего, среднего общего образования»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.