Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Ашық тәрбие сағаты "Ақпыз,қара,сарымыз,ағайынбыз бәріміз"

Ашық тәрбие сағаты "Ақпыз,қара,сарымыз,ағайынбыз бәріміз"

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Ақпыз, қара, сарымыз,ағайынбыз бәріміз».

Мақсаты: Көп ұлтты Қазақстан халқының татулықпен, бірлікпен өмір сүріп жатқаны жайлы танымдық ойларын дамытып, өзге ұлт өкілдерін құрметтей білуге тәрбиеленеді.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, сто стратегиялары.
Көрнекілігі: тақырыпқа байланысты суретті плакат, бүктеме суреттер, нақыл сөздер.
Мағынаны   тану

Мұғалім сөзі
-Әрбір адам үшін дүниедегі ең қасиетті де киелі ұғым – Отан. Шынында да солай. Константин Паустовскийдің өз сөзінде: «Адам жүрексіз өмір сүре алмайтынындай, еш уақытта Отансыз өмір сүре алмайды». Осы айтқандай адамның барлық тіршілік-тынысы өз Отанымен тікелей байланысты әрі сабақтас.
-Иә, бүгін біз үшін Отаннан артық ұлы ұғым жоқ. Елімізде мекендейтін барлық халық өкілдері ынтымақ пен достық туын жоғары ұстап келеді.
Бейбітшілік – біздің басты ұранымыз әлемде бейбітшілікті сақтау адамның ең бірінші құқығы, өмір сүру құқығын сақтау деген сөз.

Амина:
-Қазақстанда тұратын жүзден астам ұлт өкілдері тату-тәтті тұрады. Мамыр – достық мерекесі. Бұл – еңбекшілердің халықтық мейрамы, бүкіл дүние жүзі жұмысшыларының ынтымақ күні.
Ырыс алды-ынтымақ, достық түбі-береке, мереке дейді.
Назерке:
Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні.
Бүкілхалықтық мейрам. Кең байтақ Отанымызда ынтымағы жарасқан жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдері мекендейді.
Амина:
-Міне, мерекелі мамыр айы да келіп қалды. Мамыр айы – ерекше ай. Ендеше, достым, себебін айтшы.
Назерке:

-Иә, бізің туған жеріміз Қазақстан кең байтақ. Бір шетінен екінші шетіне жету үшін құс қанаты талады.

Амина:

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз.

Достық тату өмірге

Дүние жүзі сенеді.

Соғыс өртін өшіре

Бейбітшілік жеңеді.


-Ал енді балалар саяхатқа шығайық.

Алдыменен бәріміз зымыранға нақты орналасайық,

Зымыран терезесінен қарайық,

3,2,1 қозғалтқышты басамыз,

Алақандарымызды қосамыз ууууу деп жер айналып ұшамыз.

Қараңдаршы, бұл қай ел балалар,

Кім біледі екен айтыңдар.

Оқушылар: Жапон елі.

Әрине дұрыс Бұл Жапон елі

Күн шығатын ел.

Жапон еліне алып келген өнерлерімізді көрсетейік

Еламан:

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан

Тілегіміз бейбіт күн,

Ашық болсын кең аспан.

Жанель:

Бақытты боп жүргенім,

Сенің арқаң, Ұлы Отан.

Елім менің тірегім,

Құшағыңда гүл атам.

Мансур:

Күлімде, күн күлімде

Күлсін барлық бала шат

Берекелі бүгіндей

Бейбіт болсын болашақ!

«Цыган» биі


-Ендеше балалар пароходка отырайык,

Америкаға қарай жол салайық.

Ал мынау Америка әлемі,

Бай болып келеді әр кезі.

Хеллоу достар, хеллоу достар,

Ортаға шығып би билейік замандастар.

«Ламбада» биі.

-Өз қнерімізді көрсетейік

Азамат:

Шығысыңнан арайлы,

Күліп атқан құба таң,

Сенен бақыт тарайды,

Баршамызға Ұлы Отан.

Айбар:

Отанды

Жас, кәріміз де,

Туған жер деп сүйеміз,

Өйткені онда бәріміз де

Туып, өмір сүреміз.

Айәділ:

Шекіссек те екеуміз,

Үйге жылап қайтпаймыз.

Сөзімізге бекімбіз,

Анамызға айтпаймыз.


-Әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық.

Балалар тікұшаққа отырайық,

Жер бетінен бір айналайық.

Мұхиттың үстіменен де ұшайық,

Африка еліне ендеше біз қонайық.

Африка еліне үлкен сәлем!

Кездесеміз біз бұл елде жануарлардың түрімен:

Қолтырауын, пілдермен де, маймылмен де, шәует кит және «Чунга -Чанга» биіменде.

«Чунга -Чанга» биі

Еркебұлан:

Сеніңдер менің сөзіме,

Құлақтарыңды тосыңдар.

Қатты ұнайтын өзіме,

Ғажайып бір досым бар.    


Балқасын:

Көріспесек бір жұма,

Іздеп келер ол кілең,

Мен қайғырсам – ол жылап

Ол жымиса – мен күлем.

Арайлым:

Үзім нанды бөліскен,

Ынтымағы келіскен

Достық аулақ тұрады

Ұрлық, ұрыс-керістен.

Әсемгүл:

Гуілдеген тоғайша

Күндерді еске алыңдар.

Досы жоқтар қалайша

Сүреді өмір, таңым бар.


-Ал ендеше балалар темір атқа мінейік,

Темір жолмен әрі қарай жол жүрейік.

Ресей жеріне де келіппіз,

Ресей біздің баяғыдан іргелес көршіміз.

Бір ән шырқап берейік,

Достығымызды әрі қарай бекітейік.


Если с другом вышел в путь,

Если с другом вышел в путь,

Веселей дорога!

Без друзей меня чуть-чуть,

Без друзей меня чуть-чуть,

А с друзьями много!

Припев:

Что мне снег? Что мне зной?

Что мне дождик проливной?

Когда мои друзья со мной?

Что мне снег? Что мне зной?

Что мне дождик проливной?

Когда мои друзья со мной?


Камилла:

Не жетеді ғазиз досқа расында,

Қуансаң да, қайғырсаң да қасыңда

Қиналады, сен қиналсаң болғаны

Ұйықтамасаң, ұйықтамайды ол-дағы.

Әділет:

Достық деген ізгіліктің алаңы

Оған куә ғасырлар мен замандар.

Отанын да сатып кете алады

Қиын шақта, досын сатқан адамдар.





Алина:

Ешбір дұшпан басынбаған елміз,

Басынан сөз асырмаған елміз.

Досымызды сақтай білген елміз.

Дәм-тұзды ақтай білген елміз.


-Жер шарын біз айналдық,

Достарымызбен көрістік, амандастық,

Балалар туған жерімізге оралайық,

Келесі кездескенше аман- сау бәрімізде болайық.

Назерке:

Алыптар бас қосса,

Халықтар достасса,

Жеңіске жетеді.

Жерде де ғарышта!

Хор: «Достық» әні

Бәрі:

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз.

Бейбітшілік ұранымыз,

Достық, бірлік жыр-әніміз

Таңғажайып Ұлы Отанда

Тату-тәтті тұрамыз біз. 

-Осымен мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет.


 



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 26.09.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1430
Номер материала ДВ-012392
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх