Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Ашық тәрбие сағаты "Ардақты Ана, Аяулы Ана, қымбаттым!" 1 сынып

Ашық тәрбие сағаты "Ардақты Ана, Аяулы Ана, қымбаттым!" 1 сынып



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Ардақты Ана, аяулы Ана, қымбаттым!

Музыкалық әуен ойнап тұрады. Балалар бірінің артын бірі қатармен жүріп сахнаға шығып орындарына отырады.

Мұғалім: Армысыздар ақ жаулықты әжелер,ардақты да аяулы аналар, сымбатты арулар, сүйкімді де кішкентай қыздар! Өздеріңізге арналған мерекелік кешімізге қош келдіңіздер.


Манарбек Ана дейміз біріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ.

Жарас: Мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, отбасыларыңызға амандық, татулық, еңбектеріңізге жеміс тілейміз.

Мұғалім Балаға ең жақын, сіз-аналар, сіздің ыстық құшағыңыз балаға пана болар. Әлемдегі ең ғажап ең әсем сөз бұл — Ана. Ендеше, құрметті аналар балаларыңыздың құттықтау тілектерін қабыл алыңыздар!

Балалардың орындауында тақпақтар .

Бердібек:

Жақсылық тілеген,
Анашым – данасың.
Осынау дүниеде,
Біз үшін дарасың.

Еркебұлан:

Жамандықтан сақтандырып,

Жақсы ісімді мақтан қылып.

Мәпелеген анамды мен

Жүрсем деймін шаттандырып.

Бекжан:

Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.

Жанерке:

Айтсаң болды тіл алам,

Әйбат анам, пәк анам.

Сен керексің қайда да,

Айналайын, ақ анам.

Жансая:

Сенен өскен балалар,

Сенен өскен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен-

Құрметті аналар!

Жандарбек:

Бишілерде өнер көп
Билейді биді мәнерлеп.
Қыздар биін көріңіздер,
Өнерге баға беріңіздер.



Қыздардың орындауында «Жаңарған Маңғыстау» биі



Балалардың орындауында тақпақтар:

  1. Азамат:

Жанымызды жайнатқан

Сіздерсіз ғой аналар.

Зор денсаулық, мол бақыт

Тілейміз біз балалар.

  1. Ақерке:

Үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен.

Құттықтаймын анашым,

Сегізінші наурызбен.

  1. Шұғыла:

Таусылмайды өлеңі,

Күнде айтып береді.

Барған сайын бір жаққа

Кәмпит алып келеді.

Әжем мені, өйткені,

Өте жақсы көреді.

  1. Асылзат:

Ақыл айтып баптаған,
Анам үшін мақтанам.
Аялаған ұрпақтарын
Көп жасасын жақсы адам!
Кемеңгерсің, данасың.

Арқа тұтар панасың
Еңбегіңді ақтаймын.
Аман болшы, анашым.

  1. Наурызбек:

Ананың құт-береке әр қадамы,

Сезімдер әр ісінен даралығы.

Ана — Өмір, Ана – Бақыт, Ана – Жүрек,

Тіршіліктің ғұмырының даналығы.



Ойын: ата-аналармен бірге



Ұлдардың қыздарға арналған әзіл — тақпақтар.

Нұрәділ: Мен қыздарды сыйлаймын

Ойыншықтарын жинаймын

8-наурыз өткен соң

Әзілдесіп ойнаймын.

Нұрлан: Оқиды жақсы сабақты бәрі,

Қыздардың жоқ-ау аласы.

Математика сүйікті пәні,

Жансая мықты шамасы.

Талғат: Сыныптың Асылзат үздігі,
Алғыр, зерек, білімді.
Көмектесіп ұстазға,
Үнемі алда жүреді.



(Балалар аналарға сыйлықтарын ұсынады)

Оқушылардың орындауында «Анашым» әні. Осы кезде оқушылардың аналары туралы фильм көрсетіліп тұрады.

































Мақсаты:
Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, мақал-мәтелдер арқылы анаға сүйіспеншілікпен қарау. Ананың мейрімін, махаббатын, жақсылығын түсіну. Ана еңбегін қадірлеу білу.
Көрнекіліктер: нақыл сөздер ана туралы,шарлар,гүлдер,магнитофон

Мақал-мәтелдер
Ана жақсылығын ауырсаң білерсің,
Қайын жақсылығын қыдырсаң білерсің.
Анасын сүйгеннің баласын сүй.
Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
Ананың сүті-бал,
Баланың тілі-бал.

1-жүргізуші: Армысыздар, аналар, ұстаздар, қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл.

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды
Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды
Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,
Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.

2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздар, қыздары! 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың!
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме, анашым, -дей отырып, мерекелік құттықтау сөзді сынып жетекшіміз Альмира Ғабитқызына береміз.

1-жүргізуші:

Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Ән жолдайтын апалардың баласы бар.
Ән: «Анаға сәлем» орындайтын 5Б сыныбының қыздары.

2-жүргізуші: Халқаралық әйелдер мерекесі қашаннан тойлана бастады? Оны шығарған кім деген сұраққа жауап беру үшін, біршама тарихқа үңілейік. 8 наурыз – әйелдердің экономика, әлеуметтік және саяси теңдік үшін күресін, халықтар, ынтымақтастығын білдіретін күн. Халықаралық әйелдер күні – 8 наурызды жыл сайын өткізу 1910 жылы Копенгагенде, социалист әйелдердің 2-халықаралық конференциясында К.Цеткиннің ұсынысы бойынша қабылданды. Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз тұңғыш рет 1911 жылы Германияда, Австрияда, Швецарияда, Данияда, ал 1913 жылы Россияда (Петербургте) өткізілді. Халықаралық әйелдер күні – 8 наурызды мейрамдау дәстүрі 1914 жылдан кейін барлық елдерде нақ осы күні өткізілетін болды. Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз әйелдердің теңдік алу және әлеуметтік прогресс үшін күресу ұранымен атап өтіледі. СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1965 жылы 8 майдағы Указы бойынша Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз мейрам күні болып жарияланды.

1-жүргізуші:
Қазірет пайғамбарға бір адам келіп:
-Мен бір зор күнә істедім. Енді мен үшін тәубе ету мүмкін бе?-деп сұрайды.
Сонда пайғамбар:
-Анаң бар ма? -деп сұрайды.
-Бар,-дейді әлгі адам.

- Онда анаңа қызмет көрсет,-деген екен пайғамбар. Олай болса қыздардың аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық.(Ақбота,Аружан,Жұлдыз,Дания,Томирис)

2-жүргізуші:
Дүниедегі ең кемеңгер дананы
Ана табады, аялайды, бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,

Құрметтейік қасиетті ананы,-деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мың бұралған бишілеріңіз Индира,Жұлдыз,Машураның орындауында «Моряк» биін тамашалаңыздар.

1-жүргізуші: 8 наурызға арналған мерекелік іс шарамызда би де биленіп жатыр, ән де шырқалып жатыр, ендігі кезекті қыздардың сіздерге дайындаған көріністеріне берсек ?!

Көрініс: « Жеті лақ» , ағылш.вариантын қояды (“The little goat kids”)

2-жүргізуші: Орыс жазушысы Максим Горкий: «Адамдар-әрқашанда өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген.

1-жүргізуші:

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне Сарсенова Лауранын орындауында «Асыл әжем» әні.

2-жүргізуші: Біздің аналарға дайындаған арнайы сауалдарымызбен ойындарымыз бар. Келесіде мынадай сұрақтарға жауап берсеңіздер. (отырған аналарды екі топқа бөлеміз.)

І топ

1. Балдан тәтті не? ( бала) 2. Қара шаңырак иесі кім? ( кенже ұл) 3. Балаға кім сыншы? (ата) 4. Әкеден балаңа берілетін зат ( мұра) 5. Үйдегі алтын адам кім? ( ана)

1-жүргізуші:

ІІ топ

Тәрбие мен білімнің ордасы ( мектеп)

18жасқа толмаған адам ( бала)

Екі адамның бір-біріне деген адалдығы ( достық)

Бес асылды атаңыз (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

Үш арсызды ата? ( ұйқы, тамақ, күлкі)

2-жүргізуші: Келесі ойынымыз «Тығырықтан шығу» деп аталады. Мұнда жағдаяттық сауалдар беріледі.Өз пікірлеріңізді білдіресіздер.

Ата-анаға:

Сіздің балаңыз озат оқушы.Үй шаруашылығымен айналысқанды жек көреді, ештеңе істегісі келмейді.Оны қызықтыру үшін не істейсіз?

Қызыңыз кешкі ас дайындап, ыдыс жууы керек. Оның орнына қозғалмай теледидар көріп отыр. Қандай әрекет қолданасыз?

Балаңыз туған күніне достарын шақырғысы келді. Бұл жағдайды қалай шешер едіңіз?

Үй шаруашылығына байланысты баласын сабақтан жиі қалдыратын ата-аналар туралы пікіріңіз қандай?

«Баламның қарны тоқ, көйлегі көк болса болды.Тәртібіне, оқуына қарайтын уақытым жоқ» дейтін ата-аналарға деген көз қарасыңыз қандай?

1-жүргізуші: Оқушыға:

Сенің өзіңнің жақын адал досың бар, бірақ онымен дос болуға ата-анаң қарсы. Сен не істейсің?

Көктем мезгілі. Жолдасың сабақ оқуын азайтып, сабақтан тыс нәрселерге көп көңіл өлетіндіктен сабақ үлгерімі төмендеп кетті.сен не істейсің?

Сенің сабақ үлгерімің орташа.Сыныптастарың сені білімің бойынша бағалап, адамгершілік қасиеттерінді көре білмейді.сен не істейсің?

Пән мұғалімдері сенің жауапкершілігіңді бағалап ертеңге бір жұмыс тапсырды.Белгілі себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың, не істейсің?

Сен тәртіпсіздік жасадың.Мұғалім саған қатты-қатты ескерту жасады. Сен не істейсің?

Сыныпта сабақтан себепсіз көп қалып қоятын оқушы бар. Ол оқушыға деген көз қарасың қандай?

2-жүргізуші: Кәне енді ең сұлу ананы анықтайық.Ортаға аналарымен екі оқушы шығады. Шарт: Қыздар өз аналарын сәндейді.

1-жүргізуші:
Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік!

Не деген құдірет едіңіздер, аналарым!
Сыйынатын болса өмірде құдірет,
Сыйынар ем ана деген тәңірге!
Анады да, мені де әлпештеген,
Қайтпас қайрат, дариядай ақыл берген.
Ниетің қабыл болсын, аналарым,
Өркендеп өсе берсін, бала-шаға, немерелер.
Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз,- дей отырып мерекелік кешімізді қорытындылау сөзді құрметті аналарымызға береміз және қыздарыңыздың өздеріңізге дайындаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды.





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Краткое описание документа:

Ардақты Ана, аяулы Ана, қымбаттым!

Музыкалық әуен ойнап тұрады. Балалар бірінің артын бірі қатармен жүріп сахнаға шығып орындарына отырады.

Мұғалім: Армысыздар ақ жаулықты әжелер,ардақты да аяулы аналар, сымбатты арулар, сүйкімді де кішкентай қыздар! Өздеріңізге арналған мерекелік кешімізге қош келдіңіздер.


Манарбек Ана дейміз біріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ.

Жарас: Мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, отбасыларыңызға амандық, татулық, еңбектеріңізге жеміс тілейміз.

Мұғалім Балаға ең жақын, сіз-аналар, сіздің ыстық құшағыңыз балаға пана болар. Әлемдегі ең ғажап ең әсем сөз бұл — Ана. Ендеше, құрметті аналар балаларыңыздың құттықтау тілектерін қабыл алыңыздар!

Балалардың орындауында тақпақтар .

Бердібек:

Жақсылық тілеген,
Анашым – данасың.
Осынау дүниеде,
Біз үшін дарасың.

Еркебұлан:

Жамандықтан сақтандырып,

Жақсы ісімді мақтан қылып.

Мәпелеген анамды мен

Жүрсем деймін шаттандырып.

Бекжан:

Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.

Жанерке:

Айтсаң болды тіл алам,

Әйбат анам, пәк анам.

Сен керексің қайда да,

Айналайын, ақ анам.

Жансая:

Сенен өскен балалар,

Сенен өскен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен-

Құрметті аналар!

Жандарбек:

Бишілерде өнер көп
Билейді биді мәнерлеп.
Қыздар биін көріңіздер,
Өнерге баға беріңіздер.

Қыздардың орындауында «Жаңарған Маңғыстау» биі

Балалардың орындауында тақпақтар:

  • Азамат:

Жанымызды жайнатқан

Сіздерсіз ғой аналар.

Зор денсаулық, мол бақыт

Тілейміз біз балалар.

  • Ақерке:

Үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен.

Құттықтаймын анашым,

Сегізінші наурызбен.

  • Шұғыла:

Таусылмайды өлеңі,

Күнде айтып береді.

Барған сайын бір жаққа

Кәмпит алып келеді.

Әжем мені, өйткені,

Өте жақсы көреді.

  • Асылзат:

Ақыл айтып баптаған,
Анам үшін мақтанам.
Аялаған ұрпақтарын
Көп жасасын жақсы адам!
Кемеңгерсің, данасың.

Арқа тұтар панасың
Еңбегіңді ақтаймын.
Аман болшы, анашым.

  • Наурызбек:

Ананың құт-береке әр қадамы,

Сезімдер әр ісінен даралығы.

Ана — Өмір, Ана – Бақыт, Ана – Жүрек,

Тіршіліктің ғұмырының даналығы.

Ойын: ата-аналармен бірге

Ұлдардың қыздарға арналған әзіл — тақпақтар.

Нұрәділ: Мен қыздарды сыйлаймын

Ойыншықтарын жинаймын

8-наурыз өткен соң

Әзілдесіп ойнаймын.

Нұрлан: Оқиды жақсы сабақты бәрі,

Қыздардың жоқ-ау аласы.

Математика сүйікті пәні,

Жансая мықты шамасы.

Талғат: Сыныптың Асылзат үздігі,
Алғыр, зерек, білімді.
Көмектесіп ұстазға,
Үнемі алда жүреді.

(Балалар аналарға сыйлықтарын ұсынады)

Оқушылардың орындауында «Анашым» әні. Осы кезде оқушылардың аналары туралы фильм көрсетіліп тұрады.

Мақсаты:
Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, мақал-мәтелдер арқылы анаға сүйіспеншілікпен қарау. Ананың мейрімін, махаббатын, жақсылығын түсіну. Ана еңбегін қадірлеу білу.
Көрнекіліктер: нақыл сөздер ана туралы,шарлар,гүлдер,магнитофон

Мақал-мәтелдер
Ана жақсылығын ауырсаң білерсің,
Қайын жақсылығын қыдырсаң білерсің.
Анасын сүйгеннің баласын сүй.
Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
Ананың сүті-бал,
Баланың тілі-бал.

1-жүргізуші: Армысыздар, аналар, ұстаздар, қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл.

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды
Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды
Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,
Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.

2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздар, қыздары! 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың!
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме, анашым, -дей отырып, мерекелік құттықтау сөзді сынып жетекшіміз Альмира Ғабитқызына береміз.

1-жүргізуші:

Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Ән жолдайтын апалардың баласы бар.
Ән: «Анаға сәлем» орындайтын 5Б сыныбының қыздары.

2-жүргізуші: Халқаралық әйелдер мерекесі қашаннан тойлана бастады? Оны шығарған кім деген сұраққа жауап беру үшін, біршама тарихқа үңілейік. 8 наурыз – әйелдердің экономика, әлеуметтік және саяси теңдік үшін күресін, халықтар, ынтымақтастығын білдіретін күн. Халықаралық әйелдер күні – 8 наурызды жыл сайын өткізу 1910 жылы Копенгагенде, социалист әйелдердің 2-халықаралық конференциясында К.Цеткиннің ұсынысы бойынша қабылданды. Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз тұңғыш рет 1911 жылы Германияда, Австрияда, Швецарияда, Данияда, ал 1913 жылы Россияда (Петербургте) өткізілді. Халықаралық әйелдер күні – 8 наурызды мейрамдау дәстүрі 1914 жылдан кейін барлық елдерде нақ осы күні өткізілетін болды. Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз әйелдердің теңдік алу және әлеуметтік прогресс үшін күресу ұранымен атап өтіледі. СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1965 жылы 8 майдағы Указы бойынша Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз мейрам күні болып жарияланды.

1-жүргізуші:
Қазірет пайғамбарға бір адам келіп:
-Мен бір зор күнә істедім. Енді мен үшін тәубе ету мүмкін бе?-деп сұрайды.
Сонда пайғамбар:
-Анаң бар ма? -деп сұрайды.
-Бар,-дейді әлгі адам.

- Онда анаңа қызмет көрсет,-деген екен пайғамбар. Олай болса қыздардың аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық.(Ақбота,Аружан,Жұлдыз,Дания,Томирис)

2-жүргізуші:
Дүниедегі ең кемеңгер дананы
Ана табады, аялайды, бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,

Құрметтейік қасиетті ананы,-деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мың бұралған бишілеріңіз Индира,Жұлдыз,Машураның орындауында «Моряк» биін тамашалаңыздар.

1-жүргізуші: 8 наурызға арналған мерекелік іс шарамызда би де биленіп жатыр, ән де шырқалып жатыр, ендігі кезекті қыздардың сіздерге дайындаған көріністеріне берсек ?!

Көрініс: « Жеті лақ» , ағылш.вариантын қояды (“The little goat kids”)

2-жүргізуші: Орыс жазушысы Максим Горкий: «Адамдар-әрқашанда өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген.

1-жүргізуші:

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне Сарсенова Лауранын орындауында «Асыл әжем» әні.

2-жүргізуші: Біздің аналарға дайындаған арнайы сауалдарымызбен ойындарымыз бар. Келесіде мынадай сұрақтарға жауап берсеңіздер. (отырған аналарды екі топқа бөлеміз.)

І топ

1. Балдан тәтті не? ( бала) 2. Қара шаңырак иесі кім? ( кенже ұл) 3. Балаға кім сыншы? (ата) 4. Әкеден балаңа берілетін зат ( мұра) 5. Үйдегі алтын адам кім? ( ана)

1-жүргізуші:

ІІ топ

Тәрбие мен білімнің ордасы ( мектеп)

18жасқа толмаған адам ( бала)

Екі адамның бір-біріне деген адалдығы ( достық)

Бес асылды атаңыз (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

Үш арсызды ата? ( ұйқы, тамақ, күлкі)

2-жүргізуші: Келесі ойынымыз «Тығырықтан шығу» деп аталады. Мұнда жағдаяттық сауалдар беріледі.Өз пікірлеріңізді білдіресіздер.

Ата-анаға:

Сіздің балаңыз озат оқушы.Үй шаруашылығымен айналысқанды жек көреді, ештеңе істегісі келмейді.Оны қызықтыру үшін не істейсіз?

Қызыңыз кешкі ас дайындап, ыдыс жууы керек. Оның орнына қозғалмай теледидар көріп отыр. Қандай әрекет қолданасыз?

Балаңыз туған күніне достарын шақырғысы келді. Бұл жағдайды қалай шешер едіңіз?

Үй шаруашылығына байланысты баласын сабақтан жиі қалдыратын ата-аналар туралы пікіріңіз қандай?

«Баламның қарны тоқ, көйлегі көк болса болды.Тәртібіне, оқуына қарайтын уақытым жоқ» дейтін ата-аналарға деген көз қарасыңыз қандай?

1-жүргізуші: Оқушыға:

Сенің өзіңнің жақын адал досың бар, бірақ онымен дос болуға ата-анаң қарсы. Сен не істейсің?

Көктем мезгілі. Жолдасың сабақ оқуын азайтып, сабақтан тыс нәрселерге көп көңіл өлетіндіктен сабақ үлгерімі төмендеп кетті.сен не істейсің?

Сенің сабақ үлгерімің орташа.Сыныптастарың сені білімің бойынша бағалап, адамгершілік қасиеттерінді көре білмейді.сен не істейсің?

Пән мұғалімдері сенің жауапкершілігіңді бағалап ертеңге бір жұмыс тапсырды.Белгілі себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың, не істейсің?

Сен тәртіпсіздік жасадың.Мұғалім саған қатты-қатты ескерту жасады. Сен не істейсің?

Сыныпта сабақтан себепсіз көп қалып қоятын оқушы бар. Ол оқушыға деген көз қарасың қандай?

2-жүргізуші: Кәне енді ең сұлу ананы анықтайық.Ортаға аналарымен екі оқушы шығады. Шарт: Қыздар өз аналарын сәндейді.

1-жүргізуші:
Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік!

Не деген құдірет едіңіздер, аналарым!
Сыйынатын болса өмірде құдірет,
Сыйынар ем ана деген тәңірге!
Анады да, мені де әлпештеген,
Қайтпас қайрат, дариядай ақыл берген.
Ниетің қабыл болсын, аналарым,
Өркендеп өсе берсін, бала-шаға, немерелер.
Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз,- дей отырып мерекелік кешімізді қорытындылау сөзді құрметті аналарымызға береміз және қыздарыңыздың өздеріңізге дайындаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды.

Автор
Дата добавления 27.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров422
Номер материала ДВ-489230
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх