Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Ашық тәрбие сағаты "Ата-анамның мамандығы"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Ашық тәрбие сағаты "Ата-анамның мамандығы"

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Ата-анамның мамандығы»


Мақсаты:
Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылығын арттыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айрықшаланатын мамандық әлемінің түрлері туралы түсінік қалыптастыру. Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық тандай білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: мамандық туралы суреттер, мақалдар, мамандық аттары жазылған карточка, слайд көрсету, ойындар. 
Сабақтың барысы:

-Ал сендер бір-біріңізге не тілейсіңдер?

Жауап:

-Мен бәріңе жақсы баға тілеймін!

-Мен бәріңе төзімділік тілеймін! Сөйтіп оқушылар бір-біріне тілектер тілейді.


Мұғалім: Балалар бүгін біз мамандық туралы әңгімелесеміз. Айтыңдаршы маман дегеніміз не? Белгілі бір мамандық иесі болу үшін не істеу керек?

Оқушылар қатар бойынша үш топқа бөлініп, мамандық сөзінің мағынасын айтады.

Оқушы: Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі. Мамандық таңдауда мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бүгін өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды айтамыз.Өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз.
Біздің таңдауымыз да әр түрлі. Біреуің ертең ақын, біреуің инженер, біреуің құрылысшы боласың. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.
Мұғалім: Ал, енді еңбек пен мамандықтың айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар.
Оқушылар: Еңбек адамның қызметі, материалдық және рухани жағдайын құруға бағытталған. Еңбек әрқашан мақсатты, әрдайым нәтижелі болу керек. 
Мұғалім: Мамандық латын тілінен аударғанда ресми көрсетілген іс. Ол арнайы біліктілік пен білімділікті талап етеді. 
1 – бөлім.
Мұғалім: Сонымен, балалар белгілі бір мамандық иесі болу үшін арнайы оқу керек екен.
- Қандай көлік түрлерін білеміз?
- Қандай сусын түрлерін білеміз?
- Қандай мамандық түрлерін білеміз?
- Қандай еңбек түрлерін білеміз?
Еңбек қызметі
дене еңбегі ой еңбегі
құрылысшы, ұста, шахтер. ақын, ұстаз, дәрігер.
2- бөлім.
- Олай болса осы мамандық туралы тақпақтарымызды айтайық.

Ақ халатты киемін,

Аппақ болып жүремін.

Аппақ болып жүргенді,

Өзім жақсы сүйемін.

«Дәрігермін» мен деймін,

Кәрі әжемді емдеймін.

«Көп – көп ішіп дәріні,

Кәрілікті жең» деймін.

 

Дәрігер: Мен дәрігер боламын

               Үлкеннің де баланың

                Қиналғанда қасына

                Бірінші боп барамын 

Ұшқыш: Ар- намысын сақтаған

                 Жүректе сыр жаттаған

                 Жан тәнімен сақтаған

                 Ұшқыш болғым келеді 

Инженер: Мен инженер боламын

                  Жерден алтын табамын

                  Жолын қуған әйгілі

                  Академик ағаның 

 Ақын:      Ал мен ақын боламын

                 Сусылдаған қаламым

                 Адамдардың жүрегін

                 Жырмен жаулап аламын 

 Аграном: Нан беремін баршаға

                 Жер маманы болам мен

                 Барып жүрмін бақшаға

                Аграном ағаммен 

Мұғалім: Мен үлкейіп өсіп толамын

                Сонда өзіміздің осы ауылдың

                Бөбектерін оқытып үйретіп

                Мұғалима боламын
3 – бөлім. «Менің ата – анамның мамандығы». ( өз ойларын айтады) 

Дайындалып келген оқушылар ата-әжесінің жұмыс орынындағы суреттерін көрсетіп, таныстырды.Бір-бірлеріне сұрақ қойды.

4- бөлім

«Кім жылдам» ойыны.
Үстел үстіне түрлі мамандық иелеріне қажет құралдарды қойып, сәйкестендіру керек.
5 – бөлім. «Ойлан тап».

Жұмбақтар жасырылынады.
1) Тарағы бар қолында,
Кімді айттым ойымда. (шаштараз)
2) Қалағы бар қолында,
Кімді айттым ойымда. (құрылысшы)
3) Ожауы бар қолында,
Кімді айттым ойымды. (аспаз)
4) Күрегі бар қолында,
Кімді айттым ойымда. (диқан)
5) Кім көйлек тігеді. (тігінші)
6) Оның тіккен бұйымы
Аяғыңды қаптайды,
Шыға қалса жұлымы,
Әдемілеп баптайды. (етікші)
7) Оқу білім – бағдары
Заманының бағбаны. (ұстаз)
8) Ара тұрар адамға
Қай мамандық иесі. (дәрігер)
9) – Жаңалықтың жаршысы
Қаламының жалшысы. (журналист)
10) Тау мен тасын, өзеннің 
Туған жерді күзетіп.
Тамыршыдай дөп басып
Таба білер қажетін,
Қай мамандық ол қане. (геолог).
6 – бөлім. Көрініс. «Кім айтып тұр».
Наубайшы: Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып, қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Бәрімізге жейтұғын,
Ең алдымен нан керек.
Көтеруге ел туын,
Қуат керек, әл керек.
Дәрігер: - Сәлеметсіз бе? Келіңіз.
- Қай жеріңіз ауырады?
- Ыстығыңыз бар ма?
- Ұйқыңыз қалай?
- Мен сізге дәрілер жазып берейін.
- Таңертең, түсте, кешке ішіңіз.
- Сау болыңыз.
- Жазылып кетіңіз.
Құрылысшы: Мен биік үйлер, мектептер, балабақшалар саламын. Маған құрылысшы болу ұнайды. Мен өз жұмысымды жақсы көремін.
Сатушы: - Сәлеметсіз бе?, Келіңіз. Не аласыз?
- Маған 1 нан, 2 қорап шай, 2 қорап оттық, 1 литр сүт беріңізші.
- Мінекей алыңыз. Мен есептеп жіберейін. Барлығы 300 теңге болады.
- Мінеки алыңыз.
- Тағыда келіп тұрыңыз.

Мұғалім: - Сәлеметсіздер ме? балалар
- Отырыңдар.
- Қазір қандай сабақ?
- Қазір қазақ тілі сабағы.
- Бүгін нешесі?
- Аптаның қай күні?
- Өте жақсы.
- Балалар, бәріңе рахмет.
Аспаз: Бір тамақты пісіріп,
Бір тамақты түсіріп.
Апам ылғи жүреді,
Жадырайды, күледі.
Он жетіге толамын,
Мен де аспазшы боламын.


Мұғалім: Сонымен мамандық дегеніміз – жұмыстың түрлері, ал мамандық иесі дегеніміз – ол жұмыс жасайтын адам екен, олай болса
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан - деп Абай атамыз айтқандай алға ұмтылып, арманымызға қол жеткізіп, мамандық иесі болайық



Автор
Дата добавления 04.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1045
Номер материала ДВ-417133
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх