Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыАшық тәрбие сағаты "Қазақ хандығына 550 жыл"

Ашық тәрбие сағаты "Қазақ хандығына 550 жыл"

Скачать материал

 

Астана қаласы №44 орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі:

Бидахметова Айгуль Сасановна

2 «Ә» сыныбы

Қазақ хандығына 550 жыл

 

                 Мақсаты:

1. Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру. Отаншылдық, бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу.

2. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, сахна мәдениетіне үйрету.

3. Көпшілік алдында өздерін ұстай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: Сахна ұлттық нақышта безендірілген. Шарлармен әсемдеу, слайдпен қазақ хандарының өмірімен таныстыру, плакатағы оқушылардың салған суреттерін ілу .

Мұғалім: (Тарихи кештің мақсатымен қысқаша таныстырып өтеді).
Биылғы жылы  еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше болып отыр. Биыл біздің мемлекетіміз  Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуын атап  отыр.

Біз қазақпыз!
Ежелден - ақ қазақ болып аталған,
Қатал болды әр күн, әр түн, атар таң
Күйдірсе де ызғарлы аяз, жалынды от,

Ел боп келдік, қалып қоймай қатардан- деген өлең жолдарынан кейін сөз кезегін оқушыларым сіздерге беремін!

1-оқушы:  Мадина

О, тәңірім танып білмей бізді жұрт,
Әр түрлі атпен өздерінше атаған.
Скифтер деп Геродот бізге ат берді,
Ал парсылар – өз тілінше Сақ деді.

2-оқушы: Бексұлтан 
Иә Мадина, рас, бізді бар жұрт Сақ деді,
Бұл жалған ат ұлтымызға жат еді.
Шеттегі жұрт не десе де шындығы,
Бар қазақтың қазақ болар нақ тегі.

3-оқушы: Ажар

Емес пе дәлел - Сығанақ пен Аққорған,
Қызыл аңғар, Отырар, Тараз, Түркістан.
Қазақтар да өркениет ел болып,
Егін егіп, сәулетті қала тұрғызған.

Үйсін, Қаңлы желбіреген тулары,
Дешті Қыпшақ қазақтың рулары.
Түркі тілдес халықтар бөтен емес
Діні бір, тілі де бір бауырларым.

4 -оқушы:  Тахмина
Түркі әрпімен жазуы бар басында,
Билік құрған сонау 6 - ғасырда.
Қазақ деген анық түскен жазу тұр
Жыр жазылған Күлтегіннің тасында.
5-оқушы: Нұртілек

«Алыстан орыс, қытай – ауыр салмақ
Жақыннан тыншытпайды қалың қалмақ
Артында ор, алдында көр, жан - жағы жау
Сол кезде елге қорған болған Абылай
Көп жаудың бірін шауып, бірін арбап...»
- деп Мағжан Абылайды жырлағандай,
Жүк көтерген белі мықты қара нардай.
Қиыннан қия баспай жол табатын,
Қазақтың билері мен хандары - ай...

6-оқушы: Алихан: Иә, Нұртілек  қиынның қиыны болды

Үй киізін кескілеп тоқым етті,
Қыз, келінге зорлық қып қатын етті.
Ерді құл, әйелді күң тұл жетім ғып,
Баланы ата - анадан қашық етті.

Қорлық көріп, зорлық көріп қалмақтан,
Шұбыра шулап туған жерін тастаған.
Өгіз артып, тай мініп, жаяу - жалпы,
Көше - көше болды тозып ақтабан.
          7-оқушы: Ерхан

Елім - айлап, жерім - айлап зар салды,
Қызығы мол бейбіт күнді аңсады.
Қиындықтың, қорлықтың зардабы өтіп,
Бала - шаға, қарт кемпір - шал шаршады.

8-оқушы: Аружан

Батты әбден тізесі сұм қалмақтың,
Билеп, төстеп қаратты бар аймақты.
Көрсеткен зорлығы мен зомбылығы,
Қазақтардың ыза - кегін оятты.
          9-оқушы: Айнур
Қалмаққа барлық қазақ қарсы тұрды,
Бас қосып хан мен билер ақыл құрды.
Орыс, қытай қалмақтан аман шығар,
Ұлт тағдырын ойлайтұғын күн туды.

10-оқушы: Жанель

Бізге жеткен тарихта көп бар дерек,
Өз тұсында әр ханның орны бөлек.
Төле бидей данадан тәлім алған,
Хан Абылай қазаққа болды керек

Слайд шоу: Қазақ хандығының хандары. Хандардың фото суреті, өмірлері туралы деректер, қазақ хандығының хандары және кестесі т.б. мұғалімнің түсіндірумен.

1 – Жүргізуші: Алыстан «Алаш» десе аттанамын, Қазақты «Қазақ» десе мақтанамын. Мен – қазақ, әкем – қазақ, шешем – қазақ, Мен неге қазақтықтан сақтанамын!

2 – жүргізуші: Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген, Жергөгімде таныстым мұң тіліммен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып, Қуанғанда күлкімнен түн тірілген.
Сахнаға Есен-бұға, ақсақалдар мен билері шығып отырады.
Уәзір: Алдияр тақсыр, сізге Әбілқайыр хандығынан Керей мен Жәнібек сұлтандар келіп тұр.

Есен-бұға: Кірсін!

Керей мен Жәнібек: Ассалаумағалейкум! – деп бастарын иіп амандасады.

Есен-бұға: Келген шаруаларыңды айтыңдар!

Керей: Ойраттардан жеңілген Әбілқайыр хан ашу-ызасын қоластындағы халықтардан алып, жазалай бастады.

Жәнібек: Салықты көбейтіп, тайпамыздың берекесін алуда.
Керей: Сондықтан да біз, бауырымыз Жәнібек екеуіміз, сізге бұйымтаймен келіп отырмыз.

Есен-бұға: Бұйымтайың болса айт!

Керей: Бір аймағыңыздан бізге жер бөліп берсеңіз, сол жерде өзіміздің тайпамызбен қоныстанып, өсіп-өнсек деген ойдамыз.

Есен-бұға: Керей, Жәнібек, мен өзімнің ақсақал, сұлтандарыммен ақылдасайын. Сендер барып демалыңдар!

(Керей мен Жәнібек шығып кетеді)
Есен-бұға: Қандай ойда болып отырсыңдар?

1 Ақсақал: Жер халықтың байлығы, оны ешкімге беруге болмайды.

2 Ақсақал: Осы жолы ығысып Керей мен Жәнібекке орын берсек, ертелі-кеш сол жақсылығымыз өзімізге қайтып келер.

3 Ақсақал: Әбілқайырдан өш алар кез келді! Шекарамыздың батыс аумағын қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек, мұндай ұсынысты біз өз пайдамызға пайдалануға болады.Есен-бұға:Әбілқайыр менің жауым. Яғни менің жауымның жауы – менің досым. Шу мен Талас өзенінің бойындағы Қозыбасы жері солардың қоныстары болсын деп ұйғардым. Шақырыңдар,Керей мен Жәнібекті!

Уәзір: Керей, Жәнібек сұлтандар, кіріңіздер!

Есен-бұға: Ойлана, ақылдаса келе былай шештік: Шу мен Талас өзенінің бойындағы Қозыбас аумағы сендердің мекендерің болсын!
Керей: Алдияр, біз бұл жерді құт мекенге айналдырамыз.
(Есен-бұға, ақсақалдар мен нөкерлері шығып кетеді)
Жәнібек: Уа, Сүйінші, халқым! Көптен күткена арманымыз орындалды. Бір ту астына жиналар күн туды!

(Сахнада халық мәре-сәре болып бірін-бірін құттықтап жатады)
Керей: «Жаңбырменен жер көгерер, Батаменен ел көгерер» демекші, ақсақал, бата беріңіз.

Ақсақал: Түндеріміз тыныш болсын,
Үйлерімізге ырыс толсын!
Ұлдарымыз сесті болсын.
Қыздарымыз есті болсын,
Балаларымыз қуаныш әкелсін,
Немерелеріміз жұбаныш әкелсін.
Орындарымыз төр болсын,
Дастархандарымыз мол болсын.
Қатарларымыз көп болсын,
Уәйім- қайғымыз жоқ болсын.
Жастардың қазасын көрмейік,
Зұлымдардың жаласын көрмейік!
Елімізде бірлік болсын,
Жарасты тірлік болсын!
Әумин.

(Ұлттық киім киген қыздар шашу шашады, сахнада күй орындалады да, қаражорға биін билейді)

1 – жүргізуші: 1465-1466ж. Қазақ хандығының құрылуы ішкі феодалдық талас-тартысты тоқтатты. Ел ішінде тыныштық орнады, мамыржай заман келіп, Қазақ хандығының іргесі бекіп күш-қуаты мен беделі артты.
2 – жүргізуші:

Мен қазақпын биікпін байтақ елмін,

Қайта тудым өмірге қайта келдім.

Мен – мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім.
          

1 – жүргізуші: Мұғалім

Біз қазақпыз есігі – ашық, төрі – кең,

Жылап өттік жылдар өмір өзегінен.

Жетер енді желпінейік қарайық,

Мына өмірге иелердің көзімен.

Барлық оқушыларға қазақ хандығының хандары туралыне біліп не ұққандары туралы пікір талас және 550 жыл өткендегі Қазақстанның өміріне көз жүгірту.

Ортаға  барлық оқушылар шығып Бекболат Тілеухановтың «Елім менің» әнін орындайды. Слайд шоу  «Болашақ  Астана»

 

 

 

 

 

                                          

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық тәрбие сағаты "Қазақ хандығына 550 жыл""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный администратор

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 793 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.01.2016 1035
    • DOCX 846.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бидахметова Айгуль Сасановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бидахметова Айгуль Сасановна
    Бидахметова Айгуль Сасановна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14996
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 172 человека

Курс повышения квалификации

Развитие творческих способностей для дошкольников и младших школьников

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 683 человека

Курс повышения квалификации

Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 450 человек

Мини-курс

Инвестиционные проекты: оценка, эффективность и стратегии

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Теория вероятности и комбинаторика в современной математике

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство и техника: совершенствование в художественной гимнастике

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе