Инфоурок Другое КонспектыАшық тәрбие сағаты "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері" 2 сынып

Ашық тәрбие сағаты "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері" 2 сынып

Скачать материал

Тақырыбы : Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері. 21.01.2016ж

Мақсаты: Оқушыларға еліміздің рәміздерінің мағынасын терең түсіне білуге,мемлекеттік рәміздердің авторларының өмірбаяндарын,еңбек жолдарын үйрету,өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру. Оқушылардың мемлекеттік нышандарды оқып үйренуде өзіндік дағды қалыптастырып және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адалдыққа,адамгершілікке,мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге,құрметтеуге тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының әдісі: іздену, сұрақ-жауап,әңгімелеу.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері,интерактивті тақта,оқушылардың шығармашылық жұмыстары.

Кіріспе бөлім: Сіздер тәуелсіз еліміздің ең жас ұландарысыңдар. Сондықтан, өз жерімізді, өз елімізді,әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге,сүюге,қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.

Қазақстан Республикасының Гимні орындалады.

1-жүргізуші Кәусар

Отан-жерім,Отан – суым

Отан қуат нәр береді

Отан-ұран,Отан туым

Отан мәңгі гүлденеді- демекші,тәуелсіздігіміз тұғырлы болып,еліміздің символы- мемлекеттік рәміздерді қастерлеп,құрметтеу баріміздің міндетті парызымыз болып саналады.


2-жүргізуші Алишер

Мемлекеттік рәміздер- еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені,бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын,болашаққа үмітін,арман-тілегін жеткізетін ерекшк құнды белгілер.


1-оқушы: Дидар

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.


2-оқушы: Рабия

Қазақстан дейтін менің бар елім

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған.

Бұл далаға жылап келіп уанғам.

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам.

Бұл далада өскен жанда жоқ арман.


3- оқушы: Ардақ:

Ел ордам менің-Астана,

Осында жаңа бастама.

Сәулетті зәулім үйлер көп.

Көрікті сондай жас қала.

Ару қалам,Астанам!

Бой көтерген жас қалам.

Бәйтеректің биік шыңы

Ерекшке ғой басқадан.



4-оқушы: Нұрай

Арайлы таң Астанам!

Тек өзіңмен мақтанам.

Бәйтерек пен Ақорда.

Жас та болса бас қалам.

Отанымның төрінде

Ту ұстаған Астанам!


5- оқушы: Дидар

1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы- Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.


6- оқушы: Ұлдана

Елім деп, жерім деген.

Адымдап сенімменен

Халқымның көшбасшысы.

Еңбектен ерінбеген.


7- оқушы: Бекарыс

Президент ең алғашқы

Қырандай самғап ұшты.

Халқымның көшбасшысы

Келер күн құшақ ашты.


1-жүргізуші: Кәусар

Егерде Туға зер салып қарасақ,автордың оны жасағанда үлкен мазмұнды ойластырғаны байқалады. Ол жер жүзінде әлемге нұрын шашқан күн сәулесі астында, қияға қанат қаққан қыран-тыныштық пен баянды өмірдің белгісі,ал ою- өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады.


2- жүргізуші: Алишер

Тудың авторы-Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков белгілі суретші. Біздің туымыз көгілдір түмті, тік төртбұрышты мата. Ол бірлік пен аман-есендікті көрсетеді. Оның қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын күн-тыныштық пен байлықтың белгісі. Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Туда қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған.

8- оқушы: Жәния

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды.


9- оқушы: Нұрбек

Көк аспандай көкпеңбек

Қазақстан жалауы

Көк емес ол тектен-тек

Елдің ашық қабағы.

10-оқушы: Зарина

Күнді құшқан қос қыран

Аясында қалқыған

Аспан түсті туым бар

Көк теңіздей шалқыған

11-оқушы: Маржан

Елдігімді әлемге

Паш ететін байрағым.

Тұнық менің көгімдей

Әуемде мәңгі жайнаған.


1-жүргізуші: Кәусар

Мемлекетіміздің елтаңбасының авторлары танымал суретшілер: Жандарбек Мәлібеков пен Шота- Аман Уәлиханов. Қазақта « Шаңырағың биік, керегең кең, босағаң берік болсын» деген тілек сөз бар. Елтаңба авторлары осы сөздерді басшылыққа алған. Қазақстан Реыпубликасының елтаңбасы көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады. Одан жан- жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар, біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халқымыздың бірлігін көрсетеді.


2- жүргізуші: Алишер

Қазақстан Республикасының елтаңбасының бір бөлігі ертедегі қанатты тұлпар. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бесбұрыш-бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу Республикамыздың атын көрсетеді. Масақ Отанның байлығы іспеттес.


12-оқушы: Іңкәр

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат,әдемі.

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі.


13- оқушы: Алина

Құт береке шаңырақ

Орын алған ол төрден

Қанатты қос арғымақ,

Екі жақтан көмкерген.


14-оқушы: Мұхамедәли

Қатар шапқан қос тұлпар

Ай астында қазақ үй

Қалықтаған жас сұңқар

Шарықтаған таза күй.

Бұл таңбасы елімнің

Елдігімнің белгісі.


15-оқушы: Жазира

Бейнелеп сан ғасырды

Елтаңбасы елімнің

Таратады жас үлгі

Киесіндей жерімнің.


1-жүргізуші: Кәусар

Әнұран мемлекеттің салтанатты әні.Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Әнұранды түрегеліп, жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын , бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын , мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.


2-жүргізуші: Алишер

Мемлекеттік әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов. Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл әнұранның сөзі республикамыздың барлық халықтарының жүрегіне жақын, жұрттың бәрінің көңілінен шыққан, терең отаншылдық сезімдегі ән.


16-оқушы: Рауан

Әнұраным- жан ұраным.

Айтар әнім, сөйлер сөзім

Туған жерім сағынарым

Бақыт-бірлік күн талабы.

Тоқтамайды дабыр әні

Мәңгі бақи шырқалады.

Республикам әнұраны.


17-оқушы: Наргиз

Барша халық таныған.

Біздің үміт, тілекті.

Шырқалғанда әнұран

Шаттық кернер жүректі.


18-оқушы: Нұрайлым

Жеңіс туын көтерген

Жарыстарда сан қилы

Жетіп бізге шетелден

Көкке әнұран шалқиды.


-Осы біздер қандаймыз?

-Талабы биік таудаймыз.

- Мың бұралған бишіміз.

- Біз қызықпыз, қызықпыз.

- Кейде еркелеу бұзықпыз.

- Біз шеберміз.

-Ақылдымыз.

-Көңілдіміз.

-Үлкендерге ізеттіміз.

-Кішкентайларға қамқоршымыз.

-Жақсылықты ұнатамыз.

-Жамандықтын тез қашамыз.

-Біз қазақ елінің болашағымыз.

-Осы біздің еліміз қалай аталады?

-Қазақ.

-еліміз.

-: Азат.

-Мемлекетіміз.

-Ғажап қазақ бәрінен озат.

19-оқушы: Мадияр « Қазағым»

1-жүргізуші: Кәусар

«Қазақ биі»

Қорытынды:

Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді,яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді,халықты,тарихты, әдет-ғұрыпты білу мемлекетіміздің әрбәр азаматының міндеті.

Ендеше, балалар шаттық шеңберін құрайық. Егерде менің айтқан сөздеріме келіссеңіздер қимылмен көрсетеміз.

-Егер сіз мектепке қуана-қуана барсаңыз- оң қолыңызбен бұлғаңыз.

-Егер сіз адамдардың адалдығын бағаласаңыз- бір қадам алға басыңыз.

- Егер сіз күшіңізге сенсеңіз-орныңызда секіріңіз.

-Егер біздің еліміздің тағдыры алаңдатса- алақаныңызбен шапалақ соғыңыз.

-Өзіңізді патриот санасаңыз- екі қолыңызды жоғары көтеріңіз

-Егер біздің мемлекетіміз әлемде беделді орынға ие болады десеңіз-екі қолыңызды алға созыңыз.

-Егер еліміздің болашағы сіздің қолыңызда екеніне сенсеңіз – қолдарыңыздан ұстаңыз.

2- жүргізуші: Алишер.

«Жаса Қазақстан»
























Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық тәрбие сағаты "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері" 2 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Эксперт по взаимоотношениям

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 291 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.02.2016 1472
    • DOCX 21.8 кбайт
    • 18 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Айнагулова Айгуль Кобланбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7246
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Мини-курс

Сенсорная интеграция: типовые и инновационные методы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 74 человека из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Мини-курс

Музыка в мире: народные и культурные аспекты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология детей и подростков с дромоманией

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек