Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыАшық тәрбие сағаты "Қазақтың дара тұлғасы"

Ашық тәрбие сағаты "Қазақтың дара тұлғасы"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың дара тұлғасы»

Сабақтың мақсаты:
1. білімділік
: Аты аңызға айналған Қазақ халқының батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының өмірі және шығармашылық жолымен таныстыру, ерлікке толы өмірін үлгі ету.

2. дамытушылық: Оқушыларға батырдың өмір жолын, мәңгі өшпес ерлігін таныстыру

3. тәрбиелілік: Оқушыларды ұлтжандылыққа, бауырмалдыққа, батырлыққа баули отырып тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қанатты сөздер, батырдың өмірін бейнелейтін слайдтар, бүктемелер, жұлдызшалар.

C:\Users\а\Desktop\20151224_124700.jpg

1 жүргізуші: Көзінің тірісінде – аты аңызға айналған ұлы тұлға – Бауыржан Момышұлы туралы біз не білеміз? Рас, ол - жаужүрек батыр да, қолбасшы да, қаламгер. Әрине қазақ тарихында батыр да, қолбасшы да, қаламгер де аз болған жоқ. Бірақ олардың ешбірінің даңқы алты алаштан әріге асып көрген емес. Ал, Бауыржан атамызды төрткүл дүние халқы түгел таныды, оның қаһармандық қайсар тұлғасы мен адамзат баласында сирек кездесетін озық ақыл – ойы, қарағайға қарсы біткен бұтақтай алабөтен ірі мінезі естіген жұртты тегіс тәнті етті. Бауыржан Момышұлын өзгелерден даралап тұрған айырықша қасиеті - оның қалам мен қаруды қатар ұстауы, қай кезде де ұлт мүддесін қаймықпай қорғауы. Екінші жағынан алғанда, Бауыржан қазақтың кешегі от тілді, орақ ауызды, әрі ақын, әрі батыр тұлғаларының заңды жалғасы, түйіндей айтсақ, ұлттық рухтың ХХ ғасырдың басындағы айқын көрінісі. «Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде,» - деп жырлар сорлы қазақ мен өлгенде, Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді, Тарихтың түпкірінен сен өлгенде,- деген өлең жолдарынан атамыздың көрегендігін көреміз.

2 жүргізуші: Құрметті осы кештің қонақтары, ұстаздар, оқушылар! Біз бүгін Отанына шын берілген, қайсар жүрек Бауыржан Момышұлының 105 жылдық мерейтойына арналған әдеби кешімізді ашуға рұқсат етіңіздір.

Өмірдерек «Бала Бауыржаннан – батыр Бауыржанға дейін»

C:\Users\а\Desktop\20151224_122246.jpg
1 Назерке: Балалық шағы

Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Мыңбұлақ ауылында туған.

Имаш бабасы 1911 жылы 92 жасында дүниеден өткен. Әкесі Момыш өз бетімен ескіше сауат ашқан, кирил алфавитімен оқуды меңгерген сол кезеңдегі көзі қарақты адамдардың бірі болған. Ел арасында ағаш ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал болатын. Имаш атасы қартайған кезінде барлық шаруашылықты Момыш ұлына табыстаған. Әжесінің есімі - Қызтумас, қартайған шағында ағайын-туыс "сары кемпір" деп атаған. Анасы Рәзия дүниеден ерте өтіп, Бауыржан 3 жасынан бастап Қызтумас әжесінің қолында өседі.

1921 жылы бастауыш мектепті Аса интернатына түседі. 1924 жылдан бастап жеті жылдық мектепті Шымкент қаласында оқиды. Бұл сол өңірдегі 1924 жылы ашылған алғашқы жетіжылдық мектеп болатын. Бауыржанмен бір сыныпта Әбділда Тәжібаев және Құрманбек Сағындықов оқиды. 

2 – Нұрбақыт:Соғыс алдында

1928-1930 жылдары бастауыш мектепте ұстаздық етеді. Біраз уақыт аудандық атқару комитетінің жауапты хатшысы ретінде қызмет атқарады. Аудандық милицияда 6 айдай жұмыс істейді.

1932 - 1934 жылдар аралығында Қызыл Армия қатарына қызмет етеді. 1933 жылы полк мектебін бітіреді.

Атқару комитетіндегі қызметімен көзге түскен Бауыржан Тимофей Дубовиктің қолдауымен Шымкент өнеркәсіп банкінің экономисі болады. Осы қызметте жүрген уақытта 1936 жылы Республикалық банктің меңгерушісі Б.М.Барханның жолдамасымен Ленинградтағы Финанс академиясының жанындағы бір жылдық курсты бітіреді. Біліктілігін бағалаған басшылық оны КСРО өнеркәсіп банкінің республикалық басқармасына аға консультант ретінде тағайындайды.

1936 жылы жаңадан құрылып жатқан бөлімге взвод командирлігіне шақырылады. Бұл кезде рота командирі, полк штабы бастығының көмекшісі болады.

3 Мадина: Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары

1941 жылы Қазақ әскери комиссариатының нұсқаушысы қызметін атқарады. Ұлы Отан соғысына 1941 жылдың қыркүйегінен бастап қатысты. 316 атқыштар дивизиясының жасақталуына белсене атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанады.

1941 жылдың 26 қарашасында маршал Рокоссовский полк командирі етіп тағайындайды.

1941-1945 жылдары Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияның батальон, полк командирі, соғыстың соңғы жылдары аталған дивизияның командирі болады.

1945 жылдың 16 қаңтарында Алматыға келген Бауыржанды ғалымдар соғыс туралы әңгіме-лекция өткізуге шақыртып, кездесу ұйымдастырады. Осы лекцияның стенограммасы кейінірек "Соғыс психологиясы" деген атпен кітап болып басылды. Алғашында тек орыс тілінде жарық көрген бұл еңбек, 2010 жылы Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына орай қазақ тілінде де жарық көрді.

Соғыс кезінде жеке басының қаһармандық ерлігімен және ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен ерекше көзге түседі. Бірнеше рет жау қоршауынан жауынгерлерін аман-есен алып шығады. Мәскеу түбіндегі шайқастағы ерлігі сол кездің өзінде Одақ көлеміне аңыз болып жайылады. Осының негізінде орыстың белгілі жазушысы А.Бек «Волоколамское шоссе» (қазақшасы «Арпалыс») повесін жазды. Бұл шығарма кейін бірнеше тілге аударылады.

4 : Москва үшін шайқас

Москва түбіндегі шайқас Бауыржан Момышұлының өміріндегі ерекше кезең болды. Жас сардар, 1073 атқыштар полкінің батальон командирі, аға лейтенант Бауыржан Момышұлы сарбаздармен қақаған қыста Мәскеу түбінің омбы қарына малтыға жүріп, бес рет қоршауды жарып шығып, жалпы саны 27 рет қол бастап ұрысқа кіріп, соғыс тарихында болмаған тактикалық маневрлер жасап, әскери өнерге жаңалық енгізген. Командир Момышұлы жетік стратег, асқан тактик, психолог еді.

1941 жылдың 16-18 қараша күндері аралығында Вермахтың Мәскеуге екінші дүркін шабуылы кезінде Б.Момышұлы басқарған батальон өз дивизиясынан қашықта Матронино селосының маңында Волоколам тас жолында аса ерлікпен соғысты. Комбаттың дарынды басшылығының арқасында неміс әскері бұл маңда 3 күнге іркіліп қалды. Бұл ерлігінен соң жас комбат өз сарбаздарын қоршаудан соғысқа қабілетті жағдайда алып шықты.

Кеңес әскерлерінің 1942 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы ұрыстарында 8-гвардиялық дивизияның Бауыржан Момышұлы басқарған полк жауынгерлері ерекше көзге түсті. Дивизия екі ай ішінде батысқа қарай 500-600 шақырым алға басып, фашистердің мыңдаған солдаты мен офицерлерін саптан шығарады, жаудың көптеген техникасын жойып жіберді.

Бауыржан Момышұлының қатардағы жауынгерлер жайлы айтқан нақылға бергісіз сөздері халқымыздың есінде. Даңқты қолбасшы солдаттың мінез-құлқын, парасатын, елі үшін шыбын жанын қиятын ерлігін ерекше бағалай білген. Соның арқасында оларды ерлік жеңістерге бастап, жігерлендіріп отырған.

Бауыржан Момышұлы соғыс жылдарында адуынды да қатал әскери басшы болып қана қойған жоқ, сонымен қатар қарамағындағы жауынгерлер мен офицерлердің ақылгөй жетекшісі, зерделі де білгір, байыпты да мейірман тәрбиешісі де бола білді.

Вечная война әні хормен орындалады

И сново солнца закат я вижу перед собой,
И не орёт наш комбат и не зовёт идти в бой.
Я вырезаю ножом на деревянном бруске имя твоё.
Мы с пацанами сидим на рыхлой,чёрной земле,
И вспоминаем друзей павших на этой войне.
И думаем об одном,что у кого то из нас будет пуля в виске.
Припев:
Война - бесконечная стрельба над головой,
И лежит в сырой земле товарищ мой.
Талесман сжимаю крепко я в руке,
Тихо плача при луне.

Пишу тебе я "пойми",что нет мой здесь вины,
Что нет назад мне пути,я сам хотел бы уйти.
И я прошу об одном,о самом дорогом,
Любовь мою сохрани.
Нам предстоит завтра бой, жестокий и роковой,
И будет вновь наша кроовь,проливаться рекой.
А если переживу,то ожидает меня дорогоа домой.
Припев(3 раза):


C:\Users\а\Desktop\сынып.jpg
6 Айдана: Соғыстан кейінгі жылдары

1946-1948 жылдары Ворошилов атындағы әскери академияның тыңдаушысы болады.

1948-1950 жылдары 49-атқыштар бригадысы командирінің орынбасары қызметін атқарады.

1952 жылы Кеңес Армиясы Бас Штабының жанындағы Жоғары әскери академияны тәмамдайды.

1953 жылы академик Ван-Чон-Худың басқаруымен келген Қытай делегациясымен кездеседі.

Соғыстан кейін 1950-1955 жылдары Совет Армиясы әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан cоң, елге оралады.

1982 жылы 10 маусымда 71 жасына қараған шағында Алматыда дүние салады.

1990 жылы Кеңес Одағының Батыры деген атақ берілді.

7 Бибінұр: Бауыржан Момышұлының әдеби шығармашылығы

Шығармалары

8 Сара: Наградалары

Соғыс кезінде

Соғыстан кейін

  • 1970 жылы «Еңбек Қызыл ту» орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен

  • КСРО Президентінің 1990 ж 11 желтоқсандағы жарлығымен Б. Момышұлына 1941-1945 жылдары соғыста неміс-фашист басқыншыларына қарсы күресте асқан ерлігі мен қаһармандығы үшін «Кеңес Одағының Батыр атағы» берілді

2000 жылы «Ғасыр адамы» деп танылды

9 Аружан, Ақмоншақ: Бауыржан Момышұлының аты берілген нысандар

Астана қаласында

Алматы қаласында

Тараз қаласында

45 қазақ классикалық гимназиясына Бауыржан Момышұлының есімі берілген және мектептің алдында Бауыржан Момышұлының бюсті орналастырылған.

Тараз қаласында Бауыржан Момышұлы атындағы Жеңіс саябағы

Шымкент қаласында

1 – жүргізуші: Бекзат Нұрбақыттың орындауындағы қазақ биін қабыл алыңыздар

1 – жүргізуші: Оның аты халықтың жүрегінде,

Оның аты халықтың тілегінде.

Оның аты тарихтың тірегінде,

Оның аты өлмейді бұл өмірде

2 – жүргізуші: Ақындардың батырға арналған арнауларын қабыл алыңыздар





C:\Users\а\Desktop\20151224_124104.jpg



10 оқушы: ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВ

Бауыржан

Бір дауыл сапырды кеп өрт теңізін,

Теңселтіп темір топан дүние жүзін.

Бетіне туған жердің өшпестей ғып,

Ер жазды өз қанымен жүрген ізін.

Нақ сол кез естідім мен ер дүбірін,

Атағы атын алып келді бұрын.

Үстінде туған елдің тұрды толқып,

«Бауыржан Момышұлы» деген бір үн.

Ақынның ақ сұңқардай жүрегі бар,

Алқындым бір көруге болып құмар.

Көктемде күркіреген күн даусын

Жер естіп, желкілдеген гүл ынтызар.

Қан майдан қаталатып, шөлдегенде,

Кез болдым жалтылдаған екі көлге.

Көл емес көздері ғой Бауыржанның,

Елестеп мың көрінер бір көргенге.

 Бойы бар бізден гөрі биігірек,

Тіп-тік боп абыройын тұрған тіреп.

Топ жара көрінсін деп екі иығы,

Туған ел жаратыпты оны ірірек.

 Ойы бар бірде дауыл, бірде жалын,

Теңіздей тебіренткен терең жанын.

Алғандай бойға жиып бар қуатын,

Кешегі өзі кешкен уақиғаның.

 Кейде ол көк семсерлі генералдай,

Кейде ол күй көңілді ақын жандай.

Өмірдің ол шеті мен бұл шетіне

Өресі өрен ойдың тартылғандай.

 Жан ұқпас жұмбақ емес бір жасырын,

Айтады ол тіке қарап жұртқа сырын.

Жаратпас жамап-жасқап жұрт ескісін,

Соғады өз дүкені сөз асылын.

Ойы бар қиялының қанатында,

Адаспас апарып бір салсаң тыңға...

Бір дәурен ойнап-күліп отырғаны,

Жалтылдап екі көзі қарсы алдыңда.

«Батырым - Бауыржаным» дейді халқым,

Алып ұш, ақын жүрек ердің даңқын.

Келешек келе жатыр көремін деп,

Тік басып туған жерде жүрген қалпын.

 Ағамыз атағына асқар тау тең,

Жау келсе – жаубүйректей етер жәукем,

Емендей ерегісер сұрапылмен,

Басымен бұлтты жайпап біздің Баукен!

Әсел

КЕҢШІЛІК МЫРЗАБЕКОВ

Бауыржан Момышұлымен қоштасу

 

Айтшы, халқым,

қайысты ма қабырғаң,

Қалай екен хас батырдан айырылған?

Айтшы, халқым, айтшы, халқым,

жарылшы бір ағыңнан

Батыр туған халықпыз ғой тұлпарлардың жалында,

Батыр туған халықпыз ғой революция – дабылда,

Батыр туған халықпыз ғой отта, суда, дауылда,

От-жалынды майдандар мен бейбіт күннің бабында.

Айтшы, халқым,

Бауыржаның – бауыр етің, батырың ед –

ол қандай,

Орны қандай жүрегіңде,

кейпі қандай келешекке қалғандай?

Келер ғасыр келбетіне, қарар ма екен таңданып,

Мылтық атқан соңғы комбат... аңыз болып қалғандай.

Мылтық атқан соңғы комбат,

Соғыс көрген соңғы солдат,

Аңыз болып қала ма?!

Сол аңыздың бас Батыры – Бауыржандай бауыр етің

бола ма?!

Айтшы, халқым,

енді соғыс болмайтыны рас қой,

Енді рас қой – атыспаймыз окоптар мен обада,

Енді рас қой,

Бауыржан да екінші рет тумасы,

Әлден аңыз... Бауыржанның тумысы мен тұлғасы.

Музей мүлкі күні ертең-ақ –

Бауыржанның қылыш салған қынабы

Ертең елес – Волоколам тас жолы мен Жуалының

жылғасы

Соғыс – шындық,

Жеңіс – шындық,

Ерлік – шындық, ендеше,

Ерлік жасау мүмкін емес Ер еліне сенбесе.

Айтшы, халқым, күні ертең-ақ келер ұрпақ сағынбай ма

Баукеңді

Шындық – ерлік, Ерлік – шындық шөліркетсе, шөлдесе.



11 – оқушы: Мұқағали Мақатаев (Бауыржан Момышұлына)

Аға,

Саған, білмеймін не айтарымды,

Қай қырыңнан білмеймін байқарымды.

Көңілдегі ой көмейге кептелді де,

Түрмесіне кеудемнің қайтарылды.

Қайтерімді, білмеймін не айтарымды.

Жасқануды білмеуші ем, жалтаруды,

Heгe көңіл, білмеймін, ақтарылды?!

Ақ тұлпарым бар еді саған деген

Алып ұшпай ол неге аңтарылды

Сен зәру емессің ғой құрметке,

Сырлы аяқтың сыны бар, сыры кеткен...!

Тонға емес, орамал жолға жарап,

Сый тартуды атамыз ырым еткен

Тартар сыйым өзіңе болмағасын,

Белгілі ғой қасыңа жоламасым.

Ақ сұңқарым бар еді, ұшпай қойды,

Алсам-дағы басынан томағасын.

Қылышымды суырып қынабынан,

Қыл қапқан жүзін көріп, жыладым-ау...

Жетімдердің кегі мен жесірлердің

Суарып ем суалған бұлағына.

Қайрап едім зауалдың шарығына,

Қақтап едім қан майдан жалынына.

Қынабына оны да жасырдым мен,

Керек болып жүрер деп халығыма.

Қынабына caп қойдым үмітпенен,

Оның несін жасырам бүгіп сенен.

Саған, аға, сақталған бір сый бар-ау,

Назарына ешкімнің ілікпеген.

Алтын да, алмас та емес жалтылдаған,

Бір сый бар, аға, саған, тартылмаған!

Ұрпақтар аңыз етіп айта жүрер,

Сыйдан да он есе артық даңқың маған.

Ешкімнің назарына ілікпеген,

Саған бір сый тартам деп үміттенем.

Жүрегімнің тапсырған аманатын

Бере алмай кетем бе деп күдіктенем.

Қандай сый тартсам екен, аға саған,

(Білмеймін, жараспай ма, жараса ма?

Ешбір сый таба алмасам, аға, саған

Аппақ тонын - атамның тәбәрігін,

Жүзге кел деп арқаңа жаба салам.
Камшат

ҚУАНДЫҚ ШОЛАҚ

Найзағайы намыстың

 

Қарау қоғам көзі барда бағасын,

Бермегесін қалай тапсын жарасым?

Тірлігінде теперішті көп көрген

Жолбарыс ең жалап өткен жарасын.

 

Көкірегіңе салып қойған азалы ой,

Алалаған алақолдың азабы-ай!

Содан болар арыстандай ашулы,

Жанарыңнан жарқылдайтын нажағай.

 

Іштарлықпен жалалы ойды жақтаған,

Табаныңмен бастырғаны-ай шоқ қоғам.

Шығыстағы шырағы едің шындықтың,

Тура айтып туғанына жақпаған.

 

Әр көңілге орнағандай жарық күн,

Күйін кешкен қысқа қолды ғаріптің.

Онсыздағы батыры едің Бауыржан,

Қазақ деген кең жүректі халықтың.

 

Құлай сүйген жусан иіс даласын,

Сүйіп өткен Отан атты Анасын.

Намысымның найзағайы секілді,

Даралардың ішіндегі дарасың.

 

Ел арманы, ел мұңымен ауырған,

Жаралған жан бұрқ-сарқ еткен дауылдан.

Қадіріңнің артықтығы сол шығар,

Жүз қазақтың бес алтауы Бауыржан.


Есбол МҰХТАР ШАХАНОВ

Жеңіліп тұрып жеңілмеу немесе

Бауыржан Момышұлының кешірім сұрауы

 Мен ол кезде әр адымын еркін, батыл басатын,

Айтқанынан қайтпайтұғын, едім қайсар жас ақын.

Өз негізін алған адам сияқтанған дауылдан,

Бірде маған хабарласты Момышұлы  Бауыржан.

Сәні кеткен туған тілде таусылғандай ой кені,

Біраз уақыт телефонда ол тек орысша сөйледі.

Кешіріңіз, – дедім оған – ұлтсыз қазақ парықсыз,

Мені орыс адамымен шатастырып алыпсыз?

Жо-жоқ – деді ол, – үнің сенің неге ызғарлы, неге тоң,

Мен жас ақын Шахановқа соғып тұрмын телефон!

Ал, Шаханов сізше қалай, айналған ба, орысқа,

Әлде орыс тілділермен түскен жан ба жарысқа? –

Дедім тағы қызынып,

Қазақтың нар перзентіне көңілім күрт бұзылып. –

Сіз әрқашан елімізде ұлттық мүдде дегенде,

Дара тұлға болатынсыз шығар дара кемерге.

Жан емессіз пайымсыздық жеңе алатын ақылын,

Сондықтан да мұныңызды түсінбедім, батырым.

Сөзіңіз бен ісіңіздің арасы –

Бүгін неге екі жарым шақырым? –

Деп телефон трубкасын ызбарлана тастадым.

Уақыт өтпей қас-қағым,

Менің қайсар мінезіме үндемей бас шайқаған,

Телефоным шылдырады қайтадан.

 – Кешір, Мұхтар, – деді Баукең – иттігіме дес берме,

Қаншама жыл тек орысша сөз құрадық әскерде.

Билікте де орыс рухты адамдардан күш көру,

Оларменен араласу, рухсыздыққа тістену,

Тек сол тілде әлгілерден ойлы, ойсыз іс көру,

Орысша ойлап, әр түн сайын тек орысша түс көру,

Біз сорлыны алып келді нақ осындай жағдайға,

Ұлтсызданған қызмет те ұлт намысын қорлайды ә?

Бір сәт дұрыс ашпағанға ұлттық мүдде есігін,

Беделімді бес тиын ғып, сұрап тұрмын кешірім.

Кешір мені, айналайын, енді мүлде өзгерем,

Қазақпенен тек қазақша сөйлесуге сөз берем!

Айтты – бітті, еш күш оған бола алмайтын бөгесін,

Қазақтың өр ұлы адамы орындады өз уәдесін!

Бұл күндері бой көтеріп кейбір өлке, қаладан,

Рухсызға найза іспетті атылып,

Жұртты сана биігіне шақырып,

Ескерткіш боп шырқау көктен қол бұлғап тұр сол адам...


1-жүргізуші: Иә, ұлы тұлғаның да осал тұсы болады.

Қателігін, бірақ, батыл мойындау,

Қателігін қатал шындық биігінде пайымдау,

Сол тұлғаның қайталанбас жеңісі боп қалады.


2-жүргізуші: Қазақ халқында мынадай сөз бар: «Ғалымның аты өлсе де, хаты өлмейді»- дегендей, батырдың ерлік туралы айтқан қанатты сөздері де, ел аузында сақталып жүр.


13 – оқушы: Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері

Опасызда Отан жоқ, Отанда опасызға орын жоқ

Отанды сүю қорғауға дайын болу әрбір жастың борышы

 

Тәртіпке бас иген құл болмайды! Тәртіпсіз ел болмас



Отаның үшін отқа түс күймейсің.

 


Ептілік пен ерлік - Ерге тән қасиет.

 


Тәрбиелі – тәртіптің құлы, Тәртіпті - елдің құлы.

Айқаймен ала алмайсың, ақылмен айламен алғын


Тәртіп тән үшін, ынтымақ жан үшін


Намысты арлы адамдық тәрбие беру үлкен маңызды нәрсе

Азамат жолы – ар жолы


1 жүргізуші: Қыздардың орындауындағы «Катюша» биін тамашалаңыздар

1 жүргізуші: Кешегі неміс-фашист басқыншыларымен болған қырғын соғыстағы жеңіс оңайлықпен келмеді. Талай ардақты азамат елі, жері үшін жанын қиды. Соның бірі, бірі емес бірегейі – қазақтың Бауыржан батыры. Бауыржан Момышұлы деген есімді естігенде ең бірінші патриот, еліне адал адамның бейнесін елестетесің. Батыр атамыз соғыстан оралғаннан кейін батырдың қаруын қаламға айыбастағанын білеміз. Ол майданда бір ерлік етсе, сөз майданында екінші ерлік көрсете білді.


2-жүргізуші:

Жаралғандай жасынан,

Жайсаң батыр Бауыржан

Естігенде есімін

Жау есінен жаңылған

Бұзып жарып  қоршауда

Жолсыз жерден жол салды

Достары түгел ерлігін

Қасы да естіп тамсанды

«Бауыржан Момышұлының өз даусымен видеосы» 2 мин

1 – жүргізуші:

Қазағымның қайталанбас арысы

Кеудесінде керемет күш, намысы,

Алыс кеткен атағы мен дабысы.

Бауыржандай батыр ұлдар мақтаныш,

Қазағымның қайталанбас арысы.

2 –жүргізуші:

Ағалар саптан шықпасын,              

Аналар қабақ шытпасын,       

Бақытқа жетіп бар адам, 

Сәбилер тыныш ұйықтасын,- дей отырып «Бауыржан» әнімен кешімізді аяқтаймыз








C:\Users\а\Desktop\IMG-20160111-WA0001.jpg




C:\Users\а\Desktop\IMG-20160111-WA0002.jpg

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық тәрбие сағаты "Қазақтың дара тұлғасы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инструктор по туризму

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 076 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.03.2016 2494
    • DOCX 4.8 мбайт
    • 30 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бердишева Улжалгас Тогаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бердишева Улжалгас Тогаевна
    Бердишева Улжалгас Тогаевна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 103081
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 83 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 247 человек

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 783 человека из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 842 человека

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Мини-курс

Основы игровой деятельности дошкольников: роль игр в развитии детей

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

От Зейгарника до Личко: путь к пониманию человеческой психологии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 15 регионов

Мини-курс

Эффективная работа с Wildberries: от создания личного кабинета до выбора продукта

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 19 регионов