Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Конспекты / Ашық тәрбие сағаты 5 "Б" сынып. Тақырыбы: "Өнегелі отбасы – Отанымыздың тірегі!"

Ашық тәрбие сағаты 5 "Б" сынып. Тақырыбы: "Өнегелі отбасы – Отанымыздың тірегі!"

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy


СВИДЕТЕЛЬСТВО СРАЗУ ПОСЛЕ ПРОСМОТРА ВЕБИНАРА

Вебинар «Подростковая лень: причины, способы борьбы»

Просмотр и заказ свидетельств доступен только до 22 января! На свидетельстве будет указано 2 академических часа и данные о наличии образовательной лицензии у организатора, что поможет Вам качественно пополнить собственное портфолио для аттестации.

Получить свидетельство за вебинар - https://infourok.ru/webinar/65.html

  • Технология

Поделитесь материалом с коллегами:

15.12.2014жыл.

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Өнегелі отбасы – Отанымыздың тірегі!»

Мақсаты:

  • Ата- аналармен бірлесе отырып, жас ұрпақты еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Аға ұрпақтың ізімен жүретін намысшыл, ер мінезді, жігерлі тұлғаны дамыту.

  • Қазақстан елі бойынша жинақтаған білімдерін, танымдық қабілеттерін арттыру. Сайыскерлердің ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге қалыптастыру.

  • Ғылым мен техниканың жетістіктерін игерген, бәсекеге барынша қабілетті, сауатты, егеменді елдің жастарын тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Н.Ә. Назарбаевтың портреті, слайдтар

І бөлім. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе».

1 – жүргізуші: Мырзаш Әбілхайыр

  • Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата – аналар мен оқушылар!

«Отан отбасынан басталады» - деп халқымыз айтқандай, Отан мен отбасы кең мағыналы, қасиетті ұғымдар. Әрбір адамның отбасы тұрған мекені, өскен ортасы, аймағы, мемлекеті – оның жарық дүниедегі жан саясы, өмір өрісі, оттай жандырған Отаны. Бүгін Қазақстан халқының үлкен мерекесі, қазағымыз Егеменді ел атанып, тіліміз мемлекеттік мәртебе алып, ұлттық мәдениетіміз, салт дәстүріміз қайта оралып, өз алдымызға ел болған – Қазақстанның Тәуелсіздік мейрамы құтты болсын!

2 – жүргізуші: Жаңбырбай Аружан

Атыңнан айналайын, егеменді ел,

Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.

Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы келе берер! – деп, барлығыңызды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып, ашық аспан, жүздеріңізге күлкі, құшақтарыңызға зор қуаныш тілеймін.

1 – жүргізуші: Мырзаш Әбілхайыр

  • Сідермен бас қосып, пікір алысудағы мақсатымыз отбасындағы бала тәрбиесін дұрыс жолға қою, патриоттық сезімдерін ояту. Сонымен қатар ата – аналардың бала тәрбиесіндегі шешуі табылмай жүрген мәселелер болса, ойымызды ортаға салайық деп отырмыз.

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.

2 – жүргізуші: Жаңбырбай Аружан

Сонымен, бүгінгі ата – аналар мен бала бірлескен «Өнегелі отбасы – Отанымыздың тірегі!» атты кешімізге қош келдіңіздер.

Жақсыдан жаман туады,

Бір аяқ асқа алғысыз.

Жаманнан жақсы туады,

Адам айтса нанғысыз.

1 – жүргізуші: Мырзаш Әбілхайыр

Отбасы – азамат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы – ата-ана. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Бала қыран болу үшін, оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек» - деп, отбасылық тәрбиеге ерекше тоқтаған. Әр отбасында ата- ананың орны бөлек. Бала әкеден – ақыл, анадан – мейірім алады. Әке – отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі деп білесің, ана отбасының ұйытқысы, жылуы, шуағы. Жақсы ана отбасына береке әкеліп, жанұясын бақытқа бөлейді.

2 – жүргізуші: Жаңбырбай Аружан

Бүгінгі жиналысымызда ата-аналар мен оқушылардан топтасқан топтар өз білімдері мен ойларын ортаға салады.

1 – жүргізуші: Мырзаш Әбілхайыр

Кештің ашылу құрметіне «Әкем» әні орындалады.

Ендеше сайысымызды бастайық:

І кезең. Балаңызға үлгі болатындай өз бойыңыздағы жақсы бір қасиетіңізді айтып берсеңіз? (әр ата-ана өзінің бір жақсы қасиетін айтады.)

ІІ кезең. «Ассоциация».

  • Сіздер әр отбасыларыңыздың ұйытқысысыздар. Өнегелі отбасы дегенді қалай түсінесіз? (төрт топқа бірдей)

Әр топ «Өнегелі отбасы» қандай болуы керек екендігі туралы өз ойларын ортаға салып, оны бір мүшесі қорғайды.

ІІІ кезең. «Ой толғау»

Ата-аналар балалары туралы, ал балалар ата-аналары туралы ой толғау жазады. Содан кейін қарама–қарсы оқиды.

ІҮ кезең. Жағдаяттар: «Бәрі біздің қолымызда».

  1. Сіз балаңызға дүкенге барып келуін өтінесіз. Ол: «Ән тыңдап отырмын»,- деп барудан бас тартады. Не істер едіңіз?

  2. «Ура, мама, мен «бес» алдым!». Мұғалім бізге не айтқанын білесің бе?- деп, бірінші сыныптың оқушысы өзінің алғашқы жетістіктері жайында қуанышы қойнына сыймай анасына айтып жатыр. Бірақ жылдар өте береді, біз «Ура, мама, мен «бес» алдым!» деген қуанышты сөздерді барған сайын сирек естиміз. Сыныптан сыныпқа көшкен сайын үлгерімнің кеми беретіні неліктен деп ойлайсыз?

  3. Балаңыз жақсы оқиды. Тәртібі де жақсы. Бірде сынып жетекшісі үйге телефон соқты. «Бүгін балаңыз сабаққа келмеді. Бұдан бұрын да бірнеше рет келмей қалған»- деді. Сіздің оны мектепке жібермей қалған күніңіз болған жоқ. Енді не істейсіз?

  4. Балаңыз жақсы оқиды. Тәртіпті, сыпайы болып өсіп келеді. Жаңа үй сатып алуыңызға байланысты оны басқа мектепке ауыстырдыңыз. Сабаққа белсенділігі төмендеген сияқты. Бұрынғыдай емес, ашуланшақ. Бірнеше рет сұрағаныңызбен еш нәрсе айта қоймады. Енді не істейсіз?

Отбасы

Отбасының берекесі.

Ажимухан Тұрар: Отбасы ер мен әйелдің бір – бірімен келісімі арқылы құрылады. Олар тең құқықтылық негізінде, бір – бірін сүйіп некелеседі. Отбасында балалар пайда болады. Оларды ата – ана өсіріп тәрбиелейді. Оған әжелер мен аталар көмектеседі. Олар бала тәрбиелеу жөнінен кеңес береді, немерелерін күтіп – бағады.

Алшынбай Анель: Ата – ана отбасын не қажеттің бәрімен қамтамасыз етеді, сүйіспеншілікке және бірін – бірі құрметтеуге жағдай жасайды. Қазақ отбасында үлкенді сыйлау, құрметтеу және бірін – бірі құрметтеуге жағдай жасайды. Қазақ отбасында үлкенді сыйлау, құрметтеу және кішіге қамқорлық, Отанды шексіз сүю дәстүрі сақталған.

Аширов Алиакбар: Үлкендер – кішілердің ақылшысы. Ата – ана балаларына: «Жаман істен, жағымсыз сөзден аулақ бол», «Егіннің соры - арамшөп, жігіттің соры – жалқаулық», - деп үйретеді.

Төлешова Гүлназ: Кішілер – ата-ананың, аталар мен әжелердің және басқа туыстардың жәрдемшісі. Отбасының әр мүшесі өз міндетін, өз ісін атқарады. Отбасындағы бірін – бірі құрметтеу және бірін – бірі жақсы көру көптеген қиын мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Сапаров Қанат: Отбасы – біздің мемлекетіміздің, халқымыздың бір бөлігі. Отбасына қамқорлық – мемлекеттің басты мақсаттарының бірі. Қазақстан Республикасы Конститутциясының 27-бабында: «Неке мен отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында болады», - деп көрсетілген. Бұл – «мемлекет ата-аналарға балаларды өсіруге және тәрбиелеуге жәрдемдеседі» деген сөз.

Жолдас Дінмухамед: Сәби дүниеге келгенде ата-аналарға әр бала үшін жәрдем ақша төленеді. Ол ақшаға қажетті заттар, азық-түлік сатып алынады. Бала есейе бастағанда, оны балабақшаға беруге болады, ал мектеп жасына келгенде ол мектепке барады. Мектепті бітіргеннен кейін колледжге немесе университетке түсіп, мамандық алады. Мұның бәрі мемлекет тарапынан қарастырылған.

Алшынбай Анель: «Моя семья»

Бердалы Иманғали: «Мен бақытты отбасымын»

ІІ бөлім. Тәуелсіз елім – тірегім!

Мырзаш Мерей:

Тәуелсіздік – қасиетті ұғым. Ғасырлар бойы ата – бабамыз армандап, аңсап Тәуелсіздік үшін күрескен қазақ халқының тілегі орындалып, 1991жыл16 желтоқсан заңды түрде Тәуелсіздік күні болып тарихқа енді.

Абдукаримов Диясбек:

Тәуелсіздік жолында талай жандар құрбан болып, елім деп еңіреп өткені белгілі. Талай қиын – қыстау кезеңді, қуғын-сүргінді ата-бабаларымыз басынан кешті. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың сөзі: «Біз Қазақстанның тәуелсіздігінің оңайлықпен келмегенін біліп, оны қадірлеуіміз керек. Әрбір Қазақстанның азаматы мақтанышпен Елтаңбаны, Әнұранды, Туды көтеруі керек. Әрбір азамат өз Отаны үшін еңбек етуге, жанын қиюға міндетті.»

Мырзаш Мерей:

Еуразияның қақ ортасында орналасып, талай халықтың көнедегі және қазіргі кездегі тарихына куә болған, тарихы солармен тағдырлас Қазақ даласы, Қазақ жері, Қазақ ұлты қандай қиыншылықтарды бастан өткізбеді десеңші. Бір сәт өткен өмірге шолу жасайық.

Скендирова Мерей:

Қуан, халқым! Қуанатын күн бүгін,

Серпіп таста мұңды жүрек түндігін.

Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық,

Тәуелсіздік күнін бірге тойлайық.

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Асау аттай өз тізгінін бермеді.

Қазағымның алтын басын иілтіп,

Талай дұшпан төрімізге төрледі.

Біз жәй жүзген «Қазақ» атты кеме едік,

Бірақ дұшпан басқа шықты-ау демедік.

Тәңір салған тағдырына бас иіп,

Неше ғасыр бодан болған ел едік.

Ажимухан Тұрар:

Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,

Тарихы оның тым әріден басталған.

Бодандықтан құтқарам деп елімді,

Талай боздақ қара жерді жастанған.

Теңдік еді қазағымның арманы,

Кең далаға әділ іздеп барғаны.

Өз ұлтының болашағы қамы үшін,

Жазық па екен шындықты айтып салғаны.

Құрбаналиев Бақдаулет:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көгілдір түсті. Онда алтын күн бейнесі, шарықтай ұшқан дала қыраны және ұлттық ою – өрнек нақышталған тік жолақ бар. Тудың көгілдір түсі – бұлтсыз ашық аспан, бейбітшілік белгісі. Күннің нұр шұғыласы – байлық пен берекенің, тыныштық пен жылылықтың белгісі. Қыран бүркіт – Тәуелсіздік белгісі. Өрнек – салт дәстүріміздің белгісі.Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбеков.

Абдурахманова Сабина:

Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бастысы – шаңырақ. Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі. Ол күн бейнесін, ал уықтар одан тарап жатқан алтын сәулелері. Қазақта «Ат – адамның қанаты» деген мақал бар. Елтаңбадағы тұлпар бейнесі дала пырағы, оның шапшаңдығы ер жігітті тәуелсіздікке жетелейді. Бес бұрышты жұлдызы – әр адамның өміріне беретін өз жұлдызы сияқты. Күн мен айды, жұлдызды кие тұтатын халқымыз «Жұлдызың жарқырай берсін» деген асыл арманын айтып тұрғандай.

Анарбаев Пердехан: Н.Ә.Назарбаев – тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті. Республика өз тәуелсіздігін жариялағанна кейін мемлекет басшысын сайлауы заңдылық. Осы мақсатпен 1991 жылғы 1желтоқсанда бүкілхалықтық Президент сайлауы өткізіліп, халықтың бірауыздан қолдауымен Н.Ә.Назарбаев Президент болып сайланды.

Н.Ә.Назарбаев қазіргі Алматы облысының Қаскелең ауданына қарасты Шамалған ауылында 1940 жылы дүниеге келген. Ол өзінің еңбек жолын Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы «Қазметаллургстрой» тресінде қарапайым жұмысшыдан бастап, Президенттікке дейін көтерілді.

Алияров Нұрсұлтан:

Тәуелсіз – Қазақстаным

Туыңды биік ұстадың,

Көтерді халқың уақыттың қатал қыспағын.

Көшіңді бастап бақытты болашағыңа,

Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстаным!

Алтеева Перизат:

Тәуелсіздік – тәтті ұғым, қандай ғажап!

Халқымның орындалды басты арманы.

Туған тілдің мәртебесін тасқа қашап,

Күмбез көкте желбірейді көк байрағы.

Усербаев Саят:

Көк байрақ иілмесін, жығылмасын,

Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын.

Тұрғанда көкшіл Туың көкті тіреп,

Қазағым, сен қашанда тұғырдасың!

Жақсылықов Жанатбек:

Ең бірінші бақытым – Халқым менің

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса мен бармын қор болмаймын

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Пернебек Айгерім:

Ал екінші бақытым – тілім менің

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей – кейде дүниеден түңілсемде,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Қорғанбеков Алібек:

Бақытым бар үшінші – Отан деген

«Кім мықты?» десе біреу Отан дер ем.

Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай-ақ кел дағы от ал менен!

«Мен елімді сүйемін» сахалық көрініс.

Қатысушылар: Әбіш Ақбота, Нураков Әбілхайыр, Темиралиев Нұрқожа, Аширов Алиакбар

Әбіш Ақбота: Туған ел, туған жер деген сөздер жүрекке жылы әсер етеді. Туған елін, өскен жерін сүю – әрбәр ұрпақтың парызы. Сондықтан да әрбір адам туып өскен жерін аялайды, қастерлейді, қорғайды, мақтан тұтады. Өйткені, Отан – алтын бесігіміз, ата-анамыз!

Нураков Әбілхайыр:

«Сағынған ер елін аңсайды,

Сарыала қаз көлін аңсайды» демекші ауылыма жеттім-ау!

Темиралиев Нұрқожа:

«Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас» деп бекер айтылмаған ғой, құрдас.

Аширов Алиакбар:

«Ел іші – алтын бесік» - ауылдан алыстап қайда барамыз.

«Пәлен жерде пайда бар,

Өз жеріңдей қайда бар» - кіндік қанымыз тамған жер қашанда ыстық қой!

Нураков Әбілхайыр:

«Туған жердің жуасы да тәтті» ғой шіркін!

Темиралиев Нұрқожа:

Айтпа құрдас! «Әркімнің өз жері жұмақ».

Аширов Алиакбар:

«Туған жердің жері де көрікті,

Елі де сүйікті» деген рас-ау

Әбіш Ақбота:

«Әркімнің өз жері – алтын бесік» екенін ұмытпайық.

Анарбаев Пердехан: Жаса Қазақстан!

Мырзаш Абілхайыр, Жаңбырбай Аружан:

Туған жерді сүю – парыз

Сүю үшін білу – парыз

Қасиетін ұғу – парыз

Күзетіне тұру – парыз Жасасын халқым! Тәуелсіздік тұғыры биік, мәртебең асқақ, бақытың мәңгілік болсын!









Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Краткое описание документа:

Мақсаты:

  • -Ата- аналармен бірлесе отырып, жас ұрпақты еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Аға ұрпақтың ізімен жүретін намысшыл, ер мінезді, жігерлі тұлғаны дамыту.
  • -Қазақстан елі бойынша жинақтаған білімдерін, танымдық қабілеттерін арттыру. Сайыскерлердің ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге қалыптастыру.
  • -Ғылым мен техниканың жетістіктерін игерген, бәсекеге барынша қабілетті, сауатты, егеменді елдің жастарын тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Н.Ә. Назарбаевтың портреті, слайдтар

Автор
Дата добавления 12.05.2015
Раздел Технология
Подраздел Конспекты
Просмотров1080
Номер материала 275758
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх