Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыАшық тәрбие сағаты "Бабадан бізге не қалған?"

Ашық тәрбие сағаты "Бабадан бізге не қалған?"

Скачать материал

                                                 Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы:Бабадан бізге не қалған?

Мақсаты:Ананың ақ сүтімен,әже өнегесімен,ата ақылымен даритын өзіндік ұлттық қасиетімізді,

                   халқымыздың тәлім-тәрбиесін балалардың бойына қалыптастыру.Оқушыларды ана     

                   тілін сүюге,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға,бабалардан қалған ұлағатты

                   сөздерді түсініп,солардан үлгі алуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Қанатты сөздер,ұлттық киім үлгілері.

                                              Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру бөлімі

2.Кіріспе сөз:

Мүғалім сөзі:

    Бүгінгі«Бабадан бізге не қалған?» атты тәрбие сағатында ата-бабамыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып,кейінгі ұрпаққа жеткен мұрасымен тереңірек танысамыз.Атамыз қазақ бір ауыз сөзбен қуантып,бір ауыз сөзбен жауын орнынан тұрғызбай тастаған шешен,қайсар,кеңпейіл,дархан халық болған.

               Ізетіңді ине етіп,

                Иманыңды түйме етіп,

                Инабатты күйме етіп,

         Жүрші балам жамандықты күйретіп,-дегендей балаларымыз бабамыздыңжақсы дәстүрін бойларына сіңіріп,жалғастырып,жамандықтан аулақ жаны таза,елжанды ұрпақ болсын.

     1-кезең:Шешендік сөз нәрі.

     2-кезең:Салт-дәстүр нәрі.

     3-кезең:Сөздің көркі-мақал.

     4-кезең:Ескірмейтін есті сөз.

Балғын:Мен қазақпын,биікпін,байтақ елмін,           

                Қайта тудым,өміргн қайта келдім.

                Мен мың да бір тірілдім,мәңгі өлмеске,

                Айта бергім келеді,айта бергім.

Камшат:Ата-бабам ардақты,

                Жамандаққа бармапты

                Ардақ тұтып үлкенді,

              Ата жолын жалғапты.

Айбек: Тілім бар да қазағым бар,халқым бар,

              Дәстүрім бар,ата жолы,салтым бар.

              Кең даладай,жиналмаған шалғайы,

              Аңқау,ашық мінезім бар аңқылдақ.

Арман:Кең даланың ежелгі,

               Қазақ деген халқымыз,

               Өзге ұлттай біздің де,

               Бар дәстүрмен салтымыз.

Арайлым:Көк байрағым,ар-намысым,жігерім,

                    Ән ұраным-қайрат күшім,тірегім,

                    Елтаңбамда бүкіл елдің тарихы,

                   Тұрмыс-салтым,тағы содан білемін.

-Балалар!Бабамыздан бізге не калған?

Хормен:Шешендік сөз нәрі

                Салт-дәстүр нәрі

               Мереке сәні

               Ескірмейтін есті сөз

               Дастарқанның дәмі

Мерейжан:Жаңарғаны сананың

                      Ұмытады мұны кім

                     Ата-бабам дәстүрін,

                     Жайып салар келді күн.

1-бөлім: Шешендік сөз нәрі.

        Қазақ халқының атақты шешендерін атай аласыздар ма?

(Қазыбек би,Төле би,Сырым шешен,Бала би)

Әдебиеттен оқыған қандай шешендік сөздерді білеміз

Қазыбек бидің елшілігі,Әйтеке бидің шешендігі.

Төле бидің шешенлігі,Әйтеке бидің сыншылығы.

Ортаға Төле би,Қазыбек би,Әйтеке билерді шақырайық.

Төле би:-Ал,балаларым,менің ұрпақтарым,сендғрді ата-бабамыздың шешендік сөздерін көп

                 біледі дейді.Мектептеріңде дарынды балалар көп екен.Жарайсыңдар!Енді мен сендерге

                 сұрақтар қойып көрейін.Бір,екі,үш,төрт.

Мағжан:Мен айтайын,ата рұқсат етіңіз,

                 Бір дегенім,бірлігі кеткен ел жаман,

                 Екі дегенім,егесіп өткен ер жаман

                 Үш дегенім,үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман

                 Төрт дегеніміз-төсектен безген жас жаман.

Қазыбек би:Жарайсыңдар!Ал енді мен сендерге бір сұрақ қойайын.

Не қымбат

Амандақ:Алтын ұяң-Отан қымбат

                  Құт берекең-атаң қымбат

                  Аймалайтын анаң қымбат

                  Мейірімді апаң қымбат,

                  Кіндік кескен жерің қымбат

                  Ұят пенен ар қымбат.

Әйтеке би:7саны сөйлейді.Қазақ халқында 7 саны ерекше сан болып есептеледі.Ендеше  7саны

              Туралы мақал-мәтел,сөз тіркестері туралы не білетінімізді ортаға салайық.

Назира:  Жеті жоқ.

1.Жерде өлшеуіш жоқ.

2.Аспанда тіреуіш жоқ.

3.Таста тамыр жоқ.

4.Таспақада талақ жоқ.

5.Аллада бауыр жоқ.

6.Аққуда сүт жоқ.

7.Жылқыда өт жоқ.

Жансая:   Жеті ата.

1.Ата

2.Бала

3.Немере

4.Шөбере

5.Шөпшек

6.Немене

7.Туажат

Камшат:      Жеті жұт.

1.Құрғақшылық

2.Жұт

3.Оба

4.Соғыс

5.Топан су

6.Зілзала

7.Өрт

Айбек:       Жеті қазына.

1.Ер  жігіт

2.Сұлу әйел

3.Берен мылтық

4.Алғыр тазы

5.Қыран бүркіт

6.Ақыл,білім

7.Жүйрік ат

Көрініс:Жігіт пен қарт

Қарт:-Ата сөз кімге керек

Жігіт:-Ата,аталы сөз ақындарға керек.

Қарт:-Жоқ балам,аталы сөз бәріне керек.Есіңде болсын,ақылдыға аталы сөз дана болу үшін керек,жақсыға-ақылды болу үшін керек.Берекелі сөз бесіктіге балаға да әсер етеді.Өмірде аталы сөзді тауып айту қиын.Аталы сөз ақылдыдан шығады.Есекті ақырған даусынан таниды,ақымақты айқайынан таниды.Ақымаққа ақыл айтсаң мазақ қылады,ақылдыны мазақ қылсың жалтақ болады.Аталы сөз өсетін жасқа өнерлі жанға керек.Өнер талантты өсіреді,өсек талантты өшіреді.Өнерлі өсекке ермейді,өсиетті сөзге күлмейді.Өмірде аталы сөз бәріне керек.Ата ақиқатты айтады,әке адалдықты айтады,ана жақсылықты айтады.

Назерке:Ата салты ардақты,

                 Әрбір сөзі салмақты

                Сол сөздерді ұқпасаң

                Тістерсің бір күн бармақты.

Би:

2-бөлім:Салт-дәстүр нәрі.

Көрініс: «Жарасып тұр дәстүрім».

Қаныш:-Сүйінші,сүйінші!Ауылдан әжем келді!

Қанат:-Сүйінші сұрау шын қуангандықтың белгісі.Қатты куанып тұр екенсің.Мә,сыйыңда ала ғой.

Мерейжан:-Ғани,артыңа жасырып тұрған не нәрсе?

Ғани:-Байғазы берсең көрсетем.

Мерейжан:Байғазы балардың жаңа киімі үшін берілетін сыйы.Байғазы сұрағанның артықшылығы жоқ.Міне,саған жаңа асығымды берейін,көрсетші.

Ғани:(Басына тақиясын киіп)Міне,әжем  тігіп әкелген тақия.Ал,атам маған кішкентай қошақан сыйлады.Қозымды көргілерің келсе,көрімдігін дайындаңдар.Байғазы жансыз дүниеге,ал көрімдік жандыға беріледі.

Арман:-Амандық,сен білесің бе?Менің ағам Түркияға қыдырып кетті.

Амандық:-Онда сенің әжең тоқымқағар жасайды екен ғой!

Арман:-ол не?

Амандық:-Жас жігіт алғаш рет жолға шыққанда жасалатын бас қосу,мал сойылып,ойын-сауық,өлең-жыр айтылады.

Арман:-Егер ағам маған сыйлық әкелсе,ең жақсысын саған беремін,сен менің нағыз досымсың ғой.

Амандық:-Алыс сапарға,сауда жолына шыққан адамдар туыстарына,балаларға ірілі ұсақты сыйлықтар әкеледі.Оны «базарлық»деп атайды.Бұл жақсы көрудің,сыйластықтың белгісі.

Назерке:-Жандәулет,бағанадан үндемей тұрған мына досың кім?

Жандәулет:-Бұл-Болат.Жақында көшіп келген көршіміз.

Назерке:-Басқа жақтан көшіп келген көршілерге тұрғындар «ерулік»береді деген әжем.Ендеше,сені бәріміз қонаққа шақырады кекнбіз.

Болат:-Ал,менің әжем көрші үлкендерге деп «сыбаға» даярлап жатыр.

Мұғалім сөзі:Бабаларымыз сәнді киіне де білген:жаулық,кимешек киген әжелер,сәукеле,әсем сәнді киім киген қыз балалар,тон мен тымақ,бөрік,қалпақ киген ұл балалар ортаға шығады.

Ән:Қазақтың салт-дәстүрлері

3-бөлім:Сөздің көркі-мақал.

   Мақал-мәтел,аталы сөздерінің пайда болу  тарихын,қай кезде тұңғыш рет кім айтқанын білу қиын.Дегенмен,кейбір мақал-мәтелдердің шығу тарихы туралы аңыздар аз емес.Демек,мақал-мәтел,осындай сөздердің адам баласы өміріне араласпайтын саласы жоқ дегеніміз дұрыс.

    «Бір таныстыққа қырық күн сәлем» дегендей,біз осы қай жерде тұрамыз?

    «Мектеп-ғылым патшасы» емес пе,біз тәлімді тәрбие ордасы-қасиетті мектепте тұрамыз.Оку-білім бұлағы,білім-өмір шырағы»деген,бұл мектеп талай бүлдіршіндерді білім нәрімен сусындатып,азамат қатарына қосып келеді.

    «Жас келсе,іске» демекші,бұл мектеп ұстаздарының  дені  жастар.Ұстазы жақсының ұстамы жақсы деген гой.

   «Біз мақал-мәтел сайысында»тұрған жоқпыз ба?

    «Аталар сөзі-ақылдың көзі» демекші,қара қылды қақ жарған бабалардың ұрпағы емеспіз бе?

     «Сен білесің бе» қазақта «Сөздің көркі-мақал» деген ұғым бар.Олардың қайсысын алсақ та,өзіндік тәрбиелік маңызы бар.Ата-бабамыз сөздерінің нәрі мен тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні осы мақал-мәтелдерде жатады.

     Ендеше құрметті қауым сіздерді «Ата-анамен мұғалімнің әңгімесінен»  иыңдауға шақырамыз.

         Ата-анамен мұғалімнің әңгімесінен үзінді.

Ата-ана:еңбек түбі-береке,

              Береке түбі-мереке демей ме халқымыз.Бала үшін жасап жатқан еңбектеріңіз ұшан-теңіз.

     Мұғалім:Жақсы сөз-жарым ырыс демекші,сізге үлкен рахмет.Бұйымыңыз болса айта отырыңыз.

     Ата-ана:Илегеніміз бір терінің пұшпағы,түпкі мақсатымыз бір болған соң,сізбен балам жайында сырласқым келеді.

    Мүғалім:Ырыс алды-ынтымық».Ата-ана мен ұстаз арасындағы байланыс жалғасын тауып жатса,нұр үстіне нұр емес пе? Келіңіз,сырласайық.

Ата-ана:Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға»дегендей,баламыздың жақсы азамат болып қалыптасуында сіздердің еңбектеріңіз зор деп білемін.

Мұғалім:Оқу-инемен құдық қазғандай»,Ұяда не көрсе,ұшқанда соны ілерсің» дегендей сіздердің бағыттарыңызды,жақсы ниеттеріңізді жалғастырып,одан әрі дамытуға дайынбыз.

Ата-ана:Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»дегендей,олар сізден көп тәлім-тәрбие алады.

Мұғалім:Ата көрген оқ жонар,ене көрген тон пішер»дегендей,баланың бағын ашуда бастапқы баспалдақта ата-ананың тәрбиесі ерекше орын алады.Балаңыз өзіңізге ұқсаған,әрбір іс-әрекетінен,үлкенге құрмет,кішіге ізет байқалып тұрады.

Ата-ана:Алтау ала болса,ауыздағы кетеді,төртеу түгел болса,төбедегі келеді.дегендей,бұл бірлесе жасаған еңбектің жемісі деп білемін.

Мұғалім:»Бірлік болмай тірлік болмас» деген,ата-аналар мен мұғалімдер бірлесе отырып «Бір жеңінен қол,бір жағадан бас шығарса» алынбайтын асу бар ма?

Ата-ана:Келісіп пішкен тон келте болмас»,біз сіздермен үнемі ақылдасып отырамыз ғой

Мұғалім:Ырыс алды-ынтымақ» ортақ тәрбиеде абыройға ие болайық.Рахмет.

             Оқушылар арасындағы мақал-мәтел айтысы:

-амансың ба Жеңіс.Алыстан алты жасар бала келсе,алпыстағы кісі сәлем берер» дегендей,сәлем беруге келдік.

-Бармысыңдар,достарым!Қуыс үйден құр шықпа» деген,дәм ауыз тиіңдер.

-«Сыйлап берген су,сатып алған балдан артық» дегендей,түсейік.

-«Сыйға сый,сыраға бал»демекші,өткенде өздеріңе риза болып қайттық қой.

-«Аз да бітер,көп те бітер,татулыққа не жетер?» демекші,татулық пен ауызбіршілікке не жетсін.

-«төртеу тату болса алар,алта алау болса алдырар»деген ғой.

-«Бірлік түбі-тірлік» деген ғой бабаларымыз,бірлік болсын.

-«Жақсымен сөйлессең,көңілің ашылады»дегендей,көңіліміз марқайып қалды ғой.

-«Әңгіме,әңгіме дегізер,әңгіме бұзау емізер»,қой қайтайық.

-«Тауға тау қосылмас,адамға адам қосылар» деген әлі-ақ кездесерміз,сау болыңдар.

Мұғалім сөзі:Міне,бұл көріністерде қазақ халқының мақал-мәтелдерінің шексіздігін байқаған боларсыңдар.

Би:

4-бөлім:Ғскірмейтін ескі сөз.

Мұғалім сөзі:-Бұл бөлімге дайындалу өздеріңе тапсырылған.Күнделікті өмірде ата-әжелердің,ата-аналарың айтып отыратын ырым мен тыйым сөздер айтамыз.

1.Отқа су құйма,түкірме.Себебі,от-өмір,тіршілік көзі саналған.

2.мал сүйегін отқа жақпа,ақты төкпе.Себебі,тірі малдың сүйегі сырқырап,желіні іседі,малсыз қалып,жоқшылыққа ұшырайды деген ұғым бар.

3.Қазақ түнде адам,мал санамайды.Себебі,басың кемиді деп есептелген.

4.Пышақтың жүзін жалама,пышақты кезінбе.Себебі,пышақ ұзарып кетеді деп түсінген.

5.Үйге қарай,үйді айналып жүгірме.Себебі,әдепке жат.

       Ізетіңді ине етіп,

       Иманыңды түйме етіп

       Инабатты күйме етіп,  Жүрші балам,жамандықты күйретіп,-дегендей бабаларымыз бабамыздың жақсы дәстүрін бо  йларына сіңіріп,жалғастырып,жамандықтан аулақ,жаны таза,елжанды ұрпақ болсын.

Хор: Менің  Қазақстаным.

5.Сабақты аяқтау.

 

 

 

           

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық тәрбие сағаты "Бабадан бізге не қалған?""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Администратор баз данных

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 160 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.02.2016 2196
    • DOCX 25.5 кбайт
    • 10 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бурина Гулаим Кенжегалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бурина Гулаим Кенжегалиевна
    Бурина Гулаим Кенжегалиевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13491
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 273 человека из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 593 человека

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Курс повышения квалификации

Методика повышения техники чтения у младших школьников с ОВЗ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 103 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 414 человек

Мини-курс

История классической музыки от античности до романтизма

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Возрастные кризисы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Основы теоретической механики

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе