Инфоурок ИЗО, МХК Другие методич. материалы(ашық тәрбие сағаты. Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі 6 сынып)

(ашық тәрбие сағаты. Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі 6 сынып)

Скачать материал

 

Тақырыбы:  Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.

Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Отбасында алатын жақсы тәрбиенің адам өміріне азық болатынын дәлелдеу. Баланың ата-анаға деген махаббатын ояту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру. Үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: мақал-мәтелдер, суреттер, үй макеті

                                                   

Барысы:

І. Үйымдастыру бөлімі.

Оқушылар алдын-ала 4 топқа бөлініп отырады.

   Атамнан басталар,                                              Бір туған ағам бар,

     Әжемнен қосталар,                                            Бір туған інім бар,

     Отбасым мыналар,                                              Бір туған апам бар

     Ең жақын адамдар.                                             Бәрін жақсы көремін

     Әкем мен анам бар,                                             Еркелеймін, күлемін.

 

Ата-аналық үлкен сын,

Бала өсіру ұлы өнер.

Жақсылардың соңынан,

Жарқын қыз бен ұл өсер.

         Бүгін біз бір ғажайып әлем туралы сыр шертеміз. Қалай ойлайсыздар ол қандай әлем болуы мүмкін? Оны шешу үшін тақтадағы суреттерге назар аударайық. Осы суретті шешу арқылы бүгінгі класс сағатымыздың тақырыбы шығады.

Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.

-         Ал осы мақалды қалай түсінесіңдер?

Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы-ата-ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата-бабаларымыздың қалған асыл сөздің сырын аңғара білейік. Ата-анаға баладан жақсы ешкім жоқ. Сондықтан қай ата-ана болсын баласының білімді, әдепті болуын армандайды. Ал бар тәрбиеміздің көзі-ата-бабаларымыздан қалған асыл да дана сөздер, яғни небір кереметтің барлығы айтылған нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерде екені сөзсіз. Сондықтан да бүгінгі сабағымыз осы отбасындағы тірбие туралы болмақ. Соған байланысты бейнелі суреттер арқылы отбасы тәрбиесіне байланысты мақалдарды шешейік.

ü Әке-асқар тау, ана-бауырындағы бұлақ, бала-жағасындағы құрақ

ü Әке көрген оқ жонар,

Ана көрген-тон пішер.

ü Отан отбасынан басталады.

ü Атаға қарап ұл өсер,

Анаға қарап қыз өсер.

ü Балалы үй базар

ü Ананың көңілі-балада, баланың көңілі-далада.

ü Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.

ü Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі.

(әр топқа екі суреттен беріледі, топ мүшелері мақалды тауып, мағынасын ашады. Екі мақалдан үйдің іргетасы қаланады)

         Дұрыс айтасыңдар балалар, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл-ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз-ертеңгі ана, ол анаға қарап өседі, бойын түзейді.

Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – ата - ананың ең маңызды міндеттерінің бірі.

 

ІІ. Құпия хаттар.

         Балалар менің қолымда әр топқа арналған хаттар бар. Сол хаттарға топпен жауап беріп көрейік.

1 хат:

Қыс мезгілі болатын. Ақжол демалысқа нағашы атасының үйіне келді. Жауған қар есік алдын басып тастапты. Ақжол қарды тиянақтап тазартып қойды. Ақжол оны кімнен үйренген? Ол өскенде қандай болады?

2 хат:

Айнұр мектептен келсе анасы төсек тартып ауырып қалыпты. Қазір оның жұмыстан әкес мен сабақтан інісі келеді. Айнұр не істейді деп ойлайсың?

3 хат:

Әсеттің ата-анасы ұрысып енжесіп жатыр еді. Үйге Әсет пен қарындасы кіріп келді. Әсеттің ата-анасы не істейді деп ойлайсың?

4 хат:

Сен бүгін облыс орталығына барыпсайысқа қатысып, бас жүлдеге ие болдың. Өз отбасың мен мектебіңнің абыройын асқақтаттың. Ең бірінші қуанышыңды кіммен бөлісесің? Неге?

         (үйдің қабырғасы қойылады)

         Әке-шеше, ата-ана сіздерді өмірге әкелген адамдар. Әр ұл мен қыз ата-анаға мәңгі қарыздар. Ұрпақтары бұл адамдарды айрықша сыйлауға, құрметтеуге тиіс. Оларға қарсы келуге, ренжетуге, айтқанын орындамауға болмайды. «Баласына тәлім-тәрбие берер әкесі болса, өнеге алар бала ешқайда бармайды», «тәрбие отбасынан басталады, әсерлеп айтқанда әуелі отбасында тамыры бітеді де, бұталары да, гүлдері де, жемісі де содан өсіп шығады».

Енді назарларыңызды мына бейнероликке аударайық.

Әке мен бала бейнеролик

-Мына бейнебаяннан не ой түйдіңіздер?

Итаяқ әңгімесі оқып беру, талдату.

Бір жігіттің әбден қартайған қарт әкесі бар екен. Ол тамағын ішкенде қолдары дірілдеп, алдына төгіп-шашып алатын көрінеді. Қайталана беретін болған соң әлгі жігіт әкесімен ақылдасып, үлкен кісіні дастарқанын аластатып, тамақты пештің қуысына апарып беретін болған. Алдына шағын итаяқ астау қойған да тамақты соған құя салады екен. Бір күні үй иесінің 10 жасар баласы қолындағы пышақпен әлдебір ағаш жонып жатады. Жігіт таңданып: “Балам, мына істеп жатқаның не?” – деп сұрайды.
– Бұл -итаяқ! дейді бала.
– Оны не істейсің?
– Әке, сіз қартайғанда ана қуысқа апарып тығамын да, осы итаяқпен тамақ беремін, – депті баласы. Сол кезде үй иесі өз ісінен қатты ұялып, әкесін пештің қуысынан шығарып, дастарқан басына қайта отырғызыпты.

-         Осы бейнеролик пен әңгімеден қандай қорытынды шығаруға болады? Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.

(үйдің шатыры тұрғызылады)

         Ата-ананың үйдегі қарым-қатынасы, киім киюі, мінез-құлқы-бәрі-бәрі балаға үлгі. Қазақта «Қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала өседі» деген қанатты сөзі бар.

         Бала отбасында әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке-тірек, ана-жүрек, бала-тілек. Осы бір ғажап тұжырым(әке, ана, бала) отбасы ошағының үш тағаны іспеттес.

Көрініс Ата өсиеті

 

         Атаның өсиетіндегідей расымен де үйдегі алтын қазық-ата-анамыз. Міне балалар, сабақтың басынан бастап отбасындағы тәрбие туралы көп мәлімет алдыңдар. Біз шаңырақ үйдің макетін құрдық.

Әр отбасында күн өмір сүреді деп көз алдарыңа елестетіңдер. Осы күннің шуағы сөнбес үшін отбасы мүшелерінің арасында не болу керек? Отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасты айтайық (мейірімділік, сыйластық, татулық, достық, махаббат, жылылық, қамқорлық) Ал осы күннің өзі бақыт болып табылады. Енді осы отбасының ұйытқысы ата-анамыз. (ата-ананы шығарып үйдің алдына орналастыру)

-Осындай ата-анамыздың бір-біріне деген тамаша қарым-қатынастың, берген тәрбиенің арқасында бақытты отбасы болады.

-Сіздер бақытты отбасы дегенді қалай түсінесіздер? Бақытты отбасы моделін бейнелейік.

         Өте тамаша, барлық топ бақытты отбасы моделін құрды. Енді алдарыңызда жатқан жемістерге ата-аналарыңызға деген сезімдеріңіз бен тілектеріңізді жазып үйіміздің бақшасын жеміске толтырайық.

 

ІІІ. Қорытынды.

         Адам-жеміске, ата-ана-жеміс ағашына ұқсайды. «Жеміс ағашын жақсы күтіп күткендей, ата-анаңды да аялап бақсаң, армандарың орындалады» деген тегін айтылмаған. Олай болса, ата-анамызды аялап, ардақтап өтіңдер.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "(ашық тәрбие сағаты. Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі 6 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Садовод-декоратор

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 802 материала в базе

Материал подходит для УМК

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.02.2018 575
    • DOCX 21.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кударова Анар Зинешевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кударова Анар Зинешевна
    Кударова Анар Зинешевна
    • На сайте: 6 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3231
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Современные методы арт-терапии: базовые техники

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 301 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 440 человек

Курс повышения квалификации

Мифы народов мира в культуре XX-XXI вв. (предметная область «Искусство/МХК»)

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 41 человек

Курс повышения квалификации

Формирование метапредметных компетенций учащихся на уроках ИЗО и искусства

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 75 человек из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 546 человек

Мини-курс

Психология общения: от многоплановости до эффективности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Проектное управление

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическое консультирование семей: от неблагополучия к гармонии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек