Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Ашық тәрбие сағаты. "Берекенің Бастауы болған - Бейнеу"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Ашық тәрбие сағаты. "Берекенің Бастауы болған - Бейнеу"

библиотека
материалов

Нұржамал Ағысбаева

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Ақжігіт ауылы

Совет Одағының Батыры Мәди Бегенов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп



Берекенің бастауы болған - Бейнеу


Тақырыбы: «Берекенің бастау болған - Бейнеу»

Мақсаты: 1. «Өткенді білмей, келешекті білу мүмкін емес» деп болашақты болжаған,

елім, жерім деп жырлаған, жергілікті ақын-жазушыларымыздың

шығармаларын оқи отырып, туған жеріміз, ауданымыз – Бейнеу

тарихынан мағлұматтар алу. Рухани байлығымызды, ана тілімізді

дамыта түсу. Ақындар өлеңдерінің мағынасын түсіндіру, туған жерін,

елін, азаматын құрметтеуге, туған жер атауларын білуге үйрету.

2. Оқушылардың туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру, олардың

бйында патриоттық сезімдерін және елін, жерін, тілін, әдет-ғұрпын

құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол, өз туған жерін сүйетін ел

азаматы етіп тәрбиелеу.

3. Туған жеріміз, ауданымыз – Бейнеуге арналған жергілікті ақындар мен

сазгерлердің өлең жырларын, әндерін үйрену.

Түрі: Әдеби-сазды монтаждалған ашық тәрбие сағаты

Көрнекіліктері: Ашық тәрбие сағатының тақырыбы, кітаптар көрмесі, суретті

плакаттар жартақтасы, жергілікті ақын-жазушыларымыздың

қанатты сөздері, буклеттер, түрлі-түсті шарлар, ленталар,

видиопроектор,үнтабақ, бейнетабақ.


Б а р ы с ы :

І бөлім. Кіріспе.


Жүргізушілер: Жарылғасынов Бекзат пен Мәдиева Ақбөкен

Күй. Құрманғазы. «Адай»

Бекзат: Қайырлы кеш, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі желтоқсанның 22-ші жұлдызында өткелі отырған «Берекенің бастауы болған - Бейнеу» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Ақбөкен: 1973 жылдың 20 наурызы бүкіл маңғыстаулықтар үшін ақ түйенің қарыны жарылып, аспаннан шұға жауған күн еді. Бұл күні Қазақ ССР Жоғары Советі Президумының «Қазақ ССР-ының құрамында Жезқазған және Маңғышлақ облыстарын құру туралы» Указы шықты:

...2. Қазақ ССР-ының құрамында орталығы Шевченко қаласында Маңғышлақ облысы құрылсын;...

Маңғышлақ облысының құрамында мынадай жаңа аудандар құрылсын:

Орталығы Бейнеу қалалық поселкесінде болатын Бейнеу ауданы құрылсын: оның құрамына Маңғышлақ облысының Маңғыстау ауданындағы Бейнеу қалалық поселкесі, Ақжігіт және Каменный селолық Советтері, Гурьев облысының Ембі ауданындағы Опорный және Сарықамыс қалалық поселкелері енгізілсін; ...

Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президумының Председателі

С. Ниязбеков

Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президумының Секретары

Б. Рамазанова

Алматы, Үкімет үйі, 20март 1973 жыл.



ІІ бөлім. Берекеге бастау болған – Бейнеу


Бекзат: Еркіндікті, теңдікті, татулық мұраттарын ту ететін, туған жерімізді, атамекенімізді сүйетін, мақтан тұтатын, мына біздер – ұл-қыздары берекеге бастау болып отырған бүгінгі Бейнеудің еңсесі биік, мерейі үстем, бастарының бірлігі жараса берсін деген тілекпен, ашық тәрбие сағатымыздың «Берекеге бастау болған - Бейнеу» деп аталатын негізі бөлімін:

Келешекте кемеңгер кеңес білер,

Дей алмаймын үніңді «кем» естілер.

Байлығы бар, бағы бар Бейнеуліктер

Талайлармен терезе теңестірер, - деген жерлес ақынымыз Рза Оңғарбайдың жырымен жалғастырамыз.

М.Азамат: Асқақ көркі аспанменен таласа, заманының жан күйіне жараса.

Жігіт болып ер жеткенін білдіріп, Бейнеу бүгін бір сілкінді жаңаша.

Заман өзі ақ сандығын ақтарып, өмір жыры жатпақ есте жатталып.

Жаңа Бейнеу отырмақшы ортада, халқы берген міндеттерін атқарып.

Жансая: Бейнеу – Бейнеу ауданының орталығы, ауыл, темір жол стансасы. Ақтау қаласынан солтүстік шығысқа қарай 429 км жерде, шөлдік белдеуде орналасқан. Іргесі 1916 жылы қаланған. 1963 жылы темір жол салынуына байланысты жедел дами бастады. Бейнеуде Орта Азия – орталық газ құбырының компрессорлық стансасы, магистральдық мұнай құбырының және су құбырының мұнай және су айдау стансалары, темір жол көлігінің жұмысын қамтамасыз ету кәсіпорындары жұмыс істейді. Сонымен қатар телекоммуникация жүйесі мен байланыс торабы біркелкі дамығын. Ауданда тұрмыс қажетін өтеу комбинаттары, бірнеше мектептер, спорт және өнер мектептері, гимназия, лицей, кәсіптік-техникалық мектеп, балабақша, мәдениет үйі, мұражай, аудандық аурухана, өкпе ауруы ауруханасы, санитарлық-эпидомиологиялық стансасы т.б. мекемелер бар. Бейнеуде сонымен бірге орталық базар, шаруа қожалықтары, цехтар, ұлутас өндіретін карьерлер жұмыс істейді. Тұрғындары Ақтау қаласымен, елді мекендермен темір жол және автомобиль жолдары арқылы қатынасады.

Ақбөкен: Бейнеу ауданы-облыстың солтүстігіндегі әкімшілік аудан. Аумағы 40,5 мың км2 . Тұрғыны 43,8 мың адам.(2007). 1973 жылы құрылған. Орталығы – Бейнеу ауылы. Аудандағы 11 елді мекен 10 ауылдық округтерге біріктірілген. Аудан шөлдік белдеуде орналасқан, батысын теңіз деңгейінен 25-56 м төмен жатқан жазық болып келетін Каспий ойпатының (Өліқолтық соры), шығысын Үстірттің Мыңсуалмас (Маңсуалмас) қыратты бөлігі алып жатыр. Шығысының біраз бөлігінде Сам құмы мен Жарыққұдық кебірлі соры орналасқан. Ауданның жер қойнауында Солтүстік Үстірт мұнайлы-газды аймағының Қолтық,Арман, Қаламқас сияқты ірі кен орындары, құрылыстық құм мен тастың мол қоры бар. Климаты тым континенттік. Орташа температурасы қаңтарда -40С, шілдеде 25-270С. Жауын-шашын сирек, оның жылдық орташа мөлшері 120-130 мм шамасында болады.

Мерей: Бейнеу ауданында күн жыл бойына желді болып тұрады. Құм борататын қатты желдер де жиі соғады. Аудан жерінде ағын су көздері жоқ. Өсімдіктерден, батысында әр түрлі шөп аралас сораң, жусан аралас селеу, еркекшөп, адыраспан, жантақ тағы да басқалар өседі. Бейнеу ауданының алдыңғы құрылған жылдары халық өте сирек қоныстанғанымен, күні бүгінгі уақытта халықтың қоныстануы өте тығыздалып бара жатыр. Халықтың басым бөлігі темір жол және автомобиль жолдары бойында қоныстанған.

Жәмила: Ауданда 1995 жылға дейін қаракөл қойы мен түйе шаруашылығымен айналыса-тын 4 кеңшар және орман шаруашылығы болды. Аудан шаруашылығына жарамды жердің аумағы 3318,3 мың гектар, оның ішінде 0,2 мың гектары егістік, 286 мың гектары шабындық, қалғаны жайылымдық жерлер. 2007 жыл басында ауданда 4 мың басқа жуық ірі қара, 126 мың қой мен ешкі, 5,7 мың бас жылқы, 11 мың бас түйе малы болды. Бұрынғы кеңшарлар негізінде Бейнеу ауданында 3 шаруа қожалығы асыл тұқымды жылқы және түйе өсірумен айналысады.

Өміржан:Облыстың басқа аудандары сияқты Бейнеу ауданында да мұнай-газ өндірісі дамыған. Бұрынғы кен орындарына қосымша Шағырлы-Шөмішті жерлерінен кен іздестірілу жалғастырылуда. Ауданда газ құбырын тарту, Боранқұл газ айыру зауыты құрылысының жұмысы басталды. Қазір бұл салада «Қазақтүрікменмұнай», «Каспий Газ Корпорациясы», «АСКОМ» тобына енетін «Қазполмұнай», «Толқынмұнай», «КАСК» компаниялары жұмыс істейді. Бұл кәсіпорындарында 3 мыңнан астам мұнайшы жұмыс істейді. Аудан өндірісіндегі 27 ұлутас өндіру карьерлерінде 700-ден астам жұмысшылар бар.

Қанатгүл: Жыл сайын аудандағы кәсіпкерлік нышандар дамып, олардың саны 1736-ға (2007)жетті. Аудан елді мекендерін ауыз сумен қамту жер асты және тұщы су көздерімен қамтамасыз етілген. Халықты сумен қамтамасыз ету мәселесімен «Бейнеусусервис» кәсіпорны айналысады. Сонымен қатар газ және электр энергиясымен қамту толығымен шешілген. Барлық елді мекендерде табиғи газ және электр энергиясы жүргізілген.

Бекзат: Білім беру саласында жалпы білім беретін 1 бастауыш, 20 орта және орталау мектептері тіркелген(2007). Оларда 10,1 мың бала оқиды және оларға 1202 педагогикалық қызметкерлер жұмыс істейді. Мектептердің барлығы дерлік компьютер және лингафон кабинеттерімен қамтылған. Гимназия мен лицейде және ауданның 10 мектебінде интерактивті тақта, мектептерде 400 электрондық оқулықтар тұрақты пайдаланылады. Бейнеу ауданында гуманитарлық-экономикалық колледж өз жұмысын жасап жатыр.

Айжан: Әлеуметтік қорғау саласында шет елдерден құрамында 1219 адамы бар 218 отбасы көшіп келді. Олардың басым бөлігіне жер бөлінді. Олар қоныс тепкен «Тәжен» ауылында газ және электр энергиясы жүргізілген. Қазір пошта жұмыс істейді. Ауданның мәдениеті мен спорт салалары да даму үстінде. Ауылдарда мешіттер саны көбеюде. Жастар ісін үйлестіру орталығы жанынан «Жас шаңырақ», «Жас қаламгер» клубтары құрылды, аудандық кітапхана жанынан шет тілдері бөлімі ашылды.

Нұғыман: Көлік және байланыс саласында мұнай-газ өнімдерімен қоса газды тасымал-дауды «ҚазТрансОйл», «ҚазТрансГаз» ұлттық компанияларының құрылымдық басқармалары жүзеге асырады. 2007 жылы «Тотал» мен «ҚазТрансОйл» компаниялары жылына 56 миллион тонна мұнай айдайтын, ұзындығы760 км болатын Ескене-Құрық мұнай құбырының құрылысын бастады. Ауданда «Қазақстан темір жол» ұлттық компаниясының құрылымдық бөлімшелері жұмыс істейді. 2005 жылы ұзындығы 26 км болатын Ақжігіт-Тәжен автомобиль жолы жаңартылып, 2006 жылы ұзындығы 122,6 км болатын Боранқұл-Бейнеу тас жолын қайта салды. Аудан елді мекендері ғарыштық байланыс жүйесіне толықтай қосылған. Бейнеу ауданында халықтық банкі, Каспий банкі, Альянс банкі бөлімшелері ашылып, жұмыс істеуде.

Бекзат. Хор. «Егемен Қазақстан»


ІІІ бөлім. Бейнеуім – жырдың бесігі


Ақбөкен: Тоғыз жолдың торабы атанған Бейнеу жері тума таланттардың тұрақты мекеніне айналған. «Ел іші - өнер кеніші» дегендей Бейнеу өңірінде талай-талай арынды ақындар мен дарынды дара туған талант иелері өткен. Адайдың «Жеті қайқысы» атанған: Өскенбай, Әділ, Шолтаман, Жылкелді, Тұрсын, Досат, Тәстемірлердің сал-серілік дәстүрі ізсіз кеткен жоқ. Алаш жұртына өзінің «Ақбөбегімен» даңқы жайылған әнші Қорабайдың Қайыбының атақонысы да осы Бейнеу өңірінде.

Бекзат: Халықтың тума таланттары өздерінің туған өлкесі – Бейнеудің өсіп, өркендеу кезеңдерін айрықша шабытпен жырларына қосты. Олар ел мен жер тарихын, қасиетті атамекенді жаудан қорғаған ер тағдырларын қабаттастырып, қабыстыра жырлады.

Кешегі Бейнеу бірқатар ақын-жазушыларымыздың шығармаларына арқау болып, бүгінгі Бейнеу – жырдың бесігінде тербеледі.

Ашық тәрбие сағатымыздың келесі бөлімі «Бейнеуім – жырдың бесігі» деп аталады.

Ш. Азамат: Туған жер топырағыңда туып өскем

Сахарам – қыпшақ, қалмақ, түрік көшкен.

Сен бүгін ырыс, бақыт қоймасысың,

Кіндігін еңбекқор сом білек кескен.

Гүлдана: Жолың түсіп жай іспен, қаншама алыс десең де.

Бейнеуге келіп шәй ішсең, әмудария – кесеңде.

Ескеріп есеп бергендей, іздесең Бейнеу өлшемін.

Сезінесің көргендей – Астананың бөлшегін.

Бейнеу бүгін – ашылған, ақбоз үйдің түндігі

Үлесін алған ғасырдан, Маңғыстаудың кіндігі.

Абзал досқа ұсынған, Бейнеу – қолы түбектің,

Қияға құсын ұшырған, махаббаты жүректің

Мерей: Орыны бар мақтаудың, Бейнеу – жастық белгісі,

Жетібай, Өзен, Ақтаудың, Бейнеу – кірер есігі,

Қазақты өзбек досы ғып, осы арада сүйісті,

Мұнай мен газ қосылып, осы арада түйісті.

Осы арадан табасың, достықтың құрмет тақтасын,

Осы арадан қағасың, Орта Азия қақпасын.

Айтолқын: «Елу жылда – ел жаңа», Бейнеу соның кепілі

Көп ұлттарды ол және қосқан бір ұя секілді.

Қол созған керек досына, ормандайын – орысым,

Достығымен осында, аударған бір қонысын.

Бұл жерде халық бірлікте, әр ұлттан да баошылық.

Жатыр қазақ жігітке, орыс қызы жар шығып.

Нұғыман: Бейнеу қазір – сол көптің, мекен-жайы, жатағы,

Украин, өзбектің құдасы боп жатады.

Бір жерде мекен тұрғызбай, орталыққа үріккен

Белорусь, татар, қырғызбен, бауыр боп шықты түрікпен.

Тыныштықпенен таң атқан, қойсын ба өмір телімей,

Жұбай боп өмір жаңғыртқан, неміс қыз бен еврей.

Мәдина: Жастарға жол тиіпті, махаббат – үлес салмақты,

Армян жігіт сүйіпті – диспетчер қыз қалмақты.

Достық туын тігіпті – бұл жерде ұлттың бәрі де,

Біреудің жүрсе жігіті, біреудің мұнда жары бар.

Осылай қосқан бәріңді, түс емес, Түбек – Тың жыры,

Осының бәрі кәдімгі, берекем – Бейнеу шындығы.

Сабыржан: Өмірге адам борышты тірлігімен, төр алдына жайғандай түрлі кілем,

Қай тарапта жүрсек те, мүдде бірге, біз күштіміз – береке, бірлігімен.

Жұрт құмар Бейнеу деген атағыма, ауданым алдыңғылар қатарында.

Тізгінді жұла тартып, кеттік озып, шын жүйрік дүбір шықса жатады ма?

Әсем: Отырмын тоғыз жолдың торабында, шалқимын шабытыма қонамын да.

Күмәнім жоқ, әлде де алда талай, көп шабыстың қожасы боларыма.

Өмірлік сыбағадан ада болып, жатқан жер құлазыған дала болып,

Нұрлы Отанның нұрының шуағымен, Бейнеу бүгін барады қала болып.

Нұрбек: Олжасы сыймай бүгін етегіне, оза шауып жарыстың жетегінде.

Қасиетті достықтың туын тігіп, көп ұлттардың айналды мекеніне.

Арманның алда таңы атқасын да, азат еңбек өрісін таппасын ба?

Қоңыратқа болат жол жалғап қойып, айналдық Орта Азия қақпасына.

Жарқыл: Хош көңіл бүгін зор күш болғаныма, құрал беріп жұмысшы қолдарына,

Сан ғасыр тырп етпестен ұйықтап жатқан, Бейнеудің бұрғы салдық жондарына.

Байлықтың әр кез сәті түсті бізден, алынған жерден тесіп үскі-бізбен,

Мұнай мен газ тасқыны ағып жатыр, Бейнеуімнің жеріне, үстімізден.

Бекзат: «Алтын бесік» әні. Орындайтын Жансая Оңдасынова


IV бөлім. Жатырсың Бейнеу мәз болып, Атаға беріп төріңді.


Ақбөкен: Халықтан артық ұстаз жоқ. Ал халықтық ұлағат қашан да ұранға шыққан данышпаннан дара перзенттерінің аузымен айтылып, насихатталған, дәрістелген. Баршаға тән үрдіс осы. Оның бір мысалы іргелес жатқан үлкен жұрт Конфуций болса, өзімізде – ұлы Абай. Пір Бекет атамыз да адамдық құнарды молайтып жатар осындай алтын тамырды өрбітеді.

Бекет – бүгін бір ұлтанды ұлыстың ұраны ғана емес, ризыққа бастар береке-бірліктің, ұлтты ұйытар тұтастықтың да ту байлар тұғыры.

Бекет – берекелі іс пен биік парасатқа бастар даңғыл.

Бекзат: Бекет десек – қазақ қауымы мен қазақ мемлекетін мерейлендіре түсер өрелі ізденістерге ұмтылғанымыз. Осы бір ауызбіршілігімізден жазбалық та, жаңылмалық. Дауысымыз жарқын, лебіміз айқын шықсын.

Ашық тәрбие сағатымыздың келесі бөлімі: «Жатырсың Бейнеу мәз болып, Атаға беріп төріңді» деп аталады.

Нұржанбек: Уақыт көші ұмыттырып бара жатқан тарих жәдігерлігіне таңдана да тамсана қарап тұрып ерекше тебіреніс тудыратыны ақиқат. Көп адам осы бір бағзы заманнан хабар беретін, асылдың сынығы, тұлпардың тұяғындай жәдігерліктерді біле бермейді.

Әрине, адам есте сақталмаған ескі дәуірмен емес, жарық дүниеге өзін әкелген өз заманының ағыс-ағымымен өмір сүреді.

Сондықтан естілер ғана арғы тегін ардақтап, құрмет тұтып құлшылық етіп, әрі мен нәрін солдырмай келешек ұрпақтың қолына тапсыруға жұмыстанады.

Сәния: Ал біз біле бермейтін тарихтың пұшпағы Бейнеудің екінші қорымында жатыр. Мұнда сәулет өнерінің небір сұлулығы мен сымбаты самсап тұр. Аспан астындағы алып мұражай. Он екі ата Байұлының бір тармағы Адай тайпасының Пірі-Бекет-Атаның өз қолымен тұрғызған жерасты мешіті бар. Бейнеу өңірінің қадір-қасиетінің артып, киелі мекенге айналуы да - осы мешіттің арқасы. Жалбарынып тіледім, ар-намысым, сән-кием,

Жар бол, елге бір өзің, Бекет-Ата, Әулием!

Бердәулет: Бұл жерге жолы түсіп келген адам қасиетті Атаның мешітіне ат басын тіреп. осылай кішірейіп, құлшылық етіп сыйынып, өзінің көкейіндегі мақсат-арманының жүзеге асуын тілеп, жалынбай-жалбарынбай кетпейді. Халық аузында «қашқан да Бекетке, қуған да Бекетке сыйынады» деген даналық сөз бар.

Бекзат: Халық аузындағы «қашқан да Бекетке, қуған да Бекетке сыйынады» деген

даналық сөзі. Оқитын Света Қайратқызы

Света: Бірде түрікпеннің ер көңілді жігіті көршілес Адай елінен аяғына шаң жұқпас жүйрік арғымақты аңдып жүріп барымталап жетекке алып қашыпты. Алтын түгілі аруға да айырбастамас арғымақтың иесі бар жанын салып қуып жетер тұста, енді құтылмасын сезген түрікпен жігіті: «Ия, Бекет-Ата, мені желеп-жебеп, ажалдан құтқара гөр», - деп жылаған екен.Содан көп кешікпей адай жігіті де: «Ұрыны уысыма түсіре гөр, Бекет-Ата, ақ адал малымды барымталағаны үшін жүрегін жарып, қанын ішем», - депті.

Бұл жайдың бәрін үйінде біліп отырған Бекет-Ата қашқын жігіт пен қуғыншының ортасына қалың тұман түсіріп, қашқынды құтқарып жібереді. Сол кезде Бекет-Атаның шешесі Жәния: «Бұның әділдік болмады ғой, балам»,- дегенде Ата: «Менің есімім түрікпен болса да қашқынның аузына бірінші түсті. Сосын арғымақтың арғы тегі көп болса бір тай емес пе, мұсылман қанының төгілмегенін қаладым. Ызалы қуғыншы жетсе, оны өлтірмей тынбас еді», - деп жайнамазын алып, құбылаға басын қойып намазын оқи беріпті.

Кейін еліне аман жеткен түрікпен жігіті түсіне енген Бекет-Атадан сескеніп, ақсарбас шалып, садақа беріп, қазақтың арғымағын еліне қайтарып апарып беріпті.

Бейбарыс: Әруағы күшті текті,Ата, күлдіреп күндер өтті, Ата.

Төбесін бұлттар кеміріп, Қаратауларың шөкті, Ата.

Қияға қеткен қаздарың, қиқулап бүгін жетті,Ата.

Естерек: Жаратқан Алла Пірімді, жарқырат Жаппар күнімді.

Малғұндар кетсін маңайдан, тәубаға келтір тілімді.

Жатырсың Бейнеу мәз болып, Атаға беріп төріңді.


Орынбасар: Ордаңа кіріп жайландым, дегендей, Ата, заңғарым,

Ұраным – Бекет байрағым.

Жарылқай берші, Пір-ата, аруағыңнан айналдым!

Абылайхан: Емірен бабам! Ұрпақтарына өз қасиеті дарыған,

Еңсесін тіктеп дүниені қайта таныған.

Ақ желкен жалын ұшқыны тарап барады,

Сананы тежеп, шоқ болып ішті қарыған.

Жарылды жүрек ағынан.

Жебей гөр, Ата, аруағыңа табынам!


Ақбөкен: Хор. «Бекет Ата»

Әні мен сөзі: Іңірбай Көбегеновтікі


Боз жусан боз далаңда қыргүліңді,

Танытып бар қазаққа Пірлігіңді.

Маңғыстау әулиелер құт мекені,

Көтерді тың ғарышқа түбегіңді.

Қ а й ы р м а с ы :

Ей, Пір Ата,

Нұр Ата,

Бекет Ата.

Өткеріп жатыр жылдар белестерін,

Тарихтың ашқан жарқын жетті үндерің.

Алланың берген бізге Пайғамбары,

Мәңгі өлмес ер Бекеттей есімдерің.

Қ а й ы р м а с ы .

Байрақ ту көтерілген бір басыңа,

Жетті үні Оғыланда әр тасына.

Жебе жүр аруағыңмен аруақты ата,

Ұлассын ұлы армандар сан ғасырға.

Қ а й ы р м а с ы .


Бекзат: Көркем сөз. Уәйіс Қайралапов. «Бейнеу лебізі»

Оқитын: Айзат Марамқызы

Асқақ көркі аспанменен таласа,

Заманының жан күйіне жараса.

Жігіт болып ер жеткенін білдіріп,

Бейнеу бүгін бір сілкінде жаңаша.

Өн бойында өмір өрбіп, өркендеп,

Бүгінгіден нәр татасың ертең деп.

Бейнеу бүгін отау тікті, от басын,

Халықтардың достығымен көркемдеп.

Өмір оты өшпей жатып жандәрмен,

Алаулады атқан жаңа таңдармен.

Жабайылық сан ғасырды сабылтқан,

Тоз-тоз болып кетті қашып аңдармен.

Елу жылдың белесін ел асқанда,

Жаңа өмір алтын нұрын шашқанда.

Коммунистік идеяға табынды,

Жақын келіп асқақтаған аспанда.

Ата-баба атпен кезген атырап,

Ескілігі шөптей солды қалтырап.

Алты айлықты алты-ақ аттап басатын,

Болат жолдар жатыр бүгін жалтырап.

Талай ғасыр ел есебі табылмай,

Өтсе өңір бір сарыннан жаңылмай.

Жер жонына айғы-айғыз жол салды,

Мұнай мен газ бейне күре тамырдай.

Қалды бәрі, қалмай келген жармасып,

Білтелі шам жұлдыздармен алмасып.

Бір дененің тұлғасындай сомдады,

Орта Азия орталықпен жалғасып.


Заман өзі ақ сандығын ақтарып,

Өмір жыры жатпақ есте жатталып.

Жаңа Бейнеу отырмақшы ортада,

Халқы берген міндеттерін атқарып.

Ақбөкен: «Атамекен» әні.

Орындайтын: Нұржанбек Берікұлы, Азамат Нұржанұлы, Өміржан Омарұлы


V бөлім. Бейнеу – бірліктің бесігінде...

Мәлік: Баба тарих үшін ғасырдың өзі қысқа мерзім. Ал онымен салыстырғанда ширек ғасырға жетпейтін уақыт дегеніңіз қас қағым сәт. Міне түбектің солтүстік күншығысынан Бейнеудің өз алдына отау тігіп дербес аудан болғанына алдағы 2013 жылы 40 жыл толады. Тарих өлшемі қысқалыққа сыйғанмен бұл жылдардың өңірге бергені қисапсыз. Ең алдымен ол мына жалпақ жазирада әлденеше ұрпақ жаңғыртып, ғұмыр кешіп келе жатқан елдің ертеңге деген сенімінің, жасампаздығының салтанат құруы болды десек артық айтқандық емес. Бұл бағамызға бәз біреулер кешегі қызыл саясаттың қысыр билігін қайталады деп дау айтпас. Өйткені бейнеуліктердің төгілген маңдай терінің хиуазының басым көпшілігі алпауыт империя аузында кеткенімен, қалған болмашының өзі дүниеге әкелген өзгерістер бұл.

Қ.Мәдина: Тәуелсіз елім, жаңа ғасырдың баспалдағына бастаған.

Тағдырдың талай нәубетін, ерлікке толы әр бетін, ысырып артқа тастаған.

Келеді жылжып, белгісіз жұмбақ бір әлем, есігін әлі ашпаған.

Тәуелсіз елім, тәуелсіз болсын жерім де,

Жарқырап көзің ай, жұлдыз күлсін көгіңде.

Ысырап емес, береке дарып Бейнеуге,

Төрт түлік малың жайылып жүрсін төріңде.

Гүлдана: Мың өліп, мың тірілген қазақтың ұлттық меншігіне айналған игілік бұл. Демек, мұның бәрі ертеңгі ұрпақтың несібесін еселеп, ризығын үстемек. Олай болуы үшін әрине көп күш, қайрат, жігер керек. «Ырыстан қайда барасың деп сұрағанда, ынтымаққа барамын» деген екен дейді халықтың адамгершілік қағидасының бірі. Ендеше ең алдымен ынтымақ, ұйымшыл-дық керек. Ал оның тізгіні өз қолымызда. Әр шаңырақтың түтінінің түзу ұшқаны ауылдың сәні. Әр ауылы ажарлы болса, аудан базарлы. Ауданы алдағы болса, облыс ордалы. Әр облысы бір-бір ордабасы болса, күн сүйген республикамыздың күлдіреуіші күміс, шаңырағы шалқақ, керегесі кең. Сондықтан алдағы 2013 жылы атап өтілетін Бейнеудің 40 жылдық мерекесі қарсаңында тағы да берекенің бастауы бола берсін, бейнеуліктер, дейміз.


Бекзат: Хор. Қазақстаным менің.

Әні мен сөзі, ақын әрі сазгер жерлес ағамыз Көмек Ыбырайұлынікі


Әлемге аян кең төрі,

Ұлдары батыл зерделі.

Алтын заң мен көркейер,

Егемен елдің ертеңі.

Қ а й ы р м а с ы :

Думанға толы айналаң,

Бағыңда бұлбұл сайраған.

Жомарт қой дархан бай далам,

Қазақстаным менің.

Осынау елде бақ табам,

Осынау елде шат болам.

Мерейін елдің арттырған,

Астанам менің – Астанам.

Қ а й ы р м а с ы .

Сеніммен қарап таңыма,

Келешек ұрпақ бағына –

Тың деген алып ұрысты,

Көтердік биыл тағы да.

Қ а й ы р м а с ы .




VІ бөлім. Қорытынды


Ақбөкен: Құрметті ұстаздар! Бүгінгі, яғни желтоқсанның 22-ші жұлдызында өздеріңіз көріп отырған, сыныбымыздағы «Берекенің бастауы болған - Бейнеу» деген тақырыпта өтіп отырған ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Алтын уақыттарыңызды бөліп, зор ықыласпен тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет! Сау болыңыздар!

Соңғы сөз кезегін сыныбымыздың жетекшісі Нұржамал апайға береміз.

Нұржамал апай: Жақсы, құрметті ұстаздар! Сынып оқушылары!

Бүгінгі сыныбымызда өткен ашық тәрбие сағаты өз мәресіне жетті. Бұл сынып сағатынан біз өзіміздің рухани адамгершілік жан дүниемізді өзекті өмірімізге сабақ болатын көптеген асыл дүниелермен толықтырдық деп нық сеніммен айта аламын. Өзіміз жан дүниеміз бай болу үшін бір ғана осы сынып сағаты жеткіліксіз, әрине.

«Үйреніңіздер, оқыңыздар, біліңіздер, ақылға салыңыздар, зерделеңіздер, соның ішінде ең қажеттісін таңдап алыңыздар» деген екен Н.И.Пирогов деген оқымысты. Жан-жақты білімді, мәдениетті, туған елі мен жерінің тағдырына бей-жай қарамайтын, белсенді, көкірегі ояу, адамгершілік асыл қасиеттерді өн бойымызға жинаған, ерлер рухына, ел тарихы мен тәуелсіздігіне тағзым ететін, тарихтан тағылым, ұлылықтан ұлағат алатын ұрпақ болайық, - дей келе мен өз сөзімді жерлес ақын ағамыз Ғалым Әріповтың «Еліңді сүй» деген өлеңімен қорытындылаймын. Еліңді сүй! Еліңді сүй! Сезім – шын,

Ел дегенде ет-бауырың езілсін.

Ел дегенде көкірегің сөгіліп,

Ел дегенде қамыңды ойла өзіңнің.

Ел дегенде асау жүрек ұрғылап,

Шыбын жаның тұрсын сенің шырқырап!

Туған Отан – абыз Атаң, тұғырың,

Ғазиз Анаң, сарқылмайтын шымбұлақ.

Еліңді сүй, сүй еліңді есті ұлан,

Қия-көкке бастайсың сен жас қыран!

Елін сүйген елге қызмет жасамақ,

Елді сүю – баршамызға басты ұран!

Сенің елің, менің Елім – байтағым,

Байтақ Дала - әз әулие,әйбатым.


С о ң ы . Құрманғазының күйі «Серпер».















Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 02.11.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров266
Номер материала ДВ-116875
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх