Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Ашық тәрбие сағаты " Бейнеу десем, төгіліп тұр ән - жыры ..."

Ашық тәрбие сағаты " Бейнеу десем, төгіліп тұр ән - жыры ..."

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

«Бейнеу» десем, төгіліп тұр ән – жыры...

(әдеби – сазды кеш)


Мақсаты: Бейнеу селосының 50 жылдық мерейлі қарсаңында берекелі ауылымыздың сыр тұнған сан қилы тарихынан сыр шертетін баспасөз шығармашылығын, кітаптарды оқушыларға таныстырып, насихаттау. Жас ұрпақты өз өлкесіне, туған ауылына, жеріне деген құрметін арттыру, шығармашылыққа баулу.

1-жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар.

Адырнадан бабам оқ атқан жері,

Ақ отаудан анам от жаққан жері

Атамекен Бейнеуден атқа мінген

Адайымның неше бір ақтаңгері.

2-жүргізуші: Андаған ақ таңы атқан жері,

Алтын күні алаулап батқан жері.

Ата – бабам ақ орда туын тігіп,

Ат байлайтын қазығын тапқан жері.

1-жүргізуші: «Елу жылда – ел жаңа»

Бейнеу соның кепілі

Көп ұлттарды ол және

Қосқан бір ұя секілді – деп Уәйіс Қайралаповтың жырына арқау болған Бейнеудің жарты ғасырлық яғни елу жылдық мерейлі мерексіне орай өткізіліп отырған «Бейнеу десем, төгіліп тұр ән – жырым» атты әдеби – сазды кешіне қош келдіңіздер!

Мерекелеріңіз құтты болсын! Бірлігі мен тірлігі жарасқан берекелі өлке Бейнеуіміздің халқы кемелді, елі елеулі болсын!

«Ән басы» әні орындалады

2-жүргізуші: Елдік үшін бітпей қойған егесі,

Көк тіреулі Күйкенінің төбесі

Жеті жұрт кеп, ауып кеткен жеті жұрт

Беу, Бейнеуім, сенің ойың – сан батырдың көбесі

Беу, Бейнеуім, сендік аңыз – сан ғасырдың елесі

1-жүргізуші:Мәңгілік Күн шапақ сеуіп, Құт – тәңірі силаған,

Аршылан боп жарып шыққан ажалдың,

Ары - Азат, айбыны Үстем, Адай деген ер осы

Бір Алладан Ұрпақ үшін, бере көр деп адал Күн

Мінәжатты Пір бабамның мешіт салған жері осы,

Иманы – Нұр тұнығынан перзент сусын қандырған

Бағзы шахар, ежелгі жұрт қара шаңырақ мөрі осы.

Сабыр Адай»Бейнеуге келсең..»оқитын________________________

2-жүргізуші: «Гүлденсе ауыл гүлденеміз бәріміз» дегендей ауыл көркейсе халық өмірі әлеуметтік жағдайы жақсарады деген сөз. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшпелі ғұмыр кешкен мекені ауыл болғаны анық. Олай болса туған жеріміздің тарихы туралы сыр шертейік: Сонау жеті атамыздан, бабаларымыздан қалған осы қазына мұрасының бірі – туған жеріміздің тарихы мәдени ескерткіштері. Соның бірі – он екі ата Байұлының бір тармағы Адай тайпасының пірі Бекет Атаның өз қолымен тұрғызған жер асты мештітері.

Мадинада Мұхамед,

Түркістанда Қожахмет

Маңғыстауда Пір Бекет,

Үш әулие, үш пірім,

Мұсылманға ұрансың,

Мойынға тағар тұмарсың.

Қасиетіне бас иген Маңғыстаудағы Пір Бекет 1750 – 1813 жылдары өмір сүрген, кезінде діни білім алған, ел ұғымында әулие адам.

Бейнеу ауданынан көптеген ақындар, әулиелі кісілерде шыққан біз сол кісілермен мақтанамыз.

1-жүргізуші: Бекет ата Жем бойында, Бейнеуде мешіт салдырған. Ескі Бейнеудегі қорымы Бейнеу селосының оңтүстік батысында 18 шақырым жерде орналасқан. Бейнеу өлкесінің қадір – қасиетінің артып, киелі мекенге айналуы да осы мешіттің арқасы. Бұл жерге жолы түсіп келген адам қасиетті Атаның мешітіне ат басын тіреп, құлшылық етіп сыйынып, арман – мақсатының жүзеге асуын тілеп , тілек білдіреді.

Сабыр Адай «Ойнама!» оқитын____________________________

2-жүргізуші:Бейнеу өлкесінде «Ұлы Жібек жолының» бір тармағы бойында орналасқан ең ежелгі керуенсарайлардың бірі – Белеулі. Ол бүгінгі Бейнеу ауданының Өзбекстанмен шектесетін шекарасында тұрған тарихи жәдігерлік. Білеуліден әрі қарай өткен жол Қоңыратқа бағыт түзейді де, Бейнеуге қарай бет алған жүз шақырмдай жердегі керуенсарайлардың шоғырланған жері – Құшсыбекеті, одан бергісі Белдеулі керуенсарайы.

1-жүргізуші:Бұл керуенсарайлар – біздің ата –бабаларымыздың батысында Римнің, шығысында Қытай хабарын біліп, өркениеттің дәл ортасында отырғанын дәлелдейді. Бейнеу – Ұлы Жібек жолының бойындағы бел жазатын елеулі бекеті болған. Сол кездегі керуен жолдарының сүрлеуімен қазір темір жол өтеді.

Уәйіс Қайралапов «Бейнеу –Қоңырат» оқитын________________________


2-жүргізуші: Ежелгі қорымдар, белгісіз таңбалар, кесенелер тарих тереңіне байлатады. Бұл жерде көне ғасырға жататын ескі қамалдың орны бар, Кейін бұл жерді Бейнеу Намазұлы мекендеген. Бейнеу Намазұлы тарихта болған тұлға. 18 ғасырдың басында өмірген сүрген. Бекет Атадан жас үлкендігі бар, өзара сырлас болған.

Әбдібек Жаманбаев «Туған ауылыма» оқитын________________________

1-жүргізуші:Бейнеу мекен еткен жер күйкенге таяу, қазір Ескі Бейнеу аталады. Бекет Атаның жерасты мешіті де осында. Бейнеу Намазұлының іргесін салған елді мекен үлкен көш жолында орналасқандықтан осы аймақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкен маңызы болды. Ер атауы Бейнеу есімі жер атауына ауысты.

Сәрсен Қадыр «Күйкеннің биігінде» оқитын________________________

2-жүргізуші: Бейнеу – ер аты. Бейнеу Намазұлы тарихта болған тұлға. Адай атаның сегізінші ұрпағы. Бейнеу атамыз бекет атамен тұтас өмір сүрген 1930 жылдар шамасында қайтыс болған. Отырған жері ескі Бейнеуде. Көшпелі ел жиһаздарын Бейнеу атамызға қалдырып кетіп отырған. Міне содан бері Бейнеу атауын Бейнеу Намазұлының атымен байланыстырады.

Бейнеу селосының іргетасы 1963 жылы теміржолдың салынуына байланысты қаланды. Бейнеу ауданы 1973 жылы сәуір айында құрылды. Бұған дейін ұл Аймақ Атырау облысының Маңғыстау ауданына қарады.

Ендігі кезекте оқушылар осыкүнге дейінгі Бейнеу мен қазіргі Бейнеу ауданы туралы қысқаша слайдқа назар аударайық.(«Бесігін Бейнеу қыдыр тербеткен» әні орындалып тұрады)

1-жүргізуші: Қоймауы байлық пен тарихқа толы Маңғыстау Үстіртті! Бұл Құтты қоныс, қасиетті жерге кімдер келіп, кімдер өткен жоқ, кімдер мекен еткен жоқ. Бұл атақты Мысыр билеушісі Бейбарыстың кіндік қаныс тамған жері. Бұл – атышулы Кир патшаның Томирис қыздың күлталқан болып жеңілген жері.

2-жүргізуші: Бұл – Алтын Орданың ханы Тоқтамыстың әкесі Түйе Қожа оғланның өмірден өткен жері. Бұл – Кіші Жүздің ханы Әбілхайыр мен оның ұлдарының Сырым Датұлы мен Есет Көтібарұлының түн қатып талай жортқан жері. Бұл талай азамттың көсегесін көтеруге маңдай терін төккен жер. Біз осындай сырға толы Маңғыстау жерінің бір бұрышымыз, сондықтан бізде осы айтылған сөздерді есімізде де , жүректе де мәңгі сақтап мақтанышпен айтып жүрейік!

Ән: «Бейнеу бағым» орындайтындар______________________

Тәуелсіздік таңы атып, нарықтық экономика үдерісіне ілескен қысқа ғана кезең де бұл өңірдің Ертегінің жасампаз істерге Болашағының жарқын күндерге толы болатынына сенеміз!

Сіздерді тағы да мерейлі 50 жылдық мерекемізбен құттықтаймыз! Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!





Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Автор
Дата добавления 12.11.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров207
Номер материала ДВ-148332
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх