Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Ашық тәрбие сағаты "Біз мектепке барамыз!"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Ашық тәрбие сағаты "Біз мектепке барамыз!"

библиотека
материалов

КММ «Чернова орта мектебі»






Даярлық топпен қоштасып,

Біз мектепке барамыз!












Өткізгендер: Ракишева Ф.А.

Утельбаева Б.Б.











Тақырыбы: Даярлық топпен қоштасып,

Біз мектепке барамыз!

Мақсаты Балаларды мектепалды даярлық тобынан шығарып сала отырып, оқу-білімге деген қызығушылықтарын оятып, Отанын, елін, жерін, құрметтеуге баулып, адамгершілікке,сыйластыққа тәрбиелеу.


Әдісі: Ертеңгілік.


Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ Кіріспе сөз. (Музыка ойналып тұрады. )

Фарида: - Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бір жыл бойы мектепалды даярлық тобында тәрбиеленіп, білім нәрімен сусындап, оң, солын танып, білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілей отырып, «Даярлық топпен қоштасып, біз мектепке барамыз !» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.


Балым:

Өтті қызық көп күндер,

Алты жасқа жеттіңдер.

Барасыңдар мектепке,

Бір белестен өттіңдер.

Олай болса, даярлық топпен қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.

Фарида:

Өсті міне бойларың

Өсті ақыл-ойларың

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың!

«Әліппе» әнімен балалар ортаға шығады.

Үйретеді әліппе 42 әріпке

Ең алғашқы кітабың

Әліппені дәріпте

Қ-сы

А дегенім –ана,

Ә дегенім – әке,

Б дегенім – бала,

Естіп жүрме шала.

А дегенім – ата,

Ә дегенім –әже,

Б дегенім – бата,

Мұны есте сақта.


Әліппені алайық,

Парақтап біз қарайық.

Әріптерді үйреніп,

Әсем әнге салайық.

Қ-сы




Балым: Балалардың таппақтарын қабыл алыңыздар.


Мағжан:

Міне мен де

Үлкен болдым

Жасым толды алтыға

Кітаптағы ертектерді

Енді оқимын өзім де.


Баян:

Нағыз білім ырыс бақ

Дүниені тұр ұстап,

Енді біздер сабаққа,

Кірісеміз дұрыстап.


Алинұр:

Өзіңнен көп дос таптым,

Бауыр баса бастаппын,

Тәрбиешілер мейірбан,

Келмей тұр енді қоштасқым.


Шыңғыс:

Мен де кітап аламын,

Мен де оқуға барамын.

«жаман бала» дегізбей

Жақсы оқитын боламыз.


Алан :

Құшағында жарқылдап

Өтті сәби күндерім.

Өсіп талап, талғамым,

Көп нәрсені үйрендім.



Ералым:

Сен үйретің сөйлеуді,

Сенде ойым есейді.

Мектепке барам мен енді

Даярлық тобым қош енді.


Жаннұр:

Әліппеден әріп танып,

Алғаш рет оқимыз.

Тәрбиеден тәлім алып,

Санамызға тоқимыз.


Жұлдыз:

Қуан шаттан алақай,

Қуанатын күн бүгін .

Бұл қуаныш себебін,

Бізге қарап ұғарсың,

Ер жетті деп бөбегім,

Ата-анамыз қуансын.


Райхан:

5 болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз.

Өнер-білім көп тоқып,

Өсе берсін санамыз.


Нұрай:

Ән салайық басқоса,

Даярлықпен қоштаса.

Қалам,дәптер,өшіргіш

Кітаптармен достаса.


Әли:

Айналайын, балалар,

Алда мектеп – ана бар.

Өздеріңнен өседі,

Өнерпаздар даналар.


Елжан:

Біріншіге барамын

Айтқаныңнан шықпаймын

Мақтанбаймын мен текке

Мен балапан құстаймын.

Дайын дәптер қаламын

Баулыдың сен мұғалім

Мынау есеп кітабым,

Мынау әйбат әліппем.

Бірін жинап сақтадым,

Білімге жол аттадым.


Қырмызы:

Алтыға келді жасымыз,

Сәбиліктен астық біз.

Мектеп бізді шақырды,

Қош даярлық тобымыз.

Балым:

Ана тілін ардақтап,

Ата салтын біз көрдік.

Сурет салып ән жаттап,

Оқып жазып үйрендік.

Айзере:

Мектебім мынау класың,

Осында он жыл тұрасың.

Тарыдай болып кіресің,

Таудай болып шығасың.


Мансұр:

Тәрбие берген ұямыз,

Тәртіпті бала боламыз.

Қоштасып даярлық топпенен

Біріншіге барамыз.



Музыка ойналып, Маша мен аю келеді.

Маша: Жүр, деймін жүр. Мен саған балалар мектепке қалай оқиды екенін көрсетемін.

Аю: мектеп,мектеп деп неге қайталай бересің. Мен онсыз-ақ бәрін білемін.

Маша: бәрін деймісің? Ал суретке қарап әңгіме құрастыра білесің бе?

Аю:Әңгіме құрау.

Балым: Сәлеметсіңдер ме, маша мен аю! Сендер қайдан келе жатырсыңдар?

Маша: Міне, мен аюды мектепке әкелдім. Ол мүлдем мектепке барғысы келмейді. Ал жазған кезде тіпті дәптеріне қарауға ұят.

Балым: Мұның қалай аю. Егер сен оқымасаң, білімсіз, әрі сауатсыз адам болсаң , мектепке қалай барасың? Ал сауатты болу үшін жақсы оқу керек. Тыңдап көрші, біздің балалар мектепке дайын ба екен?

1-тапсырма: буындарды оқып, олардан сөз құрастыр.(1 топ)

2-тапсырма:сөздерді оқып суреттермен сәйкестендір.(2 топ)

3-тапсырма:әріптерден сөздер құрастыр.(3 топ)

4-тапсырма:ребусты шеш.(4 топ)

Сұрақ-жауап:

1.Анасының иті, мысығы, қызы бар. Анасының неше баласы бар?

2. Дүкеннен анам төртбұрышты екі доп алып келді. Біреуін ініме берді. Менде неше доп қалды?

3. Екі сиырдың мүйізі нешеу?

4. Адамда екі-екіден бар дене мүшелерін ата?

5.Екі мысықтың аяғы нешеу?

6. Он қолда және сол қолда неше саусақ бар?

7. Төрт қабырғасы тең болса,

Төрт бұрышы тең болса.

Жауап берер балақай,

Ой өрісі кең болса.

Бұл не ? (Шаршы)

8. Машинаның дөңгелегі нешеу?

9. Емес бұл төртбұрыш,

Мұнда мүлде жоқ бұрыш.

Бұл не? (дөңгелек)

10. Асанда бес асық,

Арманда екі асық,

Қосқанда барлығы,

Болады неше асық? (7)

Маша: Көрдің бе, аю! Балалар бәрін біледі, ал сен болсаң, үп-үлкен болып ештеңе білмейсің!

Аю: Ия, расында да ұят болды.

Балым: Көрдің бе, аю біздің балалар қандай ақылды. Олар қандай тапсырмалар болсын орындай алады. Оның бәрі білімнің арқасында.

-Балалар, қалай ойлайсыңдар, Біз мектепке не үшін барамыз?

- оқып, білім алу үшін.

Сондықтан, аю сен ертеннен бастап мектепке баруға дайындал. Келістік пе?

Аю: келістік. Мен барып сабаққа дайындалайын. Қош сау болыңдар, балалар!

Фарида: балаларымыздың әнін қабыл алыңыздар.

ХОР: «Оқуда озат боламын!»

1)Оқуда озат боламын,

Білімім тасып толамын.

Мектепке барып күн сайын,

Тек қана бестік аламын.

Оқуда озат боламын,

Білімім тасып толамын.

Мектепке барып күн сайын,

Тек қана бестік аламын.

Қайырмасы:

Оқуда озат боламын,

Қашанда таудай талабым.

Тәртіпті бала атанып,

Бәріне үлгі боламын.

2) Оқуда озат боламын,

Білімім тасып толамын.

Әр сөзін тыңдап ұстаздың,

Санама құйып аламын

Оқуда озат боламын,

Білімім тасып толамын.

Әр сөзін тыңдап ұстаздың,

Санама құйып аламын.

Қайырмасы:

Оқуда озат боламын,

Қашанда таудай талабым.

Тәртіпті бала атанып,


Балым: казір балалар сендермен «ия», «жоқ» ойынын ойнаймыз. Мен сұрақ қоям, сендер сұрақтың жауабына қарай ия немесе жоқ деп жауап бересіңдер.

1 мектепке біз барамыз ба?

2 кілең бестік аламыз ба?

3 айтқан тілді аламыз ба?

4 ақылды бала боламыз ба?

5 нан жеймін деп жылаймыз ба?

6 таңертен ерте тұрамыз ба?

7 сабақта отырып, ұйықтаймыз ба?

8 ойыншықтармен ойнаймыз ба?

9 екі алғанда жылаймыз ба?

10 оқушы біз боламыз ба?


Фарида:

Ата-аналармен де «ия», «жоқ» ойынын ойнайық.

1 балаңызға әрқашан тірек сіз бе?

2 сабақ оқып, есепке жүйрік сіз бе?

3 тамағын уақытылы бересіз бе?

4 төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз бе?

5 сериал көріп жатасыз ба?

6 ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?

7 оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?

8 сен оқыт, мен оқытып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?

9 балаңыз үшін басқа біреудің баласын соғасыз ба?

10 бала үшін асулардан асасыз ба?


КӨРІНІС «Портфель»

Автор: Балым

Бала: Райхан

Әліппе: Мағжан

Дәптер: Жаннұр

қарындаш : Алинұр

4-тік: Елжан

5-тік: Баян

2-лік: Ералым

Автор(Балым):

Биік емес, аласа бір сөмке тұр жараса,

Ішіне оның не салған?

Құлпын ашып көрейік

Нелер барын білейік

Тук-тук, кіруіме бола ма?

Әлде біреу тұра ма?

Әрине ешкім тұрмайды, тұрса үнсіз болмайды.

Әне қарындаш келеді, сөзімді сол жалғайды.

Қарындаш(Алинұр):

Тук-тук, болар ма екен кіруге?

Кім тұратын білуге?

Жауапсыз қалды сұрағым

Онда өзім тұрамын.

Автор(Балым):

Келді міне Әліппе көрді олда сөмкені.

Әліппе(Елжан):

Ашық екен есігі,

Ішіне жайлап кірейін

Кімдер барын білейін

Жақсы достар болса егер

Бірге өмір сүрейін.

Автор(Балым):

Жүгіріп дәптер келді де, қарайды олда теміре.

Дәптер(Жаннұр):

Жазу жазар болса кім

Онда менде керекпін,

Кіргізіңдер мені де

Бірге тұрайық демекпін.

Автор(Балым):

Пайда болды 4-те.

4-тік(Нұрай):

Жақсы оқитын балалар

4 пен 5 ті алады

Ұқыпты өзі ынталы

Тәрбиелі болады.

Автор(Балым):

Артынша келді 5-те

5-тік(Баян):

Оқушының бәрі де,

Мені жақсы көреді

Сөмкенің дәл төрінен

Маған орын береді.

Автор(Балым):

Осылайша сөмке іші лезде толды.

Жүгіріп 2-лікте келіп жетті.

2-лік(Ералым):

Сөмке мені қалдырмай,

Кіргізіп ал ішіне

Жалқауларға жайлымын

Жалынбаймын үшіңе.

Автор(Балым):

Кіргізбей 2-ні сарт етіп есік жабылды.

Оқушы екен иесі, міне өзі табылды.

Оқушы( Райхан):

Жақсы оқушы боламын

Кілең бестік аламын.

Тәрбиелі үлгілі

Қазақстан азаматы боламын!



Балым: балаларымыздың мектеп қызметкерлерімен мұғалімдерге арналған таппақтарын қабыл алыңыздар.


Айзере:

Денсаулыққа болаттай,

Ауруларды жолатпай.

Күнде болған әбдігер,

Қамқоршымыз дәрігер

Күлзиға апайға мың рахмет.


Қырмызы:

Гүлдендірген мектепті

Директор апай жақсы адам

Сондықтан да біз үшін

Артықсыз сіз басқадан

Мәрия апайға мың алғыс.


Мағжан:

Тәтті тағам пісірген

Айран, сүттін ішкізген.

Индира, Арай апайлар

Сіздерге де мың алғыс.


Шыңғыс:

Жайдарлы жүз, ай қабақ,

Жүреді бізді аймалап

Тобымызға жиі кеп

Білгеніңді сұрайтын

Ақыл айтып тұратын

Балапан апайға көп рахмет.


Бірге:

Жазу жазып үйреткен

Әріптерді оқытқан

Санамақты жаттатып,

Санауды бізге үйреткен.

Жақсы болсақ қуанған,

Қате болса кешірген

Фарида, Балым апайларға

Айтамыз біз мың алғыс.


Балым:балаларымыздың таппақтары:


Нұрай:

Қуанбаймыз неге біз,

Күліп күн де тұр асқақ.

Оқығалы келгенбіз,

Біз бірінші сыныпқа.


Жаннұр:

Біз мектепке барамыз,

Қолға қалам аламыз.

Кітапты да оқимыз

Суретті де саламыз.


Баян:

Қуанамыз, сыйлаймыз

Қуаныштың мың гүлін,

Алғашқы топты қимай біз

Қоштасатын күн бүгін.

Балым:

Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар,

Жүздерінен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балдырған.


Райхан:

Елдің атын жазамын,

Жердің атын жазамын.

Тұған тілге тазамын

Батаңды бер қазағым

Мен мектепке барамын.




Қорытынды (Фарида)

- Құрметті осы мерекеге жиналған ата-аналар! Бала біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ұрпағымызды тәрбиелеп, бойына ізгілік нұрын себу мына отырған сіздер мен біздердің міндетіміз.

Міне, бүгін біздер осы бүлдіршіндерімізді мектепке даярлап, шығарып салғалы отырмыз. Осы балаларға сәт сапар тілей отырып, ата –аналар сіздерден ақ бата сұраймыз.



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 18.10.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров175
Номер материала ДБ-270591
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх