Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Ашық тәрбие сағаты "Біз - Жеңістің мұрагерлеріміз!"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Ашық тәрбие сағаты "Біз - Жеңістің мұрагерлеріміз!"

библиотека
материалов



Біз- Жеңістің мұрагерлеріміз

Мақсаты: Ұлы отан соғысы туралы мағлұматтар беру

Ардагерлер ерлігін құрметтеуге, сыйлауға,ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік:слайд,суреттер

Тәрбиелік шараның барысы: 1.Ешкім де,еш нәрсе де ұмытылған жоқ

2.Әскери әндер

3.Әлия мен Мәншүк

4.Бейбітшілік сақталады.

Жанбота: Соғыс –күйретуші күш. Дәл солай! Барды жоқ ететін,тауды жер ететін,жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал материалдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә,содан бері 71 жыл өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ.

Алихан: Ешкім де,ешқашан да ұмытылмақ емес! Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 71 жыл толды. Бірақ, Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні-бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке.

Дильназ: Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш-бірлік. Қаншама халық бір тудың астына бірігіп, күштерін бір арнаға салды. Ұлы Жеңіс 15 одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы.

Ерсін: Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі шайқаста, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда ерен ерліктер көрсетті.

Жанбота: Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500-ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Отанды қорғауға біздің ауылдан жүзден астам адам аттанды. Соның 73 азаматы соғыстан оралмады. Сол соғыста құрбан болған азаматтарды 1 минут үнсіздікпен еске алайық!

Алихан: Жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Сол жылдары Қазақстан миллиондаған босқындарды өз бауырына аналық мейірімімен тартты. Фабрикаларға, майданға керекті оқ-дәрі мен азық-түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды.





Дильназ: Әділетсіз арпалысқа Қазақстаннан 2 миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды. Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды. Бұл соғыс қайғы-қасірет әкелмеген бірде-бір отбасы болмады. Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Қаншама боздақтардың қыршын жасы қиылды

Ерсін: Фашистік Германия тізе бүкті... Бірақ сол сұм соғыс 27 миллион адамның өмірін алып кетті.

Талай ғасырлар бойы жасалған материалдық және мәдени қазынаны құртты. Міне, соғыстың әкелген қасіреті.

Жанбота: Адамзатқа әрқашан соғысты тоқтататын жеңіс керек. Осыдан 71 жыл бұрынғы Жеңіс сонысымен қымбат. 1418 күн мен түн толарсақтан қан кешіп, кейінгі ұрпаққа тыныштық әкелгені үшін қасиетті. Әрине, Жеңіс өздігінен келген жоқ. Оны елі,жері үшін отқа түскен ерлер ерлігі жеткізді. Аққайнар округінде жалғыз соғыс ардагері бар. Ол-Коробицин Иллорион Иванович.

Алихан: 9-мамыр-бұл мереке ғана емес, бұл ауыр еңбек, бұл халықтың батырлығы. Біздің парызымыз-бұл күнді еске сақтау. Біздің ардагерлеріміз! Оларға лайықты кәрілікті қамтамасыз ету, оларға көмектесу керек.

Дильназ: Ұлы жеңістің туған күні құтты болсын! Тарихымызда қалған бұл сұрапыл соғыстың кеселінен өткен ата-апаларымыз аман болсын! Келешек еліміздің дархан даласы кең, аспаны ашық болсын!

Ерсін: Жұдырықтай жұмылған, білектей біріккен кеңпейіл Қазақ елі жасасын! Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен алған еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды.



Ерлік өлмейді,ер ұмытылмайды,

Барлығы еске алар өткендерді,

Өмір үшін өртеніп кеткендерді.

Ал бүгін еске алар ұрпақтары,

Бүгінге есімдері жеткендерді.



*Ән «Священная война» Музыкасы А.В.Александровтікі, сөзі В.Лебедев-Кумачтікі

* Слайд «Ұлы Отан соғысы»





*Елімнің ақ таңындай ақ ниетті, Сендерсің Жеңіс туын желбіреткен,

Халқымның қазынасы қасиетті. Елімнің тәуелсіздік туын тіккен.

Тірегі, ақылшысы ұрпағының, Өмірдің арқаладың ауыр жүгін,

Қарттарым,сендер барда ел көрікті. Жастарға үлгі болды жолың өткен.

(Аққайнар ауылының ардагерлерінің суреттері көрсетілді)

hello_html_5859c74b.jpghello_html_736c402.jpg

*Әскери әндер 1.Дороги 4.Три танкиста

2.В землянке 5.Катюша

3.Огонек

hello_html_75d4d966.jpg hello_html_3ace1782.png

hello_html_125aa180.pnghello_html_2b6afd2c.png







*Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін, Көзінен ұшқын өрттей лапылдаған,

Оқ борап,снарядтар қаққанда ызың. Жауына қаһар тігіп қатуланған.

Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған, Отан үшін шайқасқан ауыр күнде,

Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын. Төнсе де өлім қаупі жасымаған.

Қолында пулеметі «Максим» оның,

Бойында күш-жігері тасқын оның.

Ерлермен тізе қосып шабуылда,

Оғымен қырғын майдан ашты жолын. Сәду Машақов



*Даламыздың даңқысың, Бірге соқсын дүрсілдеп,

Балауса гүл-балғын қыз. Туған жермен жүрегің.

Жанын қиып халқы үшін, Арасында жүрсің сен-

Жанып түскен ақ жұлдыз. Әнге қосып жүр елің.



Мәңгі жасап жерде енді,

Биік бол деп таулардан.

Сенің балғын бейнеңді,

Жасап қойдық мәрмәрдан. Сағи Жиенбаев



*Ән «Шығыстың қос жұлдызы» Әні мен сөзін жазған Б.Бейсенова



*Аттанды ерлер соғысқа, Жауынгерлер ерледі-

Алда ауыр жол жатты. Бейбіт өмір орнатты.

Қалған ата қоныста, Көбі қайта келмеді,

Күтті бәрі солдатты. Күтті бәрі солдатты.





*Көрініс «Соғыстан қайтқан солдаттар»

hello_html_m56e29d71.jpghello_html_2b9b60cc.jpghello_html_m2eb7331e.jpg

*Көңілдей тұнық көк аспан, Үн қосып жайсаң өмірге,

Бақыты жанған әр үйдің. Бұлбұлдар бақта ән салса да.

Күлкісі балғын жарасқан, Жазылмай жүрген көңілде,

Ұйқысы тыныш сәбидің. Жара бар әлі қаншама.

Әлі де туған жер үстін, Адамның үміт, тағдыры,

Кезіп жүр ағаш балдақтар. Оранған гүлге көк белдер.

Әкеден қалған Жеңістің, Бізге сенген қаншама,

Сақтаңдар туын, адамдар! Қалғып ешкімдерің кетпеңдер!



*Би «Яблочко»

hello_html_71d9281b.pnghello_html_24851d93.png







*Бақыттымыз, біз соғысты көрмедік, Ұйқы көрмей тер төкпедік тылда да,

Қару ұстап сұм фашисті жеңбедік. Қорек іздеп бек қазбадық жылғада.

4 жыл бойы сыз окопты мекендеп, Соғыстан соң дүниеге келіппіз,

Жеңіс үшін қол-аяқты бермедік. Болған кезде күл қалалар-гүл қала.



*Көктем келді 71 Жеңіс атты,

Бейбіт өмір гүлденіп шашу шашты.

71 жыл тыныштық аспанында,

Бейбітшілік көгершіні қалықтады.



*Слайд «Бейбіт күн тілегі»



Бейбіт күнін таратып, Қарттарым-ай, қалт айтпас дуалы ауыз,

Келе жатыр таң атып. Өздеріңнен тарайды, туады аңыз.

Келе жатыр шығып күн. Ақыл айтып отырар бір-бір үйде,

Бөлінбепті іргеміз, Болғанына бір-бір қарт қуанамыз.

Бақыттымыз, біргеміз.

Қайырлы таң, адамдар!



Жерімде ардақтайтын асылдар көп, Болсын енді қарт та аман, жас та аман,

Төсіңе талай ғұмыр қосылар кеп. Бейбітшілік тілегіміз әрқашан.

Құрметпен айтар әлі келер ұрпақ, Іске ассын қиялдағы бар арман,

Жеңісті әпергендер осылар деп. Жыламасын ешбір сәби,еш адам.











Күн сайын күліп атсын таң нұрлана, Қияндағы айға да қонды кемең,

Орансын көк шалғынға туған дала. Серпініңнен оянды сергіп әлем.

Бомба емес,жауа берсін жерімізде, Туларыңның тұғыры-мына біздер,

Кәдімгі аппақ қар мен жаңбыр ғана. Жеңіс күні көгіңде желбіреген.



Бөлендірген ұрпақты бейбіт күнге,

Қол жеткізген көп елді теңдігіне.

Бітпес аңыз боп қалған бұл тарихта,

Бас иеміз, ардагер, ерлігіңе!



Бақыттымыз, біз соғысты көрмедік, Осы үшін оларға тағзым етейік,

Мылтық алып қас-дұшпанды жеңбедік. Ізбасар боп армандарға жетейік.

Мұның бәрі аға ұрпақтың еншісі, Қатары сиреп,қадау қалған жандарды,

Ерлігіне жан көрмеген тең келіп. Әлпештеумен,аялаумен өтейік.



*Ән «Көгершіндер әні» Сөзін жазған М.Мақатаев, әнін жазған Н.Тілендиев



hello_html_3d70fb35.pnghello_html_39c77908.png





Тыныштығын ойлаймыз жер үстінің, Уақыт болып жаңғырып дүбірлеген,

Тегіс бүгін тойлаймыз Жеңіс күнін. Бақыт болып мәңгілік күлімдеген.

Барлық күннен адамға ең ыстығы, Барлық күннен адамға ең ыстығы,

Барлық күннен заманға ең ыстығы, Барлық күннен заманға ең ыстығы,

Жеңіс күні, Жеңіс күні, Жеңіс күні, Жеңіс күні, Жеңіс күні, Жеңіс күні.



Жалау болып жасқанбай желбіреген, Тың тамырын тынымсыз солқылдатқан,

Жанар болып аспандай мөлдіреген. Өжеттікпен заманға өр тіл қатқан.

Барлық күннен адамға ең ыстығы, Жастығыңның жалғасы-мына біздер,

Барлық күннен заманға ең ыстығы, Сертке соққан семсердей жарқыл қаққан,

Жеңіс күні, Жеңіс күні, Жеңіс күні. Мына біздер,мына біздер,мына біздер!



*Ән «Бейбітшілік сақталады»

hello_html_m31899623.pnghello_html_265eaf28.png

hello_html_5cf4b4dd.pnghello_html_2428359e.png


















Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 10.05.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров141
Номер материала ДБ-073628
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх