Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Ашық тәрбие сағаты Әдепті бала - арлы бала

Ашық тәрбие сағаты Әдепті бала - арлы бала

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тәрбие сағатының тақырыбы:  «Әдепті бала- арлы бала, Әдепсіз бала сорлы бала»
Тәрбие сағатының мақсаты: Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту.  Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жазылған плакаттар, тірек сызбалар.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру  кезеңі

 Мұғалім:Бүгінгі тәрбие сағатымыз әдептілік тақырыбында өтіледі.

Әдептілік- адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс- тұрысының ережесі.

Осы әдептілік ережесін сақтау керек.  Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі керек.

«Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан»деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейрімді, досына қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң өсе келе ата- анаңның, Отаныңның мақтанышы боласың.

Адам болатын бала-барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысуы  керек. Ендеше әдепті, ақылды балалардың қандай болуы керек екенін мына өлеңдерден тыңдайық.

1-    оқушы

Ата- ананың тілегі- адам болып өскенің,

Адамдықтың тірегі – адал болып өскенің.

Әдептілік дегенің- әрқашанда керегің,

Әсемпаздық дегенің- әуре сарсаң әлегің.

 2-    оқушы

Тәртіпті бала сүйеніш,

Төбең бір көкке жетеді.

Ұрыншақ бала жанында,

Ұрыс пен керіс айқай шу.

Ұстамды бала маңынан,

Ұнамды қылық байқайсың.

 3-    оқушы

Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де.

4-    оқушы

Сыйла үлкен кісіні

Қамқорлыққа ал кішіні.

Сақтап көше тәртібін,

Бағдаршамның ал тілін.

Әдет қыл бұл ісіңді,

Тазалап жүр тісіңді.

5-оқушы

Сыйлап сәлем беремін

Көршілерді көргенде.

Ізетпен бас иемін,

Үйге қонақ келгенде.

Әдепсіз деп сөкпесін,

Анама айтып өкпесін.

 6- оқушы

Қалдыратын ұятқа,

Жалған сөзге төзбеймін.

Жеткізетін мұратқа,

Тек шындықты көздеймін.


«Ізетті бала» көрніс

Руслан қандай елгезек,

Берді ағайға жол кезек:

ғай ғафу етіңіз!

Алға қарай өтіңіз.

-         Оқасы жоқ, ұланым,

Ізетіңмен ұнадың.

Деп ағай да Русланды

Жақсы көріп нұрланды.


«Не істеуге болмайды?» деген сөзді мұғалім айтады, оқушылар әрі қарай өздері жалғастырады.

  1. Үлкендердің алдын-

  2. Кішкене баланы-

  3. Құстарды-

  4. Қыз баланы-

  5. Сабақтан-

  6. Үйге жүгіріп-

  7. Үлкен кісіні-

  8. Оқу –құралдарын-

  9. Сыныпта айғайлауға-

10.Ысқыруға-

11.Құстың ұясын-

Не істеу керек?

-         Үлкендерді сыйлау керек

-         Ата- аналардың тілін алу керек

-         Тәртіпті болу керек

-         Оқу құралдарын күтіп, таза ұстау керек

-         Сабақты жақсы оқу керек

Мұғалім: Ал енді балалар, кезекті мақал- мәтелдерге берейік.

«Жақсыдан үйрен,

Жаманнан жирен» деген мақалды қалай түсінесіңдер?

Оқушылар хормен:

Аулақ жүріп жаман қылық, әдеттен,

Үйренеміз жақсы мінез әдептен.

 

Әдептілік жайлы мақал- мәтелдер айту.

  1. Әдепті бала- арлы бала,

Әдепсіз бала- сорлы бала.

  1. Әдептілік белгісі,

Иіліп сәлем бергені.

  1. Ашу- дұшпан, ақыл- дос,

Ақылыңа ақыл қос.

  1. Сіз деген- әдеп,

Біз деген- көмек.

  1. Ұлық болсаң- кішік бол.

  2. Кішіден ізет- үлкеннен құрмет

  3. Әдепті бала ата- анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата- анасын қақсатар.

  1. Жақсы адам ай мен күндей

Әлемге бірдей.

  1. Әдепті бала кездессе,сәлем берер бас иіп,

Әдепсіз бала жолықса, өте шығар кекиіп.

Жағдаяттық сұрақтар:

  1. Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқаныңда алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің?

  2. Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?

  3. Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?

  4. Үйге қонақ келгенде бала не істеу керек?

  5. Әдептілікті бізге кім үйретеді?

  6. Асханада тамақтанғанда қалай отыру керек?

Мұғалім: «Әдеп» деп «әдептілік» деп қандай мінез бен іс- әрекетті айтамыз?

Әдептілік деп үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей- ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі, көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді.Сонымен әдептілік дегеніміз әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен. Тағы да бір айтатын жағдай бір- бірімізге кешірімді болу керек, ол да- әдептілік. Кейде кешірмейтін мінез құлықтар да болады. Ондай теріс мінезді тезге салып, тез түзеу керек.

Жас- кәріге сіз деген

Жақсы үлгі іздеген.

Дос боламыз біз деген,

Ізетті ұл мен қызбенен.

 

Ізеттілік, әдептілік, адамгершілік жөніндегі сұрақ- жауап.

Сыйлап үлкен ағаны

Сәлем берген баланы

Кім дейміз?

Әдепті екен бұл дейміз.

Кітап, дәптер, қаламы

Кір шалмаған баланы

Кім дейміз?

Ұқыпты екен бұл дейміз.

Таудай биік талабы

Жақсы оқитын баланы

Кім дейміз?

Үлгілі екен бұл дейміз.

Әдептілік сөзін топтастыру.

Қорытынды:

«Әдепті бала қандай болу кере?» ой шақыру.



Оқушыларға еркін тақырыпта шығармашылық тапсырма беріледі. Әдептілік туралы сурет салу немесе шағын эссе жазу.

 Мұғалім: Балалар, бүгін біз сіздермен әдептілік жайлы білдік. әр адам өзін кез-келген жағдайды кез-келген жерде тәртіпті ұстап, әдепті де әдемі сөйлей білуі керек екен. Әдепті адам жамандықты жақсылыққа баурап, өзінің ақылдылығын таныта білуі керек.

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 14.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров584
Номер материала ДВ-156304
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх