Инфоурок Другое СтатьиАшық тәрбие сағаты "Елбасы - еңселеткен Елорда "

Ашық тәрбие сағаты "Елбасы - еңселеткен Елорда "

Скачать материал

«Тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған

Ленгір  көмекші мектеп – интернаты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Ашық тәрбие сағаты

   Тақырыбы: Елбасы еңселетке Елорда

vmeste

                                                      Тәрбиеші: Джолдыбаева Ж.

 

2016 – 2017 оқу жылы

Тақырыбы:  Елбасы-еңселеткен Елорда

Мақсаты:

Білімділік: Еліміздің тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев туралы кең түсінік беру. Жас ұрпаққа Нұр ағамыздың сан қырлы талант иесі,құдіретті тұлға екенін таныту.

Дамытушылық:Елімізге еңсе тіктетіп,мемілекетімізді мығымдап берген,халқымызды әлемге танытып,алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгеру

Тәрбиелік:Балаларды Отан сүйгіштігіне, адамгершілігіне, Отанына, халқына адал қызмет етуге, президент өмірін үлгі етуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктерсуреттер, слайд, шарлар, Н.Ә.Назарбаевтың қанатты сөздері.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап

Барысы:

         І. Ұйымдастыру  кезеңі.

Тәрбиеші:  Сәлеметсіздер ме, балалар, ұстаздар, құрметті қонақтар!

                     Балалар кәне шаттық шеңберін құрайық!

 

Шаттық шеңбері.

Қайырлы күн достым,

Қайырлы күн болсын,

Сейсенбінің сәті,

Сәттілікке толсын,

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын.

 

Тәрбиеші: Балалар сендер білесіңдер ме, біздің Отанымыз қалай аталады?

Балалар:- Қазақстан!

Тәрбиеші:-Отан дегенді қалай түсінесіндер?

Балалар:-Адамның туып өскен жері, , біз тұратын мекен!

Тәрбиеші:  -Өте дұрыс айттыңдар.  Ата-бабамыздан  мұра болып қалған  қасиетті жеріміз. Біз жерімізді қорғап, еліміздің патриоты болуымыз керек

-Қазақстан Республикасы қандай ел? (Тәуелсіз егеменді ел)

Тәрбиеші:     Дұрыс айтасыңдар балалар

                                Қасиетті кең байтақ жеріміз бар.

                                Мемлекеттік шекарамыз.

                                Елтаңбамыз, ән ұранымыз,желбіреген  көк байрағымыз.

                                Мемлекеттік тіліміз қазақ тілі

 

Тәрбиеші:  Осы Отанымыз Қазақстанның Елордасы қай қала?

Балалар: -Астана!

Тәрбиеші:  - Жарайсыңдар, балалар! Астана- өте әсем қала. Астана қаласында үлкен ғимараттар орналасқан.

 Ал балалар, енді біз  «Жаса Қазақстан » әнімен  Астана қаласына саяхат жасап келейік.

(Бейнебаян көрсету)

-ҚР кең байтақ жерін, егеменді елін кім басқарады? (Президент)

-Біздің Елбасымыз кім?

Балалар:- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Тәрбиеші: Дұрыс, біздің бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Елбасы еңселеткен Елорда». Олай болса, келесі бейнебаянға назар аударайық.

(Бейнебаян көрсету)

ІІ. Негізгі бөлім

1-Жүргізуші:

Бағдарлап елдің ертеңін,

Тыныштық тауып жатпаған.

Болашақ үшін тер төгіп,

Үмітін елдің ақтаған.

2-Жүргізуші:

Қиялы ұшқыр ойлы адам,

Әлемге болған аты аңыз.

Ұрпақтың қамын ойлаған,

Аман-сау жүрші, Атамыз.

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! 

 

1- Жүргізуші.: Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді  азаматтары, ұлдары мен  қыздары бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы Еңселеткен Елорда» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. 
        2-жүргізуші: Ердәуіт, сен қалай ойлайсын, осы Қазақстан Республикасы осындай дәрежеге жетіп , көк туымыздың астында бейбіт, молшылық, татулықта өмір сүріп жатқанымыз кімнің арқасында?
1-жүргізуші: Әрине Қазақстанның атын сонау шет мемлекеттер танып, астанамыз көркейіп жатқаны Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың арқасы. Жұлдызай, сен қалай ойлайсың Қазақстан тәуелсіздігіне міне 25-жыл болады, біздің мемлекетіміз қаншалықты дамыды?
2- Жүргізуші. Иә мемлекетіміз тәуелсіз ел боп жарияланғалы бері әрине дамыды, экономикасы да, білім беру саласы да, медицина саласы да, өндірісі де, шет елдермен байланысы да. Барлығы, елбасымыздың саясатының негізінде емес пе? 
.

Ұзақбай: Иа дұрыс айтасың, бірақ сол тәуелсіздікке де оңай жете қоймадық қой. Қаншама бабаларымыз, аталарымыз, Қайрат пен Ерболдай ағаларамыз, Ләззаттай әпкелеріміз тәуелсіздік жолында құрбан болды

Тәрбиеші: Тәуелсіздіктің қайта оралғаны — Ата-бабаларымыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалғанының арқасы.деп  Н.Ә.Назарбаев айтқандай тәуелсіздік қазақ елінің аңсаған арманы қол жеткен мұраты.

1-оқушы: Досхан: Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

2-оқушы:   Жұлдызай : Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».

3-оқушы. Мадияр: Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді, халықтың байырғы дәстүрлері мен жоралғылары туралы әңгімелейтінін.  

2-жүргізуші:

Ендеше, бала Сұлтанның қандай болғанына назар аударайық. 

Көрініс: Нұрсұлтанның балалық шағы.

Автор:Бала Сұлтан ат жарысына қатысып, бәйгеде аты бірінші келеді. Әкесі Әбіштің қуанышында шек жоқ. Ауыл тұрғындары Сұлтанды құтықтап жатыр. Бала Сұлтанға бәйгеден аты озып шыққаны үшін сыйлыққа кілем береді.Олар үйлеріне қайтады.

Әкесі Әбіш: -Апа! Сүйінші, Сұлтан бәйгеден бірінші келді!

Апасы:-Жарайсың, балам! Өркенің өссін!Айттым ғой, менің балам озып шығады-деп.

Апасы Сұлтанды құшақтап, бетінен сүйеді.

Бала Сұлтан: -Апа,қарашы маған не бергенін? Мен бұл кілемді біздің үйде тұрып жатқан

Кавказдан келген ағайындарыма беремін-деп кілемді береді.

Тәрбиеші:

-Балалар, бұл көріністен бала Сұлтаның қандай қасиеттерін көрдіңдер? 
- Н. Ә. Назарбаевтың өмір жолдары туралы не білеміз?

4-оқушы.Ұзақбай:  Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды..

5-оқушы. Жанар:Ал қандай істермен айналысқанды ұнатты екен?

6-оқушы Тоғжан:.Ол кісі күрес үйірмесінде болды. Домбырамен ән айтқанды жақсы көреді. Атқа жақсы шабады.

Көрініс қойылымы: «Оқушы Сұлтан»

Мұғалім: Балалар, үйге мен сендерге шығармашылық тапсырма берген едім. Иә, кім ойлап, не алып келді екен? Қане, балалар, шығыңдаршы, өз ойларыңды жеткізіңдер.

– Мен шықсам бола ма?

– Иә, шыға ғой Сұлтан.

– Мен бүгін өз ойымнан мынаны жасап келдім. Мұның атын мен әлі қойған жоқпын. Бірақ, осындай ғимарат болса екен деген ой келді де, ағашқа ұқсас діңі бар, тармақтала жан-жаққа таралған бұталары бар, төбесінде алтын жұмыртқасы бар ғимарат көз алдымнан кетпей қойды. Содан сой, осындай  әлемде жоқ ғимараттар біздің елімізде болса екен деп ойладым. Бүгін мен жәй жобасын жасадым. Келешекте осы ғимаратты шындыққа айналдырғым келеді.

-Осы айтқаның періштенің құлағына шалынып, еліміздің төрінен келешекте осындай ғимараттар орын ала берсін. Осы бетіңнен тайма. Жарайсың, отыра ғой!

Тәрбиеші: Елбасының асқақ армандары мен жетістіктері, міне, осы күндерден басталды.

7-оқушы.Эльмира:1960 жылы Украинада техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын бітірген.

8-оқушы.  Қымбат:   Еңбек жолын қайдан бастады?

9-оқушы.Бақтияр:Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.

10-оқушы.   Шухрат: Сонда біздің елбасы темір балқытушы болған ба?

11-оқушы:  Севинч.  Ия, дұрыс айтасың 1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды,партком хатшысы болды.

12оқушы:      Мадияр:  Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.

13-оқушы.       Бахтияр:       

1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.

14-оқушы Эльмира: 1999 жылдың 10 қаңтарында өткен баламалы сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79, 78 процент дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президентi болып қайта сайланды.

15-оқушы Тоғжан: 2005 жылдың 4 желтоқсанында сайлаушылардың 91, 5 процент дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

16-оқушы Севинч: 2011 жылдың 3 сәуірінде сайлаушылардың 95, 5 процент дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

1-Жүргізуші:Қазақ халқының тұтқасын Нұрсұлтандай ер ұстағаннан кейін Қазақ елінің тарихының жаңа парақтары жазылды.

Тәрбиеші- Біздің еліміз-тәуелсіз мемлекет. Яғни,біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан; өз еліміздің әнұраны, елтаңбасы және өзінің мемлекеттік туы бар.Осы жетістіктердің бәрі елбасымыздың ерен еңбегінің жемісі.

-Балалар, мынау біздің еліміз-Қазақстан Республикасының Туы,

Тәрбиеші: -Балалар тудан ненің бейнесін көріп тұрсыңдар?

-Күн,құс пен оюдың бейнесін көріп тұрмыз. 

-Иә,өте дұрыс айтасыңдар. -Ал ,енді, балалар,мемлекеттік туымыздың түсі қандай екен? 

-Туымыздың түсі: көк,көгілдір. -Аспанға ұқсайды

 1-оқушы: Досхан :Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді.Ту көгілдір түсті тік бұрышты.Тудың ортасында күннің шұғыласы,оның астында қалықтаған қыран құс бейнеленген.Сабын  ұлттық оюлармен өрнектелген. Күн, ,қыран және ою-өрнек -алтын түсті Жалаудың жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.

Балалар, мынау біздің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы.-Балалар елтаңбадан ненің бейнесін көріп тұрсыңдар.

-Шаңырақ, жұлдызша, қанатты тұлпар,күн шеңбері.

2-оқушы:   Ұзақбай: Шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны бірлікті,татулықты білдіреді,қанатты тұлпар қажымас қайраттың, тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.

1-оқушы: Мадияр: 1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.

9-оқушы:Тоғжан: 2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қайта қабылданды.
Егемен елім әнұраны жанарды,
“Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды

10-оқушы: Эльмира:  Кезінде Жұмекен Нәжімеденов жазған ән сөзіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен кейбір түзетулер енгізілді. Әнұранның мәтінінде ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күрескен бабалар ерлігі көрініс тапты. Ең бастысы – тәуелсіздігіміздің алтын діңгегі – ел бірлігі баса айтылған.


Тәрбиеші: Біздің ұлтттық валютамыз туралы не білеміз?

11-оқушы:   Жанар:1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.
 12-оқушы  Бақтияр:

Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым,
Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,
Құт-береке болшы бір елге келген.
Өз туы, елтаңба, әнұраны бар

Айтыңдаршы, енді елім кем де неден?

 

Тәрбиеші: Ата Заң жайлы кім айтады, қанекей, не білеміз?

13-оқушы: Қымбат: 1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.

14-оқушы:«Ата Заң»   Мадияр:
Ата Заңым – бас кітабым, бұлағым,
Ата Заңым – ар ожданым, тұрағым.
Ата Заңым – шариғатым, шарттарым,
Бағдар шамым, бойға қуат ұраным
.

2-жүргізуші: Нұрсұлтан ата-ақ пейілді, сезімтал жан және біз үшін нағыз үлгі болар тұлға.

III–кезең    «Жырым саған арналады, Елбасы»
1) Тақпақтар:

1-оқушы:Досхан

Нұрсұлтан ата құтты болсын мерей тойың,

Сомданып, тұлғаланып, өскен бойың.

Жер шары әлемдегі барлық елдер,

Біледі Президентіміздің ақыл-ойын.

2-оқушы:Ұзақ

Арманын орындадың бабалардың,

Көтердің көкшіл туын даналардың

Қазақтың асқақтатар өр рухын,

Ақтадың аппақ сүтін аналардың.

3-оқушы:Эльмира

Ұл едің қатарынан артық туған,

Еңбекке жастайынан белін буған.

Танытып әрбір елге белін буған,

Жастарға жалын бердің білім қуған.

4-оқушы:Севинч

Отан деген-әр адамның жүрегі,

Оған ел де, жер де, су да кіреді.

Отанымды бар әлемге паш еткен,

Президентім-мақтанышым, тірегім..

5-оқушы: Бахтияр

Сәулесі күн шатырлы аспан,

Кең дала төсі толқыған егін.

Көлдері күміс шашқан,

Қазақстан –Республикам менің.

Тәрбиеші: Н.Ә.Назарбаевтың «Ой бөлістім халқыммен»                     

1-оқушы: Мадияр: Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-тәуелсіз Қазақстан.

2-оқушы: Шухрат :Отанды сүю-өркениеттіліктің бірінші белгісі.

3-оқушы:  Досқан: Салтанатты жарасқан қаласы бар, ұшан- теңіз байтақ даласы бар, аруақ қолдаған бабасы бар ел екендігімізді мақтан етейік!

4-оқушы: Жанар:Отаншылдық рухы бізге ауадай қажет.

5-оқушы: Ұзақбай: Отаны бірдің-тілегі бір, жүрегі бір.

6-оқушы: Севинч:Көп ұлтты ел болуымыз-біздің байлығымыз, мақтанышымыз.

7-оқушы:Арай:

Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар.

Әлемде егемен Қазақстан бар.

Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар.

Ең бастысы-бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар!

 Сол күнге берік сенім бар!

Қортынды: Тәрбиеші:   Тәрбие басы тал бесіктен, ананың ақ сүтінен деген. Қазақ халқының көкірегі әрқашан ояу, болашағы жарқын. Елбасы қазақ халқын дүние жүзіне танытып, егемен ел етті. Қазақтың қолын биікке жеткізді, көк туын желбіретіп, әнұранын шырқатып, елтаңбасын асқақтатты. Әлем елдерімен терезесі тең, керегесі кең ел етіп, төл теңгемізді айналымға енгізді. Жастарымызға шет елдерде білім алуға жол ашты. Қазақ деген ел бар екенін білмеген  жат елдерге  танытып, өзінің мәдениетін, тілін, жерін көрсетті. Осындай кең байтақ қазақ жеріннің  қонақжай ел екенін,  дүние жүзі мемлекеттерінің басшыларын Астанаға жинап, Қазақстанның атын әлемге танытты.

Еліміз бауыры бүтін, мызғымас мемлекетке айналып, жүз жылға татитын 25-жылда,  бірлігіміз бен елдікті еселеп,  биік белестер мен алынбас асуларды бағындыра білді. Міне  Астана 2017 бізідң Отанымыздың әлеуметін айқындайтын адамзат үшін келесі іс «ЭКСПО-2017» өткізу болып отыр.

Ол 3 айға созылады және 5 млн астам адам келеді. Елорданың ең үздік брендтерінің бірі әсем Астананың өркендеуіне ықпалы зор «Болашақ Энергиясы».

 

Сіз-әке барша қазақ бәрімізге,

Жас сәби үлкен-кіші кәрімізге.

Сіз –басшы, халқың-қосшы бола бергей,

Жарасып келе жатыр әніміз де, сәніміз де,- дей келе  «Елбасы еңселеткен  Елорда» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық тәрбие сағаты "Елбасы - еңселеткен Елорда ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Медиатор

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 839 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.01.2017 1923
    • DOCX 619.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Джолдыбаева Жанар Кураловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Джолдыбаева Жанар Кураловна
    Джолдыбаева Жанар Кураловна
    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3880
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой