Инфоурок Другое Другие методич. материалыАшық тәрбие сағаты «Ыбырай Алтынсарин-балалар әдебиетінің атасы»

Ашық тәрбие сағаты «Ыбырай Алтынсарин-балалар әдебиетінің атасы»

Скачать материал

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ыбырай Алтынсарин-балалар әдебиетінің атасы»
Мақсаты: Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды таныстыру.
Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ы. Алтынсарин портреті,
буклет, презентация

Барысы:
Қоңырау үні естіледі.

¾    Балалар бұл ненің даусы?

¾    Қоңырау.

¾    Осы қоңырау үнімен қазақ даласына білім әкеліп, балаларды мектепке шақырған ағартушы-ұстаздың кім екенін білесіздер ме?

¾    Ол Ыбырай Алтынсарин

¾    Ендешебалалар бүгінгі тәрбие сағатымызды қазақ балалар әдебиетінің атасы, ағартушы-ұстаз Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығына арнаймыз. 

(слайд көрсету)

Ыбырай 1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы, Затобол ауданында дүниеге келеді. Шын аты Ибраһим. Орта жүздің қыпшақ руынан шыққан. Әкесі молдадан сауат ашқан қарапайым адам болған. Ал анасы Аймен халық аузынан жинақталған ертегілер мен жырларды көп білетін сауатты адам болған. Әкесі Алтынсары 1844 жылы көтерілісшілер қолынан қаза тауып, Үш-төрт жастағы Ыбырай атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді. Атасы Балғожа би өз аймағының атақты кісілерінің бірі болған. Ел ішіндегі көп билікті қолында ұстаған би, Орынбор әкімшілігінің алдында да беделді, белгілі кісі болған. Замана бет алысын өзінше болжаған Балғожа табысқа жетудің ендігі жолы – оқу деп біледі. Сөйтіп, немересі кішкентай Ыбырайды Орынборда ашылады деп күтілген орыс-қазақ мектебіне күні бұрын жаздырып қояды. Бидің ондағы мақсаты, әрине, немересінің бала оқытып, педагог болуы емес, әкімшілік орындарда жұмыс істеп, шенеунік, орысша оқыған "төре" болып шығуы, ата-анасын асырауы. 

 Ыбырай 1850 жылы Орынборда ашылған орыс - қазақ мектебіне оқуға алынады.Ол кезде Ыбырай тоғыз жаста болады.  Сабақты ерекше ынтамен оқыған ол 1857 жылы «өте жақсы»деген бағамен бітіреді.
Содан кейін өз елінде 2 жылдай, 1859 жылы Орынборға тілмаш болып ауысады. Бұл кезде белгілі шығыс зерттеушісі ғалым - профессор                        В. Григорьевпен жақын танысып, оның кітапханасын пайдалануға мүмкіндік алады. Ыбырай оның кітапханасында әдебиет, тарих, философия кітаптарын, ұлы ағартушылардың еңбектерін көп оқиды. Өз бетімен көп ізденіп, тілмаш болуды емес, халыққа пайдалырақ басқа бір қызмет істеуді алдына мақсат етіп қояды. Ы.Алтынсарин өзінің ардақты борышы балаларды оқыту деп түсінеді. 1860 жылы Жайық жағасындағы  қазақтар үшін төрт бастауыш мектеп ашылды деген  кезде, Ыбырай өзі сұранып, Торғай мектебіне оқытушы болуға рұқсат алады. Ол жерде Ыбырайдың нағашылары Шеген әулеті тұрған. Торғайда жұмыс жасап жүргенде Шолақ деген құрметті адамның қызына үйленген. Әйелінің аты Айғаныс. Ол екеуі көпке дейін перзент сүйе алмаған. Қазақтың салты бойынша інісі Оспанның ұлы мен қызын тәрбиелейді. Өздерінің тұңғыш балалары 1881 жылы дүниеге келіп, атын Абдолла деп қояды. Екінші ұлы Әбдірахман 1884 жылы дүниеге келсе, қызы Шәрипа 1886 жылы дүниеге келген. 

Торғай мектебінде мұғалім болады. Торғай қаласында бірден мектеп ашу мүмкін болмай, іс көпке созылып кетеді. Ы. Алтынсарин ел ішінде оқудың мәнін түсіндіріп, халықтың білімге ықыласын ояту үшін алғашқы балаларды өз үйінде оқытады. Торғайдағы Ыбырай мектебі 1864 жылы қаңтарда ашылды. Бастапқыда он төрт бала қабылданады. Ыбырай Алтынсарин мектептегі оқу - тәрбие жұмысын мүлде жаңа үлгіде құрады. Сабақ ана тілінде - қазақ тілінде жүре тұрып, әр пән негіздерін үйретуді мақсат етеді. Ыбырай оқушыларының ғылым мен мәдениетті игеруіне, рухани бай азамат болып шығуына қызмет етеді. 1876 жылы Ы.Алтынсарин Петербург, Қазан қалаларына барады. Орыстың мектеп, білім беру саласын зерттеп, орыс ағартушыларының еңбектерін оқиды. Сол негізінде қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды жоспарлайды. Ы.Алтынсарин қазақ балаларына білім мен тәрбиенің негізгі көзі - оқулық деп қарап, мазмұны бала табиғатына жақын, тақырыбы таныс әрі қызықты кітап шығару керек деп түсінеді.

          1876 жылы Ыбырай Петербург, Қазан қалаларына барды. Орыс ағартушыларының еңбектерін зерттеді. Соларға еліктеп қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды. Сөйтіп 1876 жылдан бастап «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кірісті.
            Бұл кітап ана тіліміздегі тұңғыш оқулық еді. Хрестоматияға тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелері, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, аударма шығармаларын енгізген болатын.

Дана: Сауатты болса екен деп қазақ халқын,
Білімге бастап беріп, жолды салды.
Тәлімді, тәрбиелі еңбегімен,
Ыбырайда
н өшпестей мұра қалды.
Сәлем жолдап шәкіртке дұғай - дұғай,
Ұрандап өлеңімен келді былай.
Жас ұрпаққа жар салып жанымен де
«Кел, балалар, оқылық»- деді Ыбырай.
Иманғали: «Кел балалар, оқылық»

Айман: «Өнер, білім, бар жұрттар»

Ырысжан: «Өзен»

 

Ы. Алтынсарин өз өлеңдерінде балаларды оқуға, білім алуға шақырса, ал әңгімелерінде еңбекті сүюге, қадірлеуге, адамгершілікке, имандылыққа, адал достыққа, тазалыққа үйретеді.


Шығармалары

·         Начальное руководство к обучению киргизов русскому языку, Оренбург, 1879;

·         Қазақ хрестоматиясы, Орынбор, 1906; Мәктубат, Қазан, 1896, 1899;

·         Киргизская хрестоматия, Оренбург, 1879, 1906;

·         Таңд. шығ. 3 томдық, А., 1943, 1953;

·         Собрание сочинений в 3-х т. Т.1–3, А.-А., 1975, 1978;

·         Әңгімелер, А., 1980.

·         Өлеңдер

·         Азған елдің хандары

·         Балғожа бидің баласына жазған хаты

·         Жаз

·         Кел, балалар, оқылық

·         Қарлығаш

·         Қарға мен түлкі

·         Әй, достарым

·         Әй, жігіттер

·         Өзен

·         Өнер - білім бар жұрттар

·         Өсиет өлеңдер

·         Әңгімелер

·         Ізбасты

·         Айуанның естесі көп бірақ адамдай толық ақылы жоқ

·         Алтын -айдыр

·         Алтын шеттеуік

·         Асыл шөп

·         Ақымақ дос

·         Білгеннің пайдасы

·         Бір уыс мақта

·         Бай баласы мен жарлы баласы

·         Байұлы

·         Баланың айласы

·         Бақша ағаштары

·         Данышпан қазы

·         Дүние қалай етсең табылады

·         Жаман жолдас

·         Жамандыққа жақсылық

·         Жан-жануарлардың дауласқаны

·         Жиренше шешен

·         Жомарт

·         Жәнібек батыр

·         Зеректік

·         Киіз үй мен ағаш үй

·         Лұқпан әкім

·         Малды пайдаға жарату

·         Мейірімді бала

·         Мұжық пен жасауыл

·         Мұңсыз адам

·         Надандық

·         Оқудағы балалардың үйішіне жазған хаты

·         Петр патшаның тергелгені

·         Полкан деген ит

·         Салақтық

·         Сараңдық пен жинақтылық

·         Сауысқан мен қарға

·         Сақып

·         Силинші деген ханым

·         Сәтемір хан

·         Таза бұлақ

·         Талаптың пайдасы

·         Тышқанның өсиеті

·         Түлкі мен ешкі

·         Тәкәпәршілік

·         Шеше мен бала

·         Қанағат

·         Қарға мен құрт

·         Қыпшақ Сейітұлы

·         Үнді

·         Үш ұры

·         Әділдік

·         Әдеп

·         Әке мен бала

·         Әлім кісі

·         Өрмекші, құмырсқа,қарлығаш

·         Өтіріктің залалы*


 

Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы 17 шілдеде яғни 48 жасында «Инспектор көлі жағасынлда» өз үйінде дүниеден өткен. Бұл жайында «Оренбургский листок» газетінен «Дала уәлаятының газетіне» көшіріліп жазылған қазанамада ол ұзаққа созылған өкпе ауруынан қаза болды деп жазылған.

Қазақтың тұңғыш педагогі, ақын-жазушысы, балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин қайтыс болғаннан кейін Н.И.Ильминский «Ыбырай Алтынсарин туралы есте қалғандардан» деген атпен арнаулы кітап бастырып шығады. Қазақ әдебиетінде педагог-жазушының көркем бейнесі жасалды. 
1-оқушы: «ХІХ ғасырда қазақ даласынан шығып, орыс, Еуропа мәдениетіне қолы жеткен оқымысты, халық ағартушысы дәрежесіне көтерілген әрі педагог, әрі ақын-жазушы Ыбырай Алтынсариннің өз халқының келешегі үшін істеген еңбегі зор» - Қ.Жұмалиев. 
2-оқушы: Н.И.Ильминский өз естелігінде: «Мен Ыбырай Ал¬тынсаринмен отыз жылға жуық таныс едім. Мен оған шын ықыласыммен берілдім, әсіресе, оның орыс біліміне ерекше құмар¬лық¬пен ұмтылып, ол білімнің қазақтар үшін де керек екенін ешқашан есінен шығармай¬тындығын айрықша бағалайтын едім», – деп жазды. 

 

Овал: Ы.Алтынсарин                               1841—1889          ағартушы-педагог            

             жазушы                                                                  этнограф

           фольклоршы                                                          қоғам қайраткері

                                       алғаш мектеп ашқан адам


                  Ұлылар ұлағаты өркениеттің өр тауларына жетелейді. Ыбырайдай асыл бабаның таза, мөлдір, кәусар бұлағынан нәрлене білейік, рухани әлдене білейік деп бұгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық тәрбие сағаты «Ыбырай Алтынсарин-балалар әдебиетінің атасы»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель клубного филиала

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 871 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.03.2017 30454
    • DOCX 22.5 кбайт
    • 863 скачивания
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Базарова Алтын Бауыржановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Базарова Алтын Бауыржановна
    Базарова Алтын Бауыржановна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 57078
    • Всего материалов: 26

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Искусство звука: путешествие по музыкальным жанрам

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные медиа: экономика, системы и технологии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Родительство

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек