Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Ашық тәрбие сағаты "Ұлы Жеңіске - 70 жыл"

Ашық тәрбие сағаты "Ұлы Жеңіске - 70 жыл"


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Ұлы Жеңіске-70 жыл

Мақсаты: Ұлы отан соғысы және қазақстандықтардың ерліктері жайлы таныстырып,

ой-өрістерін дамыту.

Оқушыларға патриоттық тәрбие беру және үлкендерді құрметтей білуге үйрету.

Көрнекілік: қазақстандық батырлар суреттері,слайдтар.

Тәрбиелік шараның барысы: 1.Ұлы Отан соғысы 4.Бейбіт күн тілегі

2.Шығыстың қос жұлдызы 5.Ұлы Жеңіске-70 жыл

3.Ер есімі-ел есінде

Биылғы жыл-мерекелер жылы.Қазақ хандығына-550,Ата заңға-20,Ұлы Жеңіске-70жыл болса,Абай Құнанбаевтың 170жылдығы атап өтіледі.2015жыл-Қазақстан халқы ассамблеясының жылы.1-мамыр күні бірлік пен ынтымақ,7-мамырда отан қорғаушылар мерекесін атап өттік.Бүгін «Ұлы жеңіске-70 жыл»атты тәрбиелік шарамызды ата-аналар,мұғалімдер және 2-сынып оқушыларының қатысуымен өткіземіз.



C:\Users\ф\Desktop\Гульден апай\CAM00307.jpg



1.Ұлы Отан соғысы

Ұлы Отан соғысы 1941 жылы 22 –маусымда басталып,1945 жылы 9-мамырда аяқталды.Соғыс 1418 күнге созылды.

Слайд «Ұлы Отан соғысы» (Соғыстың басталуы,Левитанның сөзі,шайқас алаңында, « Священная война» әні)

2.Шығыстың қос жұлдызы

Ұлы Отан соғысында жас қыздар да ерлермен бірге майдан даласында ерлік көрсетіп,аттарын мәңгілікке ел есінде қалдырды. Олар қазақ қыздары-Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова.

Мәншүк пен Әлияның өмірбаяндары туралы Қуатқызы Жанбота мен Альпешев Алихан

мағлұматтар айтты.

Слайд «Мәншүк пен Әлия»

Мәншүк атыс толасында, Тығылып гүл омырауға,

Жүр орманның арасында. Сұрағандай жанға сауға.

«Мені ал,мені ал» деп алуан гүл, Ант еткендей тұрды Мәншүк,

Қолына оның таласуда. Гүлді жауға таптатпауға.



*Көкте зырлап барады алтын жұлдыз, *Жауменен жалғыз алысты,

Жерде тұрып қарады Әлия қыз. Түбінде Мәншүк Невельдің.

Алтын жұлдыз зымырап кетті алыс, Бермеді қолдан намысты,

Кетті алыс мылтық ап бір жап-жас қыз. Жүректі қызы ер елдің.

Майдан кешті мылтық ап Әлия қыз,

Өр төсінде жарқырап алтын жұлдыз.



*Тверьдің орманы жас,жері кәрі, Сол жермен сонау заман Пушкин өткен,

Ата қоныс санайды жұрттың бәрі. Желдіртіп қоңыраулы атын жеккен.

Невельдің маңында тұлғасы тұр дегендей, Сол жерді жаудан сақтап қаламын деп,

Соғып тұр мерген қыздың жүрегі әлі. Қазақтың батыр қызы қанын төккен.





*Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін, Қолында пулеметі «Максим» оның,

Оқ борап,снарядтар қаққанда ызың. Бойында күш-жігері тасқын оның.

Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған, Ерлермен тізе қосып шабуылда,

Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын. Оғымен қырғын майдан ашты жолын.



Көзінен ұшқын өрттей лапылдаған,

Жауына қаһар тігіп қатуланған.

Отан үшін шайқасқан ауыр күнде,

Төнсе де өлім қаупі,жасымаған.



*Мәншүк қыз көзде,көңілде, *Ару қыздар, алаулап от кешкендер,

Өлмейтін жырда,дастанда. Сыздап тұр-ау әлі күн оқ тескен жер.

Денесі жатыр Невельде, Қаласыңдар мәңгілік ел есінде,

Рухы Қазақстанда. Ару қыздар,алаулап от кешкендер.



*Мақтан еткен мектебі, Соғыс бұлты төнгенде,

«5» толы дәптері. Серік болып ерлерге.

Білім құмар балаға, Жаудың бетін тойтарған,

Жұрт қызыға қараған. Елдің кегін қайтарған.



*Айналдың мәңгі жалынға, Әлемге тарап атағың,

Даңқыңды тақты даламыз. Құрбаны болдың ақ таңның.

Жасқұста,сонау Нарында, Мен бүгін Мәншүк апаның,

Өмірге келген бала қыз. Еліненмін деп мақтандым.

Кешпестен алау сезімді,

Өттің сол ару қалпыңмен.

Ұмытпау үшін өзіңді,

Атыңды жаздық алтынмен!



*Біз- оқушы,біз ертеңгі,

Болашағы елімнің.

Ұмытпаймыз ешқашан,

Мәншүк,Әлия ерлігін.



*Даламыздың даңқысың, Мәңгі жасап жерде енді,

Балауса Әлия-балғын қыз. Биік бол деп таулардан.

Жанын қиып халқы үшін, Сенің балғын бейнеңді,

Жанып түскен ақ жұлдыз. Жасап қойдық мәрмәрдән.



Бірге соқсын дүрсілдеп,

Туған жермен жүрегің.

Арасында жүрсің сен,

Әнге қосып жүр елің. (Ескерткіштері туралы айтылды)



Ән «Шығыстың қос жұлдызы» Әнін жазған Бота Бейсенова



3.Ер есімі-ел есінде

1.Қазақстандық батырлар (суреттер бойынша әңгімелеу)

2.Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлес ардагерлер (өмірбаяндары,соғыстағы және еңбектегі ерліктері туралы айту)

3.Ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қою,тыл ардагерлерімен кездесу.



*Отан үшін қаймықпай отқа атылған, Қияндағы айға да қонды кемең,

Аңыз сенің қашанда көпке тұлғаң. Серпініңнен оянды сергіп әлем.

Ерлігіңнің ертеңі –мына біздер, Туларыңның тұғыры-мына біздер,

Құйған құрыш секілді сапта тұрған. Жеңіс күні көгіңде желбіреген.



Тың тамырын тынымсыз солқылдатқан,

Өжеттікпен заманға өр тіл қатқан.

Жастығыңның жалғасы-мына біздер,

Сертке соққан семсердей жарқыл қаққан.





4.Бейбіт күн тілегі.

1. (Тақтадағы суреттер бойынша әңгіме жүргізу)

Ата-апаларымыздың ерліктері арқасында бейбіт заманда өмір сүрудеміз.Бар жақсылық балаларға жасалуда. Мектепте оқимыз, отбасында тыныштықта бақытты балалық шағымызды өткіземіз,үлкен ата-апаларымыздан естеліктер тыңдап,бата аламыз,салауатты өмір сүреміз,мерекелерді тойлаймыз. Осының бәрі аға ұрпақтың жақсылығы.

2.Ұлы Отан соғысының ардагері И.Коробицин туралы мағлұматтар

*Бақыттымыз,біз соғысты көрмедік, Бақыттымыз,біз соғысты көрмедік,

Қару ұстап,сұм фашисті жеңбедік. Мылтық алып,қас дұшпанды жеңбедік.

4 жыл бойы сыз окопты мекендеп, Мұның бәрі-аға ұрпақтың еншісі,

Жеңіс үшін қол-аяқты бермедік. Ерлігіне жан көрмеген тең келіп.



Ұйқы көрмей тер төкпедік тылда да, Осы үшін оларға тағзым етейік,

Қорек іздеп бек қазбадық жылғада. Ізбасар боп армандарға жетейік.

21-ғасыр дүниеге келіппіз, Қатары сиреп, қадау қалған жандарды,

Болған кезде күл қалалар-гүл қала Әлпештеумен,аялаумен өтейік!



Біздерге аян ол күндердің бағасы,

Жазылған жоқ сұм соғыстың жарасы.

Майданда өлген миллиондаған боздақтар,

Осы ұрпақтыңәкесі мен ағасы.



Ән «Ақ кептерлер» Сөзін жазған М.Мақатаев



5.Ұлы Жеңіске-70 жыл

*Тыныштығын ойлаймыз жер үстінің,

Тегіс бүгін тойлаймыз жеңіс күнін.

Барлық күннен адамға ең ыстығы,

Барлық күннен заманға ең ыстығы-Жеңіс күні!

Жалау болып жасқанбай желбіреген,

Жанар болып аспандай мөлдіреген.

Барлық күннен адамға ең ыстығы,

Барлық күннен заманға ең ыстығы-Жеңіс күні!



Уақыт болып жаңғырып дүбірлеген,

Бақыт болып мәңгілік күлімдеген.

Барлық күннен адамға ең ыстығы,

Барлық күннен заманға ең ыстығы-Жеңіс күні!



Слайд «Ұлы Жеңіске-70 жыл»

C:\Users\ф\Desktop\Гульден апай\CAM00332.jpg C:\Users\ф\Desktop\Гульден апай\CAM00336.jpg


57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 26.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров285
Номер материала ДВ-378912
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх