Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыАшық тәрбие сағаты "Мадақтау мен жазалау" (7сынып)

Ашық тәрбие сағаты "Мадақтау мен жазалау" (7сынып)

Скачать материал


Тақырыбы: «Бала тәрбиесіндегі мадақтау мен жазалау» тәрбиелік-кеңес алаңы

Мақсаты: Отбасындағы бала тәрбиесі туралы ата-аналардың пікірін білу, талқыға салу. Бала тәрбиелеу ісінде кездесетін қиындықтар мен жетістіктер туралы сөз ету. Топтық жұмыстар арқылы тәрбиелік-кеңес алаңында бала тәрбиесіне қатысты келелі мәселелер бағытында өз ойларын ортаға салу.

Өткізу әдісі: тәрбиелік-кеңес алаңы

Барысы:

І. Тренинг. «Танысу»

/Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып, өз бойындағы үш қасиетін кезекпен айтады. Өмірлік ұстанымын да айтуға болады./


F:\mama fofo ata ana 2012\SDC10094.JPG








ІІ. Топқа бөлу. Ата-аналарға гүлді открытка ұсынылып, гүл түсі бойынша топқа бөлінеді.

  • Құрметті ата-аналар! Бүгінгі 6а және 6б сыныптары ата-аналарының аралығында өтетін «Отбасындағы мадақтау мен жазалау» атты тәрбиелік-кеңес алаңында бала тәрбиесіне қатысты келелі мәселелер бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз.

  • Бала тәрбиесі – игілікті іс. Ал, отбасы – бала тәрбиесінің түп қазығы, алтын ұясы. Қазақстан Республикасы Ата заңының 27-бап, 2-тармағында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы, әрі парызы» делінген. Сондықтан да бала тәрбиесінде отбасының орны ерекше. Бүгінгі бала – ертеңгі ел болашағы.

C:\Users\Гульнар\mama fofo ata ana 2012\SDC10091.JPGF:\mama fofo ata ana 2012\SDC10090.JPG








ІІІ. Ата-аналарға арналған психологиялық-педагогикалық кеңестер.

/Әр топқа кеңестер жазылған парақтар таратылып, ата-аналар пікірі тыңдалады/

  • Бала дүниеге келген күннен бастап ата-ананың ықпалында болады. «Тәрбие ережеден емес, өнегеден тұрады» деген сөзді басшылыққа ала отырып, ата-аналар пікірін тыңдайық.

  • «Ата-ана мен бала арасындағы психологиялық үйлесімділік қандай деңгейде?» деген заңды сұрақ туындайды.

ІҮ. Топтық жұмыс. Ситуациялық жағдаяттар.

/Әр топ берілген жағдаяттарға ой-пікірін білдіріп, сұрақтарға жауап береді/

І топ.

Мен жанұяда жалғыз бала болдым, сондықтан да әке-шешем айтқанымды жасап, ерке өсірді. Әке-шешем ақшаны беретін болғандықтан, қымбат киімдер кидім, қасымдағы балаларға еріп, жаман әдеттерге әуес бола бастадым. Бар нәрсе оңайлықпен келетін болған соң, өмірге жеңіл қарадым.

Қаншама теріс қылықтарым үшін милицияға да түстім. Әр уақытта әкем ақшасының арқасында шығарып алатын еді. Мұның соңы жақсылыққа апармады. Сөйтіп темір тордың ар жағынан бір-ақ шықтым. Бүгін де бар жасаған әрекетіме өкінемін, өмірімді қайтадан бастағым келеді. Кейінгілерге айтарым, теріс қылықтардан аулақ болып, өкінбейтіндей өмір сүріңдер.




Сұрақ:

1. Әңгіме мазмұны бойынша өз пікіріңіз.

2. Әңгіме кейіпкерінің теріс жолға түсуіне кім кінәлі деп санайсыз?

3.Отбасында тәрбиесінде баланы еркін өсіру қажет пе? Бала тәрбиелеу ісіндегі әкенің ролі қандай деп ойлайсыз?


ІІ топ.

Біздің отбасымызда бір күн тыныштық болса ше?... Біздің үй үнемі ұрыс-керістен арылмайды. Жанжалдың өзі аяқ астынан туындай қалады. Шешем болса маған: «Күні бойы үйде болмайсың. Тигізер қолғабысың да шамалы» деп құлақ етімді жейді. Ал, әкем болса, күні-түні ішкені ішімдік, үйдің берекесін қашырады. Осындай жағдайлардан соң сабақ оқу қайдан болсын?... Ата-анаммен бірге тұрудан жүрегім айни бастады, үйден безіп кеткім келеді. Не істерімді де білмеймін...

Сұрақ:

  1. Мұндай жағдайда не айтуға болады?

  2. Әңгімедегі жаны жаралы кейіпкерге қандай ақыл қосуға болады?

  3. Отбасында кейбір ата-аналардың өз баласының әрекетіне көңілі толмай: «Сенің қолыңнан келмейді. Сен бұны жасай алмайсың,» деп жататынын байқап қаламыз. Баланың іс-әрекетіне осындай теріс баға беруге қалай қарайсыз?


ІІІ топ.

Біз үш бала тәрбиелеп отырған жанұямыз. Екеуіміз де жұмыссыздар қатарындамыз. Оқта-текте жалдамалы, жеке жұмыстар кездесіп қалып жатады. Оның өзі отбасы қажеттілігінен ауыспайды. Дегенмен де, балаларымызды қатарынан қалдырмай, барамызша асырап, тәрбиелеп келеміз.

F:\mama fofo ata ana 2012\SDC10088.JPG











8 сыныпта оқитын қызымның қалауын жасай алмағаным жаныма қатты батады. «Сыныптағы қыздардың бәрінде ұялы телефон бар, тек қана менде жоқ» деп, күнде «әпер» деп мазамызды ала бастады. Соның кесірінен сабаққа да барғысы келмейді. Біздің жағдайымыз болса, мынау. Не істеуге болады? Қызымның көңілін қалай ауласам екен? Кеңес берсеңіздер екен.

Сұрақ:

  1. Сіз қандай кеңес берер едіңіз?

  2. Сол ата-ананың орнында болсаңыз, қандай әрекет жасар едіңіз?

  3. Отбасында бала тәрбиелеу ісінде кездескен қиындықтар болды ма? Оны қандай жолмен шеше алдыңыз?


Ү. Дискуссиялық карта.

Жоғарыда айтылған әр түрлі әрекеттерді негізге ала отырып, «Баланы жазалау қажет пе?» деген сұрақ туады.

Баланы жазалау қажет пе?

І топ – «Иә» ІІ топ – «Жоқ» ІІІ топ –Сарапшы топ






ҮІ. Бала тәрбиелеу ісіндегі ата-аналар тәжірибесі.

  1. Патрионаттық тәрбие бойынша ата-ана Оспанова Балғаным

  2. Бала тәрбиесі бойынша балабақша тәрбиешісі Шегетова Ақкүміс

  • Оқылған баяндамаларға ой-пікірлеріңіз, ұсыныстарыңыз.

ҮІІ. Игі тілекпен...

І топ – Отбасы

ІІ топ – Әке мен ана

ІІІ топ – Ұл мен қыз

/берілген сөздерді жүрекке жылы тиетін сөздермен байланыстырып,игі тілек жазу /


ҮІІІ. Ой түйін.

«Бала тәрбиесіндегі мадақтау мен жазалау» тәрбиелік-кеңес алаңынан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу. C:\Users\Гульнар\mama fofo ata ana 2012\SDC10096.JPG

«Алған әсерім...»







Қорытынды.


Тәрбие – кешіктірілсе, кешірілмейтін, дұрыс бағыт алмаса, қайта қалпына келмейтін нәзік те күрделі, игілікті де ізгілікті істеріміздің бірі. «Баланы беске дейін патшаңдай көтер,он беске дейін құлыңдай жұмса, он бестен кейін досыңдай сыйла» дейді халық даналығы.

Оқушы бойына білім мен тәрбиені ұштастыратын - ұстаз десек, ал ата-ана- өздерінің өмірлік іс-тәжірибесі арқылы тәрбиелік іс-әрекеттерін қалыптастырған баланың бас ұстазы. Жалпы, ұстаз - өз ісінің шебері, білгірі болуы керек. Бала тәрбиесіне қатысты ұйымдастырылған іс-шараға белсене қатысқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.






























Алғабас орта жалпы білім беретін мектебі











«Бала тәрбиесіндегі мадақтау мен жазалау»

тәрбиелік-кеңес алаңы

/ата-аналармен жұмыс/



























Сынып жетекшілері: Хаймулдина Г.М

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық тәрбие сағаты "Мадақтау мен жазалау" (7сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по кредитованию

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 136 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.03.2016 3950
    • DOCX 746.5 кбайт
    • 23 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Хаймулдина Гулнар Магзумовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Хаймулдина Гулнар Магзумовна
    Хаймулдина Гулнар Магзумовна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18322
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 211 человек из 52 регионов

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 765 человек из 75 регионов

Мини-курс

Формирование социальной ответственности и гармоничного развития личности учеников на уроках

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическая работа с эмоциональными и поведенческими проблемами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 140 человек из 49 регионов

Мини-курс

Основы искусствознания

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе