Инфоурок Классному руководителю КонспектыАшық тәрбие сағаты "МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ- МАҢЫЗДЫ ШЕШІМ"

Ашық тәрбие сағаты "МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ- МАҢЫЗДЫ ШЕШІМ"

Скачать материал

Есбаганбетова Пердегул Жолмаганбетовна

18 орта мектебінің физика пәні мұғалімі. Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау облысы


МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ- МАҢЫЗДЫ ШЕШІМ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : Оқушылардың болашақ мамандығын айқын да сенімді таңдауға бағыт беру; Мамандыққа байланысты термин сөздердің жалпы мағнасын аша білу; Қоғамға бір пайдасы тиетін мамандық иесі болуға тәрбиелеу

Көрнекілігі: интерактивті тақта

Әдіс- тәсілдері: «Ми шабуылы», психологиялық тест,  дидактикалық ойындар, тренингтер.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

 ІІ. Негізгі бөлім: Бүгін біз “Мамандық таңдау маңызды іс” деген тақырыпта ашық тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай “Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында,олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді”. Ақыл жастан , асыл тастан деген сөзді айтқанда халқымыз жас толқынның болашағынан үміт күткен болар.Содан бері неше ұрпақ ауысса да халықтың жастарға деген сенімі өзгерген жоқ. Жастар әр кез қоғаның қозғаушы күші ретінде танылған.

Бір кездері Мағжан бабамыз:

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін,- деп бекерден -бекер айтпаған болар. Сондықтан да біз жастар өзіміздің қоғам ,халық алдындағы борышымызды , міндетімізді сезіне білуіміз қажет.

Балалар бүгінгі тәрбие сағатымызға қатысып отырған студент жастарымызға сөз берейік. Бұл жастар бізге өз мамандықтары жайлы айтып берсін.

1.Балалар сұрақтарың болса қоюларыңа болады.

2.Сізге мамандық таңдауға кім әсер етті?

3.Не себепті бұл мамандықты таңдадыңыз?

4.Егер қайта мүмкіндік болса, қай мамандықты таңдар едіңіз?

5.Ата анаңыздың ықпалы болды ма?

6.Бұл маман иесі болу үшін қандай пәндер тереңдетіліп оқытылады?

7.Студенттік өмір мен оқушылық өідің айырмашылығы мен ұқсастығы неде деп ойлайсыз?

Енді 3 топқа бөлініп бірнеше сұраққа жауап берейік

1.Жаксы маман иесі болу үшін не қажет?

2.Қазіргі заман талабына сай, дамыған елдің маманы болу үшін не қажет деп ойлайсың?

3.Мамандық таңдауға қандай факторлар әсер етеді?

Енді бізге қонаққа келген студенттерге бір тапсырма берейік. Мен қазір сіздерге бір бір қима қағаздан беремін , ол қағаздағы сұраққа жауап бересіз

1. Сессия уақыты.Емтихан жүріп жатыр.Мұғалім тым қатал.Сенің ең жақын досың қолындағы билетінің жауабын білмейтін ыммен түсіндірді.Сен бұл сұрақты білесің.Бұл жағдайда сен досыңа қалай көмектесесің.

2. Сенің таңдаған мамандығың досыңа ұнайды.Бірақ досыңның денсаулығы жжарамайды.Досыңның ата-анасы соған ренжиді.Сенің әрекетің?

3.Саған көптеген мамандықтар ұнайды.Сен қайсысын таңдарыңды білмейсің.Анаң мен ұстаздарың өзің біл дейді.Сенің әрекетің?

Мен мамандық әлемінде”

Бұл бөлімде қазіргі заманның табысты және ауыл балалары таңдай бермейтін мамандарды атап өтейік.

Аниматор- суретке жан бітіруші.

Мультипликатор -мультифильмдерді және арнайы телевидениеге арналған заставкаларды жасайды.

Декоратор -түрлі мекемелерді, ғимараттарды арнайы әсемдеуші.

Интерьер дизайнер- кеңседегі жиаздарды талғаммен орналастыра білетін маман.

Ең ,ең жақсы “ойыны.

Ең,ең ақшасы көп.....(банк қызметкері)

Ең ,ең жасыл.....(бақташы,гүл өсіруші,географ)

Ең,ең тәтті....(аспаз,кондитер)

Ең,ең күлкілі......(клоун)

Ең,ең жауапты.........(сот,бухгалтер)

Ең,ең салмақты.....(заңгер, мұғалім)

Ең,ең қарым қатнасы күшті.....(бизнесмен)

Байыппен бағдарлай біліңіз

Жас адамның бір тоқтамға келуіне қиялдың да әсері бар. Біреуді кинодағыдай романтикалық мамандықтар қызықтыруы мүмкін. Біреулер туғаннан маңдайына жазылған ата-анасынының жолын таңдайды. Біреулер ЖОО-ға жақын досына немесе құрбысына серік болып барады, ал енді біреулер үйіне жақын оқу орныныа құжат тапсыруға асығады.

Мамандық таңдау адам тағдырында көп нәрсені шешетіндіктен, оған атүсті қарау – жеңіл ойлылықтың белгісі. Сондықтан, бұл мәселенің шешімін мүмкіндігінше аса мән беріп, байыппен қабылдаңыз.

Дұрыс шешім өз қолыңызда

Ең бірінші бұл таңдауды өз бетіңізше жасау керектігін саналы түрде ұғыныңыз. Ата-аналардың, достарыңыздың ықпалынан шыға алмай қалмаңыз. Олар не айтса да, бұл – сіздің тағдырыңыз.

Бейімділігіңізді ескеріңіз

Бастапқыда өз қызығушылығыңызға назар аударыңыз. Немен айналысқанды қалар едіңіз? Қандай пәндер ұнайды? Бос уақытыңызда немен айналысқанды жақсы көресіз? Адамдармен, әсіресе, бөгде кісілермен оңай тіл табыса аласыз ба? Көп нәрсе сіздің бейімділігіңізге байланысты.

Өзіңізді сынақтан өткізіңіз

Бәрінен бұрын өзіңізді ой елегінен өткізіп көріңіз: өзімнен және өзімнің жұмысымнан нені қалаймын? Бес жылданкейін өзімді қалай елестетемін? Барлық ақпараттарды пайдалана отырып, болашақ мамандығыңыз туралы көп мәлімет алуға тырысыңыз. Өзіңіз таңдаған мамандық иелерінің іс барысын көзіңізбен көру үшін сол кәсіпорын, мекемелермен танысуға шығыңыз.

Сұранысты да назар ұстаңыз

Болашақ мамандығыңызды еңбек нарығында қаншалықты бағаланатынын білу де пайдалы. Қарапайым жол: бос орындарға жарияланған байқауларда, интернеттің еңбекке орналастыру сайытында қандай мамандарға сұраныс бар екендігін қараңыз. Арнайы агенттіктер жүргізген болжамдардың да маңызы зор. Осы мәліметтерді ескере отырып, таңдаған мамандығыңызға қай жоғары оқу орнында, қалай даярлайтынын анықтаңыз.

Мамандар не дейді?

Егер күдік-күмәннан арыла алмасаңыз, онда мамандардың көмегін пайдаланыңыз. Мұндай кезде психолог кеңесші мамандар жәрдемдесе алады. Сондай-ақ, қабілетіңіз бен бейімділігіңізді анықтауға көмектесетін арнайы психологиялық тестілер бар.


Қорытынды шешім

Мәліметтерді жинастыра келіп, өзіңізге ұнаған негізгі 5-10 позицияның тізімін жасаңыз. Одан кейін парағыңызды екіге бөліп, оң және кері жақтарын тізіп, сынақ тәсілін жүргізіңіз. Көңіліңізге қонбайтын сызып тастаңыз. Тізімде үш пункт қалған кезде тағы да қосымша ой елегінен өткізіп, ең соңғы шешім қабылдаңыз.

Талдау:      Осы күннен не алдыңыз?Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма?Ж. Аймауытов айтқандай

«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе»

егеменді еліміздің ертеңі — маман  иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!






Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық тәрбие сағаты "МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ- МАҢЫЗДЫ ШЕШІМ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Политолог

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 479 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.03.2016 24285
    • DOCX 16.7 кбайт
    • 786 скачиваний
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Есбаганбетова Пердегул Жолмаганбетовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 24349
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 91 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 249 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 120 человек

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 754 человека из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 971 человек

Мини-курс

Эффективное создание и продвижение школьной газеты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология общения: от многоплановости до эффективности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Искусственный интеллект: тексты и креативы

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 240 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 28 человек