Инфоурок Другое КонспектыАшық тәрбие сағаты "Мамандықтар"

Ашық тәрбие сағаты "Мамандықтар"

Скачать материал

 

 

«Қарағанды обылысының балаларға арналған психоневрологиялық медициналық – әлеуметтік мемлекеттік мекемесі» КММ.

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Мамандықтар»

 

 

 

 

                                Тәрбиеші : Акылбекова Г.Е.

 

 

 

 

 

 

Қарағанды – 2016 ж.

 

 

 

 

Тақырыбы: Мамандықтар

Мақсаты:  Әр түрлі мамандық түрлері туралы түсінік беру.Мамандық иелерінің қызметі және олардың еңбегімен таныстыра отырып,олардың маңыздылығы туралы білім беру. Кәсіпті таңдап,игеру үшін оқып,білім алу  қажеттілігін түсіндіру.  

Міндеттері: мамандыққа алынған рөлдерді ойната отырып осы рөлдердің адам өміріндегі маңызын ашу. Шығармашылық белсенділіктерін арттыру.

2. Сөздік қорын дамыту ой – өрісін кеңейту

3. Әр түрлі мамандық түрлеріне қызығушылығын тудыру және  еңбек адамдарына құрмет сезіммен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдары : дүкен макеті, ойыншықтар, мамандық иелерінің суреттері, слайд,

Әдістері: рөлдерді сомдау, ойын, д/о, сурет бойынша жұмыс

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі :

Шаттық шеңбері :

Біздің күлкіміз көңілді

Жеткісін жылу мен шаттықты

Бөліскен жақсы ғой өмірде

Қуаныш, мейірім, бақытты  

Өткенді қайталау : балалар, мен сендердін білімдерінді тексеру үшін бірнеше сұрақтар қояйын

·                  Ағаштың түрлерін ата ?

·                  Ағаштың пайдасы және адам өміріндегі маңызы қандай ?

·                  Ағаштан қандай заттар жасайды ?

 

Жаңа сабақ: Ал мамандық дегеніміз не қалай түсінесіңдер?Балалар сендер мына күнделікті келіп жүрген,өздерін тұрып жатқан үйлерді салатын адамдар бар,ауырып қалсақ емдейтін адамдар бар,киімдерімізді тігіп беретін адамдар бар,бізге білім беретін адамдар бар, шашымызды әдемілеп қиып беретін және дәмдеп тамақ пісіретін адамдар бар.Бұл адамдардың барлығын бір сөзбен айтқанда мамандық иелері дейміз.Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі. Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуін ертең ақын, екіншін инженер, үшіншін құрылысшы боласын. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.

-Мына суреттерге қарайықшы не көріп тұрмыз?

 -Үй салатын адамды-құрылысшы дейді екен , балалар.

 -Ал мына суретте тамақ пісіріп жатқан адамды-аспаз, білім беретін адамды-мұғалім деп атайды,киім тігетін адамды-тігінші, ғарышқа ұшатын адамды-ғарышкер, көлік жүргізетін адамды-жүргізуші, емдейтін адамды-дәрігер деп мамандықтың түрлеріне қарай атайды.

 -Ал бұл мамандықты меңгеру үшін көп оқуды,көп ізденуді,қажымас қайратты,көп еңбекті талап етеді.Мамандық иесі болып шығу үшін, арнайы оқу орындарында дайындап оқытады. Сонда ғана өзің қалаған мамандық иесі болып шыға аласындар.

 

Сюжетті – рөлді ойын «дүкенде»

Мақсаты : балалрды мамандыққа баулу, сюжетті – рөлді ойындарға деген қызығушылығын арттыруға, ойын жағдайын құруға көмектесу. Ойын арқылы ұжымдық, достық қарым – қатынасқа тәрбиелеу.

Сергіту сәті

 -Балалар отыра бермей бойымызды сергітіп алайық;

Аяқпенен топ - топ

Қолыменен хлоп – хлоп

Бір оңға, бір солға

Айналайық кел мұнда

Қолымызды бір сілтеп

Басымызды шайқайық

Бір оңға, бір солға

Ойнайықшы кел мұнда

Секіреміз жоғары

Қиын емес секіру

Бір оңға, бір солға

Секірейік кел мұнда

Ойын: «Қай мамандық иесі?»

- Тарағы бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (шаштараз)

- Қалағы бар қолында, Кімді айттым ойымда? (Құрылысшы)

- Ожауы бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (Аспаз)

Ойын:    «Кім жылдам?»

Үстел үстіне түрлі мамандық иелеріне қажет құралдарды қойып, екі баланы шығарамын, ойын шартын түсіндіремін. Екі бала екі түрлі мамандық иесіне қажет құралдарды екі үстелге бөліп жинайды (шаштараз-аспаз, мұғалім-дәрігер).

 

Қорытынды:

Дид/ойын «Сөйлеп тұрған кім?»

Балалар біз қазір мына сөздерді естіп қандай мамандық иесі сөйлеп тұрғанын анықтайықшы:

 1)Балмұздақ сатамын!Балмұздақ!

 2)Жүріңіз қай жаққа апарып тастайын?

 3) Қай жеріңіз ауырып тұр?Қазір ыстығыңызды өлшейін.

 4)Шашыңызды қандай үлгіде қиып берейін?

 5)Бүгінгі сабақта біз балалар мамандықтар туралы әңгімелесеміз.

 6)Мен манты жасап жатырмын,қазір дайын болып қалады.

 - Сонымен балалар қандай маман иесі болсын ол адамның еңбегін бағалай білу керек екен.Ол мейлі бастық болсын,мейлі қарапайым шаруа иесі болсын ол адамның еңбегін бағалай білу керек.Осыны еш ұмытпаңдар!

 -Осымен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз аяқталды, жылулық шеңберімен қоштасайық! 

Қол ұстасып тұрайық

Шеңберді біз құрайық

Көріскенше күн жақсы

Сау саламат болайық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық тәрбие сағаты "Мамандықтар""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Нутрициолог

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 671 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.11.2016 1442
    • DOCX 19.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Акылбекова Гульнар Ермекбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17139
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой