Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Видеоуроки / Ашық тәрбие сағаты: «Мәңгілік ел: бір- ел, бір –тағдыр»

Ашық тәрбие сағаты: «Мәңгілік ел: бір- ел, бір –тағдыр»


  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Ғ. Молдашев атындағы орта жалпы білім беретін мектебі







Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Мәңгілік ел: бір- ел, бір –тағдыр»





Сыныбы: 11 «а»

Сынып жетекшісі: Ануарбекова А.А

















2015-2016 оқу жылы



Тәрбие сағатының тақырыбы:

Мәңгілік ел: бір- ел, бір –тағдыр.

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың  байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. 
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер. 
Сабақтың көрнекілігі: Отан, табиғат көріністері туралы плакат, проэктор, компьютер, үнтаспа, кітаптар көрмесі. 
Сабақтың түрі: 
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі 


Мұғалім сөзі: Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап өз елін жарқын болашаққа бастап келе жатқан Нұрсұлан Назарбаев сынды Ұлы көшбасшысы бар Қазақ елі – аз уақыт ішінде тарихта бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізді. Бүгінгі Қазақстанның басты мақсаты - экономикасы дамыған, бәсекелестікке қабілетті, ең дамыған 30 елдің қатарынан көріну. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы осы мақсатқа жеткізетін Ұлы бастама. Ағымдағы жылдың 17 қаңтарындағы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Халқына Арналған Жолдауы осыдан бір жыл бұрын Елбасы өзі жария еткен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын, яғни, Қазақстандық дамудың бағыт –бағдарын айқындап берді. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Страрегияны мүлтіксіз орындау, емиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет!,- деп атап өтті Елбасы өз жолдауында. Елбасы жолдауында еліміздің экономикасын, шағын бизнесті, әлеуметтік саланы дамыту, Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру, ұлттық білім берудің сапасын жақсарту, инфроқұрылымдық үш тағанның қарқынды дамуы бұдан өзге де маңызды мәселелер сөз етілді. «Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл - әлем кеңістігіндегі ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек».Елбасы Жолдауында айтылған осы бір сөздер әрбір саналы азаматтың жанын тербері сөзсіз. Ел мен тіл егіз ұғым. Мәңгілік сөзі бабалардан мирас болып кел жатқан мәңгі өлмейтін асыл қазынамыздың бірі - ана тілімен де тығыз байланысты. Олай болса, мәңгілік елдің онымен қатар жасап, бірге дамитын мәңгілік тілі болуы да шарт. Ол- мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру елімізде табандылықпен жалғасып келеді. Мемлекеттік тілді дамытуға жыл сайын миллиондаған қаржы бөлінеді. Елбасы өз Жолдауында мемлекеттік тіл саласында жеткен жетістіктерімізге тоқтала келіп, енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн деп ой түйді. Олай болса, ана тілімізді- мәңгілік тіл ету өз қолымызда. Алдыға қойған ұлы мақсаттары бар, ертеңіне сеніммен қарайтын, жастары алғыр, жаңалыққа жаны құштар, рухы биік ел ғана мәңгілік ел болып ғасырлар бойы жасайды. Олай болса Елбасы салған сара жолдан таймайық, елдігіміз бен туған тіліміз мәңгілік жасай берсін!


3. Жүргізушілерге сөз беріледі ( сахнада үнтаспадан күй ойналып тұрады)

Жүргізуші I: Тында жолдас,тында дала,тында ел!

Сөйлеп тұрған күншығыстан жомарт өңір Қазақстан!

Жұмыр жердің оңтүстік шығысында еркін көсілген

байтақ өлке - менің елім-келбетті, нұр сәулетті Қазақстан! 

  Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауын жариялады. Жалпы тәуелсіздігіне жиырма жылдан астам уақыт болған ел егемендігінің тарихына үңілсек, мемлекетіміздің алуан бағыттағы тыныс-тіршілігінің дамуына бірден-бір ықпал еткен фактор - бұл Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауы екендігіне көз жеткізер едік. Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея.Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз.

Жүргізуші II: Жасыл шүйгін,кең жайлау, асау өзен, асқар 
тау, кербез орман, көркем бел, лебі жұпар, ерке жел.
Жанға 
сая панамыз – Қазақстан көркем жер! 

Елбасы Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды.«Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс», деп атап көрсетті.Осыған орай, үлкен жауапкершілік жүктеліп отырған мұғалімдерге жаңашылдықпен жұмыс жасауға тура келеді. Ең алдымен барлық пән бойынша білім сапасын арттыру керек.

Тағы бір жайт - тіл мәселесі. Сондықтан Елбасымыз да тілді дау-дамайдың төркініне емес, даму мен өркендеудің негізіне, ұлттың ұйытқысына айналдыру - баршамыздың парызымыз екендігін бәрімізге де тағы бір мәрте тиянақты ұғындырды деп ойлаймын.
Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы –балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне –«Бала тәрбиелеу-болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр. Бұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған әрекет. Адамзат өзінің байырғы құндылықтарынан ажырамауы үшін ат салысып, адамдарды ізгілік пен қамқорлыққа шақыруы көңілге қонымды. 


Жүргізуші I: Бүгінгінің биігінен көз салып көр еліме,бақыты мен шаттығы мол қазыналы жеріме. Қазақстан – бүгін міне, жеке отау салтанаты жарасқан! Бір отбасы,бір туысқан бір–біріне қарасқан! Тәуелсіздік асқарынан барласаң, бір шынардың бұтағындай, күн нұрына таласқан! 
Жүргізуші II: Бүгін міне, еңбек пенен ерлікке,байлық пенен 
ырысқа, әсем ән мен күйге толы, жырға толы,сырға толы 
менің байтақ мекенім! Бірлікке білек қосылып, жүрекке жүрек тіл қатты, ағайынды адамдай, ұғасқан көңіл тым қатты! 

Жүргізуші I: Бүгін міне, қазақ халқы азат болды, орын алды тарихтың төрінен. Бақыт тапты шаттық көрді, қош айтысты сан ғасырлық шерімен! 

Жүргізуші II:

Білім- барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Оларинженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ

Оқушы:
Мерейімнұрлана бер,азат Күнім, 
Көрейін бақытымның азаттығын. 
Тауымды тамылжытқан бостандықтан 
Танылды бар әлемге қазақ бүгін.
 
Құттысың тәуелсіздік – киелі күн!
 
Құт күшім –егемендік иелігім,
 
Уақыттың биігінен шуақ төгіп,
 
Бақытым – еркіндік боп үйілер күн.
 

(
ән : ) 

Оқушы I : Мәңгілік азат елдің Сен белгісі, 
Мемлекет мерейінің сенген күші.
 
«Жасасын, еркін Қазақ!»-деп шаттанар,
 
Шалқалап сол биіктен көрген кісі.

Шарықта, шарла көкті көк Байрағым, 
Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.
 
Мен сенің салтанатты сағатыңа,
 
Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.

Ал самға әлем кезіп, Әнұраным, 
Қалықта Елтаңбасы - шаңырағым.

Көк Байрақ, көгерт менің көсегемді, 
Аспандат Атам қазақ Аруағын!
 


Ән:

Жүргізуші I: Президент  Жолдауының «Ұлт денсаулығы- біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстанхалқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізумәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген. Бұл Жолдаудың іске асырылуы – Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз. 

Жүргізуші II: Ұзақ жылдар бойы жолында қан да, жас та, тер де төгілген тәуелсіздік – біздің халқымыз үшін аса қымбат.Себебі тәуелсіздік ата–баба рухын көтерді, сөнген мемлекетіміздің отын маздатты, елімізді қатарға қосып, 
әлемдік қауымға ендірді. 
Жүргізуші II: Аз ғана уақыттың ішінде елімізді, 
халқымызды шар-тарап танып үлгерді. Бірде жүгіріп, 
бірде жығылып жүрген қазақ елі енді еңсесі биік, көңілі көтеріңкі, қадамы мығым, «Менің тірегім - байтақ Қазақстан» деп маң–маң басатын болды. 
Елміз өркениетті замана ағысына қосылды. 

Қорытынды сөз:

Қазақтың маңдайына біткен шоқ жұлдызы басшымыз Н.Ә.Назарбаев жүргізген кемел саясат «Мәңгілік ел» мұратын ел санасына қайта жаңғырта отырып, асқақ мұраттың « XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры» екенін дәлелдеді. Нұрсұлтанның «Нұрлы жолы» да қазақ елін көшбасшылыққа бастайтын даңғыл жол, жарқын бастама. Нұрлы да, шұғылалы келешегіміздің үкілі үміті. Халқымыздың ертеңіне деген зор құрметі, сенімі, жастарымыздың отаншыл азамат болып жетілуіне жасалған мемлекеттік қадам болып табылады.

2015 жыл қазақ халқы үшін мерейлі жыл . Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында мемлекет тарапынан көптеген іс – шаралар өткізуде.Соның бірегейі қыркүйек айында өткізілетін Қозыбасы жерінде өтетін мерей той болмақ. Бұл тойға алыс – жақын шет елдерден қонақтар шақырылып, қазақ халқының салт – дәстүрлерінің қасиеті, сана – сезімнің биіктігі қонақ жайлылығы көрсетіледі.

Бес ғасырдан жалғапты өсиетін, - дегендей қазақ хандығының 550 жылдығымен тұспа – тұс келіп тұрған, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Конститутцияның 20 жылдығы, Қазақстан халық Ассамблеясының 20 жылдығы құтты болсын. Болашақта дамыған елдермен терезесі тең дәрежелі ел болып «Мәңгілік ел» атанып, көк туымыз мәңгі биікте желбіресін!!!



Автор
Дата добавления 18.01.2016
Раздел История
Подраздел Видеоуроки
Просмотров1767
Номер материала ДВ-353530
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх