Инфоурок Другое СтатьиАшық тәрбие сағаты "8-наурыз мерекесі"

Ашық тәрбие сағаты "8-наурыз мерекесі"

Скачать материал

«№22 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АНА – ГҮЛ, АНА – ӨМІР ШУАҒЫ
 

 

 

 

 

 

 

 


/ашық тәрбие сағаты  6 «Ә» сынып/

Сынып жетекшісі:  Дильманова Ү.М.

 

Картинки по запросу ана

 

 

 

 

 

 

 

 

Әли ауылы

2016 – 2017 оқу жылы

Тақырыбы: «Ана – гүл, ана – өмір шуағы»
Мақсаты:
Оқушыларға ата - ана алдындағы парыз бен қарыздары туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекілік: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру, даналық сөздер жазылған плакаттар. Интерактивтік тақта. Презентация.

1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы да осы қасиетті Ана есімі болмақ! «Ана – гүл, ана – өмір шуағы» - атты ашық сынып сағаты сіздерге арналады.

2- жүргізуші: Көктем келер гүлін алып, жазда келер жырын алып – деп ән мәтінінде айтылатындай, нұрлы шуағы мол наурыз айы туып, ардақты аналар мен ару қыздарымыздың төл мейрамы 8 – наурыз мерекесі келіп жетті.


1-жүргізуші: Сіздер ер – азаматтардың қолқанаты, тірегі мен жүрегі болып табыласыздар. Аналарымыздың, қыздарымыздың көңілдері көктемнің шуақты күніндей мейірім – шапағатқа бөлене берсін. Әлемнің жарығын сыйлаған аналардың мерекелері құтты болсын.

(Өлең аяқталып болған соң, бірден көңілді әуен қосылып оқушылар сахнаға шығып, ай секілді дөңгеленіп тұрады да орталарына екі жүргізуші келіп тұрады).

(Аналар туралы презентация)

1-оқушы: Ана, Ана, Ана! Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түбінде ұлы сезім жатыр десеңізші! Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлейтін жан бар ма екен өмірде?! Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтімен жаралған.
2-оқушы: «Ана дегеніміз - Әлемнің жан дүниесі, оның бастауы мен таусылмайтын жалғасы. Ол – тіршілік, үлкен тағдыр, махаббат пен шабыттың нәрі. «Ана» сөзі бізді елең еткізбей, жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды.» Расул Ғамзатов

3-оқушы: Талай ренжітсек те, еркелігімізді көтеріп, туған анамыздай маңдайымыздан сипай білген ұстаздарымызға айтар алғысымыз шексіз. Олардың еңбегі ұлан-асыр мұхитпен тең.  

4-оқушы: «Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Пирагов.

5-оқушы:К. Д. Ушинский: «Әйелдің өз перзентін үйретіп, өсіруге ұмтылуы қанында бар және оған мұнымен бірге осыған сай қабілет бар».
6-оқушы:Б. Г. Белинский: «Ана өз баласын жанымен де, қанымен де сүйеді».
7-оқушы:В. Гюго: «Нәзіктік атаулының жиынтығы - ананың алақаны, сондықтан да ол - сәби үшін ең жылы ұя».
8-оқушы: О. Бальзак: «Ана көрегендігінің теңдесі жоқ».

9- оқушы: Мұхаммед пайғамбар айтқан: «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.

10-оқушы: Орыс жазушысы Максим Горький: «Адамдар-әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген.

Даниал

Анасыздар, әр үйге панасыздар,

Бала десе от болып жанасыздар.

Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,

Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

 

Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар –

Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.

Маздататын, жүректе от лаулататын,

Әр үйдің Күні десе, лайықсыздар.

 

Алибек

 Өр десек те сіздерді — лайықсыздар.

Төр десек те сіздерді — лайықсыздар.

Ер десек те сіздерді — лайықсыздар.

Зор десек те сіздерді — лайықсыздар.

 

Анасыздар, кең байтақ даласыздар.

Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.

Көлеңке жоқ көңiлінде, қылауы жоқ,

Үлбіреген жауқазын баласыздар.

 

Бекболат

Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,

Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,

Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,

Сіздер —  жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

 

Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.

Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.

Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,

Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз. 


Мейрамбек:

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ
Ана деген – асыл жаңдар бұлақтай
О адамдар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл - ойды тонатпай
Ана десем сезім білер тым ыстық
Жарасымды адамдарға туыстық
Бар адамға берсе ананың мейірін
Орнар еді бар әлемге тыныштық

Оқушы: Ана десем, алғыс алам халқымнан,
Ана десем, теңіз болам шалқыған
Ана десем, ашылады қабағым
Ана десем, әділдікті ұғамын

Айналайын Анашым
Әлпештеген мамашым
Еліп өскен бөлеміз
Маматайдың мамасын

Оқушы: Өзіңсің сүйікті ана, құдіретім
Жанымды жадыратып күлдіретін
Сендегі маған деген махаббатты
Нұр толы қос жанарың білдіретін
Бар ана туған елдің гүлі дер ем
Анажан қайғың болса күңіренем
Таусылмас тау суындай ақылың бар
Сен барда менің әр бір күнім өлең

1-жүргізуші: Әр бір ана өз баласының сүйікті досы, мақтанышы. Бізге әсіресе ананың еңбегі мен ерлігі мақтаныш. Ана махаббаты адамға қанат бітіреді, күш береді, ерлікке рухтандырады.

2-жүргізуші: Ән «Ана». Орындайтын Мұхитқызы Диана

1-оқушы: Бас қосты бүгін жиынға
Аналардың қауымы
Таусылмасын әрдайым
Отбасының сауығы
Ана өмірдің қуанышы, тірегі
Бала – оның жұбанышы, жүрегі
Ана алдында ел жауы да бас иген
Олар дәйім тыныштықты тіледі.

2-оқушы: Анаға арнап ақ тілектер айтар күн,
Әкеге арнап, марапатты бастар күн.
Бүгінгі күн мәңгі есте сақтар күн.
Бүгінгі күн есінде мәңгі жастардың.

3-оқушы: Дүниенің ең қымбаты ана екен,
Ананың ең тәттісі бала екен.
Түн ұйқысын төрт бөліп тәрбиелеген,
Ананың орыны бөлек дара екен
Балаға ана еңбегі парыз деймін,
Еңбегін өтеу бізге қарыз деймін.
Меккеге апарса да өтелмеген,
Ұрпаққа бұл өсиет аңыз деймін,
Ана мерекесі құтты болсын.

1-жүргізуші: Сынып оқушыларының орындауында Эго биін қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші: Ана адамзат мекен еткен жер шарының әр түп жерінде, әр үйде мейірім мен мерейдің достық пен туысқандықтың туын тіккен адам. Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Алақаныңа қуырдақ қуырып берсең де, ана борышын өтей алмайсың. Ана парызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жігіт, адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту таралған жоқ.


1- оқушы: О, анашым, Таянышым, тірегім,

Бар бақытты бір басыңа тіледім

Мен жақсы болса екен деп қашан да,

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.

Туған жердің, Жайнап тұрған даламның

Өзіңе деп гүлін үзіп алармын.

Жүрек сырын өзіңе арнап жинадым,

Міне, гүлім! Мен де гүлдей балаңмын

 

2 -оқушы: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтін,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысын, ардақтысын, данасың!

Қарайтыным қас - қабағын бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме, анашым!

 

3 -оқушы: Аналар, ақ пейілін жайғандарым,

Сіздер – менің ең сыйлы меймандарым.

Арыстай талай перзент тудыңыздар,

Алаштың асқақтатқан айбарларын.

«Алдымен жақсылық ет анаңа» деп,

 Хадисте текке айтпапты Пайғамбарым.

Сіздердің арқаңызда еркектер жүр,

Сипатып ескен желге айдарларын.

 

4- оқушы: Жарық дүние сыйға тартып сәбиге,

 Мол бақытқа бөленеді ана әрине.

Адамзатқа бұл өмірді сыйлаған,

Ана сөзі ұлы дайым фәниде.

Жас өмірін құрбан қылып бала үшін,

Барлығынан артық көрген баласын.

Бұл өмірде сыйлап өтем мәңгілік,

Қартаймаңдар қасиетті Аналар!!!

 

5 -оқушы: Бұл жерде таппай тұрмын тіпті байыз.

Бар дейсің бұл күндері тіп - тік қай із.

Наурызда аналарға сый ұсынып,

Жылына бір - ақ рет құттықтаймыз.

Аналарға күн сайын алғыс айтпай,

Олардың жағдайынан түк те ұқпаймыз.

Аналарды ардақтап өту керек,

Егер де өссін десек ұлттық пайыз.


1-жүргізуші: Рахмет, сізге арнап «Ана! Сен бақыттысың!!!» поэзиялық тартуын қабыл алыңыз.
Жалғас:
Ана
Сен бақыттысың,
Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағың, жыламағың!
Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасындамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз - өзіңнен шашылмағың,
Байырғы берекеңді қашырмағың.
Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.
(Тәңірім кеше көрсін кесірімді)
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…
(М. Мақатаев)

1-жүргізуші: Ана туралы нақыл сөздер
"Ата - ананың қадірін балалы болғанда білерсің"
"Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада"
"Ата - асқар тау, ана - етегіндегі бұлақ, бала - жағасындағы құрақ"
"Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, парызыңнан құтылмассың"
"Атаға қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер"
"Ана аяғының астында жұмақ жатыр"
"Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер"
"Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды"
"Атасы тұрып, ұлы сөйлегеннен без, шешесі тұрып, қызы сөйлегеннен без"
"Баласы атқа мінсе, үйде отырған шешесі тақымын қысады"

2-жүргізуші: Ән «Қазақ қызы». Орындайтын Бақытжанұлы Даниал
«Ана – гүл, ана – өмір шуағы» тақырыбындағы тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Бізде қонақта болған ұстаздарымызға рахмет айтамыз. Мейрамнан мейрамға аман – есен жетіп, гүлдей құлпырып жүре беріңіздер деп тілек айтамыз. Қош сау болыңыздар.

Екеуі бірге: Мерекелеріңіз құтты болсын!


 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық тәрбие сағаты "8-наурыз мерекесі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный администратор

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 980 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.04.2017 31775
    • DOCX 2.7 мбайт
    • 1559 скачиваний
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Дильманова Умит Мейрамбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Дильманова Умит Мейрамбековна
    Дильманова Умит Мейрамбековна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 4
    • Всего просмотров: 57736
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Цифровые валюты и правовое регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегия продаж и продуктовая линейка: успех в современном бизнесе

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продажи и самопрезентация в социальных сетях

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 111 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 24 человека