Инфоурок Другое Другие методич. материалыАшық тәрбие сағаты " Қош бол құтты,Әліппе!

Ашық тәрбие сағаты " Қош бол құтты,Әліппе!

Скачать материал

Тақырыбы: Рахмет саған, Әліппе!

Мақсаты: Оқушылардың Әліппе пәнін игеру барысында алған білімдерін тиянақтау,эстетикалық талғамдарын тереңдету, өзін-өзі басқаруы мен ана тілін, туған жерін, Отанын сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Түрі: Мерекелік ертеңгілік
Көрнекілігі: Суреттер

Мұғалім:Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бүгінгі ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Бүгін қуанышты күн - «Рахмет саған, Әліппе!» мерекесі құтты болсын. Балаларыңыз білім жолындағы белестерге қанаттары талмай көтеріле берсін дей отырып, ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз!

КӨРІНІС: Әже мен бала

Алты жасар баласын,
Алпыста әжей жетектеп
Келе жатыр көшеде,
Қайда әлгі мектеп-деп
Алпыс келеді сүрініп,
Алты келеді жүгіріп.

Бала:
Апар ана мектепке
Ата- аналық парызың.
Оқып білім аламын,
Мен оқушы боламын.


Анасы:
Асықпа әлі қарағым,
Санауға енді жарадың.
Жасын толсын алтыға
Сонда алып барамын.

Бала:
Менің қарыс маңдайым,
Балаң болам талапты.
Тәртіп сақтап әрдайым,
Жақсы оқимын сабақты.

Анасы:
Айтқанымды шырағым,
Шығарма тек санаңнан.
Мектептегі мұғалім,
Кем болмайды анаңнан.


Оқығаны баланың

Мейірі ғой ананың.

Дегеніңе жет, күнім,

Таудай болсын талабың!


Музыка қосу. Мектебім.

Қыркүйекте келдім де,
Сыныпқа кірдім қуанып,
Қарсы алды ұстаз мейіріммен
Қадамымды құп алып.

(осы кезде барлық оқушы ортаға шығады)

Еркебұлан:
Армысыздар аналар!
Бармысыздар балалар, 
Сөзіме құлақ салыңыз
Бір серпіліп қалыңыз.
Әліппеге арналмақ 
Бүгінгі жыр әніміз!


Айгерім:
Шашу – шашу шашайық, 
Ақ сандықты ашайық
Бұл мереке, бұл тойдың 
Бастаңғысын жасайық!

Жандос:
Әліппені меңгеріп,
Әріптерді таныған,
Құтты болсын тойымыз,
Біз білімді балдырған.

Ән: Көңілді күн

  • Балалар, осы Әліппе сөзінің шығу тарихын көп адам біле бермейді. Соны білгілерің келе ме?

  • Иә

  • Ендеше, мында назар салып тыңдайық.

Әліппе туралы таныстыру


Ә – әлемді

Л – лайықты
І – ізгілік

П – парасатпен
П – паш
Е – етеміз

Назерке:

Өшпейтін нұрлы әріппен.

Есігін аштым білімнің,

Өзіңнен кілт алып мен.

Қайда екен біздің Әліппе?


Мұғалім: - Расында, балалар, ортамызда Әліппе жоқ қой. Қане, Әліппені шақырайық!

Хормен: Әліппе! Әліппе!

Әліппе: - Мен мұндамын

Армысыңдар, жас достар!
Армысыздар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар
Әліппе келді ортаға.


Бұл мерекеге қуана, толғана келіп тұрмын. Жай келмедім, өзімнен бастау алатын, өздеріңе даңғыл жол салатын жаңа достарың «Ана тілін» шақыра келдім.

(осы кезде Ана тілі келеді)

Ана тілі:

Туған елдің тілімін,

Ақылы мен танымын.

Түсіндірер бәріне

Ана тілі пәнімін.

Ана тілім-ұраным

Ана тілім-құралым.

Ана тілім болмаса

Мықты болмас тұрағым.


  • Ой, қандай кісі көп. Сәлеметсіңдер ме, балалар.

(балалар амандасады)

Мен Әліппемен бірге сендердің қуанышты дауыстарыңды естіп, қуанып келдім.

Әліппе: Кел, төрлет, Ана тілі. Бұл оқушылар мені оқып бітіріп жатыр, олар бәрін біледі, өздері жаза алады, оқи алады.

Ана тілі: Ендігі уақытта сендер менімен достасатын боласыңдар.

Ендеше, балалардың Әліппеден үйренгендеріңді тамашалайық.


Нұрболат:
Жақсы білім, көрімдік,
Болсын сізге халайық!
Не үйреніп, не білдік
Қане ортаға салайық!

Нұргүл:
Бірінші қыркүйек
Келдім мен гүл алып,
Алдымнан ұстазым
Қарсы алды қуанып.

Азамат:
Қуантып мені ұстаздар,
Шақыртты осы мектепке!
Қараңдар міне, балалар
Келмеппін мұнда мен текке.



Құралай:
Мектебім қандай тамаша!
Жарқырап тұр жаңаша.
Ұстаздарым білікті
Ақтаймыз біз үмітті.



Темірлан:
Көріне бер биіктерден
Алтын ұя мектебім.
Шәкірттерің білімді боп,
Сенен өсіп көктесін.

ӘН: ҰСТАЗЫМ


Диана:

Біз Әліппемен қоштасамыз,

Жолына гүлмен қоса жыр шашамыз.

Білімнің бұлағына сусындауға,

Көптеген кітаптармен достасамыз.


Бауыржан:

Достастырып әріптермен,

Білімге жол салып берген.

Алдымнан шам, жағып берген,

Айналайын Әліппемнен.

 

Бақытжан:

Әліппені құрметте,

Күтіп ұста кірлетпе.

Кішілерге табыс ет,

Дақ түсірмей бір бетке.


Сымбат:

Ойыншық қалды жайына,

Әріптер бөлді көңілді.

Тәбетім жоқ ойынға,

Сезінем үлкен өзімді.


Гүлфайрус:

Қуыршақты тастадым,

Уақыт жоқ тіптен ойнауға.

Әріптен құрай бастадым,

Сөздерді тізіп қоюға.






Атаман:

Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріп те.

Оқимыз қазір ертегі,

Үйретті оны Әліппе.


Азалия:

Алфавитті үйрендік,

Онда жүйе, қалып бар.

Біздің қазақ тілінде

Қырық екі әріп бар.


Көрініс: Әріптер айтысы

Ән: «Әліппе» Н. Еспанов


Ана тілі: - Сен ұзақ жолға аттанар алдында балалардан оқушының сенімді достары кімдер екенін білсем деймін.

Оқушы: Олар оқулық,дәптер, портфель, күнделік, қалам, өшіргіш.

Оқулық (Ұлданай):

Оқулығың құралың,

Жағар білім шырағын.

Баса алмассың ешқашан,

Онсыз алға бір адым.



Күнделік (Бауыржан):

Бірге

Портфель (Еркебұлан):

Оқушының мән-жайын,

Жұрт біледі әрдайым.

Портфелі өзі-ақ айтады,

Иесінің қандайын.


барып сыныпқа

Бірге үйіңе қайтады.

Оның бетін кім ашса,

Әр бағаңды айтады.


Қалам (Нұргүл):

Қаламсыз адамды,

Көрмейсің бұл күнде.

Қадірле қаламды,

Жол ашар білімге.

Жалқаудың қаламы

Қалтада тозады

Зеректің қаламы

Қатардан озады.





Өшіргіш (Айтмаханбет):

Өшіргіш оқушы құралы

Қатеңді түзетіп тұрады

Дәптерді қолыңмен тырналап

Былғама орынсыз жұлмалап


Дәптер (Наргиз):

Он екі ақ парақ

Он екі ақ қанат

Жолдары әсем-ақ

Сызылған тақталап

Он екі параққа

Жазасың санап та

Әріптер шығады

Сап түзеп парадқа


Көрініс «Әліппе мен дәптер

Біздердің әні мен биіміз Ана тілі: - Керемет, жарайсыңдар, нағыз азаматсыңдар!

Әліппе: - Мен сендерге ризамын, балалар! Сендермен 4 ай жолдас болдым. Мен енді қайтуым керек, жолым ұзақ 2013 жылдың 1 қыркүйегіне дейін келесі 1- сыныпқа келетін бүлдіршіндерге жетуім керек.


Әліппе:  - Балалар, сендер мені оқып, «Білім кілті – кітапта» екенін ұғындыңдар. Ендеше, «Білім елінің» кілтін өздеріңе табыс етемін.


Барлығы хормен:

Мектеп-кеме, білім – теңіз,

Барар жерге тез жетеміз.

Адаспамыз ұлы жолда.

Білім кілті біздің қолда.


Ана тілі: Рахмет, Әліппе! Сеніміңізді ақтаймыз. Сүйікті әліппемізбен қоштаса отырып, досымыздың құрметіне ән шырқайық.

«Рахмет саған, Әліппе! » әні
Әліппе: 

Ал, енді сендерге ақ батамды берейін.

Оқуда зейінді болыңдар,

Еңбекке бейімді болыңдар.

Кір шалмасын қабақтарды,

Ақ жол болсын, қарақтарым.

Оқығандарың есте болсын,

Күнделіктерің беске толсын-деп естелік болсын деп күнделік тарту етемін.

Ана тілі маған көмектесіп жібер.

Күнделіктеріңде тек бестік баға болсын.

Күнделікпен қоса 5-тік бағаны тарату

Ана тілі: Рахмет, Әліппе! Сеніміңізді ақтаймыз.

(балалар әліппемен қоштасады)

Әліппе: Сау болыңдар, балалар! Балалар қоштасады.


Ақмарал:

О, Ата-анам!

Таянышым, тірегім!

Бар бақытты бір басыңа тіледім

Бізді жақсы болсын екен деп қашанда

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.


Әнес:

Әкем –анам жасыл бағым жайнаған,

Сол бағыңда асыр салып ойнағам.

Пәк жүрекпен жыр жазады перзентің

Бар тілегі тек сіздерге арналған.


Ана тілі:

Біздің осындай дәрежеге жеткенімізге ата-аналарымыздың еңбегі зор. Балаларыңыздың бақытты балалық шағын қалыптастыруда қосқан үлестеріңіз үшін, сіздерге балалар  «Ата-ананы тыңдаймыз» әнін арнайды. Қабыл алыңыздар.


Құралай:

Туған ел- алтын бесігі,

Аштың сен- бақыт есігін,

Жатталып жатыр жүректе

Ардақты сенің есімің.


Нұргүл:

Өмірдің гүліміз

Таусылмас жырымыз


Болсыншы сыйымыз.


Мәншүк, Ернар «Ұстазым» әні



Ана тілі:

Шара апамдай бұралып,

Биді билеп береміз.

Көңілді , әсем билерді,

Өте жақсы көреміз. – деп «Қыздар» тобын ортаға шақырайық.

Би «Жаңбыр»

Назерке:

  Ширап іс пен сөзіміз,

Өсті осылай ойымыз

Білімізді сараптап,

Өнерімізді көрдіңіз.



Білмесбек кіреді.
- Мәссаған, мыналар әдемі киім киіп алып неге жиналған?

Оқушы: - Сәлеметсің бе, Білмесбек .Біз бүгін әдемі киініп құтты әліппемен қоштасып жатырмыз.
Білмесбек: - Әліппемен қоштасу дейді. Қоштасыңдар, қоштасыңдар. Әліппе оқып бастарыңды қатырғанша мына мен сияқты армандарды армандап, екі қолды қалтаға салып, талтаң-талтаң етіп жүрмейсіңдер ме?
Оқушы: - Білмесбек арман дейсің бе? Ол қандай арман?
Білмесбек:
Менің 1-ші арманымды тыңдаңдар.
-Мына менің ойымша,
Мектеп деген жойылса.
Сабағы мен білімі,
Кітап, дәптер, қаламы,
Мәңгілікке жоқ болса.
№1 баланың жауабы:

- Достым, ойың тайыздау,
Ақылың сенің тіпті аздау.
Жойылса деп мектепті,

Армандайсың арсыздау.
Мектеп егер жойылса,
Білім қайдан аларсың,

Үлгі, өнеге, тәрбие,
Ұстаздардан аларсың.
Білмесбек:
Менің 2-ші арманым.
- Пах-пах шіркін!
Жегенім ет болса,
Ішкенім сүт болса,
Ата-анам ақша тауып
Түрлі киім алып беріп,
Сәнді киіндіріп тұрса,
Сөйтіп , жағдайым керім болса.


2 баланың жауабы. ( Дархан)
-Жесем дейсің ет тамақ,
Ішсем дейсің бал шырын.
Ата-ананың ақшасын,
Жойсам дейсің па шіркін!
Білім алмай мектептен,
Еңбек етіп тер төкпей,
Оңай олжа ойлайсың,
Ата-анаңды қинайсың .

Білмесбек.
3-ші арманым.
-18 жасқа келгесін,

Институт мені қабылдаса,
Бір оқу орны қуғанда,
Екіншісі қыңқ етпей қабылдаса.
Диплом деген қағазды,
Қолға келіп бір ұрса,
Шіркін осы тілектерім орындалса!
№3 баланың жауабы.

-Сен, Білмесбек мені тыңда,
Институт қабылдап,
Жүрсем дейсің былқылдап,
Сатып алып диплом,
Бастық болып, талтаңдап.
Болашағын елімнің,
Ойламайсың сен неге
Сауаты жоқ сауатсыз,
Мамандар көп біздерде.
Соның бірі болмақсың,
Қандай үлес қоспақсың
Егеменді елімнің,
Сәнін қалай бұзбақсың.
Білмесбек: (басы салбырап, ойланады)
- Достар, сендердің айтқан ақылдарыңның бәрі дұрыс.
Мен енді жалқаулықты тастаймын,
Жаңа өмір бастаймын.
Егеменді елімнің,
Ертеңі үшін күресіп,
Еңбекпенен көгеріп,
Бір асыл іс қыламын.
Мұғалім:
- Білмесбек, сен жақсы оқушы болуың үшін алдымен үстіңді жөндеп кел.
- Жарайды. ( Білмесбек шығып кетеді )

Ана тілі:

- Осы біздер қандаймыз?

(Оқушылар 1 жолдан кезекпен айтады.)

  • Талабы биік таудаймыз,

  • Мың бұралған бишіміз.

  • Біз қызықпыз, қызықпыз,

  • Кейде еркелеу, бұзықпыз.

  • Біз шеберміз,

  • Ақылдымыз.

  • Көңілдіміз,

  • Үлкендерге ізеттіміз.

  • Кішкентайларға қамқоршымыз,

  • Жақсылықты ұнатамыз,

  • Жамандықтан тез қашамыз.

Барлығы: Біз - қазақ елінің болашағымыз.

Ана тілі:

- Осы біздің еліміз қалай аталады?
Балалар: -Қазақ.
Ана тілі: - Еліміз.
Балалар: - Азат.(ұрандап)
Ана тілі: - Мемлекетіміз
Балалар: - Ғажап. ( ұрандату) Қазақ бәрінен озат.



Ән: «Жаса, Қазақстан!»


Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында,

Ақ тілекпен баршаға шашу шашпақ аналар!


Осымен мерекелік кешіміз аяқталды. Ендігі құттықтау сөз кезегі
ата – аналар мен келген ұстаздарға беріледі. 














Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық тәрбие сағаты " Қош бол құтты,Әліппе!"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Корреспондент

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 617 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.02.2016 709
    • DOCX 99.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Айнагулова Айгуль Кобланбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7231
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 473 человека из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 319 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 846 человек

Мини-курс

Инклюзивное образование: нормативное регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы программирования и мультимедиа: от структуры ПО до создания проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Стратегия продаж и продуктовая линейка: успех в современном бизнесе

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе