Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Ашық тәрбие сағаты " Рахмет саған, Бастауыш мектеп! " ( 4 - сынып )

Ашық тәрбие сағаты " Рахмет саған, Бастауыш мектеп! " ( 4 - сынып )

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:



Тақырыбы: Рахмет саған, Бастауыш мектеп!

Мақсаты: Білім негізгі бастауыштан қаланатын оқушылық өмірдің бастапқы баспалдағын аяқтаған бүлдіршіндердің аяулы ұстазымен қоштасу рәсімін жасау. Алған білімдерін байкату, ортаға салу. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу, тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Жазылған мақал-мәтелдер, шарлар, мадақтамалар, үнтаспа, балалардың фотолары.

Барысы

Мұғалім: -Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!

Сіздер «Рахмет саған, Бастауыш мектеп!» атты бастауышпен қоштасу тойына жиналып отырсыздар. Қадамдарыңыз құтты болсын! Алдарыңызда тұрған балалар осыдан 4 жыл бұрын мектеп табарлығын аттаған кіп-кішкентай балдырғандар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш сыныпта білім алып, аяқтап, жоғарғы сыныпқа өткелі отыр.

«Талаптарына нұр жаусын» деп ертеңгіліктерін ашуға рұқсат етіңіздер.

Ал, құрметті халайық!

Сәлемдесіп алайық.

Балаңыздың мерей тойы

Болсын үлкен ғажайып.

Сырымызды ашайық,

Тойға шашу шашайық!

Шашу, шашу шашайық,

Ақ саңдықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойдың

Бастанғысын жасайық.

Мұғалім: Бүгін міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ

Әніменен жырына, тарландарым сал құлақ.

Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан

Лаулап жансын болашағың шамшырақ.

1-окушы: Армысыздар, ата-аналар, ұстаздар,

Балаларға білім дәнін шашқандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.

2-окушы: Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңызда жауқазындай құлпыраған

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

3-оқушы: Қош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай болашағын мәпелер.

Бүгін міне, бастауышпен қоштасады

Азамат боп, кешегі сәби-еркелер.

Бірге қосыла: Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар!

4-окушы: Алтын ұям-мектебім,

Біліміңмен көктедім.

Саған деген жүректе

Ақ алғысым көп менің.

5-окушы: Келемін саған сағына,

Күй нұрыңды жаныма.

Күй нұрыңды жаныма.

Сусындайын тағы да.

6-окушы: Анадай асыл мектебім,

Құшағы нұрлы көктемім.

Өмірдің аттап өткелін,

Қойыңда өсіп көктедім.

7-окушы: Бағыңда құстай сайрадым,

Қырыңда гүлдей жайнадым.

Сәулетті, дарқан бесігім,

Тербелеп жүрмін осы күн.

8-окушы: Сәлем саған, мектебім,

Сәлем, білім ордасы!

Жасыл бақты көктемім,

Жастық шақтың жолдасы.

9-окушы: Мектебім-бесігім,

Мектебім-бесігім.

Мен үшін қашанда

Ашық тұр есігің.

10-окушы: Сенен біліп шығармын,

Аспан барын, күн барын.

Сен арқылы ұғармын,

Жұмбақ әлем сырларын.

11-окушы: Үйретерсің еңбекке,

Сен арқылы ойлармын.

Ұшып сенен мен көкке,

Көк мұхитты бойлармын.

«Андай асыл мектебім» әні орындалады.

12-окушы: Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға.

Адамның адамшылығы

Жақсы Ұстаздан басталады-деп Абай атамыз айтқандай, ұстазымыз жыл бойы білім нәрімен сусындатты, хат танытты, еңбек ете білуге үйретті, білімге жетеледі,әдептілікке үйретті. Сондықтан алғашқы ұстазымызға мың алғыс айтып басымызды иеміз.

13-окушы: Есімізде ұстаздың алғаш қарсы алғаны,

Айқара есік ашып тастағаны.

Бір мереке думан боп осы маңда,

Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.

14-окушы: Енді міне, сағымдай боп өте шықты

4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті,

Ұстаз ана жасады мына бізден

Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.

15-окушы: Үйретіп бізге алғаш әліппені,

Ұстазым ғылымға жол салып берді.

Адамның ой-арманы мақсаттары,

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

16-окушы: Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,

Алфавитті алғаш сенен жаттадым.

Ұстаз-ана естен кетпес мәңгілік,

Мейріммен жаурынымнан қаққаның.

17-окушы: Жүзің жылы, құшағың кең

Сенен түлеп ұщамын мен.

Өзің берген біліміңмен

Биіктерге шығамын мен.

18-окушы: Ақылшы асыл ұстазым

Өзіңе мен де ұқсармын.

Жеткенше қайрат, күш-әлім

Биікке самғап ұшармын.

19-окушы: Өз аузына қаратқан,

Ұстаз ойын ұғамыз,

Сөйтіп әрбір сабақтан,

Сәл есейіп шығамыз.

20-окушы: Әліппемен аштым өмір есігін,

Тербетемін білім бөбек бесігін.

Өмір деген өрлі өзенге шомылып,

Жаттап өттім ұстазымның есімін.

21-окушы: Әлем сырын ашқан

Шежірең жыр-дастан,

Шекіртіңбіз балғын

Бауырына басқан.

22-окушы: Ашық жарқын жүзді,

Ұстазым көп ізгі,

Мейірімін төгіп,

Аялаған бізді.

23-окушы: Жүрегімде ұстаз берген сабағы,

Өн бойыма тамырланып тарады...

Ұмытпаймын салған жолын, ақылын,

Бірге қосыла: Мәңгі, мәңгі, мәңгі есімізде қалады!

24-окушы: Арманым болып аңсаған,

Мәңгілік қалдың мекендеп.

Өзіңе арнап ән салам,

Ардақтап сізді өтемін деп.

«Мұғалім-ол біздің» әні орындалады.

25-оқушы: Мынау менің сезгенім,

Ол-кластың анасы.

Өзінің де өзгенің

Баласы-оның баласы.

Қай кезде, ол анық,

Қайғырмайды өзі үшін.

Біздер үшін қуанып,

Қызарады біз үшін.

Күнде «бестік алсаң сен»,

Онда басқа жоқ арман.

Ал оқымай барсаң сен,

Бір тал шашы ағарған.

26-окушы: Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,

Менің де көкейіде із қалыпты.

Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің

Ерінбей үйреттің де әр әріпті.

27-окушы: Қоссаңдар бірді екіге үш болады-

Деуші едің,-біліммен күш толады.

Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол

Ақылмен іс істесең іс болады.

28-окушы: Беруші ең бізге айтып өлең, тақпақ

Таласып алушы едік біздер жаттап.

Өзіңіз баға қойған күнделікті

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.

Бірге қосыла: Мектеп-кеме,білім-теңіз,

Барар жерге тез жетеміз.

Адаспаймыз ұлы жолда,

Ұстаз берген білім қолда.

«Ұстазым» әні орындалады.

29-окушы: Алғаш рет өзіңнен,

Білім алды балалар.

Оқу сырын өзінен,

Біліп алды балалар.

30-окушы: Жастың өсті санасы,

Елжірейді жүрегі.

Бастауышқа бар бала,

Алғыс айтып жүреді.

31-окушы: Көлге айналған бұлақтың

Том-том болған кітаптың

Басы болған Бастауыш.

32-окушы: Әріптерді танып

Білімге еркін қанып,

Қадіріңді ұқтық

Тәліміңді алып.

33-оқушы: Құшағыңда жарқылдап,

Өтті сәби күндерім.

Би билеп, ән тыңдап,

Алаңдауды білмедім.

34-окушы: Бастауыш-бастамам

Білім жолын бастаған.

Білім шыңы биікте,

Беліңді бу жас данам.

35-окушы: Бастауыш-балбұлағым,

Алдым сенен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып,

Рахметімді жаудырамын.

36-окушы: Бастауыш-балқұрағым,

Лаулап жансын шам-шырағың

Өзің берген біліміңмен,

Самғап ұшты тау қыраның.

37-окушы: Отті сенде қызық шағым

Бастауышым-балбұлағым,

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.

38-окушы: Өтті оқу сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат.

Оқулықпен достасып,

Бастауышпен қоштастық.

Бірге қосыла: Қош бол, балғын балалық,

Қош бол сүйікті бастауыш!

«Жас дәуірдің түлегіміз» әні орындалады.

Мұғалім: Балалар 4 жыл бойы оқып, үлкен жетістіктерге келіп отыр.Ол тек қана менің еңбегім емес. Рахметімізді осы сыныпта жұмыс істейтін мұғалімдерге, мектеп кітапханашыға, біздің сынып тазалықшыға және ата-аналарға айтамыз.

Ата- аналарға, мұғалімдерге, қонақтарға мадақтамаларды тапсыру.

Сіздердің назарларыңызға шағын концерт. Қабыл алыңыздар!

1. Вальс биі.

2. «Семияр-ауылым» әні.

3. Кавбой биі.

4. «Қалқатай» әні.

5. Қамажай биі.

Мұғалім: Құрметті оқушыларым! Бүгінгі қоңырау үні мүлде ерекше. Ол оқу, білім, ізденіс жолдарына шығарып салатын қоңырау үні. Естерінде сақтаңдар!

Қоңырау, сыңғырла асыға,

Үн қосқан қиядан асуға.

Білім ал, еңбек ет, жас ұлан,

Өрле сен биік шың басына.

Оқушылар қоңырау соғады.

Мұғалім: Бүгінгі күн әр үй той басы деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында,

Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар!

Мұғалім: Қанаттарың қатайды,

Биікке енді самғандар.

Білім жолы-сара жол

Ізденіңдер, талмаңдар.

Ақыл-ойың жаңғырып,

Бастауышпен қоштасқан

Өңкей білгіш балдырған,

Өсті бойың, ойларың,

Құтты болсын тойларың!











Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 02.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров154
Номер материала ДВ-498598
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх