Инфоурок Начальные классы КонспектыАшық тәрбие сағаты: Салт- дәстүр – асыл қазына

Ашық тәрбие сағаты: Салт- дәстүр – асыл қазына

Скачать материал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

      «Тұран мектеп-гимназия» мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

            Ашық тәрбие сағаты 

    

 

 

       

          Тақырыбы: «Салт- дәстүр – асыл қазына»

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                   

 

                          Жетісай қаласы.

 

 

 

 

 

    

 

 

 

 

 

        

 

 

 

 

    16 желтоқсанда еліміз Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күнін атап  өтеді.Тура осы күні «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданған. Оған дейін Қазақстан Республикасы Кеңестік Социалистік РеспубликаларОдағының құрамында болған.1991 жылы 16 желтоқсаннан бастап Қазақстан жеке егеменді мемлекетке айналды.Қазақстанның өз Елтаңбасы, Туы,Әнұраны, Конституциясы бекітілді.

    Мемлекеттің және халықтың өміріне көп өзгеріс енді. Балалар құқығы туралы заң қабылданды.

      Балалардың құқығы  мен міндеттерін есіңе түсіріп, айт.

       Қазақстандықтар  тұңғыш рет  өз Президентін сайлады. Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

 

    Жаңа Қазақстан мемлекетін дүние жүзінің жүздеген аса елдері таныды.Халықаралық ұйымдар өз құрамына қабылдады.

 

      Қазақ тілі мемлекеттік тіл болды.

   Қазақстанда түрлі ұлттардан құралған 15 миллионнан астам адам тұрады.

      

 

 

 

 Тақырыбы: «Салт-дәстүр – асыл қазына»        

 

 Мақсаты:Оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру,баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру,халық өнегесін үйрету.

 

Көрнекілігі:Суреттер,ұлағатты сөздер жазылған плакаттар,ұлттық бұйым көрмелері.

 

1- жүргізуші:  Ата салтым-асыл мұрам,ардағым,

                        Бабалардың жалғастырар арманын.

                       Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,

                       Өткенімді бүгінменен жалғадым.

 

 

2-жүргізуші:  Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,

                      Тәлімді ой сынағы ,тәрбие көзі қалдырған

                      Салт-дәстүрді ардақтайық, ағайын,

                      Қазақ атты үлкен-кіші балдырған.

 

 

 

1- жүргізуші:  Жиналыппыз, сәтті күні бәріміз де

                       Үлкен,кіші, жасымыз, кәріміз де.

                       Төрлетіңіз ,қадірменді қонақтар,

                       Гүл- гүл жайнап мына біздің төріміз.

 

                     Өнер халық-өміршең халық,қазақтың әдет-ғұрпына,салт-дәстүрлеріне бағытталған «Салт-дәстүр – асыл қазына» атты тәрбие сағатын бастаймыз.                                                                   

 

1- жүргізуші: Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын салт-дәстүрлер туралы қысқаша мәлімет беріп кетсек.

Салт-дәстүрлерінің ішіндегі бала тәрбиесіне байланысты тәрбие дәстүріне тоқталсақ.

 

1-оқушы:

Салт-әр ұлттың,халықтың діні мен сеніміне,тұрмыс-тіршілігіне,ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып ,өмірдің өзі туғызған ғұрптарының негізі.Қазақтың бірнеше салттарын атап өтсек.

 

2-оқушы:

1.Шілдехана.Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалған ойын-сауық той.

 

3-оқушы:

2.Кіндік кесер.Нәресте туған сәтте оның кіндігін кесуге әйелдер ( кіндік шешесі) дайын тұрады.Кіндік кесу- мәртебелі, абыройлы іс.

 

4-оқушы:

Бесікке салу.Жаңа туған баланы бесікке салу.Бесік қасиетті,киелі,құтты мүлік,сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.

 

5-оқушы:

Қырқынан шығару.Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады.Ол сәбидің жан-жүйесінің қалыптасып  дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.

 

6-оқушы:

Тұсау кесер.Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып.

 

1- жүргізуші:Қазақтың өмір салты,өрен салты т.б. қолдану мен дәріптеуді ғұрп дейміз.

 

1-оқушы:

Қазақ халқында қалыптасқан бірнеше ғұрптар :

1.Ат қою( ғұрп). Қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер мен әйгілі адамдардың атын қойған.Сонымен бірге бала есімін беделді кісілерге қойғызып батасын алған.

 2.Айдар(ғұрп).Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп қояды.

    Бұл ғұрп ер балаға жасалады.Сәбилерге шаш орнына кекіл,тұлым да қойылады.

2-оқушы:

3.Кекіл(ғұрп).Жас балалардың шашын ұстарамен алып тастайды да маңдайына бір шөкім шаш қалдырып оның жиегін тегістеп қиып қояды.Оны «кекіл» дейді.

 

3-оқушы:

Дәстүр – халықтың атадан балаға көшіп,жалғасын және дамып отыратын тарихи әлеуметтік,мәдени – тұрмыстық,кәсіптік,салт- сана, әдет-ғұрп, мінезқұлық,тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекеттер көрінісі.

 

4-оқушы:

Қазақтың бірнеше дәстүрлерін атап өтсек.

 

1-оқушы:

Тыштырма(дәстүр).Сәбиді бесікке салар кезінде бесіктің түбегі тұратын тесіктен  құрт,ірімшік,тәттілер, өткізіп «тыштыма,тыштыма» деп ырым жасайды.Тыштырманы әйелдер ырым етіп бөлісіп,бала-шағаларына үлестіріп береді.

2-оқушы:

Базарлық(дәстүр).Алыссапарға шыққан адамдардың жақындарына әкелген сыйлығы.

3-оқушы:

Байғазы(дәстүр).Балалардың жаңа киім үшін алатын ақшалай,заттай сыйы.

4-оқушы:

Тілашар(дәстүр).Баласы жеті жасқа толған соң балаға жаңа киім кигізіп ,оқу жабдықтарын дайындап той жасайды.Мұны тіл ашар той дейді.

5-оқушы:

Жеті ата(дәстүр).Халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білдіруді міндеттеген.Олай болса жеті ата:Бала,Әке,Ата,Арғы ата,Баба,Түп ата,Тек ата

6-оқушы:

Асату(дәстүрі)Ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатады.

 

1-жүргізуші: Туған соң адам боп,

                      Білімсізден надан жоқ.

                      Ел дәстүрін білмесең

                      Жұрт айтады надан деп.

                      Ата-бабаң ардақты

                      Жамандыққа бармапты.

                      Ардай тұтып үлкенді

                      Ата жолын жалғапты.

 

2-жүргізуші: Бауырласқан тәніміз

                      Бұзылмаған антымыз.

                      Кең даланың ежелгі

                      Қазақ дейтін халқымыз,

                      Өзге ұлттай біздің де

                      Бар дәстүрмен салтымыз.

 

 

Көрініс: «Бесікке салу»

 

Сүйінші, сүйінші.

Дүниеге сәби келді.

 

Әжелер: Ой айналайын балам , бұл  қуанышты хабар ғой. Сүйінші сұрау- қуаныштың белгісі. Қазақ сүйіншіден нені  аяған. Мінеки , сүйіншіңді ала ғой.

    Балаға қандай ат қойсақ  болады екен ?

    Қане қазақтың ғұрптарының бірі «Ат қою» рәсіміне кезек берейік.

        Енді дүниеге келген  баланы бесікке  салатын  әжелеріміз  де дайын сияқты. Қызықты  үзбей «Бесікке салу» рәсіміне кезек берген дұрыс сияқты.

     Ән: «Қазақтың салт- дәстүрлері»

 3-жүргізуші:   

          Айтпақшы біз атын қойған  кешегі сәбиіміз  бүгінде жүруге  талпынып жүрген тәрізді. Бүгін әжелеріміз сол сәбидің тұсауын кеседі дейді.

 1 -әже:  Жолың болсын деселік,

               Жолыңа нұр төселік.

               Жарылқасын алдыңнан,

               Тұсауыңды кеселік,

               Кірмеуіңді шешелік,- деп сәбидің тұсауын ала жіппен кеседі.

 

2- әже:    Қаз, қаз  балам, қаз балам

               Қадам бассаң мәз болам,

               Тағы, тағы баса ғой,

               Тақымыңды жаза ғой.

                Қаз баса ғой қарағым,

                Құтты болсын қадамың!

 

 

1-жүргізуші: Баталы құл арымас,

                     Батасыз құл жарымас.

                     Батамен ел көгереді,

                     Жауынмен жер көгереді,-демекші баламызға атамыз батасын берсін.

 

Ән:

2- жүргізуші: Бүгінгі кешіміз қызықты болу үшін келесі танымды ойынға берейік.Мына қоржынға асықтар салынған.Ол асықтар бетіне сан жазылған.Қоржыннан кез-келген асықты аласыңдар.Шыққан сол санға байланысты сұрақ қоямыз ,кім көп жауап береді екен?

 

1-сұрақ.

Он атаны таратып беріңіз.

(әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене,туажат,жегжат,жұрағат,жамағат.

2-сұрақ

Үш мақсатты ата.

Жол мақсаты-жету.

Дау мақсаты – біту.

Сауда мақсаты – ұту.

 

3-сұрақ

Үш арсыз.

Ұйқы арсыз.

Күлкі арсыз

Тамақ арсыз.

 

4-сұрақ

Үш алыс

Кәрі мен жас.

Жақсы мен жаман.

Алыс пен жақын.

 

5-сұрақ

Үш биді атаңыз.

Төле би

Әйтеке би

Қазыбек би.

 

6-сұрақ

Үш жүзді атаңыз

Ұлы жүз,Орта жүз,Кіші жүз.

 

7-сұрақ

Үш даусыз.

Мінез,Кәрілік,Ажал.

 

8-сұрақ

Жігіттің жақын үш жұртын ата.

Ағайын жұрт,

Нағашы жұрт,

Қайын жұрт.

9-сұрақ

Үш арыс

Сәкен Сейфуллин,

Бейімбет Майлин,

Ілияс Жансүгіров.

10- сұрақ

Үш сауап

Шөлге құдық қазған

Жолға ағаш еккен.

Өзенге көпір салған

 

11-сұрақ

Үш байлық

Денсаулық,Ақ жаулық,Он саулық.

 

12-сұрақ

Үш тәтті

Жан тәтті,Мал тәтті,Жар тәтті.

13-сұрақ

Төрт қонақ

Арнайы қонақ,Құдайы қонақ,Қыдырма қонақ,Қылғыма қонақ.

 

14- сұрақ

Төрт түліктің пірін атаңыз.

Түйе пірі- Ойсыл қара,Жылқы пірі- Қамбар ата,Сиыр пірі- Зеңгі баба, Қой пірі- Шопан ата,Ешкі пірі- Сексек ата.

 

15- сұрақ

Төрт қымбат не?

Алтын ұя- Отан қымбат.Құт –берек атаң қымбат,Мейірімді –анаң қымбат,Бәрінен де –ұят пенен ар қымбат.

 

16-сұрақ

Бес дұшпан

Өсек.Өтірік,Мақтаншақ,Еріншек,Бекермал шашпақ.

 

17-сұрақ

Бес асыл

Талап,Еңбек, Терең ой,Қанағат.Рақым.

18-сұрақ

Бес байлық

Әуелі байлық –денсаулық,Екінші байлық- еркіндік,Үшінші байлық – тіл байлық,Төртінші байлық- қайрат-күш,ақ жаулық,Бесінші байлық- балаңыз.

 

19-сұрақ

Бес қаруға нелер жатады?

Мылтық,Садақ,Найза,Қылыш,Айбалта.

20-сұрақ

Бес қатер

От,Жау,Борыш,Ауру,Сөз.

21- сұрақ

Бес жақын кімдер?

Тату болса- ағайын жақын,Ақылшы болса-апайың жақын,Бауырмал болса-інің жақын,Инабатты болса келінің-жақын,Алдыңа тартқан адал асын,Қимас жақын қарындасың.

 

3-жүргізуші:

Ата дәстүр абырой көтергенде,

О,бұл сөздер сүйектен өтер демде!

Тоқталамыз енді біз,ал халайық,

Қанатты сөз,мақал мен мәтелдерге.

 

«Сөздің көркі -мақал» деген ұғым бар.Біздің ойынымыз қыза түскен тәрізді,мақалдап сөйлеу кезегіне де кезек берейік.Қане екі жақтан кім жарысқа шығады?

 

1.-Ассалаумағалейкум,қарсыласым.

 

  «Алыстан алты жасар бала келсе ,алпыстағы шал сәлем береді» деген сәлем беруге келдім.

2.- Амансың ба ,достым? «Қуыс үйден құр шықпа» деген,тізеңді бүгіп дәм ауыз ти.

3.- «Сыйлап берген су,сатып алған балдан артық» дегендей жайғассақ жайғасайық.

4.- «Сыйға сый,сыраға бал» демекші өткенде өздеріңе де риза болып қайттық қой.

5.- «Аз да бітер,көпте бітер,татулыққа жетер» демекші татулық пен ауызбіршілікке не жетсін.

6.- «Төртеу түгел болса алар,алтау ала болса алдырар» деген ғой о не дегеніңіз.

7.-«Бірлік түбі - тірлік» деген ғой бабаларымыз,бірлік болсын.

8.- «Биік төбеге шықсаң,көзің ашылады,жақсымен сөйлессең,көңілің ашылады» дегендей көңіліміз  марқайып қалды ғой.

 

9.- «Әңгіме әңгіме дегізер ,әңгіме бұзау емізер» қой қайтайын мал келетін уақыт болды.

 

10.- «Тау тауға қосылмас,адамға адам қосылар» деген ,әлі кездесерміз,сау бол!

 

2-жүргізуші:Қарап отырсақ қазақтың мақалдап сөйлеген сөзінің өзі бір шырайлы ,тәрбиелі ,мәні зор,астарлы.

 

1-жүргізуші:Құрметті қонақтар сіздерге де көңіл бөлген дұрыс сияқты.Қазақта қонақ кәде деген бар.Мыны үзік-үзік сөздерден мақал құрастыруымыз керек.

 

1.Ұяда... ұшқанда...

    (Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің)

 

2.Ата... бала...

   (Ата -бәйтерек,бала-жапырақ)

 

3.Ер... ез...

  (Ер бір өледі,ез мың өледі)

 

4.Өле... бөле...

(Өле жегенше,бөле же)

 

5.Таяқ...сөз...

   (Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді)

 

6.Мал... жер...

    (Мал баққандікі,жер жыртқандікі)

 

7.Тентек...ақыл...

    (Тентектің ақылы түстен кейін кіреді)

 

8.Сүйіндіреді...күйіндіреді...

   (Жақсы сөз сүйіндіреді,жаман сөз күйіндіреді)

 

9. Мысық... тышқан...

   ( Мысыққа ойын керек,тышқанғаөлім керек)

 

10.Мектеп... білім...

   (Мектеп- кеме, білім-теңіз)

 

2-жүргізуші:Құрметті оқушылар,бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты-заман өзгерсе де ұлттық салт-дәстүріміздің көнермейтіндігін еске  салып,ұлттық мұраны қайта жаңғырту.

 

1-жүргізуші: «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші,салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін,еліне адал қызмет ететін.тілінің,салт-дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін.

 

Еліміздің жарқын болашағы сіздердің қолдарыңызда,құрметті оқушылар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Денсаулық – зор байлық»

 

Мақсаты:1) оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылыңының,өмір сүру үшін қажеттілігін,басты байлық екенін түсіндіру;

 

2)Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту,сөйлеу шеберліктерін жетілдіру;

3)Тазалыққа,спортқа,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі:суреттер,тірек сызба,мақалдар т.б.

 

Кіріспе.

   Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевөзінің халыққа арнаған     «Қазақстан-2030» жолдауында біздің отан игілігі үшін өз денсаулығымызды сақтауға шақырады.Қазақстанда тұратын әрбір азаматтың денсаулығы мықты болу керектігін айтады.2008 жылдың 8- ақпанындағы кезекті жолдауында денсаулық мәселесіне көбірек тоқталып кетті.Ауруды емдеуден гөрі оның алдын алу керектігін айтты.Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы – « Денсаулық- зор байлық»

 

- Балалар, байлық дегеніміз не? Сендер байлықты қалай түсінесіңдер?

- Ең үлкен байлық не екенін түсіну үшін мына көріністі тамашалайық.

 

Көрініс: «Байлық»

 

- Балалар,бұл көріністі ұстаздың шәкірті өз айтқандай кедей ме екен?...

- Оны неге бай деп ойлайсыңдар?

-Сонда ең бірінші байлық не екен?

Бірінші байлық денсаулық екен.

 

Тірек сызбамен жұмыс.

 

 

Денсаулық – адамның ең басты қасиетті де қайталанбас,жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін орны толмас асыл қазынасы.

                   

Денсаулық зор байлық.Денсаулық болса,бәрі де болады.Денсаулықты сақтау үшін тазалық,дене шынықтырудың,дұрыс тамақтанудың маңызы зор.

 

Мына мақалдарды оқиық.

Тазалық-денсаулық кепілі.

Шынықсаң шымыр боласың.

Ас- адамның арқауы.

 

 

1-оқушы:

Таза киім киемін,

Тазалықты сүйемін.

Денем таза болса да,

Түсем жиі моншаға.

 

2-оқушы:

Дос бол сабын ,су мен сен,

Жиі-жиі жуын сен.

Таңертең де,кешке де,

Жуын күндіз, түсте де.

Жуын тамақ алдында.

Жуын ұйықтар кезіңде,

Жуын тұрған мезгілде.

 

Көрініс: «Кірқоймас»

 

Жұмбақты шешу.

 

Дымқылдап күнде сен

Қолыңды үйкесең,

Кетіп кір- ласың

Тап-таза боласың.

Бұл не? (сабын)

 

Тазалық сақтау адам үшін өте маңызды,сондықтан үйде,мектепте,қоғамдық орындарда,далада тазалық сақтауымыз керек.

 

- Жеміс-жидекті жемес бұрын не істеуіміз керек?...

- Тамақтанар алдында не істейміз?...

 

3-оқушы:

Шығу үшін шымыр боп,

Шынығамыз шаршамай.

Бұлшық еттер шымыр боп,

Аламыз сосын тыныс жай.

 

4-оқушы:

 

Жалқаулықты тастаймыз,

Жаттығуды бастаймыз.

Қиынсынып қашпаймыз,

Шынығамыз жастай біз.

 

 

5-оқушы:

Спортпен айналыс

Сұлулық сыйлаған.

Сол саған пайдалы іс

Сауық пен кинодан.

 

6- оқушы:

Жазда ықпай ыстықтан,

Қыста бұқпай суықтан.

Айналысып спортпен

Біз боламыз шыныққан,

Денсаулығы мықты жан.

 

- Қандай спорт түрлерін білесіңдер?...

- Ал өздерің қандай спорт түрлерімен айналысасыңдар?...

- Ендеше қазір бір спорттық ойын көрсетейік.

 

Ойын: «Білек күрес»

 

-Енді мына суретке назар аударайық.(Суретте спорт заттары,олардың арасында темекі бар.)

-Қай зат артық?

- Темекіні неге артық зат деп ойлайсыңдар?...

 

7-оқушы:Темекі денсаулыққа зиян.Темекінің түтіні – улы зат.

 

8-оқушы: Темекіден жүрек,өкпе,тамақ аурулары пайда болады.Темекі шегу адам өмірін 8-10 жылға,бір талының өзі 6-7 минутқа қысқартады.Сондықтан мұндай зиянды заттардан аулақ болыңдар.

 

       Тиімді тамақтанудың денсаулық үшін маңызы зор.Ет,балық,ұн,сүт тағамдарының әрқайсының орны бөлек.Бұл тағамдармен қатар жеміс- жидектерді көбірек жеген жөн.Олардың құрамында адам денсаулығына қажетті дәрумендер өте көп.Сонымен бірге шамадан тыс көп тамақтану да зиян.

 

 

 9- оқушы:

Тойып ішсең қаншама,

Ауырасың соншама.

Асқазанды бүлдіресің,

Жазылмас қанша күн жүресің.

 

 

 

 10- оқушы:

«Ас- адамның арқауы»

Деген сөз бар ежелден.

Бойға сіңіп тарқауы

Үшін керек ережең.

 

 

Көрініс: «Тәттіні көп жеген бала»

 

11-оқушы:

Бірдей емес жұрт барлық:

Бірі толық, бірі арық.

Байланысты талғамға,

Қоректенер тағамға.

 

12-оқушы:

Алуан түрлі азық бар:

Ет,май,сүт, балықтар,

Көкөністер, жемістер.

 

13-оқушы:

Денсаулық дауасы-

Даланың ауасы,

Көк өзен ,күмбез тау,

Ну орман, ағашы.

 

14-оқушы:

Құт болып даланың

Жауады жаңбыры.

Табиғат- анамыз,

Баласы- барлығы.

 

Ойын: «Кім көп біледі?»

 

          Ой қалдырған ,сөз қалдырған еселі.

«Кім көп біледі?» сайысына қатысып,

Жалғасы мен жауабын кім шешеді.

 

      1.Дана көптен шығады ...............

         (Дәрі шөптен шығады.)

 

      2.Бірінші байлық- ................(денсаулық)

 

       3.Арақ ішіп ............ шеккен (темекі)

          Денсаулық түбіне жеткен.

        4. Ауырып ем іздегенше ............

        ( Ауырмаудың жолын ізде.)

 

 

          5..........қара шашыңды тара.(Айнаға)

          6.Дені саудың ..........(жаны сау)

7.............денсаулық кепілі.(Тазалық)

8.Ішің ауырса аузыңды тый.

   Көзің ауырса...........( қолыңды тый.)

9.Шынықсаң ..........(шымыр боларсың)

10.Денсаулық.........(зор байлық)

11...........адамның арқауы.(Ас)

 12. Ауру батпандап кіреді...........(мысқылдап шығады)

 

 

 

15- оқушы:

 

Денсаулыққа жағымды

Көңілді шақ, қуаныш,

Сенім,рахат,жұбаныш.

Денсаулыққа зиянды

Ашу,қиял,реніш,

Көңілсіздік,қорқыныш.

 

Мақал- мәтелдер.

(Денсаулыққа байланысты өздері білетін мақал-мәтелдерін айтады)

Қорытынды.

 

- Сонымен ,балалар,басты байлық не екен?..

 

- Денсаулығымыз мықты болу үшін не істеу керек?

 

 

16-оқушы:

Денсаулық -ол шыныққан

Дарлық денең мүшесі.

Денсаулық-ол тыныққан,

Жүйке тамыр жүйесі.

 

 

17- оқушы:

Денсаулық – ол күлудің

Көңіл-күйі жадырай.

Денсаулық –ол жүрудің

Ешбір жерің ауырмай.

Егер деніміз сау болсын десеңдер ,міне жоғарыда айтылғанның бәрі денсаулық үшін істелетін жұмыстар екен.Таза ауада демалу,спортпен шұғылдану,тазалықты сақтау,денені күтіп ұстау,еңбек ету,дұрыс тамақтану- барлығы салауатты өмір салтына жатады.Осы айтылғандарды күнделікті тұрмыста пайдаланумыз қажет.

 

Сабақтың соңында белсенді қатысқан оқушылар марапатталып, қонақтарға сөз баріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық тәрбие сағаты: Салт- дәстүр – асыл қазына"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Электронный архивариус

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 276 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.02.2016 19766
    • DOCX 105.5 кбайт
    • 216 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мелдеханова Жанылай Дуйсехановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 28521
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Ресурсы библиотерапии в работе с детьми дошкольного и младшего школьного возраста

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Курс повышения квалификации

Использование элементов театрализации на уроках литературного чтения в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 492 человека

Курс повышения квалификации

Одаренные дети. Особенности развития и система сопровождения в системе школьного образования в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 531 человек

Мини-курс

Волонтерство: история, типы и роль в образовании

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Привязанность и воспитание

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 75 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с подростками

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек