Инфоурок / Другое / Рабочие программы / Ашық тәрбие сағаты:" Сандар сөйлейді"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Ашық тәрбие сағаты:" Сандар сөйлейді"

библиотека
материалов

C:\Users\MaDi\Pictures\Cw1MbRTKmdY.jpg

Алматы облысы, Райымбек ауданы

Ақсай орта мектебінің мұғалімі

Сейфолдаева Бибігүл Бөшенқызы

Тәрбие сағатының тақырыбы:

«Сандар сөйлейді» телебағдарламалық қойылым.
Мақсаты: Оқушылардың сандар сырын аша отырып,танымдық ой-өрісін кеңейту,салт-дәстүрлік ғибраттар сырына қанықтыру,халқымызда қалыптасқан қасиетті ұғымдардың тәрбиелік мәніне көз жеткізу, тәуелсіздік шежіресіне ой жүгірту,тапқырлыққа,ұтымды жауап айтуға,адамгершілікке ,ұлттық-патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Әдісі :теле бағдарламалы қойылым,рөльдік ойындар.
Көрнекілігі,қажетті жабдықтар: интерактивті тақта,слайдтар «Сандар сыры», «Қазақ халқының өлщемдері», нақыл сөздер «Мал - бір жұттық, батыр - бір оқтық, жер мәңгілік.» «Елуінде – ер дана,Елуінде – ел жаңа.»безендіруі: шарлар
Жүргізілу барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі.: « Таңшолпан»бағдарламасынан үзінді.\бейнеролик\Сандар құпиясы»

Құрметті ұстаздар мен ата-аналар! Халқымызда қалыптасқан қасиетті ұғымдар көп. Оның әрқайсысын зерделеу, тереңіне үңілу,құпиясына қанығу – біздің міндетіміз. Солардың бірі – киелі сандар әлемі. Сандар арқылы халқымыз ой-өрісті кеңейтіп, есептеу,ырымдау т.б. қасиеттерді меңгерген. Тіпті Тәуелсіз Қазақстанныңда тарихын сандармен байланыстыру- ға болады.Салт-дәстүрлік ғибраттардың сырына қанықтыру ,ел тәуелсіздігіне бір сәт ой жүгірту мақсатында теле бағдарламалық қойылымды тамашалаңыздар.

1 жүргізуші: Армысыздар құрметті көрермен қауым! Бүгінгі біздің арнамызда көретін басты жаңалықтарыңыз.

1. Қазақ халқының киелі сандары туралы не білеміз?

2.Қазақстан Тәуелсіздігі шежірелі жылдарын сандар арқылы сөйлетейік. Арнамыздан алыстамаңыздар!

2-жүргізуші: Ыстық қайрат- ол басты,
Сенімің мен жігерің,
Нұрлы ақылды жолбасшы,
Жылы жүрек – мейірің,-дегендей, Абай атамыз айтқан үш қасиет бойымызда дарысын десек, сөздер сырын, сандар сырын білуге асығайық. Қазақтың құндылықтары мен өнегелі,тәлімі мол ақпараттармен таныстыру үшін арнамыздың тілшісі Жеңіс Мадинаға сөз берейік .

Жеңіс Мадина
Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Слайд «Сандар сөйлейді»

1 жүргізуші :Расында қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік кие болатынын, мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген.

2 жүргізуші: Олай болса келесі келесі бағдарламада «Мүшел жастың сыры неде деген сұраққа жауап іздеген тілшілеріміз ауылымыздағы көне көз қарияларымызбен тілдесіп қайтқан еді.\ортаға тілші, оператор мен 2-3 ауыл қариясы рөлінде оқушылар шығады\

Тілші . Ассалаумағалейум ,қазыналы, шежірелі көне көз қарияларым! «Ата баба дәстүрі-ұрпаққа аманат» деге бағдарламадан келген тілшілер едік.Ата баба дәстүрін тереңірек зерттеу үшін өздеріңізге қоятын сауалдарымыз бар еді

Қариялар: Қойыңдар .балаларым!

Тілші : Сұрақ: Ата!Қазақтың жыл санау үрдісіндегі мүшел жастың сыры неде?

Қариялар:Бұл бізде ғана емес, түркі тектес халықтар мен Орта Азия халықтарының көпшілігінде кездеседі. Мүшел жасты былай жіктеуге болады:

13 жас-ер жете бастау;

25 жас-жігіттік шақтың нақ өзі;

37 жас-ақырын басып,анық жүріп,ақыл тоқтататын кезең;

49 жас-орта жас;

61 жас-өз балаңнан тәтті болатын немере сүю;

73 жас-қарттықтың басы болар;

85 жас-кәріліктің келгені;

97 жас-қалжырап,ештеңеге жараусыз қалғаның;

109 жас-шөпшек сүю;

121 жасқа жетсең, онда неменең де қасында дей бер.

Қария :Астрономия ғылымының есебі бойынша, әрбір он екі жылда Юпитер өзінің орбитасын бір рет айналып шығады екен . Сонда адамның мүшел жасы да әрбір он екі жыл сайын кіріп отырады.Мұнда да бір байланыстың бары анық. Бір жылда он екі ай бар. Бұрындары осы мүшелден аман шыққандар той жасап жататын. Ырым ретінде мүшелден мүшелден шыққан соң өзінің ең ұнамды дейтін киімін жоқ-жітікке, я болмаса ағайын-туыстың біріне сыйға береді.

Тілші :Әйтсе де қай мүшел қауіптірек?

Қария: Е-Е ,қарағым. Әркім өзінің пешенесіне жазғанын көреді. Бірақ, халық даналығында отыз жеті ең қауіпті мүшел жас болып саналады. Бұл кезеңде адам баласы есейіп, отбасын ғана емес, бүкіл бір елді басқара алатындай шамада болған соң, оған келер қауіп те көбейсе керек.

Тілші: Біз қазақтың ғұрпына байланысты қасиетті сандар туралы айттық. Осы сандардың ішінде қырық саны ерекше айтылады. Ол неге 10,20,30 емес, 40 саны?

- Қария: Мұның әлі де жұмбағы көп. Қырық деген санды ғалымдар түрлі-түрлі айтып түсіндіріп жүр. Ол тек біздің халықта ғана емес, әлем халықтарының көпшілігінде кездесетін көрінеді. Қазақта киелі сандар:3,7,9,40,70. Бұл сандар әлі күнге дейін жете зерттеле қойған жоқ. Біз осы сандарға тәмсіл сөздерімізді, оған қатысты жасалатын ырым-тыйымдарымызды білесіз. Кейбірін атқарып та жүрміз.

Тілші :Басқа да сандардың киесі туралы айта отырсақ...

Сандарда халықтың ой байламы жатыр. Бір - даралық, үш - өмір жарасымы, төрт - тірек, бес- батырлық, алты - алшақтық, жеті - табиғат пен тіршілік арасындағы байланыс, тоғыз- тоқтылық, т.б. болып кете береді.

Тілші: Ата бүгінгі сұхбатыңызға рахмет


1 жүргізуші : Қазақ халқының сандарға қатысты өзіндік жөн-жоралғы, наным-сенімі бар. Халқымыздың өмірінде түрлі мәнді ерекше сипат бере отырып жиі қолданылатын сандар тізбегі көп. Олар: үш, жеті, тоғыз, қырық сияқты сандарды өзіміздің салт-дәстүрімізден, ырым – тыйымдарымыздан, нақыл сөздерімізден, мақал-мәтелдерімізден анық көруге болады. Аталған сандар ежелгі ұғым-түсініктермен, салт-дәстүрмен ұштасып жатыр.Келесі көріністе ауылдың тыныс –тіршілігінен үзінді тамашалайық.

Көрініс Аулада Қожаның апасы бұрқылдап сөйлеп жүр:

«Әлгі қожа сүт пісірім уақытта тез келем деп кетіп еді. Әлі жоқ. Осы баланың жолының ұзақтығы ай .Сүт пісірім емес,бие сауым ,тіпті ет пісірім уақыт өтті.Таяқ тастам жерге кетіп ,атшаптырым жерге кеткендей жүргені несі ей. Бір қадақ тұз әкел деп едім, бір мысқалда жоқ»

Баласы . Ой апа қай тілде сөйлеп кеттіңіз. Түсінбей қалдым ғой

Апа :Ой балам . Халқымыз уақыт өлшеміне келгенде өте бай ғой. Ертеде ата- бабаларымыз уақыт өлшеміне келгенде бай тәжірибе жинақтаған.Халық өлшемдерінің қазіргі қолданыстағы стандартты өлшемдермен салыстырып айтуға болады.

Сен оданша мынаны тыңда :\қалтасынан ұялы телефонын алып көрсете бастайды

\слайд\

1 оқушы :Салмақ өлшемдері:1 мысқал – 0,4 гр; 1 қадақ – 750 гр; 1 келі – 1 кг; 1 пұт – 16кг; 1 батпан – 100 кг; 1 торсық – 6-7 литр; Бір саба – 10-15 литр.Бұл өл-шемдерден басқа қазақ халқы бейнелеу, теңеу сияқты айшықты сөз-дермен де беріп отырған. Олардың көбін қазір өзіміз де қолданып, айтып жүрміз. Мысалы,түйеге жүк болғандай, жұдырықтай, шына-шақтай, бармақтай, алақандай, бір арқа, бір құшақ. Малға қатысты өте көп. Бір отар, бір қора, бір табын, бір үйір, он шақты, жиырма шақты деп кете береді. Ал қалындықты көбіне саусақ қыры – елімен өлшеген.

2 оқушы :Ұзындық пен қашықтық өлшемдері: Бір елі – 1-1,5 см, Сынық сүйем – бас бармақ пен сұқ саусақтың екі буыны бүгілгендегі аралық, бір сүйемнің төрттен үш бөлігі 14-15 см; Сүйем – бас бармақ пен сұқ саусақты жазғандағы аралық, яки 17-18 см; Қарым – бас бармақ пен ортан саусақтыкергендегі аралық, яки 20-22 см; Кез – 50 см; Аршын – шынтақтан саусақ ұшына дейінгі ұзындық немесе 75 см; Құлаш – иық деңгейіндегі кере созылған екі қол ұшының аралығы немесе 1,80- 2м.


3 оқушы:Одан үлкен өлшемдер: Адым – жай жүргендегі екі аяқ арасының алшақ-тығы 1 м;Таяқ тастым жер – тым жақын жер, яғни 10-15 м ; «Әй» дейтін жер – таяу жер, яғни 100 м; Дауыс жететін жер – 250-300 м; Шақырым – 1 шақырым; Иек астында – 4-5 шақырым; Қозыкөш жер – 5-6 шақырым; Көз ұшында – 6-7 шақырым; Тайшаптырым – 4-5 шақырым; Құнан шаптырым – 8-10 шақырым; бір көш жер – 10-15 шақырым; Атшаптырым – 25-30 шақырым; Өте алыс жерлер – жер аяғы қиянда, жер түбі, жер мойны қашық, түйенің табаны түсер жер, қиыр, ит өлген жер, ит арқасы қиянда.

4 оқушы :Уақыт өлшемдері: . Мы-салы, қонаққа келе жатса « пәленше, мен етпісірім уақытта келемін немесе бие сауымда келемін » дей салады. Бұл үлкен жауапкершілікті білдіріп тұр. Бұл жердегі етпісірім – 2-3 сағат, ал бие сауым – 1,5 сағат. Қас-қағым сәт – 1 секунд. Сүтнісірім – 5-10 минут. Бір күн, бір түн – орта есеппен 12 сағат. Бір тәулік – 24 сағат. Бір апта – 7 тәулік. Ай – 30 тәулік. Тоқсан – үш ай. Жыл – 12 ай. Ғасыр – 100 жыл.Уақытты мезгілге қатысты да айтамыз. Елең-алаң, түс, кеш, түн ортасы дегендер сол мезгілдегі бір сәтті ғана айқындайды

Олай болса құрметті көрермендер апаның сөзін аудармасын кім жасап береді?

1 жүргізуші : «Ән көңілдің ажары» дейді. Кезекті әнге берейік. Жеңіс Мадинаның орындауында «Қазақ елі»

1жүргізуші : .Міне, сан ғасырлар тарихы бар қазақ халқы қанша зобалаң тарихтың ақтаңдақ қиындықтарынан өтседе. өз тілін, дінін ,салт-дәстүр ,әдет ғұрпын ұрпаққа аманат етіп келеді.2-2,5 ғасыр бодандық бұғауынан босай алмаған қазақ халқы осы күнге жету үшін қанын төкті, жанын берді. : Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды.Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. Себебі Желтоқсан батырлары халқымыздың ұмыт болып бара жатқан тілін, дінін, салт дәстүрін, ұлттық құндылықтарын қайтарды, сақтап қалды .Сондықтан құрметті көрермен, желтоқсан құрбандарын 1 мин еске алайық.\1 мин үнсіздік\



2 жүргізуші: Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О,Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!

Бүгін, міне ,Тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың жүрегі болып соғып тұр!

1 жүргізуші . Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, саналы орны болған.Олай болса, сандар арқылы Қазақстанның Тәуелсіздігін жырлайық, жылдарды сөйлетейік.

2 жүргізуші «Танымдық ойындар» айдарына кезек береміз.

«Кім тапқыр ?» ойынының шартымен таныстырайын.

Ортаға ата –аналар , оқушылар, ұстаздардан 3 топқа бөлінеміз. Ұяшықтардың астында Тәуелсіз Қазақстанда жеткен жетістігіміз бен айтулы оқиғаларға байланысты жасырылған сандар бар. Толық, дәлелді жауап берген қатысушыға сыйлығымыз бар. \24,20,7,550,80,1991,17,2015\30,1993\15,1995,1992\4 маусым,2006 жыл

Би «Қазақ биі»

1 жүргізуші . Мен бүгін Отаныммен мақтанамын

Күлкі ойнап езуімде шаттанамын.

«Қазақ елі» «Тәуелсіздік»деген сөзді,

Қысылмастан мен анық айта аламын.

Мұғалім : Балалар! Тәуелсіз мемлекет болған жылдар ішінде біз қандай жетістіктерімізді мақтана айта аламыз?

1 оқушы .1991 жылы 16 желтоқсан Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Осы жылы тамызда Ядролық полигонның ресми жабылуы болды. 
-2 оқушы.1992 жылы наурыз. Қазақстан БҰҰ-ның (Біріккен Ұлттар Ұйымы) мүшелігіне қабылданды. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты. 
3 оқушы . 1993 жылы қаңтарда Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы қабылданды. 15 қараша -Ұлттық валютамыз теңгеге көшу жылы. 
4 оқушы. 1994 жылғы ақпан. Еуразия одағын құру туралы конференция болды. 
5 оқушы. 1995 жылғы наурыз. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. 30 тамыз ҚР – ның қазіргі Конституциясы қабылданды. 

6 оқушы.1996 жыл. Мемлекеттің жаңа әнұраны,елтаңбасы,туы қабылданды. Алматы қаласында Тәуелсіздік монументі ашылды. 
7 оқушы. 1997 жыл-жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы. «Тіл туралы» заң қабылданды.
8 оқушы- 1998 жыл-халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы. 
9 оқушы.1999 жыл-ұрпақтар бірлігі мен сабақтастық жылы. Астана қаласы ЮНЕСКО –ның «Әлем қаласы» сыйлығымен марапатталды. 
10 оқушы.2000 жыл.мәдениетті қолдау жылы 
11 оқушы.2001 жыл.Тәуелсіздіктің 10 жылдығы. 
12 оқушы.2002 жыл. Денсаулық жылы. Елорданың символына айналған «Астана-Бәйтерек» монументі салынды. Оның биіктігі 97 метр. 
13 оқушы. 2003 – 2005 жылдар. Ауылды көтеру жылы. 2003 жыл-Н.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасы жарияланды. 
14 оқушы.2005 жыл 4 желтоқсан.ҚР Президентінің сайлауы болды. 
15 оқушы. 2006 жыл. Ресейдегі «Абай жылы» және Қазақстандағы «Пушкин жылы». Тәуелсіздіктің 15 жылдығы, «Желтоқсан оқиғасының » 20 жылдығы. 
16 оқушы. 2007 – 2009 жылдар. «Мәдени мұра» бағдарламасының екі жылдық жоспары қабылданды. 
17 оқушы.2008 жыл Астана қаласында «Қазақ елі» монументі ашылды. 
2009 жыл ҚР Ұлттық санағы өткізілді. 
18оқушы.2010 жыл. ҚР Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастығы ұйымына төрағалық етті. 
2011 жыл. Ислам Конференциясына Төрағалық етті. Осы жылы Астана мен Алматыда 7-қысқы Азия ойындары өтті ф

\Тақтада түрлі –түсті қағаздан күн бейнесі жасалынады.\

хормен«Бірлігі мен тірлігі жарасқан, Ынтымақты ел озар»

1 жүргізуші.Қане, мына бір тал шыбықты сындырып көрші \сындырады\

Енді 3-4 шыбықты сындыршы.\сындырды\ Енді мына көп шыбықты бірден сындыршы

Нені ұқтың?

2 жүргізуші.Бұл талай қилы кезеңдерді бастан өткеріп,осындай жарқын өмірге жеткеніміз бірліктің күші деген ойды білдіреді.

Қазақ даналығында : «Алтау ала болса ,ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді»деген екен.

Келесі кезекте 5 сынып оқушыларының орындауында хор «Менің елім»

1 жүргізуші :Отанды сүю — әрбір ет — жүрегі, қан — тамыры қазақ деп соғатын қазақжанды, елжанды, ұлтжанды ұландардың баға жетпес борышы. Сондықтан, парыздарымызды асқақ абыроймен, аса адал орындау арқылы ұлтымыздың іргетасын бірге нық тұрғызайық.

2 жүргізуші Ал құрметті көрермендер бүгінгі хабарымызды аяқтай отырып , өздеріңізге сөз кезегін береміз.






Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-496554

Похожие материалы