Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Ашық тәрбие сағаты: «Шуағын төккен 4 жыл»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Ашық тәрбие сағаты: «Шуағын төккен 4 жыл»

библиотека
материалов

Алматы облысы Жамбыл ауданы «Шолаққарғалы ауылындағы негізгі орта мектеп» КММ Суйенбайқызы Гүлнұр бастауыш сынып мұғалімі

Телефон: 87076320293

Электронды почта: gulka_pupssyk@mail.ru

Тақырыбы:«Шуағын төккен 4 жыл»
Тәрбие сағатының мақсаты: Білім негізі бастауыштан қаланатын оқушылық өмірдің бастапқы баспалдағын аяқтаған бүлдіршіндердің аяулы ұстазымен қоштасу рәсімін жасау. Бастауыш мектептен алған білімдерін, өнерлерін байқату, ортаға салу. Ұстаз еңбегін бағалай білуге, жан - жақты білім алуға, саналы азамат болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ұстаз, мектеп, Отан туралы даналық сөздер жазылған плакаттар;
Балалар қолөнерлерінің көрмесі, қабырға газеті, буклеттер, шарлар, гүлдер.
Тәрбиелеу сағатының барысы:
Көңілді әуен ойналып тұрады.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Кеше ғана білім ордасына тарыдай болып еніп, жан - жақтарына таңырқай қарап, жүрексіне табалдырық аттаған кішкентай бүлдіршіндеріміз бүгін, міне бой түзеп, ойларына сана қосып, еліміздің саналы бір азаматтары болғалы отыр.
Бүгінгі «
Шуағын төккен 4 жыл » атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер! Әр жанұяға береке, бірлік, табыс тілей отырып, тойымызды бастауға рұқсат етіңіздер!


Білім іздеп инемен құдық қазғандар,
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,
Өмір деген үлкен жолда тарландар,
Бүгін міне қоштасады бастауышпен балбұлақ,
Әніменен жырына, тарландарым сал құлақ,
Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан.
Лаулап жансын болашағың шамшырақ.
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңызда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Қош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай болашағын мәпелер.
Бүгін, міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп, кешегі сәби - еркелер.
Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар!

Жүргізуші: Енді бастауыш сынып бітіруші түлектерді ортаға шақырайық. (музыка әуенімен оқушылар қолдарын бұлғап ортаға жығады)
4 - сынып оқушылары бәрі қосылып бірге:
Мектеп - кеме, білім - теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда,
Ұстаз берген білім қолда.

1. Біліміменен үлгі болған сыныпқа,
Отырмайды ойланбастан сынып та.
Ахмарал біздің өнегелі, өнерлі,
Арасында достарының беделді.


2. Би билейді талмайды,
Әсем әнін арнайды.
Біздің нәзік
Кумисгүлдің ,
Барлық бала тыңдайды.

3. Үндемей бәрін тындырған
Сыныптың салмақты қызысың
Жымиып күлген күлкісі
Анеляның тұйық мінезі - ай

4. Ертеңгі күнін ойлайтын,
Бес алам деп қалмайтын.
Аршыл біздің
Ақжол
Жалқаулыққа бармайтын.


5. Барлық істе алда жүретін
Ән, айтып, биде билейтін
Сыныптың белсенді аруы
Лиза өнерлі қызымыз

6. Іс келгенде алдына
Жан салмайтын қызымыз
Ер мінезді, көрікті
Серікгүл біздің ержүрек.


7. Бойында алаулаған жалын,
Жақсылық толғандырып жанын.
Оразбай біздің қайтпай үйге
Ойлаумен жүреді сыныптың қамын.

8. Күні бойы тынбаған,
Үлкендерді сыйлаған.
Сабырлы біздің
Даниял,
Ұқыптылыққа бойлаған.

9. Өнер қуған жасынан,
Сөз асырмас басынан.
Намысқой біздің А
йдын
Табылар дос қасынан.

10.Сыйлап сәлем береді,
Үлкендерді көргенде.
Бексултан сыныпта,
Ізетті деп біледі.

11.Маншүк деген қызымыз
Қатысқан талай сайысқа
Тамылжытып би билеп
Жеткен талай табысқа.

1 - жүргізуші:

Осыдан 4 жыл бұрын, бүгінгі кейіпкерлеріміз, біреуі анасымен, біреуі әкесімен, енді біреуі ата - әжесімен қол ұстасып мектеп табалдырығын аттап еді.Олар алғашқы күннен бастап ұстаздарымен танысты, партаға қалай отыру керектігін, басқа да мектеп ережелерін үйренді.
Қолдарына қалам ұстап, А әрпінен бастап, 42 әріпті танып, 1 - ден 100 - ге дейінгі, 1000 - ға дейінгі сандарды санай алатын дәрежеге жетті.
Содан бергі 4 - жыл ішінде талай бойымызға сіңіріп үйрендік. Бүгін міне, соның айғағы ретінде, бастауыш мектеппен және бізді білім нәрімен сусындатқан аяулы

ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан ,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.

 Ақжол : Бала шаққа болашақты  жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!

 

Серікгүл : Армысыздар әжелер мен аналар

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар

 

Анеля: Армысыздар өр тұлғалы әкелер!

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне бастауышпен қоштасады,

Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!

 

Лиза:Армысың сен , алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр- алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын ,

Мектебіме арналады бұл әнім!

Жүргізуші : Иә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше оқушыларымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық

Оразбай : Мен бүгін бұрынғыдан саналымын,
Қоңырау боп күмбірлейді жаңа күнім.
Дәптердің жазылмаған ақ парағы -
Ақ көйлек жеті жасар балалығым.


Күмісгүл: Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұндай күй болмақ сіздің баршаңызда.
Бастауышпен қоштаспақ түлектерің,
Гүл жайнап тұрған жоқ па ортамызда.

Ахмарал : Қоштасады алтын ұя мектебің,
Маңдайыңнан сипап өтер көктемің.
Демалысын шәкірттердің жаздағы
Тілейікші қызықты боп өткенін.

Даниял: Жастың өсті санасы,
Елжірейді жүрегі.
Бастауышқа бар бала,
Алғыс айтып жүреді.


Маншук : Көлге айналған бұлақтың,
Том - том болған кітаптың.
Басы болған Бастауыш!

Өзгеріп жатыр бүгін қала, қырым,
Құп алып бара жатыр болашаққа,
Аяулы жеті жасар балалығым.


Серікгүл : Өзгеріп жатыр бүгін қала, қырым,
Құп алып бара жатыр болашаққа,
Аяулы жеті жасар балалығым.

Өмірімнің көктемін,
Сенде өткізем деп келдім.
Алтын - ұя мектебім!

 Жүргізуші : Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші.Сендердің ата әжелерінде , әке аналарыңда да , енді сендерде мектептен тәлім алудасыңдар

  Олай болса   алтын ұя мектебімізге арнап

Ән: «Алтын ұя мектебім» әні. Орындайтвн Өсерханұлы Айдын

Жүргізуші:
Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән - мағына, құдіретті күш, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ.
«Мұғалім – мектеп жүрегі» - деген Ыбырай Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Өмірдегі қоғам қайраткерлері, небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі - бәрі бір адамға қарыздар. Ол – Ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш. Сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.
Барлығы бірге:
Алғыстарым көп менің.
Ұстаз – анам, мектебім!

Ақжол:Бізді үйреткен білімге жалықпастан,
Рақмет ұстазыма көзімді ашқан.
Біз - шәкірт, біз - Отанның болашағы,
Білімнің басқышына қадам басқан.


Ахмарал : Сен менің әкемдейсің, анамдайсың,
Мен үшін армандайсың, алаңдайсың,
Ұстазым, сенен артық ақылшым жоқ,
Адалдық мен парасаттан жаралғансың.

Бексултан Көңілін бар шәкірттің таба алатын,
Кеуделерге намыс отын жаға алатын.
Өзіңдей болса, шіркін, барлық ұстаз,
Жез таңдай, күміс көмей, сөзі алтын.

Кумисгул
Білім алған өзіңнен,
Дәрігер, ұшқыш, не ғалым,
Саған ыстық сезіммен
Қарайды жұрт мұғалім.
Мен де өзіңді әрдайым,
Қамқорым деп ұғамын.
Күліп атқан таңдайын,

Оразбай :
Ұстаздардың бар айтқан,
Ұлағатын ұғыңдар.
Сөйтіп әрбір сабақтан,
Сәл есейіп шығыңдар.

Серікгүл: Мектепті ойлап өткен - келер, жыл - күнің
Бар жағдайын ойлаған оқушының
Денемізді шынықтырып ойнатқан,
Тәртіп бұзсақ арамызда біріміз,
Шын ашумен бәрімізді ойлатқан
Компьютердің де сырын бізге бойлатқан
Көп шәкірттің досындай,

Дәулет ағай
осындай

Маншук : Өз есімі жүректерде жатталған.
РЫСГУЛ апай талай жерде мақталған.
Ою ойып, жарыстарға апарған
Үйірмені талмай - тынбай басқарған.
Келеді жетектеп 5 - ші сыныпты,
Мінезбен байсалды, байыпты.

Анеля : Баулыған әрбір өнерді,
КАЗИМА апай өнерлі.
Қиялдың шебері,
Қызықтырып әлемге
Бізді үйретіп келеді.

Ахмарал:






Ән: Ұстазым менің

Би: Қазақ биі

Жүргізуші: осыдан 4 жыл бұрын ,сендер 6 жастағы сәби -балалар сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік. Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз. Міне сағымдай өте шыққан 4жыл ішінде сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат болып шықтындар. Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа !

Даниял: Бастауышым- бал бұлағым ,

Алдым сеннен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып

Рахметімді жаудырамын.

Лиза: Бастауышым- балбұлағым

Лаулап жанған шам шырағым.

Өзің берген біліміңмен,

Самғап ұшар тау қыраның.

Айдын:

Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым- бал бұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.

Оразбай: Анашымдай сыр шерткен,

Ақыл- білім үйреткен.

Ана тілін оқыдық

Ерекше зор құрметпен.

Ана тілін сүйеміз,

Құрметпен бас иеміз.

Ана тілмен қоштасамыз,

Әдебиетпен достасамыз

Кумисгул: :Біздер бастауыш сыныпта жоғары сыныптарда өтілетін Әдебиет, тарих, биология, алгебра , физика, химия т б пәндерге негіз болатын ана тілі, математика,дүниетану, орыс тілі,пәндерін зер салып оқып үйрендік.

Серікгүл: Ойланып есеп шығартып,

Төрт таңбаны білдірген.

Ғылымдардың патшасы,

Математика данасы

Маншук: Қазақ тілі пәнінен,

Білім алды балалар.

Сөйлемді, сөз таптарын,

Етістіктің шақтарын,

Жалғаулар мен жұрнақтар.

Ережесін жаттадым.

5-шіге барған соң,

Анар апай бағалар.

Ахмарал : Ой жіберсең бәріне ,

Дүниетану пәніне.

Өмір сырын үйретер,

Пәннің жақсы бірі де.

Жер байлығы көп екен,

Игеруді қалайды.

Осының бәрін білдірген , Дүниетану сабағы.

Ақжол: Үйренеміз жалықпай,

Ағылшын тілін шарықтай.

Тіл сындырып,ән айтып,

Шаттанамыз қалықтай,

Мұрат ағай тәлімі Сәулелісін шашқан жарықтай.

Жүргізуші: Бүгінгі біздің тойымызға оқушылар келген екен ендеше қонақтарға сөз берелік. Ду қол шапалақтап қарсы алайық.

1 сынып оқушыларының 4 сынып оқушыларына арнау.

Слайд: шуағын төккен 4 жыл

Көрніс: Кітаптар мұңы

Жүргізуші: Ана жанын ана болсаң ұғарсың,
Алдыңдағы ол бір биік құз бен шың,
Балаң үшін кеуде керіп қуанып,
Балаң үшін биіктен де құларсың

Лиза : Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.

Айдын: Ыстық- ау кім- кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай, мәпелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген- дегендей әкенің орны бөлек ау.

Даниял: Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,

Аумайсың жарығы мол ашық күннен.

Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.

Ақылды балаларың оны білген.

Оразбай :Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген .Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!

Лиза : Иә, дұрыс айтасың . Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе?

Айдын :Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!

Ән : « Ана» ұлдар

Би: Оранжевое солнце

Ата – аналар балалары жайлы жазу:

« Менің күнім»

Ата – аналарды марапаттау

Би: Мектеп вальсі

Басқарып бүгін келесіз

Ата – ана ұстаз балаға

Ақ жарқын сәлем етесіз

Шақырып едік келдіңіз

Сөз кезегін береміз

Мектеп директоры Медеуова Айтгүл Джумагалиевнаға

Оқушыларды марапаттау.

5 сыныпқа көшіру салтанаты. Ата - аналар шашу шашады:
Шашу, шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық,
Бұл мереке бұл тойдың,
Бастаңғысын жасайық.

Жүргізуші:Міне, алғашқы басқыш бастауыш мектепті тәмәмдап, ортаңғы буынға көшкелі отырсыңдар. Қаумалаған көпшілік, ата - аналар, ұстаздар қауымы - сендер не білді, нені үйренді, білім мен тәрбиені қалай меңгерді деп сынай қарап отыр. Міне балалар сендер осы сыннан сүрінбей өттіңдер.

Ана жанын ана болсаң ұғарсың,
Алдыңдағы ол бір биік құз бен шың,
Балаң үшін кеуде керіп қуанып,
Балаң үшін биіктен де құларсың
Сөз кезегін ата - аналарға береміз.


Ұстаз тілегі: - Бүгінгі күн мен үшін де, сүйікті шәкірттерім үшін де ерекше күн. Оның ерекшелігі сол 4 жыл бойы оқып қанатын қатайтқан балалар бастауыш сыныппен қош айтысқалы отыр. Осы қуанышты да қимас сәттеріміз құтты болсын шәкірттерім.
Осы жолда менің алдыма қойған міндетім еліміздің келешек тізгінін ұстайтын ыстыққа күймейтін, суыққа тоңбайтын, итерсең құламайтын, құласа жыламайтын, тепсе темір үзетін, қуса жеткізбейтін, әділ сөйлейтін, жақсылыққа да, жамандыққа да жақсылықпен жауап беретін азаматтар тәрбиелеу. Ал шәкірттерім қадамдарыңа гүл бітсін. Ал ата - аналарға айтарым: қырандарыңыздың білім қанаттары талмасын. Тек биікке самғасын дегім келеді.

Өздеріңмен адымдап аспандаймын,
Сендер барда ешкіммен жасқанбаймын.
Бастауышты бітірген мына сендер
Ал мен тағы бір белестен асқандаймын.
Мен үшін бірдейсіңдер қарақтарым,
Орындалсын арман тілек талаптарың.
Бәрін де қарлығаштар секілдісің,
Алтын ұя мектебінен ұшып тұрсың.
Самғаңдар биіктерге қайрылмасын
Енді ғана қатайған қанаттарың!

Ән: Қош бол бастауыш мектеп


Мұғалім: Бастауыш мектеппен қоштасу салтанатын аяқтай келе, 4 сыныпты сапалы білімдерімен аяқтаған оқушыларыма жоғары сыныпқа барғанда да осы сапалық құрамын сақтап, үнемі жақсы оқуымызбен, болашақ Тәуелсіз еліміздің тірегі болар азамат боп өсіңдер деп тілек білдіремін.
Аяқтап кешті, мектепті
Гүлдерге толсын қолдарың.
Қызықтап жазды қайтыңдар
Сәт - сапар болсын жолдарың!!!- Осымен салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялай отырып, жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі оқу жылына амандықпен жолыққанша сау - саламатта болыңыздар!



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 05.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров230
Номер материала ДВ-419778
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх