Инфоурок Начальные классы КонспектыАшық тәрбие сағаты 4 сынып «Мен өз Отанымның патриотымын»

Ашық тәрбие сағаты 4 сынып

Скачать материал

«Мен өз Отанымның патриотымын»

Мақсаты:

- Оқушыларда тұлғаның азаматтық қасиеттерін қалыптастыру;

- Қоршаған ортаға деген төзімділігін тәрбиелеу.

Міндеттері:

-            оқушылардың «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін жүзеге асырудағы белсенділігін қалыптастыру және арттыру;

-            Жаңа Қазақстандық Отаншылдықты нығайту;

-            білім алушылардың Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері мен табыстары туралы білімдерін тереңдету, ой-өрістерін кеңейту;

Құрал-жабдықтар:

-            «Қазақстан-2050 Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» плакаттары;

-            «Менің Отаным – Қазақстан», «Мен – Қазақстан азаматымын», «ҚР Конституциясы»;

-            шарлар, гүлдер.

-          Кіріспе бөлім.

-          Әнұран орындалады.

Сынып жетекшісі:

            Қымбатты балалар, мен сендерді алғашқы оқу күнімен, Білім күнімен құттықтаймын. Сендерге жаңа жаңалықтар, жаңа білім, жаңа табыстар мен жетістіктер тілеймін. Көңіл-күйлерің көтеріңкі болсын! Сәт-сапар! Міне, жазғы демалыс та аяқталып, алғашқы қоңырау соғылды. Енді 9 ай бойы біз білім  алып, оқып, сабақтарда және сабақтан тыс іс-шараларда бір-бірімізбен қарым-қатынаста болуға тура келеді. Бұл дегеніміз – 1085 оқу сағаты, 210 оқу күні. Бұл тізімді ары қарай жалғастыра беруге болады, бірақ біз мына сұраққа жауап беріп көрейік: «Сендер осыншама уақыт бойы кіммен болғыларың келеді: мектептегі досыңмен бе, әлде ешқашан көмекке келмейтін, «Қал-жағдайың қалай?» деп сұрамайтын, сабақты айтып жібермейтін, үзіліс кезінде сенімен сөйлеспейтін адаммен бе?». Әрине, жауап анық – досыңмен.

Оқушы:

–  Достық – әркімге, әр істе бізге көмекші. Барлығымызға жақсы, адал дос керек! 

Ән. «Берік достық».

Сынып жетекшісі:

                    Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Мен өз Отанымның патриотымын». Неге біз бұлай айта аламыз? Себебі, «бір халық, біртұтас ұлт» - бұл барлығымызға ортақ ұлттық мүдделер. «Бір халық» – бұл біз бірге өткен қиындықтар мен жеңістер! Бұл біздің ортақ келешегіміз – игілікті және өсіп- өркендеген Қазақстан! Мұның барлығы – Стратегияны табысты жүзеге асыру үшін біртұтас қоғам керек деген сөз. Жиырма бес жылда Қазақстан жаңа тәуелсіз мемлекеттер үшін ұлттық жетістіктің үздік үлгісі бола алды. Бұл – барлық қазақстандықтардың еңбексүйгіштігі мен бірлігінің нәтижесі. Бұл – тек күшті халықтың ұлы қабілеті. Біз осындай халық, біртұтас ұлт бола алдық және осы биігімізде қалуымыз керек! Қазақстан – бұл біртұтас ұлт, біртұтас халық, бір мүдде. Алдымызда ұлы жоспарлар тұр. Оларды іске асыру жаһандық өзгерудің күрделі жағдайларында өтпек. Бұған бүгіннен бастап дайын болуымыз керек және бар күшімізбен халықтың біртұтастығын қамтамасыз етуіміз керек. Өйткені, бізде бір халық – бір ел – бір тағдыр! Қазақстан 140 ұлыс пен 17 конфессия өкілдері үшін ортақ үйіне айналды. Біздің Қазақстанның ұлттық, ұлыстық, мәдени және діни жағынан әртүрлілігіне қарамастан, елімізде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтап қалғанымызды мойындаймыз. Қзақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың саясаты көптеген ұлыстарды мәдениет пен діндерді біріктіреді. Біздің елімізді «өркениеттер тоғысы» деп атайды. Қазақстан ислам, христиан және буддизм сияқты ірі әлем діндерінің арасындағы көпір болып табылады. Ғасырлар бойы мұнда әртүрлі халықтар мен ұлт өкілдері бірге өмір сүріп, еңбек етті. Өзара баю мен өркендеуге ықпал ететін берік мәдени байланыстар орнады.

Әртүрлі діндер мен рухани дәстүрлері бар барлық Қазақстан халқы атынан біздің ортақ үйімізде бейбітшілік пен келісімді ары қарай сақтап қалуға ұмтылысымыз бен ұстанымымызды білдіреміз. Біз Отанмыздың басты байлығы – әлемдік үлгі ретінде әділетті түрде мойындалған азаматтық бейбітшілік пен конфессияаралық келісімді, біздің көпұлтты мемлекетіміздегі мәдениеттер мен діндердің ара қатынасын қолдауға әзірміз. Біз Отанды сүюге, қазақстандықтардың ұлттық салт-дәстүрлері мен үрдістерін құрметтеуге бар күш-жігерімізді саламыз. Біз ортақ үйіміз Қазақстанның көркеюі, өркендеуі, дамуы, әл-ауқаты мен жағдайының жақсаруы жолында, бейбітшілік жолында қолымыздан келгеннің барлығын жасаймыз.

Оқушылар Қазақстан туралы өлеңдер оқиды.

Сынып жетекшісі:

– Біздің барлығымызды, барлық ұлттың адамдарын маңызды ұғымдардың бірі біріктіреді: БІЗ – Қазақстан халқы. Біз біртұтас елміз және біздің күшіміз бен жетістігіміз осыда.

Балалар, енді Қазақстан туралы не білетінімізді тексерейік. Кішігірім сұрақ-жауап өткізіп, сендердің білімдеріңді тексерейік.

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері (Ту, Елтаңба, Әнұран)

2. Ұлттық валюта (Теңге)

3. Ақындар жарысы (Айтыс)

4. Қазақстан Республикасының тұңғыш ұшқыш-ғарышкері (Т.Әубәкіров)

5. Қазақ фольклоріндегі, халық ертегілеріндегі әзіл әңгімелер кейіпкері (Алдар көсе)

6. Қазақтардың ұлттық үйлері (Киіз үй)

7. Мұсылмандардың қасиетті кітабы (Құран)

8. Ұлттық сусын (Қымыз)

9. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті (Н.Назарбаев)

10. Қазақстан Республикасының Конституция күні (30 тамыз)

11. Түйелер тізбегі (Керуен)

12. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан)

13. Қазақстан халықтарының бірлігі күні (1 мамыр)

14. «Шаңырақ» ненің нышаны? (Шаңырақ – отбасы, жанұя)

15. Ғарышты зерттеу бойынша қала-орталық (Байқоңыр)

16. Қазақтың ұлттық аспаптары (Домбыра, сыбызғы, қобыз)

Сынып жетекшісі :

            Біздің еліміздің көркеюі, өсіп-өркендеуі үшін мемлекет ішінде тұрақтылық, онда тұратын халықтар арасында достық пен келісім болуы қажет. Және де осы іс-шарамызды Қазақстан туралы мына өлең шумақтарымен аяқтағым келеді.

Оқушы:Қазақ елі қашаннан да жыр елі,

Тарихында тұлғалар көп киелі.

Қазақстан аясында бұрыннан

Бірнеше ұлт бірге өмір сүреді.

Бір-бірімен тату-тәтті тұрады,

Бәрінің де Қазақстан тұрағы.

Бейбітшілік пен тыныштық әр үйдің баға жетпес байлығына айналды.

Біздер мен сіздер атқарған  жұмыстың, Ассамблея жұмысының басты нәтижесі міне, осы!

Бүгін біз Ассамблея – тұтастай Қазақстан халқы деп толық негізбен айта аламыз!

Барлық он жеті миллион!

Бүгін Ассамблея – тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің сенімді, берік іргетасы.

Ассамблея тарихы – ел тарихы, халық тарихы.

Құрметті отандастар!

Біздің сессиямыздың күн тәртібіне маңызды мәселе енгізіліп отыр. Ол: «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық –  бір ел – бір тағдыр».

Неге біз бұлай айта аламыз?

«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер.

«Бір ел» – бұл барлығымыз үшін ортақ Отан.

«Бір тағдыр» – бұл біз бірге жүріп өткен  қиындықтар мен жеңістер!

Бұл біздің ортақ келешегіміз – игілікті және өсіп-өркендеген Қазақстан!

    Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды деді.

      Елбасы мынаны баса айтты: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». Ендеше, Ассамблея – барша қазақстандықтың мүддесі! -  деген болатын.

Біз: «Мен – қазақстандықпын, өз елімде мен үшін барлық есік ашық!» – деп айта алатын әділетті қоғам құрып жатырмыз.

     Бүгінде біздің азаматтар үшін барлық есік, барлық мүмкіндік, барлық жол ашық.

Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз. Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу – әрбір жауапты саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой. Біз бірлік пен татулық құндылықтарын қоғамның іргетасына, қазақстандық ерекше толеранттылықтың негізіне айналдырдық.

Біз осы құндылықтарды қазақстандықтардың әрбір болашақ буынына аялай ұсынуымыз керек.

Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты.

Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.

Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы.

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.

Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат  қылдық.

Екі онжылдықта Қазақстан Жолы жаңа тәуелсіз елдер үшін ұлттық табыстың үлгілі моделіне айналды.

Бұл бүкіл қазақстандықтардың еңбексүйгіштігі мен топтасқандығының нәтижесі!

      Бұл тек күшті халықтарға ғана тән ұлы қабілет.

      Біз осындай халыққа айналдық және осы биіктікте қалуға тиіспіз!

     Қазақстан – бұл біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ.

      Біздің мерейтойлық сессиямыз – бүкіл қазақстандықтардың игілігі жолындағы жаңа жұмыстар үшін жақсы бастау.

Алдымызда үлкен жоспарлар тұр.

     Оларды жүзеге асыру жаһандық құбылулардың күрделі жағдайларында жүретін болады. Оған бүгіннен бастап дайын болып, халық бірлігін бүкіл күш-жігермен бекемдеу қажет.

Сондықтан да біз бір халықпыз – бір елміз – бір тағдырмыз!

1998 жыл 6-мамырда ел Астанасы Ақмола қаласына көшті.      

Астанаға – 15 жыл

"Қазақстан-2050" Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы

Біздің басты мақсатымыз 2050 жылға қарай Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру.

     Қазақстан ХХІ ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуға тиіс.

Біздің жетістіктеріміз бен қазақстандық даму үлгісі Жаңа саяси бағыттың негізі болуға тиіс.

     "Қазақстан-2050" Стратегиясы – "Қазақстан-2030" Стратегиясының жаңа кезеңдегі үйлесімді дамуы. «Біз кімбіз, қайда барамыз және 2050 жылға қарай қайда болғымыз келеді?» деген сұрақтарға жауап осы. Жас ұрпақтың нақ осыған мүдделі екеніне сенімдімін.

        Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарында болуға тиіс.

      Дамушы елдер арасында осы клубтағы орынға бәсекелестік қатал болмақ. Күн астындағы орын тек ең мықтыларға арналғанын нақты сезіне отырып, ұлтымыз жаһандық экономикалық тайталасқа дайын болуға тиіс.      Біз бірінші дәрежедегі мынадай мақсаттарымызды назардан шығармастан, нысаналы әрі шабытты жұмыс істеуіміз керек:

     Мемлекеттілікті одан әрі дамыту және нығайту.

     Экономикалық саясаттың жаңа қағидаттарына көшу.

     Ұлттық экономиканың жетекші күші – кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау көрсету.

     Жаңа әлеуметтік үлгіні қалыптастыру.

  Білім беру мен денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы және тиімді жүйесін құру.

     Мемлекеттік аппараттың жауапкершілігін, тиімділігі мен функционалдығын арттыру. Халықаралық және қорғаныс саясатының жаңа сын-қатерлеріне парапар саясат құру.

     Еліміздің болашақта қандай болатыны балаларымыздың бойына өзіміз қандай тәрбиені сіңіретінімізге тікелей байланысты.

     Ең алдымен, біз қыздарымыздың тәрбиесіне көп көңіл бөлуіміз керек. Олар – болашақ жар, болашақ ана, шаңырақтың шырақшылары.

       Қазақстан – зайырлы мемлекет. Азаматтарды ар-ождан бостандығымен қамтамасыз ете отырып,  мемлекет, дегенмен қоғамға өз бетімен біздің дәстүріміз бен заңдарымызға қайшы келетін әлдебір қоғамдық нормаларды тықпалайтын әрекеттерге өте қатаң қарсы тұратын болады.

Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту.

        Мен біздің табысты болатынымызға сенімдімін.

Болашақтың Қазақстанын мен қалай елестетемін?

    Мен 2050 жылғы қазақстандықтар – үш тілде сөйлейтін білімді, еркін адамдардың қоғамы екеніне толық сенімдімін.

Олар – әлемнің азаматтары. Олар саяхаттап жүреді. Олар жаңа білім меңгеруге құштар. Олар еңбексүйгіш. Олар – өз елінің патриоттары.

    Мен 2050 жылғы Қазақстан – жалпыға ортақ еңбек қоғамы екеніне сенімдімін. Ол – барлығы да адам игілігі үшін жасалатын, экономикасы мықты мемлекет. Білім беру саласы да, денсаулық сақтау саласы да үздік. Бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрған. Азаматтары еркін және тең құқықты, ал билігі әділ. Онда заң үстемдік етеді.

Мен біздің дұрыс бағытпен ілгерілеп бара жатқанымызға сенемін және бізді ештеңе де түзу жолдан тайдыра алмайды.

     «Қазақстан-2050» Стратегиясы осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі.

      Тәуелсіз елді өз қолымен құрған буыннан басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың лайықты жалғастыратынына кәміл сенемін.

Енді Жолдауда айтылған өркениетті дамыған 50 елдің қатарына жету бағыт - бағдарына ілесу, үлес қосу ісі тұр алдымызда. Латын қарпіне көшу сол өркениет шыңында тұрған  50 елге жақындастыра түсіп, олармен қоян -қолтық бәсекелесуге жаңа негіз қалайды. Өскелең ұрпақ үшін тіптен тиімді.

Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,

Көк туымды қалайша құлатармын.

Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,

Бәріміз баласындай бір атаның.

Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,

Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.

Халқымның ахуалы дұрыс болсын.

Отанымыз әрқашанда тыныш болсын!

22 қарашада Қазақстанның астанада құпия дауыс беру арқылы EXPO-2017 көрмесін өткізіледі деп таңдалды. Астана әлемнің 100 елінен 4 миллион қонақты қарсы алатын болады.

     Елдердің техникалық және технологиялық көрмесі Астанада 2017 жылы өтетін болады. Елбасының баспасөз қызметі хабарлағандай Астана Халықаралық Бас Ассамблеясы бюросының 152-ші көрмесінде құпия дауыс беру арқылы Белгияның Льеж қаласын озып Астана жеңіске жетті.

     Президент Нұрсұлтан Назарбаев Астанада технологиялық жетістіктердің халықаралық көрмесін өткізу туралы шешімді атай келе, бұл жеңістің маңыздылығын тарихи оқиғалармен атап өтті:

- «ЭКСПО» көрмелерінде әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең жақсы технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетеді. Олар жаһандық даму тәртібін қалыптастырады. Сонымен қатар іс-шараларға құрлықтың он мыңдаған елінен миллиондаған адам келетін болады. Біріншіден, біздің елімізді әлемдік деңгейдегі оқиғаларды қабылдайтын лайықты орталық деп тануы. Екіншіден, Қазақстанның пайдасына шешілген таңдау біздің еліміздің жетістерін жоғары бағалайтындығы және оның жетістіктерін Еуразия өңірінің даму болашағы деп көрсетеді. Үшіншіден, жеңіс біз ұсынған «Қуатты болашақ» тақырымыздың өзектілігі. Және соңғы ең бастысы – Астана таңдауы Қазақстан халқының барлық күштерінің біріктіруі.

Елбасы барлық қазақстандықты жеңіспен құттықтады. Және ел алдында – осы көрмені лайықты деңгейде атап өтуді міндеттеді. EXPO-2017 көрмесін Астанада өткізу республиканың инновациялық дамуына серпіліс береді, сондай-ақ Қазақстанның жасампаз әлеуетін ашуға көмектеседі.

Қорытынды:
- Жолдау туралы не түйдің, осы айтылған тарауларда не айтылмады?
«Мен президент болсам халыққа Жолдауым...» Оқушыларға өз ойларын айтқызу.

Ән: Көк тудың желбірегені. (тыңдалады)

    Мен 21-ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін. Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады. Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.

   Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.

Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!

    Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! -деген елбасымыздың қорытынды сөзімен сабағымды аяқтаймын. Тыңдап сабаққа қатысқандарың үшін рахмет!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық тәрбие сағаты 4 сынып «Мен өз Отанымның патриотымын»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по трудоустройству

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

«Мен өз Отанымның патриотымын»

Мақсаты:

- Оқушыларда тұлғаның азаматтық қасиеттерін қалыптастыру;

- Қоршаған ортаға деген төзімділігін тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • оқушылардың «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін жүзеге асырудағы белсенділігін қалыптастыру және арттыру;
  • Жаңа Қазақстандық Отаншылдықты нығайту;
  • білім алушылардың Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері мен табыстары туралы білімдерін тереңдету, ой-өрістерін кеңейту;
  • «Қазақстан-2050 Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» плакаттары;
  • «Менің Отаным – Қазақстан», «Мен – Қазақстан азаматымын», «ҚР Конституциясы»;
  • шарлар, гүлдер.
  • Кіріспе бөлім.
  • Әнұран орындалады.

Құрал-жабдықтар:

Сынып жетекшісі:

  • Қымбатты балалар, мен сендерді алғашқы оқу күнімен, Білім күнімен құттықтаймын. Сендерге жаңа жаңалықтар, жаңа білім, жаңа табыстар мен жетістіктер тілеймін. Көңіл-күйлерің көтеріңкі болсын! Сәт-сапар! Міне, жазғы демалыс та аяқталып, алғашқы қоңырау соғылды. Енді 9 ай бойы біз білім алып, оқып, сабақтарда және сабақтан тыс іс-шараларда бір-бірімізбен қарым-қатынаста болуға тура келеді. Бұл дегеніміз – 1085 оқу сағаты, 210 оқу күні. Бұл тізімді ары қарай жалғастыра беруге болады, бірақ біз мына сұраққа жауап беріп көрейік: «Сендер осыншама уақыт бойы кіммен болғыларың келеді: мектептегі досыңмен бе, әлде ешқашан көмекке келмейтін, «Қал-жағдайың қалай?» деп сұрамайтын, сабақты айтып жібермейтін, үзіліс кезінде сенімен сөйлеспейтін адаммен бе?». Әрине, жауап анық – досыңмен.
  • Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Мен өз Отанымның патриотымын». Неге біз бұлай айта аламыз? Себебі, «бір халық, біртұтас ұлт» - бұл барлығымызға ортақ ұлттық мүдделер. «Бір халық» – бұл біз бірге өткен қиындықтар мен жеңістер! Бұл біздің ортақ келешегіміз – игілікті және өсіп- өркендеген Қазақстан! Мұның барлығы – Стратегияны табысты жүзеге асыру үшін біртұтас қоғам керек деген сөз. Жиырма бес жылда Қазақстан жаңа тәуелсіз мемлекеттер үшін ұлттық жетістіктің үздік үлгісі бола алды. Бұл – барлық қазақстандықтардың еңбексүйгіштігі мен бірлігінің нәтижесі. Бұл – тек күшті халықтың ұлы қабілеті. Біз осындай халық, біртұтас ұлт бола алдық және осы биігімізде қалуымыз керек! Қазақстан – бұл біртұтас ұлт, біртұтас халық, бір мүдде. Алдымызда ұлы жоспарлар тұр. Оларды іске асыру жаһандық өзгерудің күрделі жағдайларында өтпек. Бұған бүгіннен бастап дайын болуымыз керек және бар күшімізбен халықтың біртұтастығын қамтамасыз етуіміз керек. Өйткені, бізде бір халық – бір ел – бір тағдыр! Қазақстан 140 ұлыс пен 17 конфессия өкілдері үшін ортақ үйіне айналды. Біздің Қазақстанның ұлттық, ұлыстық, мәдени және діни жағынан әртүрлілігіне қарамастан, елімізде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтап қалғанымызды мойындаймыз. Қзақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың саясаты көптеген ұлыстарды мәдениет пен діндерді біріктіреді. Біздің елімізді «өркениеттер тоғысы» деп атайды. Қазақстан ислам, христиан және буддизм сияқты ірі әлем діндерінің арасындағы көпір болып табылады. Ғасырлар бойы мұнда әртүрлі халықтар мен ұлт өкілдері бірге өмір сүріп, еңбек етті. Өзара баю мен өркендеуге ықпал ететін берік мәдени байланыстар орнады.
  • Біздің еліміздің көркеюі, өсіп-өркендеуі үшін мемлекет ішінде тұрақтылық, онда тұратын халықтар арасында достық пен келісім болуы қажет. Және де осы іс-шарамызды Қазақстан туралы мына өлең шумақтарымен аяқтағым келеді.

Оқушы:

– Достық – әркімге, әр істе бізге көмекші. Барлығымызға жақсы, адал дос керек!

Ән. «Берік достық».

Сынып жетекшісі:

Әртүрлі діндер мен рухани дәстүрлері бар барлық Қазақстан халқы атынан біздің ортақ үйімізде бейбітшілік пен келісімді ары қарай сақтап қалуға ұмтылысымыз бен ұстанымымызды білдіреміз. Біз Отанмыздың басты байлығы – әлемдік үлгі ретінде әділетті түрде мойындалған азаматтық бейбітшілік пен конфессияаралық келісімді, біздің көпұлтты мемлекетіміздегі мәдениеттер мен діндердің ара қатынасын қолдауға әзірміз. Біз Отанды сүюге, қазақстандықтардың ұлттық салт-дәстүрлері мен үрдістерін құрметтеуге бар күш-жігерімізді саламыз. Біз ортақ үйіміз Қазақстанның көркеюі, өркендеуі, дамуы, әл-ауқаты мен жағдайының жақсаруы жолында, бейбітшілік жолында қолымыздан келгеннің барлығын жасаймыз.

Оқушылар Қазақстан туралы өлеңдер оқиды.

Сынып жетекшісі:

– Біздің барлығымызды, барлық ұлттың адамдарын маңызды ұғымдардың бірі біріктіреді: БІЗ – Қазақстан халқы. Біз біртұтас елміз және біздің күшіміз бен жетістігіміз осыда.

Балалар, енді Қазақстан туралы не білетінімізді тексерейік. Кішігірім сұрақ-жауап өткізіп, сендердің білімдеріңді тексерейік.

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері (Ту, Елтаңба, Әнұран)

2. Ұлттық валюта (Теңге)

3. Ақындар жарысы (Айтыс)

4. Қазақстан Республикасының тұңғыш ұшқыш-ғарышкері (Т.Әубәкіров)

5. Қазақ фольклоріндегі, халық ертегілеріндегі әзіл әңгімелер кейіпкері (Алдар көсе)

6. Қазақтардың ұлттық үйлері (Киіз үй)

7. Мұсылмандардың қасиетті кітабы (Құран)

8. Ұлттық сусын (Қымыз)

9. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті (Н.Назарбаев)

10. Қазақстан Республикасының Конституция күні (30 тамыз)

11. Түйелер тізбегі (Керуен)

12. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан)

13. Қазақстан халықтарының бірлігі күні (1 мамыр)

14. «Шаңырақ» ненің нышаны? (Шаңырақ – отбасы, жанұя)

15. Ғарышты зерттеу бойынша қала-орталық (Байқоңыр)

16. Қазақтың ұлттық аспаптары (Домбыра, сыбызғы, қобыз)

Сынып жетекшісі :

Оқушы:Қазақ елі қашаннан да жыр елі,

Тарихында тұлғалар көп киелі.

Қазақстан аясында бұрыннан

Бірнеше ұлт бірге өмір сүреді.

Бір-бірімен тату-тәтті тұрады,

Бәрінің де Қазақстан тұрағы.

Бейбітшілік пен тыныштық әр үйдің баға жетпес байлығына айналды.

Біздер мен сіздер атқарған жұмыстың, Ассамблея жұмысының басты нәтижесі міне, осы!

Бүгін біз Ассамблея – тұтастай Қазақстан халқы деп толық негізбен айта аламыз!

Барлық он жеті миллион!

Бүгін Ассамблея – тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің сенімді, берік іргетасы.

Ассамблея тарихы – ел тарихы, халық тарихы.

Құрметті отандастар!

Біздің сессиямыздың күн тәртібіне маңызды мәселе енгізіліп отыр. Ол: «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр».

Неге біз бұлай айта аламыз?

«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер.

«Бір ел» – бұл барлығымыз үшін ортақ Отан.

«Бір тағдыр» – бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!

Бұл біздің ортақ келешегіміз – игілікті және өсіп-өркендеген Қазақстан!

Бұл біздің ортақ келешегіміз – игілікті және өсіп-өркендеген Қазақстан!

Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды деді.

Елбасы мынаны баса айтты: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». Ендеше, Ассамблея – барша қазақстандықтың мүддесі! - деген болатын.

Біз: «Мен – қазақстандықпын, өз елімде мен үшін барлық есік ашық!» – деп айта алатын әділетті қоғам құрып жатырмыз.

Бүгінде біздің азаматтар үшін барлық есік, барлық мүмкіндік, барлық жол ашық.

Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз. Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу – әрбір жауапты саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой. Біз бірлік пен татулық құндылықтарын қоғамның іргетасына, қазақстандық ерекше толеранттылықтың негізіне айналдырдық.

Біз осы құндылықтарды қазақстандықтардың әрбір болашақ буынына аялай ұсынуымыз керек.

Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты.

Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.

Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы.

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.

Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық.

Екі онжылдықта Қазақстан Жолы жаңа тәуелсіз елдер үшін ұлттық табыстың үлгілі моделіне айналды.

Бұл бүкіл қазақстандықтардың еңбексүйгіштігі мен топтасқандығының нәтижесі!

Бұл тек күшті халықтарға ғана тән ұлы қабілет.

Біз осындай халыққа айналдық және осы биіктікте қалуға тиіспіз!

Қазақстан – бұл біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ.

Біздің мерейтойлық сессиямыз – бүкіл қазақстандықтардың игілігі жолындағы жаңа жұмыстар үшін жақсы бастау.

Алдымызда үлкен жоспарлар тұр.

Оларды жүзеге асыру жаһандық құбылулардың күрделі жағдайларында жүретін болады. Оған бүгіннен бастап дайын болып, халық бірлігін бүкіл күш-жігермен бекемдеу қажет.

Сондықтан да біз бір халықпыз – бір елміз – бір тағдырмыз!

1998 жыл 6-мамырда ел Астанасы Ақмола қаласына көшті.

Астанаға – 15 жыл

"Қазақстан-2050" Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы

Біздің басты мақсатымыз 2050 жылға қарай Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру.

Қазақстан ХХІ ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуға тиіс.

Біздің жетістіктеріміз бен қазақстандық даму үлгісі Жаңа саяси бағыттың негізі болуға тиіс.

"Қазақстан-2050" Стратегиясы – "Қазақстан-2030" Стратегиясының жаңа кезеңдегі үйлесімді дамуы. «Біз кімбіз, қайда барамыз және 2050 жылға қарай қайда болғымыз келеді?» деген сұрақтарға жауап осы. Жас ұрпақтың нақ осыған мүдделі екеніне сенімдімін.

Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарында болуға тиіс.

Дамушы елдер арасында осы клубтағы орынға бәсекелестік қатал болмақ. Күн астындағы орын тек ең мықтыларға арналғанын нақты сезіне отырып, ұлтымыз жаһандық экономикалық тайталасқа дайын болуға тиіс. Біз бірінші дәрежедегі мынадай мақсаттарымызды назардан шығармастан, нысаналы әрі шабытты жұмыс істеуіміз керек:

Мемлекеттілікті одан әрі дамыту және нығайту.

Экономикалық саясаттың жаңа қағидаттарына көшу.

Ұлттық экономиканың жетекші күші – кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау көрсету.

Жаңа әлеуметтік үлгіні қалыптастыру.

Білім беру мен денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы және тиімді жүйесін құру.

Мемлекеттік аппараттың жауапкершілігін, тиімділігі мен функционалдығын арттыру. Халықаралық және қорғаныс саясатының жаңа сын-қатерлеріне парапар саясат құру.

Еліміздің болашақта қандай болатыны балаларымыздың бойына өзіміз қандай тәрбиені сіңіретінімізге тікелей байланысты.

Ең алдымен, біз қыздарымыздың тәрбиесіне көп көңіл бөлуіміз керек. Олар – болашақ жар, болашақ ана, шаңырақтың шырақшылары.

Қазақстан – зайырлы мемлекет. Азаматтарды ар-ождан бостандығымен қамтамасыз ете отырып, мемлекет, дегенмен қоғамға өз бетімен біздің дәстүріміз бен заңдарымызға қайшы келетін әлдебір қоғамдық нормаларды тықпалайтын әрекеттерге өте қатаң қарсы тұратын болады.

Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту.

Мен біздің табысты болатынымызға сенімдімін.

Болашақтың Қазақстанын мен қалай елестетемін?

Мен 2050 жылғы қазақстандықтар – үш тілде сөйлейтін білімді, еркін адамдардың қоғамы екеніне толық сенімдімін.

Олар – әлемнің азаматтары. Олар саяхаттап жүреді. Олар жаңа білім меңгеруге құштар. Олар еңбексүйгіш. Олар – өз елінің патриоттары.

Мен 2050 жылғы Қазақстан – жалпыға ортақ еңбек қоғамы екеніне сенімдімін. Ол – барлығы да адам игілігі үшін жасалатын, экономикасы мықты мемлекет. Білім беру саласы да, денсаулық сақтау саласы да үздік. Бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрған. Азаматтары еркін және тең құқықты, ал билігі әділ. Онда заң үстемдік етеді.

Мен біздің дұрыс бағытпен ілгерілеп бара жатқанымызға сенемін және бізді ештеңе де түзу жолдан тайдыра алмайды.

Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.

Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы.

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.

Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі.

Тәуелсіз елді өз қолымен құрған буыннан басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың лайықты жалғастыратынына кәміл сенемін.

Енді Жолдауда айтылған өркениетті дамыған 50 елдің қатарына жету бағыт - бағдарына ілесу, үлес қосу ісі тұр алдымызда. Латын қарпіне көшу сол өркениет шыңында тұрған 50 елге жақындастыра түсіп, олармен қоян -қолтық бәсекелесуге жаңа негіз қалайды. Өскелең ұрпақ үшін тіптен тиімді.

Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,

Көк туымды қалайша құлатармын.

Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,

Бәріміз баласындай бір атаның.

Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,

Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.

Халқымның ахуалы дұрыс болсын.

Отанымыз әрқашанда тыныш болсын!

22 қарашада Қазақстанның астанада құпия дауыс беру арқылы EXPO-2017 көрмесін өткізіледі деп таңдалды. Астана әлемнің 100 елінен 4 миллион қонақты қарсы алатын болады.

Елдердің техникалық және технологиялық көрмесі Астанада 2017 жылы өтетін болады. Елбасының баспасөз қызметі хабарлағандай Астана Халықаралық Бас Ассамблеясы бюросының 152-ші көрмесінде құпия дауыс беру арқылы Белгияның Льеж қаласын озып Астана жеңіске жетті.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Астанада технологиялық жетістіктердің халықаралық көрмесін өткізу туралы шешімді атай келе, бұл жеңістің маңыздылығын тарихи оқиғалармен атап өтті:

- «ЭКСПО» көрмелерінде әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең жақсы технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетеді. Олар жаһандық даму тәртібін қалыптастырады. Сонымен қатар іс-шараларға құрлықтың он мыңдаған елінен миллиондаған адам келетін болады. Біріншіден, біздің елімізді әлемдік деңгейдегі оқиғаларды қабылдайтын лайықты орталық деп тануы. Екіншіден, Қазақстанның пайдасына шешілген таңдау біздің еліміздің жетістерін жоғары бағалайтындығы және оның жетістіктерін Еуразия өңірінің даму болашағы деп көрсетеді. Үшіншіден, жеңіс біз ұсынған «Қуатты болашақ» тақырымыздың өзектілігі. Және соңғы ең бастысы – Астана таңдауы Қазақстан халқының барлық күштерінің біріктіруі.

Елбасы барлық қазақстандықты жеңіспен құттықтады. Және ел алдында – осы көрмені лайықты деңгейде атап өтуді міндеттеді. EXPO-2017 көрмесін Астанада өткізу республиканың инновациялық дамуына серпіліс береді, сондай-ақ Қазақстанның жасампаз әлеуетін ашуға көмектеседі.

Қорытынды:
- Жолдау туралы не түйдің, осы айтылған тарауларда не айтылмады?
«Мен президент болсам халыққа Жолдауым...» Оқушыларға өз ойларын айтқызу.

Ән: Көк тудың желбірегені. (тыңдалады)

Мен 21-ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін. Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады. Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.

Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.

Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!

Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! -деген елбасымыздың қорытынды сөзімен сабағымды аяқтаймын. Тыңдап сабаққа қатысқандарың үшін рахмет!

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 160 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.09.2016 2895
    • DOCX 35.8 кбайт
    • 24 скачивания
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мусина Гульдерай Кайргелдиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 58288
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по русскому языку у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 481 человек

Курс повышения квалификации

Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 845 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках математики у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 75 человек

Мини-курс

Социальная и поведенческая психология

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 16 регионов

Мини-курс

Политология: теория, практика, законодательство

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с детьми: эмоциональные и зависимые расстройства

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 21 человек