Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Конспекты / Ашық тәрбие сағаты « Ұстаз деген ұлы есім ұғынғанға...» 6 класс

Ашық тәрбие сағаты « Ұстаз деген ұлы есім ұғынғанға...» 6 класс

  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m65887885.gifhello_html_m65887885.gifhello_html_m65887885.gif« Ұстаз деген ұлы есім ұғынғанға...»

Шағын көрініс. Сахнаға 6 оқушы шығып «Ұстаз – ұлы тұлға» тәрбие сағатының тақырыбын хабарлап, өтілу барысынан көрініс көрсетіп, мұғалім сөзінің мағынасын ашады.
М – мейірімді
Ұ – ұлағатты
Ғ – ғазиз
А - ақылды
Л – лайықты
І – іскер
М – маман

1 - бастаушы Қайырлы күн! Армысыздар, есен – сау бармысыздар, аса құрметті да, аяулы біздің ұстаздарымыз!

Міне жадырап жаз өтіп, алтын күз де келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас, сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді. Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін мұғалімдер күні де, күздің үлесіне тиіпті. Төл мерекелеріңіз құтты болсын, ізгіліктің пайғамбары ұстаздар қауымы.

2 - бастаушы Аса көрнекті қазақ геологы, қоғам қайраткері, Қазақстан Ғылым Академиясының ұйымдастырушысы, академигі Қ. Сәтбаевтың айтуынша, 1 - қыркүйекте салтанатты шеру не салюттер де болмайды. Бірақ бұл күн ешқандай мерекемен тең келмейтін білімнің асқар шыңына жетелейтін, қайталанбайтын күн. Бұдан асқан ұлы мереке жоқ - деп толғанған екен. Солай ма Сағынбек!

1 - бастаушы Ия, Бану! Олай болса, мұғалім бақыты - шәкірт құрметі. Ұрпақ тәрбиесі - ұстазға байланысты. Шәкірттерін білім нәрімен сусындап, тәлім - тәрбие беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Сіздердің алдарыңызда әрқашанда бас иеміз. Бүгінгі мерекенің той шашуы, қабыл алыңыздар «Үнді» биі.

1 - бастаушы Ұстаз болу - жүректің батырлығы,
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.
деп ақын Ғ. Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз

2 - бастаушы Игі айтар ақылы, көрсетер үлгісі бар, жаңашыл, бойында дана ойдың ыстық лебі бар, шәкірт санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымының іскер де білікті, басшысы, мектебіміздің оқу жөніндегі директордың орынбасары Ақгүл апайға мереке күнімен құттықтауға сөз беріледі.
(Ақжүністің орындауында « Ұстазым» әні )

2 - бастаушы Аяулы ұстаздарым! Сіздердің бала көңілдеріңіз әр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге - білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған, кез келген шәкірт ұстазымен мақтанады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, кәсіптеріңізге сәттілік тілейміз.

1 - бастаушы. Айгерім екеуміз ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ да тауыса алмаспыз. Еңдеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің бірі Айгерімге сөз берейік. (Ф. Оңғарсынова «Ұстаз» өлеңі оқылады)


Зауытта болсаң күнбе-күн,
Көрінер еді табысың.
Дәрігер болсаң түрлі емің,
Шипалы жанның бағы шын
Ал сенің еңбек жемісің,
Өзгеше тіпті басқадан.
Ол өзің арнап ел үшін,
Осынау жүрген жақсы адам.
Жақсы адам елдің тірегі.
Байлығы туған халықтың,
Шапағын шашар үнемі,
Көгіңде тұрған жарық күн.
Сен жастық қамын шертерсің,
Тағдырын толғап ойланып,
Әр үйдің бір еркесін
Үйреттің өзің қолға алып,
Ұстазсыз жолда сөнбек күн,
Шәкіртсіз өмір сусыз жер,
Көрінбес ғажап еңбектің,
Бейнетін кешіп жүрсіздер
Зәмзәм
Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,
Перне басқан оркестрдің үніндей
Әр баланың жүрегіне жол тауып,
Тұрасың сен, дирижер боп, күлімдей.
Жыр оқисың нөсер болып жайылып,
Қас қабағын қалт жібермей шәкірттің
Қарайсың - ау нұр жүзіне сүйсініп,
Жалын атып, от боп, бірге жанасың
Әсет
Мұғалімді анамдай жақсы көрем,
Қиналамын қымбат теңеу таба талмай,
Өз баласын тастап кетіп үйіне
Ел баласын оқытады, ой Алла - ай!
Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,
Үлгі етемін өнегелі сөзін бал,
Мұғалімнің мұғалімін танимын,
Көкірекке көретұғын көзім бар.
Жансая
Ұстаздарға мың алғыс,.
Алғыстарым көп менің
Асыл анам, мектебім,
Үйреткенің адалдық.
Ұсынғаның адамдық,
Текті мінез даналық,
Біз ұстаздарға тілейміз,
Бақыт, табыс амандық.

2 – бастаушы

Ұстаз шәкірт алдында сыйлы адам. Ол жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау - адамгершіліктің белгісі.

Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған дихан да, мал бағып терін төккен шопан да, ғарышкер де бәрі - бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

Сергіту сәті: «Қасиеттер жиыны» ойыны.

Қажетті құралдар: доп

Бану достарымыздың ұстаздары туралы ойлары қандай екенін біліп көрсек қайтеді. Әрине, қандай ойда екенін білейік

Олай болса оларға ойын ойнатып ойларын білейік. Ендеше 4 оқушы ортаға келе қойсын. Кез келген қатысушының біреуіне допты лақтырып қалып, бір әріпті айтады. Допты қағып алған ойыншы сол әріптен басталатын апайының ұнайтын бір қасиетін айтады.

Мысалы:

Жүргізуші: «Ә» әрпі

Ойыншы: «Әдемі»

1 - бастаушы
Ақырын жүріп оның бас,
Еңбегін кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, - деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын қалаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!

1 - бастаушы Ардақты ұстаздар! Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, сіздерді пайғамбардай сыйлайтын, жүрегі жылы, бойы ізгілікке толы шәкірттеріңіз көп болсын! Бірге Мерекелеріңіз құтты болсын!

2 - бастаушы Оқушылардың сөздік қорынан кейбір сөздерді мысалға алып, мағынасын ашып көрейікші.

каникул - жылдың ең қысқа күндері,

күнделік – үлкендерге көп көрсете бермейтін құпиям,

математика – мен түгіл әкемнің де тісі бата бермейтін «жағалау»,

дос – бақылау жұмысында дәптеріне жазғандарын бақылатып отыратын ұл не қыз, сабақ - үзілісті зарықтыра күттіретін қырық бес минут,

спорт секциясы – әжеме айтатын басты сылтауым,

қайталап алайыншы - өте сирек айтылатын, дарынды оқушының ашқан жаңалығы, қыздардың негізгі қаруы – апайға айтамын.

1 – бастаушы ортаға адасып жүрген Дымбілмес Жалқаубековті шақырамыз
О - о - ой шаршадым, қазақ тілі сабағынан әзер құтылдым ғой, атам қазақ дұрыс айтады, оқу күрекпен құдық қазғандай деп, рас екен ғой, сабақта қиналғаным аздай, Қилыбай ағай үйге мақал - мәтелдер жазып келуді тапсырып еді, бәле болды ғой. Ал шынымды айтайын менің жазған сөйлемдердің әріптері ауысып, тарыдай шашылады, Роза апай берген есептердің сандары бір орында тұра алмай үнемі секіреді, мен байғұс күнде күнде жинай алмай әуреге түсемін, бәрібір мұғалімдер екі қоя береді, қоя береді қоя береді.

Мәссаған, бүгін мына залға апайлар мен ағайлар көп келген екен, көмектесіңіздерші маған өтінемін, әйтпесе тағыда екі аламын ғой, жарай ма. Ал бастайын, мен мақалдарды оқимын, сіздер түзеп бересіздер, тек ағай біліп қалмасын, ура!

Қына басқа бітеді(тасқа). Білім шашқа бітеді(басқа). Біліп тұрсаң да сұрама(сұрап

ал ). Аз біл, көп сөйле.(көп біл, аз сөйле). Көрмес сиырды да көрмес(түйені). Өнер алды ұзын тіл(қызыл тіл). Жығылып жатып жығылғанға күлме (сүрінгенге). Өнерлі сайға қарай сырғиды(өрге жүзеді).
«Жасырын хат, ойлан тап!»

Қажетті құралдар: ватман, түрлі түсті фломастерлер, қарындаштар, өшіргіш, сызғыш

Уақыты: 20 минут

Барысы: Қатысушылар 3 топқа бірігіп отырады.

Жүргізуші: Ерте-ерте-ертеде . . . әлі адамдардар әріп танымаған уақытта да, олар бір-біріне хат жазған екен. Қалайша? Олар сурет салуды біліпті.Өз қарсыластарыңызға сурет арқылы қысқаша ғана ойларыңызды жеткізіңіздер. Әр бір топқа белгілі бір сөйлемдер беріледі:

«Бүгін маған сағат кешкі 6-да телефон соқшы» - 1-ші топқа арналған хат;

«Бүгін жұмыстан кейін кинотеатрға барайық» - 2-ші топқа арналған хат;

«Жексенбі күні сағат 15.00-де менің туған күніме кел» - 3-ші топқа арналған хат.

Ұстаздар өздеріне берілген тапсырманы ватманға сурет арқылы салып, өзара алмасады. Келесі топтың қатысушылары, суретте берілген сөздерді анықтаулары қажет.

2 – бастаушы Сағынбек, екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?
1 – бастаушы Ал, ендеше баста!
2 – бастаушы Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытың аялау.
1 – бастаушы Ұстазға қарап, шәкірт өседі.
2 – бастаушы Аспаз көрген ас таныр, ұстаз көрген хат таныр.
1 – бастаушы Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.
2 – бастаушы
Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы. Тамаша емес пе, мына сөздерден кейін жаның жадырайды!
1 – бастаушы
Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңіз саулығы мықты болсын
Біліммен сусындаған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!
2 – бастаушы
Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алады
Қуанышты жарқын тілек білдіріп
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды.
1 – бастаушы Ұлағатты ұстаздар, бүкіл адам баласы сіздерге бас иеді.
Мереке күні баршаңызға шаттық, қуаныш әкелсін!
«Ұстазым» әні хор

Автор
Дата добавления 21.11.2015
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров318
Номер материала ДВ-176467
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх