Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Ашық тәрбие сағаты "Таң қалмаңыз"

Ашық тәрбие сағаты "Таң қалмаңыз"

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: «Таң қалмаңыз» /Сыныптан тыс шара/

Түрі: тәрбие сағаты

Мақсаты: Жас ұрпақтың бойындағы жат қылқтарды тыю. Оқушылардың бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту. Шәкірт бойына ұстазды сыйлауға, құрметтеуге, үлкенге ізетті болуға тәрбиелеу.

Міндеті: Оқушылардың икемділігін, шеберлігін, шығармашылық қабілетін дамыту. Тіл мәдениетіне, ұлттық сана-сезімге, әдемілік пен әсемдікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу. Көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер, киім үлгілері, безендірілген сахна, қолөнер бұйымдары, үнтаспа, т.б. Жоспары: І. Ұйымдастыру

  1. Кіріспе

  2. ІІ.Негізгі бөлім: Дәм думан Би думан Сән думан Зияткерлік ойын:

  3. 1. Сөз құрау

  4. 2. Анкета сұрау Жүрісі: Мұғалім сөзі: Армысыздар құрметті көрермендер, ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Хабар арнасындағы «Таң қалмаңыз» атты бағдарламасының желісімен өткізгелі отырған «Таң қалмаңыз» атты сынып аралық тәрбие сағатты тамашалауға қош келдіңіздер! Бағдарламаның тақырыбы: «Шәкіртсіз ұстаз-тұл» деп аталады. Таң қаларлықтай сіздер үшін қызықты думанды бастаймыз.

Жүргізушілер:

1. Сахиев Ыбырай

2. Жанжігітова Айдана Ыбырай: Алдымен мен сіздерді қасымдағы көмекшіммен таныстырып өтейін. 7 в сыныптың үздік оқушысы Ж. Айдана. Айдана: Осы шараны ұйымдастырушы С. Ыбырайға да қошемет көрсетейік. Талантты, өнерліге шектеу қойылмайды деп айтқандай «Таң қалмаңыз» бағдарламасында оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен, өнерлерімен таныс боласыздар. Ыбырай: «Шәкіртсіз ұстаз-тұл» деген тақырыпта сайысты да тамашалаңыздар! Олай болса сайыскерлерді ортаға шақырамыз. (ортаға Гүлсезім мен Жазылбек шығады) Ыбырай: 7д сыныптың үлгілі оқушысы Бейбітқызы Гүлсезімге қошемет үлкен қошемет көрсетейік. Айдана: 10б сынып оқушысы, құқық секторы Қарабаев Жазылбекті де үлкен қошеметпен орта шақырайық. Ыбырай: Қош келдіңіздер! Сіздер бүгін сайысқа түсесіздер. Сіздердің жас ерекшеліктеріңізге қарамай сайысқа шақырғанбыз. Себебі талантты, өнерлі адам қандай шың болмасын, өзіне бағындыра алады. Айдана: Ағай, бізге бір адамдар жетіспей түрған сияқты. Ыбырай: Жетпейді деймісің, олар кімдер? Айдана: Олай болса таныс болайық, ортаға ерекше қонақтарды шақырайық. (Райгүл апай мен Нұрбек ағай ортаға шығады) Ыбырай: Сәлематсыздар ма? Қош келдіңіздер. Таныс болайық. Мектебіміздің оқушылар кеңесінің жетекшісі, дене тәрбиесінің мұғалімі Бекбауов Нұрбек. Мектебіміздің тәлімгері, ағылшын пәнінің мұғалімі Наурызбекова Райгүл. Айдана: Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға дегендей. Құрметті ағай, апай сіздерді мына оқушыларыңыз мақтан тұтып, сіздер секілді өнерлі, топты жарып шығатын, бәсекеге қабілетті азамат болғысы келеді деп ойлаймыз. Себебі осы сайысқа шығу үшін сіздерді таңдап, бақ сынамақшы. Ыбырай: Әділдікке баға берер қарауға, Әділдікпен қара қылды жаруға. Әділқазы алқаларын сайлайық, Нақ жеңімпаз таңдап бірін алуға, - деп бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап сайыскерлердің өнерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысайық. «Оқушылар кеңесінің» мүшелері: 1. Шамова А. 2. Амангелдиева Г. З. Ізтілеуова М. 4. Жалғасбаева А. Айдана: Ағай менің мұрным бір тәттіні сезіп тұр. Ыбырай: Менің мұрныма да тамақ иісі келетін секілді. Осы біз нағыз аспазшылардың қасында тұрған секілдіміз ғой. Айдана: Сайысымыздың бірінші бөлімі «Дәм думан». Сайыскерлерді дәм мәзірін жасауға шақырайық. Ыбырай: Жазылбек жігітке жеті өнер де аз дегендей үйде де тамақ пісіру, ас әзірлеу жұмыстарына араласасың ба? Айдана: Нұрбек ағайдың қолынан келмейтіні жоқ деп ойлаймын. Гүлсезім сүйікті ұстазым деп Нұрбек ағайды сайысқа алып шыққаныңа өкінбейсің. Сіздер қандай тағам дайындайсыздар? Жасалу жолдарын айтып берсеңіздер. Ыбырай: Райгүл апай да ерекше тағам әзірлеуде сияқты? Таныстыра отырыңыздар. (Сайыскерлер тағамның аттарын атап таныстырып, әділқазыларға ұсынады) Айдана: 7в сыныбының «бишілер» тобы сіздерге «Рокэн ролл» биін ұсынады. Ыбырай: Ән айтпай да билемей, Сайыстан текке кетпейік. Сайыскердің өнерін Тамашалап көрейік,- дей келе кезекті «Би думанға» береміз. «Би думан» Айдана: 70-ші жылғы жастардың, мектеп бітіруші түлектердің сүйікті биіне айналған. Қазір де ескірмей, әрбір адамға көтеріңкі күй сыйлайтын «Твис» биін тамашалаңыздар. (Гүлсезім мен Нұрбек ағай би билейді) Ыбырай: Беларусь биімен таң қалдыратын Жазылбек пен Райгүл апайды қошеметпен сахнаға шақырамыз. Айдана: Ағай осы сіз ауданға барып «Сымбаттылық сыры – сән» - атты сән байқауынан бас жүлде алып, көрермендерді өзіңіздің дайындаған сән үлгілерімен таң қалдырып едіңіз ғой. Ыбырай: Дұрыс айтасың Айдана. Қазір менен кеңес сұрап, сол өнерді қолға алып шығармашылығымен таныстыратын шәкіртім Н.Кәмшаттың дайындаған сән үлгілерін тамашалайық. Айдана: Кезекті «Сән думанға»береміз. ХХІ ғасырдың киім үлгілері: 1 .Әйгерім - 6а 2. Ақнұр - 6г З. Ақжарқын -7а 4. Ақбаян -6б (Пакеттен тігілген сән үлгілері) Ыбырай: Келесі бөлім - Зияткерлік ойын II турдан тұрады. 1-ші «Анкета сұрақтар» 2-ші «Сөз құрау» Айдана: Сіздерге бір ортақ сұрақ қойылады. 4 жауабын шатастырып береміз. Соған кім бірінші жауап береді, соған ұпай саны қосылады. І. Мектепте жоқ ұстаз: 1) Райгүл 2) Темірхан 3) Қарлығаш 4) Қарашаш 2. Қай кино қазақ фильміне жатпайды? 1) Менің атым қожа 2) Бандыны қуған Хамит 3) Махаббат үйі 4) Қыз Жібек З. Әлемдегі жоқ қала: 1) Орал 2) Тегиран 3) Бериван 4) Москва 4. Қай зат компьютер құралына жатпайды? 1) Жүйелі блок 2) Пернелік тақтай 3) Тышқан 4) Монитор 5. Сағыз селосына қарасты бүгінгі таңда орны жоқ елді мекен: 1) Шолақсай 2) Кенбай 3) Аққұдық 4) Соркөл 6. Зергерлік бұйымға жатпайтын атауды тап: 1) Алқа 2) Сырғалым 3) Жүзік 4) Білезік 7. Елтаңбада жоқ белгі: 1) Шаңырақ 2) Бидай 3) Пырақ 4) Пышақ 8. «Шұғыла» мәдениет үйі директоры кім? 1) Әлия 2) Мәншүк 3) Ғапура 4) Айгүл 9. Қазақ эстрадасында жоқ әнші: 1) Лұқпан Жолдасов 2) Бейбіт Сейдуалиева 3) Майра Илиева 4) Тамара Асар Айдана: Кезекті тағы да «Сән думанға» береміз. Ортада қуыршақтар Ыбырай: Тамашалап отырғандарыңыз 8в сыныбының үздік өнерлі оқушысы Н.Кәмшаттың дайындаған сән үлгілері. Кәмшатқа көп рахмет. Айдана: Кезекті зияткерлік ойынының «Сөз құрау» бөліміне береміз. (қалаймақан – сөзінен бірнеше сөз құрау) Ыбырай: Халқын қастерлеген, салтын қастерлеген,- дегендей халқымыздың ұлттық салт-дәстүрін әлі де жаңғыртып жүрген сегіз қырлы, бір сырлы ауыл азаматы – Жайлау ағамыздың саз балшықтан, қалың шиден дайындаған ұлттық қолөнерімен таныс болыңыздар. Айдана: Шығады асыл – тастан, өнер жастан, Тәрбие тәуір болса, әуел бастан. Мысалы , ғылым таппақ сол секілді, Бұлақтың бітіп жатқан көзін ашқан,- деп Мағжан Жұмабаев айтқандай сіздер, ағай-апай және сіздердің сүйікті оқушыларың Жазылбек пен Гүлсезім бүгінгі шараға қатысып, өте тамаша өнерлерімен таныстырып жатыр. Ыбырай: Көптеген таң қалдыратын дүние думанмен таныстық. Қазылар орнықтырар әділдікті, Кімдердің жауаптары дұрыс шықты. Таң қалмаңыз сайысынан Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,- дей отырып әділ қазылардан қорытындыны сұраймыз. Қорытындылау. Әділ қазылар жеңімпаз топты анықтайды, мақтау қағазын табыс етеді.



Мұғалім: «Таң қалмаңыз» атты сыныптан тыс тәрбиелік шарам 4 бөлімнен тұрды. Белсенді,өнерлі оқушыларым мен қолдарынан өнері тамған әріптестерім де осы шараға белсене ат салысты. Бұл шараға қатысушылар өте үлкен қызығушылықпен, ынта-ықыласпен қатысып, ұйымшылдықпен әр бөлімдегі тапсырмаларды орындауға тырысты

Автор
Дата добавления 29.12.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров148
Номер материала ДВ-296542
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх