Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Ашық тәрбие сағаты "Табиғатпен достасайық!"

Ашық тәрбие сағаты "Табиғатпен достасайық!"

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Табиғатпен достасайық!

Мақсаты:Табиғаттың маңыздылығын түсіндіру

Оқушыларды табиғатты аялай білуге тәрбиелеу

Көрнекілік: суреттер,нақыл сөздер,глобус,слайд.

Тәрбиелік шараның жоспары:*Кіріспе

*Табиғаттың 4 құдіреті

*Сұрақ-жауаптар

*Мақал-мәтелдер

*Табиғат әсемдігі (суреттер,әндер)

*Табиғат сұлулығын қалай сақтаймыз?

*Қорытынды

*Өте ерте заманда жер шарының көп бөлігін су басып жатты. Ол заманда өсімдіктер мен жануарлар әлемі пайда болмаған. Суларда тек түйіршік тәрізді тіршілік иелері болды.Біртіндеп жер бетіндегі сулар азайып,құрғақ жерлер көбейе бастады.Бұрын суда өсіп келген балдырлар құрғақ жерге өсуге бейімделіп,жапырақты өсімдіктер,шөптер,ағаштар пайда бола бастайды.кейінірек құрғақ жерлер көбейіп,суда да,жерде де мекендейтін бақа сияқты қосмекенділер пайда болған.Ұзақ уақыт өте келе ауа райы өзгеріп,суық бола бастаған.Бұл жағдай өсімдіктер мен жануарларға қатты әсер етіп,көбі өзгеріске қшырап,жаңа ауа райына бейімделді.Уақыт өте келе жер беті қазіргідей түрге еніп,осылайша табиғат пайда болған.Табиғат-адамдарды қоршаған әлем,тіршілік атаулының қонысы.

*Табиғат дегеніміз не? (тақтада топтастыру әдісі бойынша жұмыс)

*Ән «Табиғатым»

Табиғаттың 4 құдіреті

1.Жер-біздің ортақ үйіміз

Көктемде көгереді,

Жазда ырысқа бөленеді.

Күзде марқаяды,

Қыста қартаяды. (жер)

Табиғаттың басты байлығы-жер.Жер-қазынамыз,байлығымыз.Ата-бабамыз осы жер үшін сан ғасырлар бойы басын қатерге тікті.Адамдар,жануарлар, өсімдіктер өз қорегін жерден алады. «Жері байдың елі бай», «Күте білсең,жер жомарт».



Адамдар,жер-сенің аяулы бесігің,

Осы жер үстінде аштың сен тіршілік есігін.

Онымен кіндіктес жаның да,қаның да,

Жер-жаһан аялап тұр алақанында.

2.Ауа-табиғат байлығы

Керегінше әрқайсың,

Сіміресің,қанбайсың.

Онсыз жерде он минут,

Өмір сүре алмайсың. (ауа)

Тәжірибе (ауызды жауып,мұрнымызды қысып,дем алмау)

Жер бетінде барлық тіршілік ауамен ғана өмір сүреді.Таза ауа аурудан сақтайды.

Жер шары дәу әлем,

Қоршалған ауамен.

Ауасыз кім шыдар?

Ауасыз тұншығар.

3.Күн-табиғи дәрі

*Өзі-көзі,көзі-өзі, *Үлкен алтын табақтан,

*Түнде сөнеді,таңертең шығады. Әлемге нұр таратқан. (күн)

Күн жылуымен жер бетін қыздырады,адамға шабыт береді,жер бетіне тіршілік пен сәуле шашады.Ешқашан күн сөнбесін!Күн нұрын төксін!Күндей жарқырайық!Күнді бұлт баспасын!

4.Судың тазасы-дерттің дауасы

Аяғы жоқ,қолы жоқ,

Бірақ тыныш тұрмайды.

Сақтамасаң қорын тек,

Барша тіршілік қурайды. (су)

Су-құнды байлық,тазалық пен денсаулық кепілі.Сусыз тіршілік болмайды. «Сулы жер-нулы жер»,

«Судың да сұрауы бар» деп ерекше бағалаймыз.





Дидактикалық ойын: Егер де ...болмаса,не болар еді?

1.Егер де күн болмаса,не болар еді?

2. Егер де су болмаса,не болар еді?

3. Егер де ауа болмаса,не болар еді?.

4.Егер де өсімдіктер болмаса,не болар еді?

5.Егер де тоқылдақ болмаса,не болар еді?

6.Егер де көбелек болмаса,не болар еді?

Сұрақ-жауаптар

1.Қорық деген не?

2.Аяқ астынан соққан жел не деп аталады?

3.Өсімдіктер әлемі не деп аталады?

4.Жануарлар әлемі не деп аталады?

5.Табиғаттың 4 құдіретін ата.

6.Біздің жайлау аттарын ата.

Мақал-мәтелдер

«Тақия тастамақ» ойыны

Ойым бар ойын бастамақ,

Аты оның «Тақия тастамақ».

Ақырын аспаймын,таспаймын,

Алдыңа тақия тастаймын. (тақия киген бала мақалды айтып,келесі балаға тақиясын береді,ол бала мақал айтады.Осылай ойын жалғаса береді)

*Көлдің көркі-құрақ,

Таудың көркі –бұлақ.

*Бағбан болсаң ,бақ өсір,

Балама деп тағы өсір.

*Орман-ел дәулеті,жер сәулеті.

Арманымен ел сұлу,

Орманымен жер сұлу.

*Бабалары еккен шынарды балалары саялайды.

*Ағаш ексең аялап,

Басыңа болар сая бақ.

*Орман көп болса,олжаң көп.

*Өрісіне қарай мал өсер,

Өзеніне қарай тал өсер.

*Ермен-жанға дәрмен.

*Табиғат-отан байлығы.

Табиғат әсемдігі

Ұлан байтақ табиғат-туған ұямыз,

Ұямыздан қанаттанар ұланбыз.

Ұранымыз –«Туған жерді түлету»,

Табиғаттың қорғаны да мына біз.

Табиғатқа суретшілер суреттерін,ақындар өлеңдерңн,сазгерлер ән мен күйлерін арнайды.Біздің арамызда да табиғат суретін тамаша бейнелейтін оқушылар бар.Олар:Абышева Дильназ,Манарбек Әли,Қуатқызы Жанбота. (суреттері бойынша әңгіме жүргізілді)

Ән «Тарбағатай таулары»

Табиғат сұлулығын қалай сақтаймыз?

(Оқушылардың пікірлерін,ойларын тыңдау)

*Оттан қорға орманды,

Алау жақпа сен онда.

*Жұлмаңдар гүлдерді,

Табиғат азып,солмасын.

*Құстар-біздің досымыз,

Күштімін деп өлтірме.

*Құс ұясын бұзбаңдар,

Үзілмесін ән-күйі.

*Табиғатты қорғау үшін күресейік,

Бәріміз бірге жүріп,ағаштар егейік.

*Судың да сұрауы бар,

Үнемдейік біз суды.

*Ер жетіп,үміттерді біз ақтаймыз,

Жерді ұлтарақтай біз сақтармыз.

Қасиетті жер Ана,ауыл,елді,

Көркейтетін болашақ-біз жастармыз.

Ата-бабаларымыз оқу,жазу,сызу.ғылым дамымаған кезде ауа райын болжап,өз көргендерін ұрпақтарына айтып отырған.Айдың тууына,жұлдыздардың орналасуына,малдың жатысына,ағаштарға.өсімдіктерге қарап, ауа райын айтқан.

*Бабаларымыз айтқан екен...

*Көрініс «Аңшы мен бала»

Дидактикалық ойын «Жақсы-жаман»

*Ағаш отырғызу *Ағашты сындыру

*Орманды жою *Гүл отырғызу

*Суды ластау *Жерді шұқу

*Су тазартатын қондырғы орнату *Малдарды күту

*Ұя жасау *Қоқысты көрінген жерге төгу

*Құстың жұмыртқасын жару *Шөпті жұлу

*Гүл күту *Табиғатты қорғау



Жүректен жүрекке

(Өлеңді аяқтап,оң қолмен жүрек тұсымызды ұстап оқимыз)

Табиғаттан нәр алған ғой ............ ,

Жер бетінің ажары ол- .................... .

Туған өлке табиғатын ..................... ,

Ұсынайық жүрек нұрын .................... .





Табиғатты аялайық!Табиғатпен достасайық!

*Табиғат-ана құшағын саялайық,

Қорғау үшін күш-жігер аямайық.

Ол болмаса,сен жоқсың,осыны ұқ!

Адамзат,табиғатты аялайық!



Тарылса ауа қалай дем аламын,

Қоршаған ортам боп тұр тек алаңым.

Бұзылса суым,нуым, ауам тағы,

Перзенті бола алам ба Жер-ананың?



*Әй,табиғат!Шеберсің-ау,шеберсің,

Көрмегенді көрсетерсің,берерсің.

Ұлан ғайыр байлығыңды місе етпей,

Ашкөзденген адамдарға не етерсің?!



Айың-анау,Күнің-анау,Жер-анау,

Ау,адамдар,жетпей жатыр енді не?

Табиғатқа таласпаңдар,ағайын,

Асырайды ол сені де,мені де!



Ән «Атамекен»

Анамызды қалай жақсы көрсек, табиғатты да солай жақсы көрейік.Табиғатпен үнемі достықта болайық!Табиғаттың бізге берер сыйы өте мол,сондықтан оны аялайық!











Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 17.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров159
Номер материала ДВ-461732
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх