Инфоурок / География / Конспекты / Ашық тәрбие сағаты тақырыбы: "Ауаның ластануы"

Ашық тәрбие сағаты тақырыбы: "Ауаның ластануы"

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

hello_html_m279a12a0.jpg

К.Мендалиев атындағы орта жалпы білім беретін мектебі




hello_html_37603483.gif






hello_html_78ec408a.jpg























Өткізген: география пәні

мұғалімі А.К.Искалиева

Қатысушылар: 7




7 қыркүйек

2015 жыл

hello_html_m279a12a0.jpg

hello_html_m279a12a0.jpg

Ашық тәрбие сағаты

Тәрбие сағаттың тақырыбы: «Ауаның ластануы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға қоршаған ортаның ластануы тіршілік иелеріне өте зиян келтіретінін айтып, келешекке табиғат тағдыры өз қолдарында екені туралы толық түсінік беру;

Дамытушылық: экология мәселелеріне, табиғат келешегіне көз жүгіртіп, қоршаған ортаның тағдырына немқұрайлы қарамауға баулып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін одан әрі дамыту;

Тәрбиелік: қоршаған орта мен оның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану барысында табиғатты қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол, ізгілікті, мәдениетті жоғары ұрпақ тәрбиелеу;

Көрнекіліктер: слайд, нақыл сөздер, сұрақтар, өлең жолдар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Кіріспе сөз.

ІІІ. Табиғи ортаны қорғау, Қазақстанда экологиялық жағдай.

ІV. Гүлдер сұрақтар

V. Табиғат өлеңдері

VІ. Табиғатқа тілек

ІХ. Қорытындылау.

Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі өткізгелі отырған тәрбие сағатымыз ауаның ластануы жайлы болмақ.

Ата-бабамыз “Жер — қазына, су — алтын, мал — байлық” деп тегін айытпаған. Қазақ халқының табиғатқа деген сүйіспеншілігі ерте кездерден-ақ басталады. Көп салалы ұлттық дәстүріміз соның дәлелі. Өсімдіктер мен жануарлардың табиғаттағы, адам өміріндегі қадір-қасиетін, пайда-маңызын жақсы білген. Жас ұрпақтың көкейіне құйып, оларды сақтап, қорғауға бауылып, тәбиелеген

«Табиғат — тал бесігің, аяла, қорғай біл, тазалығын сақта!

Келешек сендердің қолдарыңда!»

Бүкіл жер бетіндегі адамзатты қатты ойландыратын және кезек күттірмейтін мәселелердің бірі — табиғи ортаны қорғау, табиғатты тиімді пайдалану керек. Соңғы кезде қоршаған ортаның ластануы барынша көкейкесті мәселелерге айналып отыр, өйіткені техникалық прогрестің және адамның ойланбай жасаған әрекетінің салдарынан өмір сүруге қажетті нәрселердің бәрі ластануда.Экология – ол қоршаған орта, ал қоршаған орта дегеніміз – табиғат. Адам өзіне керектің бәрін табиғаттан алады. Алайда қазіргі кезде дүние жүзінде экологиялық апаттар көбейіп кетті. Соның бірі ауаның көп ластануы.

hello_html_m279a12a0.jpg

Біз табиғатты пәк күйінде алдық және сол күйінде сақтап калуға міндеттіміз...


Қазақ халқында ауа тазалығын сақтауға байланысты дәстүрлер тараған. Атам заманнан қазақ халқының арасында «Жұпар ауа, дертке дауа» (халық қағидасы), деген нақыл сөз бар. Егер ауаның тазалығы денсаулықтың бірден бір кепілі екенін қазақ халқы түсінбесе, жоғарыдағыдай даналық сөз ел арасында тарамас еді.

Біздің елімізді жалпы алғанда экологиялық қауптісі бар ең ірі үш аймақ бар:

Семей полигоны, Байқоныр ғарыш айлағы, Арал теңізі. Семей полигоны:

Жер жүзіндегі ғалымдардың болжауына қарағанда, адамзаттың экологиялық апатқа ұшырауына әр түрлі себептері бар. Көптеген аймақтар экологиялық апатты аймаққа айналды. Республикамыздың аумағында ядролық қарудың сыналғаны әйгілі. Қазақтың жерінде сыналған 500 -ден астам атом бомбасының зардабы айытпаса да түсінікті. Полигондар аймағы ұзақ жылдар бойы құпия сақталды. Тек Семей полигоны ғана көпшіліктің назарында болып, қалған сынақ аймақтарынан жұрт беймәлім еді. Полигондардың ішінде Семей өңірі көп зардап шеккен аймақ. Шын мәнінде, қазақ даласының шамамен 19 млн. га жері 40 жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Ол жерлер Семей, Азғыр, Нарын, Тайсорған т. б. Полигондары табиғаты әсем, шұрайлы жайылымдар еді. Ядролық қару-жарақтарды сынау аймақтың табиғи ортасына және халықтың денсаулығына кері әсер етті, ядролық полигон төңірегінде тұратын халық қатерлі ісік, қанның азаюы (анемия), ақ қан (лейкимия) ауруларымен көп ауырды.

1991жылы 29 тамызда елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жапты. Бұл территория ұлы радиоктивті заттармен толы. Қазақстанда 17 млн адам бар, сонын 2,6 млн. Адам мутагенез ауруымен ауырса, көбі осы Семей полигонында дүниеге келген балалар болып саналады. Бұл аймақ әліде болса зерттелу үстінде. Арал теңізі:

Арал теңізінің жасы 8-10 мың жыл шамасы. Теңіз суының көлемі жағынан ТМД-да – 2 орын, Дүниежүзінде – 4 орын алатын көл. 1998 жылы теңіз деңгеі 18 км төмендеді. Өйіткені теңізге құятын басты өзендер – Сырдария, 1974 жылдан және Әмудария 1982 жылдан мүлдем сарқылды. 38 жыл ішінде (1961-1999) теңіз деңгеі 18 метрге төмендеді. Арал теңізі жағалауынан 150-170 км шегінді. Кепкен теңіз түбі сортаңға айналуда. Ашылған теңіз жағалауынан көбін тұз бен құм жауып жатыр. Көл суының тұздылығы 3 есе артып 80٪ жетті.

Арал теңізі қазіргі тартылу үстінде:

Климатының ыссы;

Буланушылық;

Құятын өзендердің жетпей құрғап кетуі;

Байқонырдың әсері.

Ауаны ең көп ластайтын — өнеркәсіп орындары мен завод, фабрикалар, әр түрлі көлік түрлері. Ластау көздері — ауаға түтінмен бірге күкіртті және көмірқышқыл газын шығаратын жылу электр станциялары, химия өнеркәсібі және цемент зауыттары. Өнеркәсіп және өндіріс орындарында пайдаланылған сарқынды судың да келіп қосылуына байланысты су көздері ластануда.

Балалар , мына қызылды, жасылды гүлдерде табиғатқа байланысты сұрақтар бар. Қалаған гүлдеріңізді таңдап, ішіндегі сұраққа жауап беріңіздер.



hello_html_m279a12a0.jpg1-сұрақ. Егер сен ақын болсаң...

Жауабы. Егер мен ақын болсам, елімнің орманын, кең даласын жырға қосып өлең жазар едім.

2-сұрақ. Егер сен суретші болсаң...

Жауабы: Егер мен суретші болсам, туған жерімнің сұлулығын суретте көрсетер едім.


3-сұрақ. Орман-тоғайға байланысты тыйым сөздерді білесің бе?

Жауабы. Ағашты кеспе, орманды өртеме, шөпті таптама.

4-сұрақ. Ауаға, суға байланысты тыйым сөздерді білесің бе?

Жауабы. Суды лайлама, суға түкірме, ауаны ластама, су ішкен құдыққа түкірме.

5-сұрақ. Жануарларға -құстарға байланысты тыйым сөздерді білесің бе?

Жауабы: Аққуды атпа, малды теппе, құмырсқаның илеуін бұзба, құстың ұясын бұзба.

Табиғатқа өлең жырлар

Сұлу дала, менің сүйген өлкемсің,

Жаны жайсаң жаратылған еркемсің.

Қандай жақсы қазақ болып туғаным,

О, туған жер, тамашасың, көркемсің!


Аралға да жан ашымай қарадық,

Сарқылмайтын байлыққа оны санадық.

Талай елді асыраған ежелден

Аралдың да бар байлығын тонадық


Ойлау керек Арал жайын, ел жайын,

Пәк табиғат тозып жатыр жыл сайын.

Өзімізді асыраушы табиғаттай Ананы

Қорғау үшін әрқашанда тұр дайын.


Қорытындылау:

Сабағымыздың соңында бір-біріміздің қолдарымыздан ұстап, қөңілді күйде, табиғатқа байланысты сөздерді, сөйлемдерді пайдалана отыра тілек айтайық.


Сұлу табғатымызды аялай білейік, табиғатты сүю парыз, сүю үшін қорғау - парыз.


«Табиғат — тал бесігің, аяла, қорғай біл, тазалығын сақта!

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 29 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-129690
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>