Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыАшық тәрбие сағаты тақырыбы "Менің елім"

Ашық тәрбие сағаты тақырыбы "Менің елім"

Скачать материал

Менің елім!

 

Безендірілуі : Қазақстанның жалауы, елтаңбасы, қазақ халқының ұлттық оюымен өрнектелген Отан, туған ел жайлы мақал- мәтелдер, даналық сөздер жазылып ілінеді. Қағазға әр бекет (станция) аты жазылады: Тарих, Салт-дәстүр, Тау мен дала, Табиғат, Ән мен күй, Әдебиет 

Керекті құралдар: оқушыларға арналған сұрақтар салынған конверт, көрермендерге арналған тапсырмалар, қалам, қағаз. Ойынға 2 топ қатысады

      I.            Ұйымдастыру кезеңі:
-   Сәлеметсіңдерме, балалар! Қазақстан біздің сүйікті – Отанымыз. Көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары, айдын шалқар көлдері, жайыла аққан өзендері, ормандары бар. 
Осының бәрі Алтай менен Атырау, Ақжайық пен Алатаудың аясында құлаш жайып, жайнай түрленіп жасанып-жасарып жатыр. 

 «Отан отбасынан басталады!» - деп халқымыз айтқандай.  Отан кең мағыналы қасиетті ұғым. Әрбір адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, аймағы, мемлекеті оның жарық дүниедегі жан саясы, өмір өрісі, оттай жандырған Отаны. Отанымызды сүйіп, аялау үшін еліміз, туған жеріміз оның тарихын, өткені мен бүгіні жайлы жақсы білуіміз қажет. 

Бүгін «Менің елім!»  атты саяхат-ойынын өткіземіз. 
Мына көрсетілген бекеттердің көмегімен біз елімізге сапар шегіп, Отанымыздың тарихы, өнері, салт-дәстүрі,табиғаты жайлы қосымша мағлұматтар аламыз. Ол үшін бізге 2 топ қатысады.

І – топ. «Бейбітшілік»

ІІ -  топ. «Қазақстан»

   Әр бекеттен сұрақтар қоямын. Көп ұпай жинаған команда жеңеді.

Әділ қазылармен таныс болайық:

1.     Бірінші «Тарих» бекеті қазір мен сендерге сұрақтар қоямын. (конверттен сұрақтарды алу) 
1. Қазақтың әйгілі үш биі? (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би) 
2. Қазақ халқының атақты үш батыры (Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай.) 
3. Қазақстанның елордасы? (Астана) 
4. Алтын адам табылған жер? (Есік қорғаны) 
5. Қазақстанның ең алғашқы астанасы ?
(Орынбор) 

2.     Екінші «Тау мен дала» бекеті (конверттен сұрақтарды алу) 
1.Зайсан көлі Қазақстанның қай облысында орналасқан? (Шығыс 
Қазақстан облысы) 
2. Қазақтар қандай дала өсімдігін отанның символы деп есептейді? (Жусан) 
3.Біздің еліміздің жерінде кездеспейтін аңдар мен жануарларды атаңдар (Піл, арыстан, мүйізтұмсық, қолтырауын, керік т.б.) 
4.Жетісудың жеті өзенін атаңдар (Іле, Қаратал, Биен, Ақсу, Лепсі, 
Басқан, Сарқант) 
5. Қазақстанның ең биік нүктесі ата? (Хантәңірі шыңы) 
(Көрермендер үшін бұл сұрақтар тақтайшаға жазылып қойылады)

3.     Үшінші « Әдебиет» бекеті (конверттен сұрақтарды алу) 
1. Қазақ халқының ұлы ақындарын ата (Абай Құнанбаев, Жамбыл, М.Жұмабаев, М.Мақатаев т.б.) 
2. Қазақ халқының ертегілерін атаңдар (Ер- Төстік, Алтын сақа, Асанқайғы, Тазша бала, Керқұла атты Кендебай, Жыл басы т.б.) 
3. Отан, туған жерге байланысты мақал-мәтелдерді жалғастырып айтыңдар
Отансыз ...адам – ормансыз бұлбұл 
Отан ...оттан да ыстық 
Ел іші –.... алтын бесік 
Отан – ....елдің анасы, ел –ердің анасы 
Туған жерге...туың тік 
Туған жердей ...жер болмас, туған елдей ел болмас. 

4.     Енді біз сендермен  жұмбақтарды шешіп көрейік: 
Аузы төбесінде, 
Тұтқасы денесінде  (Құман) 
Иінінде құлағы, 
Ішінде бұлағы, 
Көмейіне от салсаң, 
Ызыңдап тұрады.   (Самауыр) 
Мал төлдеп, 
Әр ауыл 
Пісіреді ақ бауыр  (Уыз) 
Басы құдық, 
Сабы сырық.  (Ожау) 
Ыдыс –аяқ бөлмесі, 
Тазалықтың көрмесі.  (Әбдіра) 

5.     Төртінші «Ән-күй» бекеті  (конверттен сұрақтарды алу) 
Сендердің алдарыңда қазақ халық әндерінің сөздері берілген. Сөздерден ән шумақтарын құраңдар. 
• Қаратаудың басынан көш келеді, 
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді,  («Елім-ай» әні)
• Әй-әй, бөпем, 
Кейін қалған елімді 
Көрер ме екем!   («Угай-ай» әні)

6.     Бесінші «Салт –дәстүр» бекеті. (конверттен сұрақтарды алу)  

1.Қазақ елінде ертеден келе жатқан қандай мейрамдар бар? (Ораза  айт, Рамазан айт, Наурыз ) 
2. Қазақ халқының қандай ұлттық тағамдарын білесіңдер (бесбармақ, қазы-қарта, жал-жая, қымыз....) 
3. Қазақ қыздары ертеде қандай аяқ-киім киген? (саптама, кебіс, киіз етік) 
4. Қазақ халқының ұлттық киімдерін атаңдар (Айыр қалпақ, сәукеле, шапан, тымақ, ішік, кимешек, камзол, мәсі, бөрік т.б.)

      5. Қазақ халқының ұлттық сувенирі саналатын зат? (түйе, киіз үй....) 
(Көрермендер үшін бұл сұрақтар тақтайшаға жазылып қойылады )

7.     Алтыншы «Табиғат» бекеті 

Әріптердің орнын ауыстыру арқылы Қазақстан қалаларының атын табыңдар 
1.МАТЫАЛ (Алматы) 
2. АНАТСА (Астана) 
3. ЫДНАҒАРАҚ (Қарағанды) 
4. ЕКТНМЫШ (Шымкент) 
5. РДПОЛАВА (Повладар) 

   II.            Қорытынды сөз:

- Қазақстаным, мекенім
Ынтымақпенен достықтың,
Кеңдік пен кемелдіктердің,
Даламды бабам мұра еткен.
Жайқалтар соны түлек мен.
Қалалар жайып қанатын.
Ауылымды арай нұр еткен.
Қазақстанымды қасиетті
Сүйемін алай жүрекпен! – дей отырып бүгінгі тәрбие сағатымыздың
саяхат – ойынын аяқтайық.(жеңген команданың мүшелерін ортаға шығарып марапаттайды).

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық тәрбие сағаты тақырыбы "Менің елім""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Электронный архивариус

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Ашық тәрбие сағаты тақырыбы "Менің елім". Бұл тәрбие сағаты саяхат сабағы болғандықтан оқушыларды Отанды сүюге, қорғауға және көптеген білмей жүрген сұрақтарға жауап табуға көмектеседі.

I.- Сәлеметсіңдерме, балалар! «Отан отбасынан басталады!» - деп халқымыз айтқандай. Отан кең мағыналы қасиетті ұғым. Әрбір адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, аймағы, мемлекеті оның жарық дүниедегі жан саясы, өмір өрісі, оттай жандырған Отаны. Отанымызды сүйіп, аялау үшін еліміз, туған жеріміз оның тарихын, өткені мен бүгіні жайлы жақсы білуіміз қажет.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 528 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.05.2015 1373
    • DOCX 44.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ұзақбай Гүлзинат Жолдасқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ұзақбай Гүлзинат Жолдасқызы
    Ұзақбай Гүлзинат Жолдасқызы
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 1460
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 410 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 542 человека

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 760 человек из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 979 человек

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 126 человек

Мини-курс

Психология общения: от многоплановости до эффективности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Инновационные технологии в краеведческой и географической работе со школьниками

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Работа с детьми с особыми образовательными потребностями

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 358 человек из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 174 человека