Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыАшық тәрбие сағаты "Тіл туралы" тақырыбында

Ашық тәрбие сағаты "Тіл туралы" тақырыбында

Скачать материал

 

 Мектеп: Албан Асан Барманбекұлы атындағы орта мектеп-гимназиясы

 

Мұғалім: Надырова Гульмира Сатыбалдықызы.

Мерзімі: 

29.09.2017                             

Пәні:

Тәрбие  сағаты

Сыныбы:

3 «А"

Сабақтың тақырыбы

Тілім барда тірімін мен, мәңгімін!

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Оқушылар қазақ тілін білудің маңызы жайлы біледі. Қазақ тілі туралы өлең, мақал-мәтел, нақыл сөздерді оқу арқылы оқушылар сөздік қорларын молайтып, тіл байлығын дамытады. Қазақ тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиеленеді.

Оқушылардың ой-өрісі, тілдік белсенділігі дамиды.

Сабақтың мақсаты

Оқушылар елін,тілін  сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз  елінің  тарихын білуге , бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйренеді, туған  еліне,  жеріне ,туған тіліне  деген сүйіспеншілігі артады.

Жетістік критерийлері:

Оқушылардың таным белсенділіктері дамиды, қызығушылықтары артады. Ойларын жүйелі түрде жеткізе біледі, шығармашылықпен жұмыс жасайды,  мағынасын түсіне білу дағдылары дамиды.

Тілдік құзыреттілік

 Ағылшын тілі,орыс тілі

Құндылықтарды дарыту

Туған тілге деген сүйіспеншілігін арттыру

Пәнаралық байланыстар

Тарих, жағрафия, әдебиет

АКТ қолдану дағдылары

Слайд

 

 

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері:

 

 

                     Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

                         Ресурстар

Сабақтың басы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тіл туралы ролик көрсетіледі.

 1-ж.: Армысыздар  құрметті ұстаздар,оқушылар ! Бүгінгі 3 «А» сыныбының Тіл мерекесіне орай өткізгелі отырған «Тілім барда тірімін мен, мәңгімін…» атты   тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз!

  Тілім менің-тірлігім

Тіл жайында толғанбайтын кім бүгін?

Тіл жайында үгіттейді кімді-кім?

Тілім менің-тілім менің тірлігім!

 2 - жүргізуші:
Здравствуйте, уважаемые учителя, учащиеся! Здравствуйте, все, те кто пришел на наш праздник.
3 - жүргізуші:
Good afternoon, dear friends!

Айнұр:
1998 жылы 20 қаңтарда еліміздің Президенті Жарлығымен 22 қыркүйек Қазақстанда тұратын халықтардың «Тілдер мерекесі» деп жарияланды. Сондықтан еліміздің барлық аймақтарында Тілдер мерекесі өткізілуде. Тіл адамдар арасындағы қарым қатынас құралы.
Ақниет: Наш президент Нурсултан Абишевич Назарбаев поставил перед нами задачу: говорить на з - х языках: казахском, русском и английском, не забывая при этом и своего родного.
Нұрбақыт: Also our president N. Nazarbaev demands us knowing several languages.
Динара: Ана тілім- тірлігімнің тірегі

Тілмен ғана кірер адам реңі

Тілсіз қоғам-өлі мынау дүниеде,

Түсініксіз  тылсымменен бір еді.

Ана тілім-әрекетім азығы,

Бар ғаламды танушылық қазығы,

Ой-сананың өсуінің куәсі,

Ғасырлардың кейінгіге жалғасы.

Ерсанат: Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім,

Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым,бақытым,дара тілім.

                     

АКТ                              Слайд

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

Оқушыларды топ-топқа бөлу үшін қағаздарға топ аттары жазылып жасырылады. Кім қай топты таңдаса, сол топқа кіреді.

1 топ Қазақ тілі

2 топ Орыс тілі

3 топ ағылшын тілі

Әр топтың оқушылары өздерінің топтарының аттарына сәйкес білетін мақал-мәтелдермен, сөз тіркестерімен жарысады. Қай топ көп мақал-мәтел айтса, сол топ көп ұпай жинайды.

 

Үш топқа қағаз таратылады оқушылар берілген қағазға топ атына сай болу үшін қандай болу керектігін жазады, топтан бір оқушы шығып түсіндіріп өтеді.

Қазақ тілі тобы: Әдемі: Халқымыздың аса бай рухани қазынасы- туған ана тіліміз.Ол – қазақ тілі. Елімізде жүзден аса ұлт өкілдері тату-тәтті  өмір сүруде. 1989 жылы 22 -қыркүйекте қабылданған. “Тіл туралы” заңда “Тіл- халықтың ұлы жетістігі әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін бөлігі” делінген.

  Ақнұр: 1989 жылы 22 қыркүйекте ҚР-ның Тіл туралы Заңы қабылданды. Қазақ тілі ҚР-ның мемлекеттік тілі болып жарияланды. Нұрай: Қазақ тілі – дүние жүзіндегі ең бай, беделді де бейнелі тілдердің бірі.

Өткірдің жүзі,

Кестенің бізі,

Өрнегін сендей сала алмас – деп ұлы Абай атамыз таңырқап тағзым еткен де осы қасиетті тіліміз. Халық байлығы- әр елдің мақтанышы. Ол атадан-балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра. Олай болса, достар, өз ана тілімізді құрметтеу перзенттік парызымыз екенін ұмытпайық.

 Тілім менің тірегім, дінім менің,

Тілсіз қандай болады күнім менің.

Өз халқына жетеді өз мәнінде

Өз тілімде оқылса жырым менің.

 

-Ақмаржан:     Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»

- Нұрбақыт мен Әли: Дихан Әбілов «Туған тілім»

-Нұрай:Несіпбек Айтұлы «Ана тілім»

                    
Орыс тілі тобы:         орыс тілі –ұлтаралық қатынас тілі.

Б.Жанерке «Моя земля»(орыс тілінде өлең оқылады)

Аружан:  «Здравствуй школа»,Мөлдір,Ақбота «Родной язык»,

Ағылшын тілі тобы    Ағылшын тілі - әлемдік бизнес тілі, оны меңгеру – жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі. «Ақпараттық технология дамыған қазіргі дәуірде күн сайын дерлік ағылшын тілі дүние жүзі халықтарының тілдеріне жаңа сөздер мен ұғымдар арқылы батыл ену үстінде. Бұл үдерістен біз де тыс қалмауымыз керек» . (ағылшын тілінде тақпақ оқылады)

 

3.     «Блиц тур» стратегиясы .

Сұрақтары.)

Қазақ тілі тобына:

1.     1. А. Байтұрсынов кім?
2. Жүз жасаған ақын?( Жамбыл Жабаев)
3. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?(1989ж. 22. 09 және 1997ж. 11. 07.
4. Абайдың қанша қара сөзі бар?( 45 қара сөзі бар)
5. Ата Заң күні қашан?(30тамыз 1995 жылы)
6. Қазақтың тұңғыш алфавитін жасаған кім?(Ы.
Алтынсарин)

2.     Орыс тілі тобына
7. Тіл туралы Заң неше баптан тұрады?(27 бап, 6 тарау)
8. Қазақ халқының батыр қыздары кімдер?(Әлия, Мәншүк)
9. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?(1991ж, 16. 12)
10. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы. Алтынсарин)
11. Қазақстан жерінен өткен жол.(Жібек Жолы)
12.«Қазақ вальсінің королі» атанған композитор кім? (Ш. Қалдаяқов)

3.     Ағылшын тілі тобына:
13. Әнұранның авторларын атап бер.(сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Н. Назарбаев. Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов)
14. Абайдың туған жылы. (1845жылы 10. 08)
15. Абайдың қандай өлеңдері бар?(Қыс, Күз, Көзімнің қарасы т. б)
16. ҚР - ның рәміздерін ата.(әнұран, елтаңба, ту)
17. ҚР - ның астанасы қай қала?
18. Әл - Фараби өмірге келген қала. (Отырар)

Елнұр:Тіл-мәдениет, тіл-әдебиет,тіл-тарих.Енді бір сәт әдебиетімізге көз салайық.Ұлылардың сөздеріне құлақ салайық.

«Түрлі-түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе , мен тіл байлығын таңдар едім. Өйткені тіл байлығы – бәрінен де сеніді байлық»

Ғабит Мүсірепов

 

Ерлан: «Анамыздың ақ сүтімен  бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата – бабамызды, тарихымызды  ұмыту»

Бауыржан Момышұлы

 Динара: «Ана тілін ұмытқан адам, өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді»

Ғабит Мүсірепов

 Нұрберген: «Тіл деген – бізге өткен дәуірлерден қалған асыл мұра. Ол тіл атамыздаң ақылынан, анамыздың сүтімен  жаралған. Қазақтың өз тілі – қазақ үшін алтын бесік»

Шерхан Мұртаза

          Қ.Жанерке: Қымбатты ұстаздар,оқушылар! Сыныбымыздың  әдеби-театралдық қойылымын тамашалаңыздар!  

 

Аружан:   Төле би:  Жасыма!

                                  Уа, халқым!

                                  Көсіле шабар жерің бар,

                                  Тай көтерген елің бар,

                                  Қол бастайтын ерің бар.

                                    Атадан қалған сара жолың бар,

                                    Сөз қадірін біліңдер!

   Нұрбақыт:

Қазыбек би: Налыма!    Біз қазақ деген, мал баққан еміз.Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзаға  үкі таққан елміз.Ешбір дұшпан басынбаған елміз.Басымыздан сөзі асырмаған елміз.

 Нұрберген:

Әйтеке би: Тамыры суда тұрса да.

Уақыты жеткенде

Қурамайтын құрақ жоқ.

Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады.

 1- Туған тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде!

2- Туған тілім! Ана сүтінің жұғымы да сенде!

3-Туған тілім! Райхан гүлдің жұпары да сенде!

4- Туған тілім! Мәжнүн ғашықтың іңкәрі де сенде!

Бірге: Туған тілім! Қыран құстың жанары да сенде!

Ендігі айдарымыз мақалдың жартысын табу. Тіл туралы мақалдар  «Жалғасын тап!»
1. Тіл тас жарады, тас жармаса.....(бас жарады)
2. Бал тамған тілден...(у тамған)
3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты...(сөз бұзар)
4. Жақсы сөз -...(жарым ырыс)
5. Қаһарлы сөз...(қамал бұзар)
. 6. Шебердің қолы ортақ, шешеннің...( тілі ортақ)
7. Жақсы байқап сөйлер, жаман...( шайқап сөйлер)
8. Бас кеспек болса да,... ( тіл кеспек жоқ)
9. Дәлелсіз сөз...(желмен тең)
10. Тіл қылыштан... (өткір)
11. Піл көтермегенді,...(тіл көтереді)
12. Тілден артық...(қазына жоқ)
13. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі...(ой өсіреді)
14. Жыланның уы тісінде, Адамның уы... ( тілінде)
15. Ең ащы да тіл, ең...(тәтті де тіл)
16. Өнер алды – ( қызыл тіл)
17. Айтылған сөз -...( атылған оқ)
18. Жылы - жылы сөйлесең, жылан...(інінен шығады)
19. Басқа пәле -...(тілден)
20. Білім кілті -... (тіл)
21. Тілге құрмет –(елге құрмет)
Ж
әния:    – Қуан далам! Қуанатын күн бүгін!

Серпіп таста, мұңды жүрек түңдігін!

Тіл туралы Заңым енді күшінде,

Паш еткендей  кескен жаңа кіндігін!

– Қуан бабам! Қуанатын күн бүгін!

Халық жауы атандың-ау сол үшін,

Ғұмырыңды құрбан етіп жолыңда ар.

Қуан анам! Ұстазыңнан сүйініп,

Сәтің де көп кеткен кейде түңіліп.

Ақ сүтіңмен бойға біткен тіліңді

Пір тұтамын мен алдыңа иіліп.

– Қуан балам! Туған тілдің киесі.

Жебеп сені болғаныңа иесі.

Тек мұнымен бітпейтінін ұғып өс,

Дүниеде тіршіліктің күресі.

– Қуан халқым! Күшіне енді тіл заңы,

Сүйінші деп ақын ұлың жырлады

Ел елдігі бағаланар тілімен,

Сол арқылы құлпырады, гүл бағы.

 Б.Жанерке:

 Үш тілді оқыту – заман талабы.     Үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі. 

«Үштұғырлы тіл» туралы идеяны мемлекет басшысы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында жария етті. Ал 2007 жылғы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты халыққа Жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды.

   Аделя: Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.Қазақ тілі – қазақ халқының тілі.Оның негізгі мекені –Қазақстан. Әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен, ғасырлар бойы жиған рухани азығынығ нәр алатын кіндік тамыры, ол- ана тілі.

 Б.Ақбота:

О,адамдар , құрметтейік тілді біз

Тілсіз қалай болмақ ертең күніміз

Жайылмасқа шара қылшы, ер халқым

Құнды мұраң жоғалмасқа мәңгілік

Тілсіз жұртым шөптей қурап азады-ау!

Туған тілді қорғап бақшы, қазақ-ау!

Сарқылмайтын қуат пенен күш берген

Туған тілдің қасиеті, ғажап-ау!

 

Ендігі кезекті концерттік бағдарламаға берейік!

1.«Ананың тілі-аяулы үні» хор

2. «Жаса қазағым» орындайтын Ерсанат

3.Би «Өзбек биі» билейтіндер Әдемі,Мөлдір

4.Reng-reng! Хор

5. «Жан әке»орындайтын Ақмаржан

6.Ауа –райы туралы ән .хор

7.Би «Қарасаздың шыбығы» қыздар тобы

 

 

Топ атаулары MS Word бағдарламасы арқылы жасалды

 

 

 

 

постер

 

 

«ыстық орындық»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Блиц» тур стратегиясы

 

«Блиц»тур стратегиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд

Рефлек-

сия

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 (Балаларды ортаға шақырып, шеңбер құрастыру)

– Менің қолымда ақ түсті бір шүйке жіп. Қазір мен оны шеңбер бойы жіберемін. Қолға түскен жіпті саусаққа орап,  алысқа жетелейтін армандарыңды  тілеңдер.   (Жіп мұғалімге келеді.)

– Бізбен жіп не істеді?

– Қалай ойлайсыңдар, бұл жақсылықтың белгісі ме?   (Балалардың пікірі)

– Дұрыс, жіп бізді біріктірді. Әрқашанда бірге болуымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Бір шаңырақ астында тату өмір сүруіміз керек.  Мектепте  болып жатқан әр түрлі шаралардан қалыспауға, өзіміздің үлесімізді қосуға ұмтыламыз. Қазақ халқының дәстүрін, тілін құр­меттеп, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында тынбай еңбек еткенде ғана, еліміз де көркейіп, гүлденеді.

Тәрбие сағатын Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен аяқтағым келіп тұр: “ Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ”.

Жіп

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық тәрбие сағаты "Тіл туралы" тақырыбында"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Бизнер-тренер

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 647 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.11.2017 1531
    • DOCX 69.8 кбайт
    • 11 скачиваний
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Надырова Гульмира Сатыбалдиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 9362
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие предметных навыков при подготовке младших школьников к олимпиадам по математике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 101 человек

Курс повышения квалификации

Новые методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 958 человек из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 7 689 человек

Курс повышения квалификации

Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 248 человек

Мини-курс

Современные направления в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные направления в архитектуре: архитектурные решения гениальных изобретателей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с подростками

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек
Сейчас в эфире

Информационная интоксикация: методы исцеления

Перейти к трансляции