Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Конспекты / Ашық тәрбие сағаты "Тәуелсіздік Қазақстан" (2 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Ашық тәрбие сағаты "Тәуелсіздік Қазақстан" (2 сынып)

библиотека
материалов



Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

«Теміртау қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебі»

Коммуналдық мемлекеттік мекемесі








hello_html_45a259f2.gif


Тақырыбы: «Тәуелсіз Қазақстанға 20 жыл»









Өткізген: 2 В сынып жетекшісі

Исаева А.С.









Теміртау қаласы. 2011 – 2012 оқу жылы





hello_html_m6c9ae213.jpg


















hello_html_m60b0e0d.jpg










Тәрбие сағатының мақсаты: Тәуелсіздік тұғырының биік шыңына жетелейтін оқиғаларға толы тарих беттеріне шолу жасау. 20 жыл бойы жеткен ҚР жетістіктері, қабылданған заңдар және ҚР Президентінің жолдауының проритеттерін үгіт насихаттау. Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының көрнекілігі: интерактивті тақт, шарлар

Тәрбие сағатының барысы:

Мұғалім сөзі:

Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар, бүгінгі біздің ашық тәрбие сабағымыз өзгеше. Биыл біздің Тәуелсіздігімізге 20 жыл толып отыр. Тәуелсіздік! Ата-бабамыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздік! Тәуелсіздік жолында халқымыздың басынан қандай оқиғалар өтпеді.Тәуелсіз ел тарихы- отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін тамыры терең бай тарих. Елім, Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан, өз ауылынан, өз өлкесінен басталады. Егемен еліміздің ертеңін нұрлі етер «барыс» текті, намысты ұрпақ бойында ұлттық сана көрініс тапса, ақыл ойымен жүрегінде жерімен еліне деген сүйіспеншілік орын тепсе, бұл қоғамымыздың қалыпты дамуы, өркениетке ұмтылу жолдарындағы нәтижелі көрініс болып саналмақ.

Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.

Мерейің құтты болсын Қазақстан!

Ғасырлар тойы болшы келе берер!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау.

«Тәуелсіз Қазақстанға 20 жыл!» атты ашық тәрбие сағатын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

1 – жүргізуші:

Топырағыңмен тамырласып кіндігім,

Қуаныштан жүрек толқып тұр бүгін.

Нығайтамын елдігімнің тұғырын,

Берік ұстап Тәуелсіздік тізгінін.


2-жүргізуші:

Шежіресін шертсе күй ғып көне жер,

Ертеңіне, өркеніне сене бер.

Дүниені дүбірімен таңдантқан,

Міне, осындай Қазақстан деген ел.


1 – жүргізуші:

«Қара жорға» биін орындауда


Мұғалім сөзі: Бүгінде Қазақстан көк байрағы көкке желбіреген, қазына байлығын пайдалана білген, ұрпақтарына ұлттық тәлім-тәрбие берген егемен ел. Аз уақыт ішінде басқаларға өз басымдылығын көрсете білген, экономикасы, мәдениеті өркендеген азиялық айбынды мемлекетке айналды. «Болашақтың барысы» деген айдарлы елдің бірі болуға белді бекем байлап, әлем кеңістігіне бойлай еніп, басым беделге бет түзеуде. Ал осы аз ғана уақыттың ішінде елімізде елеулі өзгерістер болды. Енді тәуелсіздік хроникасына назар аударайық.


1-оқушы: -1991 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған жылы». 1 желтоқсанда Қазақстан Президенті сайланды. 16 желтоқсанда ҚР-сы егеменді тәуелсіз мемлекет деп жарияланды.

2-оқушы:-1992 жылы «Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы». 2 наурызда ҚР-сы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. 4 маусымда ҚР-ның Мемлекеттік рәміздері дүниеге келді.

6-оқушы:

Желбірейді шалықтап

Қазақстан жалауы

Көкте қыран қалықтап,

Қанат қағып барады

7- оқушы:

Көк аспанда нұрлы күн

Күлімдейді далама

Бақыт тілеп тұр бүгін

Ол барлық пәк балаға

8- оқушы:

Ұлттық өрнек мұрамыз

Адастырмас мұраттай

Нық көтеріп тұрамыз

Жалауды біз құлатпай!

9-оқушы:

Бұлт баспасын күнімді

Тарылмасын өрісім.

Биік ұстау Туымды-

Қасиетті борышым

10- оқушы:

Бейнелеп сан ғасырды

Елтаңбасы елімнің

Таратады хас үлгі

Киесіндей жерімнің

11- оқушы:

Бабам тұлпар жаратты

Құлынын да танып – ақ

Тұлпар барда қанатты,

Шайқалмайды шаңырақ

12- оқушы:

Тәуелсіздік көркі ол да,

Өркениет өрінде

Нұр төгеді елтаңба

Ақ Орданың төрінде

13- оқушы:

Енді бүгін өлген туым тірілді

Әнұраным жалғап алды ғұмырды

Босағада қалып келген Елтаңбам,

Баяғыша төріме кеп ілінді.

14- оқушы:

Батырлыққа уызынан жарыған

Ер түркіні байрағынан таныған

Өзі ақын, өзі әнші халықта

Кім айта алар

Болмаған, - деп - Әнұран?!


3-оқушы:-1993 жылы «Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды». 28 қантарда ҚР-ның тұңғыш Конституциясы қабылданды. 18 желтоқсанда Президент Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен ҚР-ның ұлттық валютасы теңге айналымға енгізілді.

4-оқушы:-1994 жылы» Халықаралық Отбасы жылы». Жоғарғы Кеңес пен Маслихаттар сайлауы өтті. 25 қарашада екінші қазақ ғарышкері Т.Мұсабаевтің халықаралық экипажының «Союз ТМ-19» ғарышқа сапар шекті.

5-оқушы:-1995 жылы «Ұлы ақын Абай жылы». 30 тамызда екінші рет тәуелсіз еліміздің Конституциясы қабылданды.

6-оқушы:-1996 жылы «Бейбітшілік пен рухани татулық жылы». 16 желтоқсанда Алматы Тәуелсіздік монументі ашылды.

7-оқушы:-1997 жылы «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу жылы». Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған «ҚАЗАҚСТАН-2030» жолдауы жарық көрді.

8-оқушы:-1998 жылы» Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы». Астана қаласының ашылу рәсімі болды.


20 – оқушы:

Халқымның мақтанышы – алып тұлға,

Әлемнің назары ауды Ақ ордаға

Бәйтерек – көкке қолын созып тұрған,

Ұқсайды менің асқақ арманыма.

4 – оқушы:

Көз қуанып күн сайын көркеміне,

Көңіліміз сенеді ертеңіне

Қазақстан – алып ел, төрі Астана,

Таңым ғана лайық ел төріне

9-оқушы:-1999 жылы» Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы». 10 қаңтарда Н.Назарбаев 7 жылға Президент болып қайта сайланды.


1 – жүргізуші: Жумагалиева Алиманың орындауында «Мәңгі жаса Отаным» әні.


10-оқушы:-2000 жылы «Мәдениетті қолдау жылы» 16 қыркүйекте Сиднейде ХХҮІІ жазғы Олимпиада ойындарының тұсауы кесілді. Ардақты азаматтарымыз Ольга Шишигина, Ермұхан Ибраимов, Бекзат Саттарханов, Мұхтархан Ділдәбеков олимпиаданың алтын, күміс медаліне ие болды.

11-оқушы:-2001 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы тойланды.

12-оқушы:-2002 жылы «Денсаулық жылы»

13-оқушы:2003-2005 жылдар «Ауылды қолдау жылдары

14-оқушы: 2006 жылы «Қазақстандағы Пушкин жылы». 6 қаңтарда ҚР-ның жаңа әнұраны бекітілді. 11 қаңтар ҚР-ның Президентінің ұлықтау күні.

15-оқушы:-2007 жылы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтің «Жаңа әлемдегі-жаңа Қазақстан» жолдауы жарияланды.

16-оқушы:-2008 жылы Астананың 10 жылдығы тойланды. 6 шілдеде Астана қаласында «Қазақ елі» монументі ашылды

17-оқушы:-2009 жылы «Қазақстанда Украина жылы»

18-оқушы:-2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастықтың ұйымына төрағалық етіп, 4 желтоқсанда астанамыз Елордада 54 елдің басын қосқан ҮІІ САММИТ өтілді.

19-оқушы:2011 жылы қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына 70 медал салынды. 3 сәуір Президенттік сайлау өтіліп нәтижесінде Н.Назарбаев жеңіске жетті.


2- жүргізуші:

Тәуелсіздік - тірегім алмас үнді,

Тәтті үміті халқымның сан ғасыры

Көк байрақты , кемеңгер кемел ойлы

Келбетіңнен көремін жалғасымды.

1- оқушы:

Егемен елімнің ертеңі деп,

Елбасы баға берді жастарыма

Оқу оқы білім ал, елің үшін

Еңбек ет тыным таппай, жан ая ма

3 – оқушы:

Ел болдық ерік алдық астаналы,

Енді кімнен қазағым жасқанады?

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,

Нұрсұлтанның атымен басталады

1 – жүргізуші:

Тәуелсіздік – шырайлы лағыл таңсың,

Жүректерге үміт боп жағылғансың

Аяулысың білмеген алақаннан –

Суып барып қайтадан табылғансың.

6-оқушы:

Қазақстан қасиетті ұғым бұл,

Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.

Он бір әріп не мағына береді,

Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл.

Т – білдіреді теңдікті,

Ә - әдептілік, әлдікті. (Диас)

У – уайымсыз уақытты, (Асима)

Е – егемендік елдікті (Имамғали)

Л – дейді лағып лепірме (Назерке)

С – сенімділік секілді ең, (Айтжан)

І – ілтипат пен ізет қой, (Ақниет)

З – зиялылық тілек қой. (Досжан)

Д – шақырады достыққа, (Сабира)

К – дейді күн боп көктегі (Акжол)

Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа. (хор)


2 – жүргізуші: «Отан» әні (хор)


Хормен:

Әлемге атың жайылсын жарқын,

Жасай бер, жаса, Қазақстан!

Баянды болсын бақытың, халқың,

Жасай бер, жаса, Қазақстан!


Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Міне егемендігімізді алып, Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан жылдан-жылға көркейіп көптеген қиындықтарды артқа тастап, жаңа экономикалық өрлеуде халқына тек қуаныш сыйлаған Президентіміз Н.Ә.Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы елдің сағынышпен күтетін жаңалыққа толы бастамасы. Әр жылғы жолдау халыққа серпіліс, күш-қуат, қажыр-қайрат, ақыл-парасат сыйлайтындай әсер етеді.

Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,

Көк туымды қалайша құлатамын.

Тып – тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,

Бәріміз баласындай бір атаның.

Елімізде бақ - береке, ырыс болсын.

Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.

Еліміз әрқашанда тыныш болсын! – деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 07.09.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров1271
Номер материала ДA-032251
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх