Инфоурок Другое КонспектыАшық тәрбие сағаты "Тәуелсіздіктің білімді ұрпақтар" 1 сынып

Ашық тәрбие сағаты "Тәуелсіздіктің білімді ұрпақтар" 1 сынып

Скачать материал

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

«СОЗАҚ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ

«ШОЛАҚҚОРҒАН» ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІ»

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

 

 

 

376_1

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                  

Тәуелсіздіктің 
білімді ұрпақтары!

 

 

 

1 «А» сыныбы

                                                         Сынып жетекшісі Н.Базарбаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ШОЛАҚҚОРҒАН  АУЫЛЫ

Бекітемін_______________

Тәрбие  ісі жөніндегі орынбасар

____________________Т.Қайдакешв

 

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәуелсіздіктің білімді ұрпақтары!»

Мақсаты: Тәуелсіздіктің 25 жылдығына  алып жеткен жетістіктерімен  

                  таныстыру, Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек  

                  екенін  түсіндіру.

               Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттырып,Отанды сүюге,  

                 байлығын қорғауға тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: Слайдтар интерактивті тақтада, бүктемелер

 

Барысы:

І Кіріспе.

1-ші жүргізуші: Құралай

Құрметті ата-аналар,ұстаздар, оқушылар!Сіздерді Еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл толу мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, ашық аспан, жүздеріңізге күлкі, құшақтарыңызға гүл сыйлаймыз.

Атынан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын, тәуелсіздік,

Ғасырдың тойы болшы келе берер!

  Бүгінгі Тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен жоқ.Бұл күнге қаншама қандастарымыз өз өмірін қиды.Әсіресе Желтоқсан оқиғасының жаңғырығы жүздеген жылдарға кететініне енді ешқандай күмән жоқ. 1991 жылы иісі қазақ Тәуелсіздікке қолы жетіп шаттыққа бөленді.

Шексіз-шексіз, қиырсыз, ұлы дала,

Шуақ болып шомылмай жылына ма?

Сүй Отанды, шынымен сүйіп өт те

Гүл боп қадал ойына да, қырына да-деп Мұқағали Мақатаев атамыз жырлағандай  1 «А» сыныбының ұл-қыздары осы дәстүрді тоздырмай, жоғалтпай

сіздерге өздері дайындаған «Тәуелсіздіктің білімді ұрпақтары!» атты ашық тәрбие сағатын  көрсетпекші.

 

2-жүргізуші:Нұрасыл

Жыр ғұмыр,жан азығым, әнұраным,

Мен сені естімесем сағынамын.

Алтынға айырбастамас ата-анамдай,

Туғалы сенсің менің танығаным.

Шексіз көк аспанды жамылады,

Уақыттың басылған жоқ дауылы әлі.

Бірігіп бір жүрекпен шырқайтұғын

Әнұран-мемлекеттің халық әні.

 

(Мемлекеттік Әнұран орындалады)

1-жүргізуші:Құралай

 «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында.Жерге жетер байлық жоқ.Жер болса, ел болады, ел болса, ер болады.Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүне жүзіне  танылды. Біздің Отанымыз-егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. Қазақстанды  120-дан астам ел танып,131-ден астам  ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егін теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндіріс өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір азамат өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Өтеулі Айарудың Тәуелсіздіктің 25 жылдығына  арнаған  жыр шашуын қабыл алыңыздар

Тәуелсіз еліме 25 жыл!

Ұлан - байтақ неткен жер!

Дәнді - дақыл еккен жер.

Жеттік міне арманға

 Қазақстан - Ерікті ел!

 

Талай боздақ өткен жер,

Маңдай терін төккен жер.

Тәуелсіздікке қолы

 Қиындықпен жеткен жер.

 

Өзіңде бар Елбасы

Туыңда бар, әрине

Елтаңбаң бір ертегі

Әнұраның тәрбие.

 

Енді қанат жаялық

 Қыран құстай самғайық

Туымызбен тұғырлы

 Бірге желек қағайық.

 

Егеменді ел болдық

Ел намысын сақтайық.

Қазақстан байлығын

 Бөтен елге сатпайық!

 

 Салт - дәстүрін қазақтың

 Жаңғыртайық, жасайық!

Үлгі етіп ұл – қыздарға

 Үлкен үміт артайық.

 

Тілді сыйлап, шұбарлатпай

 Қастерлейік халайық!

 Қазақ тілін дамытуға

Күшімізді салайық!

 

25 жыл міне, толып отыр,

 Егеменді еліме.

Өрт салмасын бөтен елдер

Атамекен жеріме.

 

Аңсап күткен бұл тойымыз

Құтты болсын бәріңізге

Ұзақ ғұмыр, бірлік, табыс

 Тілеймін жас - кәріңізге.

 

1-  Айтжан Айгерім

1991 жылы 1 желтоқсанда Республика жұртшылығы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» жариялады.

    Далада думан, қалада думан жыр бүгін,

    Ғасыр бойы аңсай да күткен бұл күнім.

    Жасай бер, жаса асқардан  аса әрқашан,

    Кеудеме әкеп қалдырған бақыт бұлбұлым.

2-оқушы:  Аманжол Ернұр

1992 жылы 4 маусымда Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны туралы заңдарға қол қойды.

1992 жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.

3-оқушы:  Аман Ерасыл

1993 жылы  12 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.

4-оқушы: Алмахан Балнұр

1994 жылы 30 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның ғарышкері Талғат Мұсабаев аспан көгіне айлық сапарға аттанды.

5-оқушы: Алиев Ясин

1995 жылдың 28 қантарында Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.

6-оқушы: Атабай Дінмұхамед

1996 жылы 30 тамызда жаңа «Қазақстан Конституциясына» 1 жыл толды.Бұл күні Алматының орталық алаңында «Тәуелсіздік» ескерткіші ашылды.

7-оқушы: Әбдірахман Ақнұр

1997 жыл –«Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» жылы болып белгіленді.   

Абай туған, Сәкен туған,

Құрметте достым, қазақтың жерін.

Қамбаға жылда мол астық құйған,

Қазақстан Республикам менің.

8-оқушы: Бердібек Толғанай 

1998 жыл  6  шілде Астана күні. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды.

9-оқушы: Жанұзақ Бекнар

1999 жыл «Ұрпақ бірлігі мен сабақтастығы» жылы болып белгіленді.

10-оқушы: Жаманбала Құралай

2000 жыл «Мәдениетті қолдау» жылы болды.Сиднейде ХХVІІ  жазғы Олимпиада ойындарының тұсауы кесілді.Қазақстан спортшылары Ольга Шишигина, Ермахан Ибрагимов,Бекзат Саттарханов, алтыннан алқа тақса, Мұхтархан Ділдәбеков  күміс жүлдегер атанды.

11-оқушы: Жарылқасын Айда

2001 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіз еліміз 10 жасқа толды.

 

12-оқушы: Жақсылық  Ақназар 

2002 жыл «Денсаулық» жылы болып жарияланды. 2002 жылы Астананың символы- «Бәйтерек» монументі бой көтерді.

13-оқушы: Жақсылық Жансұлтан

2003 жыл «Ресейдің Қазақстандағы жылы» болып жарияланды.

14-оқушы: Жақсылық  Іңкәр

2004 жылы Афины жарысында Баркер кубогін Бақтияр Артаев жеңіп алды.

15-оқушы: Жарылхасын Қарақат

2005 жылы «Шолаққорған» орта мектебі ашылды.

16-оқушы: Жамшит Көркем

2006 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 15 жыл толды. Желтоқсан көтерілісіне 20 жыл толды.

Өмірімізді , өзімізді көріп,

Әнімізді, жырымызды тыңдап,

Ерлігімізге, тірлігімізге қарап.

Өзімізді, сөзімізді тыңдап.

Бұл «қазақ» дейді.

17-оқушы: Қаржанбай Айару

2007жыл Мемлекеттік тіл жылы болып жарияланды

18-оқушы Қазыбек Алихан

2008 жылы Астанамыз 10 жасқа толды.Алматыдағы «Медеу спорт кешенінде «Бейжің-2008» Олимпиадалық алау эстефетасы басталды.Олимпиадалық ойындардың басты рәмізін салтанатты табыс ету рәсімін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ашты

19 –оқушы: Мәткәрім Дидар

2009 жылғы 25 ақпан мен 6 наурыз аралығында Қазақстанның барлық аумағында жалпыға бірдей халық санағы өткізілді.

20-оқушы: Өзгелді Нұрасыл

2010 жылы  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға болып сайланды.

21-оқушы: Өтеулі Айару

2011 жылы  VІІ Қысқы Азиада ойындарында еліміз 32 алтын, 21 күміс және 17 қола медальға қол жеткізіп, жарысты рекордтық көрсеткішпен аяқтады. Тәуелсіздікке 20 жыл толды.

22-оқушы: Сәкен Аңсаған  

2012 жылы Қазақстан астанасының EXPO-2017 көрмесін өткізуге байланысты конкурсты жеңіп алды.Алғаш рет қазақстандықтар Тұңғыш Президент күнін атап өтті.

14 желтоқсан күні Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасын жариялады.

23-оқушы: Сұлубекова  Назгаухар

2013 жылы  «Әділет» және «Руханият» партиялары бірігіп жаңа бір саяси партия құрды және оның аты «Бірлік» болып аталды.

24-оқушы: Тұрсынәлі Толғанай

       2014 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Нұрлы жол     

         – болашаққа бастар жол» жолдауын жариялады.

         25-оқушы: Тұрсынәлі Шұғыла 

2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы аталып өтті. 

26-оқушы: Төлен Әдемі  

             2016 жыл Қазақстан Тәуелсіздігіне-25 жыл.

              Алғашқы қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшқанына

              25 жыл.

              Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 25 жыл

               1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына 30 жыл.

 

2-жүргізуші: Нұрасыл

ХХ ғасыр ұлы оқиғаларға толы болды.

Біздер қазақ елінің ең жас ұланымыз.Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге,сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармаймыз.ХХІ ғасырда Қазақстан бейбітшілк, тыныштық болып, егеменді елдігіміз ұзағынан болсын!

Ән: Жүрегім қазақ. Орындайтын Аманжол Ернұр

1-   

Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,

Болашақтың қасиетті кезіміз.

Барлық ұлтпен бауырласып жетелеп,

Ақ-қараны тіліп тұрса сөзіміз.

2-   

Егемен болмай, ел болмас,

Етек-жені кең болмас.

Терезесі тең болмас.

Енді қазақ кем болмас..

3-оқушы:

Бауырласқан тәніміз

Бұзылмаған антымыз.

Қазақ дейтін халқымыз

Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүр мен салтымыз.

4-

Қазақ жері қонақжай төрлер жері

Қазақ елі қас сақтай ерлер елі

Елі кедей болмаған, жері байтақ

Едігедей,Бабырдай шерлер елі.

5-

Азат бүгін байлыққа тұнған жерім,

Азап жүгін, ел жауын қуған ері

Әділет пен бірлікке жанын қиып,

Әділ өткен билердің туған жері

 

 

1-  Жүргізуші: Құралай

Қазақстан жер көлемі бойынша дүние жүзінде 9-орын алады.Ал ТМД елдері бойынша 2-орын алады.Қазақстан аумағы 2,7 миллион шаршы шақырым.Территориясы қазба байлықтарға бай өлке. Қазақстан мемлекетінің тарихы, даму жолын айқындайтын өз рәміздері-елтаңбасы, туы, әнұраны бар. Қазақстан азаматтары мелекеттік рәміздерді құрметтеуге міндетті.

Би:  Қазақ қыздары

7-оқушы:

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды

Туымызға жас  туған

Бір қарамай өтпейді

Сол көк тудың астында

Көгереміз, көктейміз.

8-оқушы

Әйнегі-күн, шатыры-аспан

Кең дала төсі толқыған егін.

Көлдері көкке күмістен шашқан.

Қазақстан-Республикам менің!

9 -оқушы:

Республика!

Ерікті ел-Қазақстан!

Келді ақыры көп күткен жаз алыстан

Келді аңсатып,армандатып.

Торды бұзған мен де бір мәз арыстан

Мен айғақпын, ұстамын ертегіге

Мен иемін бүгінге, ертеңіме

Елдіқ күйін, ел күйін шертем мен де!

10-оқушы:

Отан дейміз кең байтақ Астананы

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы

Отанның шеті де жоқ шегі де жоқ

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

11-оқушы:

Егемендік-ел болудың белгісі

Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші

«Егемендік» деген сөзден естілер

Ата жұрттың арғысы мен бергісі.

12-оқушы:

Көк байрағы бабамның-

Бүгінгі ұрпақ алауы

Азат елдің шалқыған

Көңілі деп білерсің.

 

13-оқушы:

Қуаныштан қалай кеуде кермеспін,

Бұл күнімді бір ғасырға бермеспін.

Ақ түйенің қарны бүгін жарылды

Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін.

14-оқушы:  

Ел болып жатқан шақта қосып тілек

Ойламан бақыт құсы кешікті деп.

Тербелді Тәуелсіз күн, тал бесігі

Бұл күнді жүруші еді-ау тосып жүрек.

15-оқушы:

Бұл елімде дарынды дара туған

Бұл елімде ақыл айтар баба туған

Шартарапта шарқ ұрған-Шаңырағым

Баға жетпес мәрмәрдан жаратылған.

Міне осындай бар менің-Республикам!

Ән:  «Ертегілер» Орындайтын Тұрсынәлі Толғанай

 1-жүргізуші: Құралай

Көрініс: «Апасы мен немересі»

(Ақырын басып қарт шығады,Орындыққа келіп отырады.Осы кезде жүгіріп немересі келеді)

Немересі:

-Әже,өткен өмір деген не?

Әжесі:

-Ә, балам, өткен өмір сонау ежелгі ата-бабаларымыздың ерте кезден бергі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?

Немересі:

-Ал ол қандай болған?

Әжесі:

           Ендеше, тыңда, балам, әжең бір сөйлесін

          Болмасада оқыған тарихшы атым,

          Жинадым ескілерден тарих хатын.

          Мақсатын, кейінгі ұрпақ ұмытпаса,

          Айтылған аталардан аманатын

          Сондықтан, балам, сен де өз тарихынды білуің керек.Балам теледидарды қосшы, тарихты тыңдайық.

Диктор сөзі:

- 1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды.Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты.Желтоқсан желі дпуылға айналды, намыс құдіретін әлемге паш етті.Қазақстанда 1986 жылы желтоқсанның көтерілісіне қатысқаны үшін Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова тағы басқа адамдар жауапқа тартылды.

Әжесі:

-Құдайға тәуба, Егемендік алып әлем таныды ғой елімізді.

Немересі:

-Әже,Егемендік деген не?

Әжесі:

-Егемендік «иесі мен» деген сөз, көптен бері естілмеген сөз. «Егеменді» деген сөзден естілер Атажұрттың арғысы мен бергісі.желбіреген көк байрағымыз, айтылды әнұранымыз,жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр.Егеменді еліміздің келешегін өзің сияқты ұрпақтарына тарихетіп әжелерің тұр. Ұмытпандар, айналайын, ұрпақтарым!

Ән:  «Көңілді күн» Тұрсынәлі Шұғыла

Үнді Биі

2-жүргізуші: Нұрасыл

Қазақстан ХХІ ғасырға нық қадам жасады.Елдің болашағы да, өркені де бүгінгі жас ұрпақ біздің қолымызда.ел үмітін ақтау біздермен өлшенбек.Құрметті оқушылар сіздерге арналған біздің сұрақтарымыз бар соны қоюға рұқсат етіңіздер.

Кімде-кім сұраққа толық және дұрыс жауап берсе сыйлықтарға ие болады.

1.Қазақстан Республикасының Президенті кім?

2.Мемлекеттік тіл қай тіл?

3.Рәміздерді айт.

4.Отан туралы қандай мақал мәтел білесің?

5.Біз қандай елміз?

6.Тәуелсіздігімізді қай жылы алдық?

-Рахмет балалар, сендер жақсы жауап бердіңдер.

Ән:Атамекен. Орындайтын   Жақсылық Ақназар

1-жүргізуші:Құралай

Бүгінгі «Тәуелсіздіктің білімді ұрпақтары!» атты ашық тәрбие сағатын қорытындылау үшін Бастауыш сыныптар  жөніндегі орынбасар Бекпенбетов Жарқын ағайға сөз кезегін береміз.

1-жүргізуші: Құралай

Сөз кезегін ата-аналарға береміз.

2-ші жүргізуші: Нұрасыл

Құрметті ұстаздар, оқушылар,қонақтар, сіздерді алда келе жатқан 16 желтоқсан тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Аспанымыз ашық еліміз тыныш болсын дей отырып тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық тәрбие сағаты "Тәуелсіздіктің білімді ұрпақтар" 1 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Патентовед

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 960 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.05.2017 284
    • DOCX 113 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Базарбаева Нурсулу Каржанбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 41905
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой