Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Ашық тәрбие сағаты " Жаңа ғасырдың азаматы дені сау ұрпақ- жігерлі адам." 1сынып

Ашық тәрбие сағаты " Жаңа ғасырдың азаматы дені сау ұрпақ- жігерлі адам." 1сынып



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Жаңа ғасырдың азаматы дені сау ұрпақ- жігерлі адам.

Мақсаты: 1.Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін ұғындыру.
2. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
3. Тазалыққа, спортқа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: Мақал – мәтелдер, суреттер.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Психологиялық дайындық

- Көңіл- күйлеріңіз қалай?

- Керемет! (қолдарын көтереді)

- Сабаққа дайындықтарыңыз қалай?

- Тамаша! (алақандарын шапалақтайды)

- Ынталарыңыз ше?

- Ғажап! (қолдарын көтереді)

Оқушыларды топқа бөліп отырғызу. 1-топ Денсаулық 2-топ Болашақ 3-топ Салауат

2. Өткен сабақты еске түсіру.
Өткен сабақта не жайында әңгімеледік? Ұстаз.

Үйге қандай тапсырма берілді? Менің ұстазым шағын эссе жазу, менің болашақтағы мектебім сурет салу.

3. Жаңа сабақ

Кіріспе. Адамның денсаулығы - қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл – күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан сендердің таңдауларың - салауатты өмір салтын сақтау.  Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа арнаған «Қазақстан - 2030» жолдауында бізді Отан игілігі үшін өз денсаулығымызды сақтауға шақырады. Қазақстанда тұратын әрбір азаматтың денсаулығы мықты болуы керектігін айтады. 2008 жылдың 8 - ақпандағы кезекті жолдауында денсаулық мәселесіне көбірек тоқталып кетті. Ауруды емдеуден гөрі оның алдын алу керектігін айтты. Бүгінгі дені сау ұрпақ – елдің ертеңгі жалғасы Жаңа ғасыр табалдырығын анаттанған болашақтың тағдыры – оның денсаулығында. Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз Жаңа ғасырдың азаматы дені сау ұрпақ- жігерлі адам.

4.Ой қозғау. Жаңа ғасырдың азаматы қандай болу керек? Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Ментальді картада орындайды.

Жаңа ғасырдың азаматы

5.Ойын «Мен саған, сен маған» әр топ бір-бірлеріне сұрақтар қояды.

1.Адам денсаулығына жақын достар не деп ойлайсыңдар?
( тазалық, спорт, таза ауа, дұрыс тамақтану, күн тәртібі.)
2.Адам денсаулығына қас.
( шылым шегу, ішімдік, салақтық, жалқаулық.)
3.Жеміс – жидектерді жемес бұрын не істеу керек?
(жеміс – жидектерді жақсылап жуып алу керек.)
4. Тамақтану алдында не істеуіміз керек?
(тамаққа отырар алдында қолды жуу керек)
5.Адамның дені сау болу үшін қандай шарттарды орындау қажет?
(Денесін, беті – қолын киімін әрдайым таза ұстаукерек. Зиянды заттардан аулақ болу керек.)
6. Адам не үшін жуынады?
“Кім көп біледі?”
(Мақал - мәтелдің жалғасын табу)
Ұлылардың ұрпағымыз кешегі,
Ой қалдырған, сөз қалдырған еселі.
“Кім көп біледі?” сайысына қатысып,
Жалғасы мен жауабын кім шешеді?
(Үш топ мақал - мәтелдің жалғасын табады)
Мақал - мәтелдер:
1. Денсаулық -(зор байлық)
2. Жарлының байлығы -(денінің саулығы)
3. Жан ауырса тән азады,
(Қайғы басса - жан азады.)
4. Дені саудың (жаны сау.)
5. Дені сау ұрпақ -(ел болашағы)
6. Ауруын жасырған (өледі.)
7. Шынықсаң (шымыр боларсың)
8. Дені сау адам -(дәулетті адам)
9. Ішің ауырса, аузыңды тый,
(Көзің ауырса, қолыңды тый.)
10. Денсаулықтың қадірін (ауырғанда білерсің)
11. Азған денеге (ауру үйір)
Шығармашылығыңды шыңдай біл!

    1.топ «Жерден- нәр»

     2. топ «Ауадан- дауа»

    3. топ «Судан- күш» тақырыптарына шағын эссе жазыңыз.

Жаңа ғасыр, жаңа заман бүгін, 
Біз тілейміз ұрпақтың амандығын.
 
Ей болашақ, саулығың өз қолыңда,
 
Уламасын тәніңді у, санаңды мұң.

Ата – анамыз, ұстазымыз, 
Бір тілек айтарымыз:
 
Берекелі заман болсын,
 
Балаларың аман болсын.

Жиырма бірінші ғасырда, 
Ашық аспан астында
 
Денсаулықтарыңыз мықты болсын,
 
Жанұяларыңыз қуанышқа толсын.

Бүгінгі тәрбие сағаты 
Денсаулық жайлы сөз еткен.
 
Көп нәрсені ұғып алдық
 
Кетпейтұғын мәңгі естен

Қорытынды

Дені сау халық – бай халық, халқының дені сау болып тұрса, мемлекеттің де мықты болып тұрары сөзсіз. Жаны сұлу, тәні сау ұрпақ, саған аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай  биік көтер! Өміріміз - өз қолымызда. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Адамға өмір бірақ рет беріледі. Бұл ретте оның денсаулығы мықты, рухы күшті болғаны абзал! Жаңа ғасыр азаматы – дені сау, рухани бай адам!  

Үйге тапсырма Әр топ өз атауына шағын эссе жазады

 








57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 12.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров233
Номер материала ДВ-330548
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх