Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Ашық тәрбие сағаты "Жаса, Қазақстан!"

Ашық тәрбие сағаты "Жаса, Қазақстан!"

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Жаса, Қазақстан!

Мақсаты: Елбасы, рәміздер, Отан туралы білімдер беру.

Тіл мәдениеттерін, ой-өрістерін дамыту.

Бірлікке, ұжымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: Рәміздер, суреттер, нақыл сөздер, кітаптар, слайдтар.

Сабақтың кезеңдері: 1.Президент.

2.Атамекен.

3.Рәміздер.

4.Астана.

5.Жаса, Қазақстан!

Сабақтың барысы: Президент

Президент күні әлемнің көптеген елдерінде аталып өтеді. Біздің елде тұңғыш рет Президент күні 1-желтоқсан күні өтеді.1991жылы 1-желтоқсанда өткен сайлауда Н.Назарбаев ел Президенті болып сайланған.Осы мерекеге орай «Жаса, Қазақстан!» атты тәрбиелік шараны өткіземіз.

Н.Назарбаев Алматының жанындағы Шамалған ауылында туды.Мұнда Үшқоңыр атты жайлау бар.C:\Чернова фотолар\Гүлден апай\IMAG0017.JPG

Күн шықты арай шашып аспаныма,

Дүние кілт айналды басқа ағымға.

Ол ана ұл тумапты, нұр туыпты,

Бүгінгі өзек болар дастаныма.

Ол ұлдың заты-Нұрдан, аты- Сұлтан,

Кеш туған зарықтырып уақытынан.

Жаралған жан әлемі Күлтегіндей,

Халықтың арман, тілек, бақытынан.(М.Ыбыраев.)


Н.Назарбаев өзінің туып-өскен жері туралы былай дейді: «Көптеген елдерді араладым... Бірақ бәрі де өзім туып- өскен қазағымның жеріне,Алатаудың бір бөктеріне жамбастай жығылған үш қоңыр төбеге жетпеді.Балалығымның, сағынышымның алтын қазығы сонда екен.»

«Үшқоңыр» әнін Утельбаева Балым орындайды.

  • «Балалық шағымның аспаны» атты киноны барлығымыз көрген болармыз. Бұл кино Н.Назарбаевтың балалық шағынан жігіт шағына дейінгі өмірін қамтиды.Осы кинода Президенттің балалық кезін Елжас деген бала ойнайды.

  • Балаларға қамқор жан Сара Алпысқызы –Президенттің жұбайы.Ол балаларға арнап «Бөбек» қорын ашты. Ата-анасы жоқ балаларға арнап балалар үйін салдырды.

  • Президент 1991 жылы Семей полигонын жапты.1991 жылы ҚР Тәуелсіздігін жариялады.1993 жылы теңгені өмірге келтірді. 1995 жылы Ата Заңның қабылдануына еңбегін сіңірді.

(Елбасының жастармен, шетелдіктермен, халықпен,балалармен түскен суреттерін көрсету)

Атамекен

ҚР 5 мемлекетпен шектесіп жатыр.Елімізде жүзден аса ұлт тату–тәтті өмір сүруде. Н.Назарбаевтың қолдауымен басқа мемлекеттегі қазақтар өз еліне көшіп келуде. Әр облыста әр ұлтқа арналған мәдени орталықтар жұмыстар атқаруда. Олар барлық мерекелерді бірге тойлайды. Барлығы туған жерлерінде еңбек етіп,табиғатты күтуде.


Қалайша ақиқатты жасыра алам,

Бір кезде бытырадай шашыраған.

Алаштың алтын айдар ұл-қыздарын,

Қосты ғой Атажұртқа басын аллам.

(М.Ыбыраев)

Отан деген-атамекен,

Отан деген- туған жер.

Отан-ана,Отан-үлкен,

Қазақстан-туған ел!


Ән «Елім менің». Сөзін жазған Н.Назарбаев.

Әнін жазған Б.Тілеуханов.

Рәміздер.

Рәміздерге Елтаңба, Ту, Әнұран жатады. Рәміздерді құрметтеуіміз керек.

Елордам қазағымның төрі емес пе,

Әлемнің бар елімен тең емес пе!

Өзгеге өзімізді танытатын,

Елтаңба Елбасының мөрі емес пе!

Шаңырақ ортада тұр тірегімдей,

Өлмейтін рухымның реңіндей.

Барлық ұлт тату-тәтті болса деген,

Мейірімді Елбасының жүрегіндей.(М.Ыбыраев)

Ән «Көк тудың желбірегені».Сөзі А.Ахметбекұлыныкі, әні Е.Зейіпхандікі.

Әнұранның сөзіне өзгертулер енгізген Н.Назарбаев.

C:\Чернова фотолар\Гүлден апай\IMAG0011.JPG





Шайқалмай нық тұрсын деп шаңырағым,

Өткізген ой-електен бәрі, бәрін.

Елбасы қаламының ұшы тиген,

Ұлтымның мақтанышы –Әнұраным:

C:\Чернова фотолар\Гүлден апай\IMAG0015.JPG





Әнұран. Сөзін жазғандар Ж.Нәжімеденов,Н.Назарбаев.

Әнін жазған Ш.Қалдаяқов.


Астана

Бұрын Астана қаласы Ақмола деп аталған.(Картамен жұмыс).

1997 жылы 20-қазанда Н.Назарбаев Ақмола қаласын ҚР астанасы деп жариялады. 1998 жылы Астана деп өзгертілді.

Айтыс (Астана қаласы мен Алматы қаласының балаларының айтысы )

Бой көтерді бір қала,

Ол біздің сұлу Астана.

Астанада бәрі бар,

Қараймыз соған шаттана.

Ардақтайтын Астанам,

Мәртебелі бас қалам.

Көркейе бер күн сайын,

Алға қарай бас қадам!


* Астанадағы Бәйтеректі Н.Назарбаев салғызды.Бәйтерек деп биік ағашты атайды. Төбесінде әр түрлі түске оранып тұратын шар бар.Бәйтеректің үстіне шыққанда Астана қаласы толық көрінеді.

* Еліміздегі бірлік пен татулық үшін Пирамида салынды.Түнде алыстан көрінеді, себебі төбесі жарқырап тұрады.

* 2005жылы Астанада мешіт салынды. Ол мешіт «Нұр-Астана» деп аталады.

* Судағы балық, кит, акула, дельфиндерді әйнектің ар жағынан тамашалап көруге арналған «Думан» Ойын- сауық орталығы, яғни мұхит аралы бар.


Жаса, Қазақстан!

Сендер тәуелсіз елде жақсы өмір сүріп жатырсыңдар.Мектепте оқисыңдар,тамақты уақытында ішесіңдер, спортпен шұғылданасыңдар,тегін дәрігерге қараласыңдар, телевизор көресіңдер.Кей мемлекеттерде басқаша жағдайлар орын алуда.(суреттер көрсету).

*Былтыр Алматы қаласында Қысқы Азиада өтті.

*Биыл Лондонда спортшылар жақсы жеңістерге жетті.

*Назарбаев университеті,тағы басқа оқу орындарында жастар оқып жатыр.

*Мектептер мен балабақшалар салынуда.

* «Балапан» бағдарламасын көресіңдер.

*2017жылы Астанада әлемдік көрме өтеді.


Тәуелсіз қазақ елінің, Өр Астанам- заңғарым,

Өрені болсам деп келем. Күні болсам деп келем.

Атамекен жерімнің, Әнге толы таңдардың,

Өлеңі болсам деп келем. Үні болсам деп келем.

Нұр-атам басшы Отаннан, Қажет болар жалпыға,

Қуат алсам деп келем. Орман болсам деп келем.

Сол бір дана атамнан, Қазақ елі халқыма,

Бата алсам деп келем. Қорған болсам деп келем!


Ән «Жаса, Қазақстан!»




C:\Чернова фотолар\Гүлден апай\IMAG0035.JPG














Автор
Дата добавления 26.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров96
Номер материала ДВ-378898
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх